kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан –досты? ша?ыра?ы ?аза?стан Халы? Ассамблеясыны? 20-жылды?ына арналады

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                8-сынып т?рбиешісі:  Ш Маханбетова

 

              

 

                                         2014-2015 о?у жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ма?саты:      О?ушыларды ?з Отанын с?юге,

                       ынтыма?тасты??а,бірлікке,?зге ел

                       тарихын білуге,елімізді ?ркендетуге

                       т?рбиелеу

 

?дісі:             топты? ж?мыс,?жымды? ж?мыс,с?ра?-жауап

 

 

К?рнекілігі:   слйдтар,плакаттар,карточкалар

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан –досты? ша?ыра?ы ?аза?стан Халы? Ассамблеясыны? 20-жылды?ына арналады »

№3 мектеп-интернат












Тақырыбы:


Қазақстан –достық шаңырағы

Қазақстан Халық Ассамблеясының

20-жылдығына арналады





















8-сынып тәрбиешісі: Ш Маханбетова



2014-2015 оқу жылы















Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге,

ынтымақтастыққа,бірлікке,өзге ел

тарихын білуге,елімізді өркендетуге

тәрбиелеу


Әдісі: топтық жұмыс,ұжымдық жұмыс,сұрақ-жауап



Көрнекілігі: слйдтар,плакаттар,карточкалар



















Тәрбие сағатының өтілу барысы:


Қонақтар орындарына отырғызылады

Оқушылар карточкалар(жалауша) бойынша 4 топқа

бөлінеді

Олар: Қазақстан,Ресей,Түркия және Корея республикалары


1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар,қонақтар,ата-аналар мен оқушылар!


Бүгінгі 8-сынып оқушыларының Қазақстан Халық Ассамблеясының 20жылдығына орай ұйымдастырып отырған «Қазақстан-достық шаңырағы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 20 жыл толады.

Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеясының дүниеге келгеніне 20 жыл

Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп,біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды.


2 жүргізуші: Елдіктің өлшемі,тұрақтылықтың тұтқасы болды.

Қазақстан халық Ассамблеясының осыған дейін өткен 20 сессиясын «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» деп айтуымыздың астарында үлкен мән бар.

Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.

Бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір,қаны бөлек болғанымен жаны бір,арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.

Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.

Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық-бір ел-бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.

Бірлігі берекелі тірлігі мерекелі,ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.

Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды.

Бейбітшілік пен тыныштық әр үйдің баға жетпес байлығына айналды.


1 жүргізуші: Бүгін біз Ассамблея- тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз!

Бүгін Ассамблея- тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді,берік іргетасы.

Ассамблея тарихы-ел тарихы,халық тарихы.

«Бір ел»-бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр»-бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

«Бір халық»-бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

«Қазақстан-достық шаңырағы» атты сюжетке назар аударайық(слайд көрсетіледі).

Бір-халық,бір- ел,бір- тағдыр.

Міне,қазақстанның қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған.Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды.

Елбасымыз өз жолдауында мынаны баса айтты

Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал.Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.


2 жүргізуші:Ендеше,Ассамблея-барша қазақстандықтың мүддесі-деген болатын.

Біз «Мен-Қазақстандықпын,өз елімде мен үшін барлық есік ашық!»-деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.

Біз көппіз және бәріміз-бір елміз,бір халықпыз.

Өз еліне пайдасын тигізу,өз Отанының тағдырына жауапты болу-әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.

Қазақстан республикасына сөз беріледі.

Өздеріңіз сюжеттен көргендей Қазақстан мемлекеті көп ұлтты.Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады.

Біз олармен татумыз,доспыз және бір-бірімізбен берекелі де мерекелі өмір сүреміз.

Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері ьүгінде өз бауырларымыздай,бізбен бір халыққа айналды.

Өзіміздің Жаңақорған ауданында жалпы халық саны 77772 болса,495 өзге ұлт өкілдері тұрады екен.

Олар:орыстар,кәрістер,өзбектер,татарлар,шешендер,түріктер,немістер,еврей-лер,гректер,қырғыздар,тәжіктер,украиндар,молдовандар,башқұрттар,болгар-лар,қарапалпақтар,ұйғырлар және марийлер 18 этнос өкілі


«Мен қазақпын» -Абдуалиев Нұрлан

«Қазақстан» тобына сөз беріледі.


2 жүргізуші : Бүгінгі тақырыпқа орай ауданымыздағы № 169 мектепте

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаратын Қазақстан кіші Халық Ассамблеясының өкілі Шин Ольга Григорьевнадан сұхбат алған едік. Соны тамашалайық.


Енді орыс қызы Корнева Татьяна Петровнамен сұхбатты көрейік.

Корнева Татьяна Петрова № 169 мектепте бастауыш сынып мұғалімі.

2сұхбат та тақтадан көрсетіледі.


1 жүргізуші: Тарихи отанында аты аңызға айналған Трояның жартылай қаусаған қабырғалары,Бергам үйінділері,Иса пайғамбардың анасы Марияның соңғы баспанасы болып саналатын Эфес ескерткіштері және де ежелгі заманның атақты ондаған қалалары бой түзеген.Бұл ұлттың бір бөлігі патша генералы Паскевич қол қойған келісім шарттың салдарынан жат жерде қалып қалды,атамекені Ресей империясына қаратылып,Грузия құрамына кіргізілді.1944 жылғы қарашадан ұлт өкілдері өздерінің ежелгі жер суынан қуылып,Қазақстанға жер аударылды.

Бұл қай ел? Түркия

Ендеше сөз Түрік республикасында.


№169 мектептің бастауыш сынып мұғалімі түрік қызы-Саламат қонаққа келіп отыр.

Саламат апайға сөз беріледі.



Бұл халықтың өкілдері өздерін «Коре елінің адамдары»деп атайды.Баланың бір жасқа жетуінен бастап өмір жасы басталады.Сол сәттен сәби адам деп санала бастайды.Әр баланың жасы аталып өтеді.Егер қайсібір себеп бойынша бұлайша болмаса,ер жеткен соң тойы да,алпыс жылдығы да аталып өтпейді.(бұл кімдер?) Корея

Сөз корей республикасында.

Балдана мен Жұлдызайдың орындауында кәріс биі.


2 жүргізуші: Ән мен аспаптық өнер ерте уақыттардан бері осы халықтың тұрмысымен тығыз байланысты.Отбасылық және қоғамдық мерекелер қазіргі кезге дейін музыканттардың,әншілердің,пародияшылардың,қуыршақ театры актерларының және арқан үстімен жүрушілердің өнер көрсетуімен бірге өткізіледі.Бұл ұлттың өкілдері еліміздің оңтүстік облыстарында тұрады. Қане,тапшы,әңгіме қай халық туралы болып тұр? ( Өзбек халқы)


Ортада Ерасыл мен Мұхаммедәлінің орындауында өзбек биі.


Бұл ұлт-Қазақстанмен көрші мемлекетте жүз жиырма миллионнан астам өкілі тұратын,саны жөнінен аса ірі халық.Тағы бір жарым миллионы басқа мемлекеттерді мекен етуде,соның ішінде Қазақстанда да едәуір бөлігі өмір сүруде.Әңгіме болып отырған ұлттың дәстүрлі кәсібі-егіншілік болып табылады.Қазақстан аумағында үш ғасыр бұрын қамалдар мен бекіністерді мекендеген қоныс аударушылар империя шекарасын күзетумен қатар жер өңдеумен шұғылданады,қара бидай,бидай,тары,аю-күш пен әділдіктің белгісі,ал қайың-отан бейнесі болып табылады.

(Бұл қай ел?) Ресей

Ресей республикасы өз постерін қорғап,Гүлжайна мен Диана орыс биін билеп береді.




2 Жүргізуші:Бұл ел жайындағы алғашқы жазбалар біздің дәуірімізге дейінгі 552-486 жылдарда билік құрған парсы патшасы 1-Дарийдің сына жазуымен орындалған мәтіндерінде кездеседі.Ал 301 жылы халқы ежелгі дүниеде бірінші болып христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылады.

Бұл жәйт халықтың жазуы дамуына игі ықпал етті.Біздің дәуіріміздің 5-ғасырынан бастап,яғни 1600 жыл бұрын,36 әріптен өз алфавиті болды,ол өзгеріске ұшырамай,бүгін де пайдаланылуда.

Месроп Маштод деген ғалым жасады.

Бұл халықтың жаңа жылдық дсатарханына ұлттық бірлесудің символы болып табылатын кепкен нгатзахик (көкөніс) міндетті түрде қойылады.Осы уақытқа дейін матах атты құрбандық беру рәсімі кең таралған,өмірдегі қуанышты мезеттерде жасайды.

Рәсімдегі ең басты нәрсе-жеті адамға сый көрсету,қуанышын бөлісу.

(Бұл қай ел?) Армяндар

Ендеше ортаға Армян қызы Лаураны шақырамыз.


Енді сергіту сәті болсын.Дағыстан халқының «орамалды көтер» ойынын ойнаймыз.Ортаға 4 жігіт шықсын.Ойынның шарты музыка мен билейсіз,музыка тоқтағанда орамалды көтеруіңіз қажет.Орамалсыз қалған ойыншы ойыннан шығады.


1 жүргізуші:Бұл ұлттың ең жақын көршілері энциклопедиялық атауына мүлдем қиғаш атаумен атайды.Удмурттарша олар-битерлер,марийлерше-суастар,қазақтарша-ноғайлар,қалмақтарша-маңғыттар.Ұлттың қазіргі атауы 6-9 ғасырларда,Байкалдың оңтүстік-шығысын мекендеген тайпалар арасында пайда болған.13-14 ғасырларда,осы атау Алтын орданың кейбір халықтарына да жайылды.Ал 16-17-ғасырларда Ресейдің шет аймағын мекен еткен көптеген түркі тілді халықтарды осылай атады.Бұлардың кейбірі үшін осы атау нағыз өз атауына айналды.


(Бұл кімдер?) Татарлар


Сыныптың ата-аналары жоғарыда аталған ұлттардың ұлттық тағамдарынан
дастархан жайды,дастарханнан ұлтымыздың - қымызы мен шұбаты, сары
бауырсағы, өзбектің - палауы мен тандыр наны ,орыстың - түшпарасы(варей-
ники)құймағы, түріктің –пахлавасы, дұнғанның-лағманы,татардың-чак-чагы,

кәрістің-салаттары орын алды.


2жүргізуші: Қоғамдық келісім полиэтностық халық, мемлекет пен азамат-тық қоғам институттары, саяси партиялар, діни конференциялар өмірінің
басты ерекшелігі болуы тиіс. Қоғамдық келісім жалпыға ортақ еңбек қоғамының ереже тұтар халқы болуы тиіс.

Жаңа жағдайларда Қазақстан Халқы Ассамблеясының жауапкершілігі тек

арта түсетін болады. Қоғамдық келісім тиімді инновациялық экономикаға
негізделеді.


1жүргізуші: Қазақстанның әрбір азаматы айқын перспектива, болашағына сенімділік, кәсібі ел үшін барлық мүмкіндіктерге ие бола-

ды. Бұл-жаңа стратегиялық құжат.Оның жібек желісі-қоғамдық келісім

мен ұлттық бірлік.

Мемлекет басшысының айтуынша, ел иесі ретінде қазақ халқы ешкімге
шетқақпайлық көрсетпеген,ұлтына, тілі мен дініне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін, атазаңды айқындадық, «Қазақстан-2050»

стратегиясын қабылдадық. Ал елбасының тапсырмасымен 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат болып табы-
лады.

Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Оларды жүзеге асыру жаҺандық өзгерістердің күрделі жағдайында жүретін болады. Оған бүгіннен бас-
тап дайын болып, халық бірлігін барлық күш жігермен нығайту қажет.

Өйткені, біз бір халықпыз-бір елміз- бір тағдырмыз !


2 жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қонақтарын, барлық ұлт өкілдерін

«Қазақстан» атты достық шаңырағының астына шақырамыз.

Барлығымыз бір шаңырақ астында «Атамекеніміз» туралы ән салайық.


Қорытынды сөз сынып жетекшіміз Шолпан апайға беріледі.


Соңында Ерасыл мен Алматтың орындауында Отанымыздың жүрегі-
«Астана» әнін қабыл алыңыздар !


«Атамекен » әні шаңырақтың макеті астында орындалады.

Шаңырақтың әрбір уығы- әр ұлт өкілі.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза?стан –досты? ша?ыра?ы ?аза?стан Халы? Ассамблеясыны? 20-жылды?ына арналады

Автор: Маханбетова Шолпан Келденовна

Дата: 03.02.2015

Номер свидетельства: 166369


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства