kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ош бол, с?йікті ?ліппе!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л  ерте?гілік  1- сыныпта  о?итын,  1-сыныпта  саба?  беретін  м??алімдерге  арнал?ан. Ерте?гілік  білімні?  бастауы болатын  ?ліппемен  ?оштасу?а  арнал?ан. Іс-шара  барысында  о?ушылар?а  ?она??а  Буратино  мен  ?ліппе  келеді.  Буратино  о?ушыларды?  білімдері  мен  ?нерлерін  тамашалайды.  О?ушылар  ?р т?рлі  ?ызы?ты  тарсырмаларды  орындап,  ?з  ?нерлерін  орта?а  салады. Буратино  риза  болады. Б?л  іс-шара?а  ата-аналар  мен  мектеп  ?кімшілігі  ?атысады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ош бол, с?йікті ?ліппе!" »

Келлер орта мектебі

























/әліппемен қоштасу ертеңгілігі/













Дайындап өткізген:

Бастауыш сынып мұғалімі

Боранбаева Ажар Кеңесқызы









Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Мұғалім:-Қуаныш, бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Тойға келген қуанып,

Қонақтар, сізге мың сәлем!

-Армысыздар, ардақты ата-аналар, құрметті қонақтар! Міне, біз бүгін барлық ғылымның атасы, білімнің бастауы, бізге алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан, біздің жақын досымыз- Әліппемен қоштасамыз. Ендеше, бүгінгі Білім мерекесі «Әліппемен қоштасу» тойы құтты болсын!

-Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі ойымызға,

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-ана,

Әліппемен қоштасу тойымызға!

-Армысыздар, аналар!

Армысыздар, балалар!

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр-әніміз!

-Күзде ғана келіп едім

Біріншіге, мектепке.

Бүгін міне, аяқтадым,

Әліппені мен демде.

-Оқушымын мен енді

Қуыршаққа уақыт жоқ.

Әліппені оқып біттім,

Бүгін міне, көңіл тоқ.

-Мектеп-кеме, білім-теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Әліппе берген білім нәрін

Азық етіп ер жетеміз.

Мұғалім: -Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер жауабын айтыңдар. «Іші толған әріпке, Білімдегі жарық не?»

Балалар: -Болашаққа жол ашар, Ол сүйікті әліппе!

Мұғалім:-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

/Балалар Әліппені ортаға шақырып, шапалақтайды/

Әліппе: -Армысыңдар, жас достар! Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың, басталады сендерден.

Таудай болса талабың, айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың – қуанышы ананың.

Жақсы білім –көрімдік, болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік, кәне ортаға салайық.


Балалар Әліппеге арналған өлең жолдарын оқиды:

-Мынау – менің Әліппем,

Көгілдір тудың түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай,

Қымбатты маған анамдай.

-Бар кітапқа дос болған

Әліппе – ғылым атасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

-Ана, әке атын сен

Бізге үйреттің Әліппе.

Бәрін нағыз жақсынын,

Сенен білдік Әліппе!

-Ұлы Отан есімін,

Сенен білдік, Әліппе!

Бағалаңдар жемісін,

Әліппені дәріпте!

-Бірінші беттен елімнің,

Елтаңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтың

Ұрпағымын, сәнімін.

/осы кезде сыныпқа Буратино кіреді, қолында Әліппесі бар /

Буратино:-Әй, сендер кімсіңдер?

-Оқушылар.

Буратино:-Оқушылар? Оқушы деген не?

-Оқушы деген не емес, кім.

Буратино:-А, бұл балалардың мұрыны екен ғой! Балалар, қандай тамаша, сендердің мұрындарың алынып-салынады екен ғой. Ал менің мұрыным алынбайды.

-Бұл мұрын емес. Бұл қаламсап.

Буратино:-Қызық екен, ал бұны жеуге бола ма?

-Балалар, қаламмен біз не істейміз?

-Буратино:Ал, сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?

-Буратино!

Буратино:-Осы жерде не болып жатыр өзі? Бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой?

-Бұл жерде «Әліппемен қоштасу» болып жатыр.

Буратино:-Әліппемен қоштасу? Ал мен Әліппемді енді алып келе жатқам.

Мұғалім: -Әліппең болса, жарайсың,Буратино! Ал енді біздің балалар Әліппені түгелдей бітіріп, Ана тіліне көшті. Бұл балалар әріптердің бәрін біледі, солай ғой, балалар?

Буратино:-Ой, қараңдаршы, мыналар ненің суретін салып қойған?

Мұғалім: -Туу, соны да білмейсің бе? Бұл әріптер ғой.

Буратино:-Әріп дейді? Ха-ха-ха! Қайдағы әріптер. Мынау немене ирек, ирек..... Ал мына біреу ай ғой. Мәссаған, рогатканың суретін де салып қойыпты. Бұларды мен Әліппені оқымай-ақ білемін.

Мұғалім: -Ол не дегенің? Бұлар әріптер ғой. Қазір балалар өздерінің әр әріпке байланысты өлеңдерін оқиды.

-Сенің нұрың сөнбесін, ашық аспан, жарық күн.

Келешегі сөйлесін, қазақ деген халықтың.

Тілі балдай баланың, талабына жарық бер.

Ертеңгілік сабағын жүргізеді мына отырған әріптер.

Әріптер айтысы

«Б» -Бақа, бақа, бақ-бақ,

Таңдайлары тақ-тақ.

Бәрі бірдей тақпақ,

Жатқандай-ақ жаттап.

«Ы» -Кесе,шыны,пияла,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз?

«Д» -Добым,добым,домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

«Н» -Ас біткеннің атасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып,

Аяқталған қарашы!?

«Щ» -Щетка, щетка, щеткалар,

Неше түрлі щетка бар.

Бірі тісті жуады,

Бірі шаңды қуады.

«Ұ» -Мен ұлумын, мінсіз сұлумын.

Жанға тимеймін, жамандықты сүймейді.

Құм аралап жүремін,

Көңілді өмір сүремін.

«Г» -Гүл өсірем үйде, су құямын күнде.

Гүл күткенді біледі, бойын сылап күледі.

Күнде гүлін ашады,жұпарын маған шашады.

«І» -Босағадан табылған,

Кейде перде жамылған.

Бұйымның бес әрпі не,

Киімге арнайы қағылған?

«М» -Үстінде үйдің тұр еді мысық,

Қасына келді бір торғай ұшып.

Бас салмақ болып ыршыды мысық,

Жөнелді торғай пыр етіп ұшып.

-Рахмет балалар, әріптердің қыр-сырын жақсы ұғыпсыңдар. Ал, Буратино, саған біздің балаларымыз меңгерген әліппе ұнады ма?

Буратино:-Ия, мен енді тәртібімді түзеймін. Менің де оқығым келеді, менің де мына балалар сияқты әріптерді үйренгім келеді.

- Буратино, сен біздің қонағымыз бол,біздің балалардың барлығы шетінен өнерлі, тапқыр, ойшыл, білімді. Олардың өнерін тамашала.

Ән «Қошақаным»

-Балалар, қазір біз сендермен гүл құрастырамыз және сендердің білімдеріңді сынаймыз.Ол үшін мына жатқан гүл жапырақтарын алып, жазылған сұраққа жауап беру керексіңдер.

Гүл құрастыру

-Құрметті, ата-аналар! Енді біз «Жүйрік бала» атты ойынымызды тамашалауға ұсынамыз.

«Жүйрік бала» ойыны

Әліппе:-Балалар, сендер әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер. Ризамын, жас достарым! Сендер өте талапты балалар екенсіңдер. Ендеше, бүгіннен бастап сендер сауатты оқушы боласыңдар.

Мұғалім: -Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен қауышамыз.

-Ал енді Әліппемен қоштасар сәт келді. Не дейміз әліппеге, балалар?

/оқушылардың Әліппеге алғысы/

Бәрі бірге қосылып:

-Білімге жолды бастаған

Әліппем, саған мың алғыс!

«Оқы» деп ұран тастаған,

Әліппем, саған мың алғыс!

Әліппе:-Сау болыңдар, балалар. Оқуды жақсы оқып, тәртіпті болыңдар!

/балалар Әліппемен де, Буратиномен де қоштасады/

Ән: «Ана тілі»

Мұғалім:-Ал, құрметті ата-ана!

Шаттанып қуаныңыз.

Әліппені бітіріп,

Сауатты болды балаңыз - деп бүгінгі Әліппемен қоштасу ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Құттықтау сөзі аналарға беріледі.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?ош бол, с?йікті ?ліппе!"

Автор: Боранбаева Ажар Кенесовна

Дата: 25.11.2014

Номер свидетельства: 135536

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "канспект уроков "
    ["seo_title"] => string(16) "kanspiekt-urokov"
    ["file_id"] => string(6) "184744"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426089191"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства