kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?аза? тілі мен ?дебиеті саба?тарында сын т?р?ысынан ойлау технологиясын ?олдану тиімділігі" доклад

Нажмите, чтобы узнать подробности

«М??алімні? жа?а ?рпа?ы білім де?гейі ж?нінен ?лде?айда жо?ары болу керек. Ол ?шін жа?а формацияны? педагогы ?ажет” деген».

Елбасымыз Н.?.Назарбаев

?стаз алдында?ы басты ма?сат – сапалы білім мен саналы т?рбие беру, о?ушыны? талабы мен а?ымына сай ?алыптасуына ы?пал ету. Баланы жан-жа?ты жетілдіруде таным баспалда?тарына жетелер да?ды – машы?тарды ?алыптастыру?а жол ашатын о?ыту мен т?рбие технологиясын жете білу, ме?геру, біліктілігін арттыру.

?аза? тілін о?ыту – ?иын да ?ызы?ты ж?мыс. ?азіргі кезде ?аза? тілін о?ытатын мамандар?а ?ойылатын талап жа?а технологиялы? ?дістерді ?олдана отырып, сапалы ж?не тере? білім беру, оларды? ойлау, к?ру ?абілеттерін жетілдіру, уа?ытты д?рыс пайдалану, ?рт?рлі ?дістерді ?олдану, саба?ты мазм?нды да ?ызы?ты ?ткізу, м??алімні? жеке басыны? интелектісін дамыту, о?у іс-?рекетін, ?тілетін та?ырып мазм?нын аша білу. Сонымен жеке т?л?аны дарынды, білімді де білікті етіп шы?ару м??алімні? педагогикалы? шеберлігі. Я?ни о?ытуды? жа?а инновациялы? технологиясын ?алыптастыру. Ата?ты ?алым В.М.Шепель «Технология, б?л – ?нер, шеберлік, іскерлік ?дістерді? жиынты?ы, жа?дайды? ?згеруі» дейді.

О?ушыны? ойлау ?абілетін байыту?а игі ы?пал ететін жа?аша о?ытуды? бір т?рі – о?у мен жазу ар?ылы сын т?р?ысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сын т?р?ысынан ойлау ?дісі, о?ытуда дамы?ан технология?а жатады. Б?л иллюстративті-т?сіндірмелі, ішінара іздену. проблемалы?, пікір-сайыс, ойын, шы?армашылы?, ?зін-?зі дамыта о?ыту ?дістеріні? жиынты?ы. Сын т?р?ысын о?у-т?рбие ?рдісінде бас?ару мен ?йымдастыруды? тиімділігі о?ушыларды? ?з алдына белсенді дамуына негізделеді

О?ушыны? ?р н?рседен бір м?н табу?а м?дделі ж?не білуге ??марлы?ы болса ?ана белсенділік пайда болады.О?ытуды жеке т?л?а?а ба?ыттау ар?ылы кез келген саба?ты? дамытушылы?, т?рбиелілік м?мкіндіктерін пайдаланып ж?не осы ж?йені ?олдану барысында ?аза? тілі мен ?дебиет саба?ында о?ушыны? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту ойда?ыдай ж?зеге асырылады. ?аза? тілі мен ?дебиет саба?тарын «Сын т?р?ысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде ??рып о?ыту, я?ни сыни т?р?ыдан ойлау т?сілін іс-т?жірибеме енгізу н?тижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен да?дыларды ?алыптастыру?а болатынын бай?атты.  «О?у мен жазу ар?ылы сын т?р?ысынан ойлауды дамыту» о?ушыларды? шы?армашылы?  ?рекетін ?амтамасыз етуде алатын орны ерекше.

Сын т?р?ысынан ойлау ?дісі о?ушыны? еркін с?йлеуіне,?з пікірін айту?а,достарыны? ойын ты?дау?а,жа?даяттарды шешу жолдарын іздей отырып,?иынды?ты шешуге ба?ыттал?ан ба?дарлама.Сыни т?р?ыдан ойлау дегеніміз-ой ?оз?ай отырып,о?ушыны? ?з ойымен ?згелерді? ойына сыни ?арап,естіген -білгенін талдап салыстырып,білмегенін ?зі зерттеп,д?лелдеп,?з бетімен ж?не бірлесіп шы?армашылы? ж?мыс жасау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?аза? тілі мен ?дебиеті саба?тарында сын т?р?ысынан ойлау технологиясын ?олдану тиімділігі" доклад »

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану тиімділігі

Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда.

«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет” деген».

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру.

Қазақ тілін оқыту – қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу, мұғалімнің жеке басының интелектісін дамыту, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Яғни оқытудың жаңа инновациялық технологиясын қалыптастыру. Атақты ғалым В.М.Шепель «Технология, бұл – өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» дейді.

Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті-түсіндірмелі, ішінара іздену. проблемалық, пікір-сайыс, ойын, шығармашылық, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысын оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді

Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады.Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» оқушылардың шығармашылық  әрекетін қамтамасыз етуде алатын орны ерекше.

Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқушының еркін сөйлеуіне,өз пікірін айтуға,достарының ойын тыңдауға,жағдаяттарды шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз-ой қозғай отырып,оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,естіген -білгенін талдап салыстырып,білмегенін өзі зерттеп,дәлелдеп,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы –оқушыға білімнің дайын күйінде берілмеуі. «Не істеу керектігін» нақты жағдайда көрсетпей,мұғалімнің шеберлігі арқылы оқушының өзінің шығармашылық ойлауын,білімге қызығушылығын ояту,шешім қабылдауға  үйрету , жауапкершілігін арттыру.

Жалпы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының мақсаты үш кезеңнен тұрады. Олар: қызығушылықты ояту,мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдері.Оқшыларды ойлауға үйретуде ,тілдерін дамытуда РАФТ,INSERT,екі түрлі түсінік күнделігі,еркін жазу,дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат,бес жолды өлең,эссе,түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп.

• Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;
• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде/;
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
• Өздеріне белгілі пайдалана алады;
• Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
- оқушының белсенділігін ояту;

Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша - әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б. 
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.

Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.

Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
- қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
- инсерт;
- екі жақты күнделік;
- қосымша журнал;
- сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.

Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе - эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
- оқылған материалды талдау және қорытындылау.
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
- Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. - кластер құру
- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.
- түйін сөздерге қайта оралу.
- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
- рефлексивті сұрақтар
- пікір алмасу.
- шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б.

Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.
Технологияны оқыту стратегиялары (тәсілдері)
Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн.
Кластер (топтастыру). Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кезеңдерін кластер түрінде былай келтіруге болады.

Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде қолдануға болады.


Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде,еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізді.Тақырыпты толық ашып түсінуде  көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегиясын қолдандым.

Шығарма бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында

«V»- білемін;

«-»- білмеймін

«+»- мен үшін жаңа ақпарат

«?»- мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSERT –оқығанын түсінуге ,өз  ойына басшылық етуге,ойын ашық білдіруге  үйрететін ұтымды құрал.Оқушылардың  ерекше қызыға орындайтын  тапсырмалардың  бірі «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру».Балаларға дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөліп,мәтінді оқи отырып:

Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар,үзінділер жазады.Сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады( нені еске түсірді, себеп салдары қандай,қандай сұрақ бар т.б)

Әр оқушы мәтінмен танысып,дәптерлеріне жазбаша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен,одан кейін топпен талқылау  ұйымдастырылады.Топ ішінен өз жұмыстарын бір-бірден шығып қорғайды.

           Осындай сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға  үйретеді.Мәтінді өз бетінше меңгеруге  жағдай жасайды.Сонымен қатар сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,оқыған  мәтінді түсіну оны түсінікті  етіп айтып беру,оған қатысты ойын,пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.

Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.
«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн жазу ережесі:

1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше).
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.
Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады. Сонымен қатарКубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.

 «Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі менің әр сабағымда  қолданыс табады.Әдебиет сабағында «Эссе» стратегиясы бойынша «Егер мен жазушы болсам.....» тақырыбында  шығарманы қалай аяқтар едім деп өз ойын жазады. «Эссе» жазу арқылы өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып,оны дәлелдеуге үйренді.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың еркін ойлау мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия – ой толғаныс  сатысы.  Ой толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек.

-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;

-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;

-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;

-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану;

(Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.14-б)

         Сабақтың  ой толғаныс кезеңінде «Еркін  жазу» стратегиясын қолдану өте тиімді.Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы,одан алған әсерін,не үйренгенін,нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіруді тапсырдым.Жазуға уақыт бердім.Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топта талқылап,ең жақсы деп танылған шығарманы ортаға шығып оқыды.

Мәтіндегі негізгі идеяларды талқылауда қолданған әдістердің бірі «ыстық  орындық».Әр топтан бір оқушы алға шығып пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді .Кейбір оқушылар рөлге кіріп кейіпкерді сипаттап та береді. «Ыстық орындық» кезінде оқушылар сыни тұрғыдан ойланатын сұрақтарды өте ұтымды қойып отырды.

         Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:

Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға  ұмтылу;үзілді –кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою;

Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды  бағалау;баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу. (Мұғалімге арналған нұсқаулық.54-б)

Жалпы сыни  тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақ қойып,дәлелдерді талдайды,мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады.

Қорыта келе, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын өз сабақтарымда қолдану арқылы оқушыларда психологиялық ахуал қалыптасты.Өзін жеке дара тұлға ретінде танып,бір-біріне құрметпен қарауға үйренді.Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өзін-өзі бақылау,сөйлеу,тыңдау қабілеттері артты.Білімді өз бетімен  алуға деген ынтасы,шығармашылық  жұмыстарға қабілеттері артты.
«Сауалнама-интервью» стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытыныдылауға болады.
Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимыз. әрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.
Сонымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытыныдыға келдім:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.
2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)
3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.
4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.
5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/
6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірелрмен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқандай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.

Cабақтың тақырыбы: Астана

Сабақтың мақсаты: Астана жайлы толық мәлімет беру.

Міндеттері: 1.Өздігінен жұмыс істеуге үйрету.

2.Грамматикалық тапсырмаларды орындату арқылы таным- белсенділіктерін арттыру.

3.Стратегияларды тиімді қолдана білуге дағдыландыру.

Көрнекіліктер: видеофильм, интерактив тақта

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, топтастыру

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу.

2.Тіл дамыту: Жыл мезгілі, ауа-райы – жайлы әңгімелесу.

Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.

Астана жайлы білетіндерін бірінші қағазға түсіреді.Әр топтан бір оқушы шығып өз жазғандарына толық түсініктеме береді.

2.Мағынаны тану.интерактивті тақтамен жұмыс.Мұғалім Астана жайлы мәлімет береді.

INSERT – стратегиясы бойынша жұмыс жүргіземіз.Оқушылар мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздердің қасына +, -, ? белгілері бойынша белгілейді.

Сөздікпен жұмыс.

тұрғын-житель қасиетті – священный

орталық – центр танымастай – неузнаеваемо

ғимарат – здание ұлт өкілдері – представители наций

бой көтерді – выстроились болашақ – будущее

3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

4.Сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.

Қаланың ортасында, дәріхананың қасында, театрдың алдында.

-13-

5.Менің қалам – тәуелде.

6. Семантикалық карта толтырамыз. «Менің қалам».

Өзің тұратын қала Тұратын ұлт өкілдері Қаланың көрікті жерлері Оқу орын

дары Атақты

адамдар Ескерткіштер мұражайлар

Сабақты бекіту: Бес жолды өлең стратегиясыбойынша.

Астана

Бас, тәуелсіз

Орналасқан, өзгерді, көтерді

Астана болашағы үлкен қала.

Қала.

Бағалау.

Үйге: мазмұндау, тапсырма.

      


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Мазыбаева Тоты Кудайбергеновна

Дата: 17.01.2015

Номер свидетельства: 156623


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства