Ананы? ?о?ам ?мірінде алатын орны ?лкен. Ана – перзент т?рбиелеуші, Ана – ?ызметкер, Ана – ?алым, Ана – ?арышкер, Ана – зейнеткер. Сонды?тан да ?ркім ?з анасы ж?нінде тол?анады, ойланады, са?ынады. Ал, енді балалар ?з аналары туралы жылы с?здерін шы?арма т?рінде жазып, аналарына о?ысын. Би: «А??улар биі»
Ма?ал-м?телдер айт?ызу:
Ана?а ауыр с?з айтпа,
Аты?а ауыр ж?к артпа.
Ананы? с?ті - бал,
Баланы? тілі – бал.
А?айын – алтау, ана – біреу.
Ана с?тін а?тама?анды,
Ешкім ма?тамайды.
3. ?орытынды б?лім
1-о?ушы:
Анам мені «Айым» дейді,
Мен м??айсам уайым жейді.
Анам мені «К?нім» дейді,
Мен ?уансам к?лімдейді.
2-о?ушы:
М?пелейсі? мені анам,
?олы?да?ы ??сындай.
??лпыра ?сіп, дем алам,
??ша?ында ?ажымай!
?лемдегі а?ылды адам,
Б?рінен сол жа?ын ма?ан.
Ол жанымда ж?рсе, мен де,
Батырларша батылданам!
4-о?ушы:
Мейірі анам – к?н н?ры,
Шапа?ы мол шашыл?ан.
Сен - ?мірді? б?лб?лы
Г?лі? менмін ашыл?ан!
5-о?ушы:
Д?ниеде е? кеме?гер дананы,
Ана табады, аялайды, ба?ады.
Сол ?шін де ??діретіне бас иіп,
??рметтейік ?асиетті ананы!
?н: « Анашым »
М??алім с?зі:
Анамыз?а деген бізді? к??іліміз, мейіріміміз ?шан-те?із. Анамызды? к??ілі шат, ж?зі жар?ын, дені сау болуын ?р?ашан тілейміз. Тек тілеп ?ана ?оймай,?зімізді? е?бегімізбен ?уанту?а тырысамыз. «?лемдегі е? с?лу, е? мейірімді, е? ?ам?ор адамсы?!» деген жылы с?здермен о?ушылар аналарына ?з ?олдарымен жаса?ан сыйлы?тарын береді. Балалар, «Бала – ананы? бауыр еті, к?з н?ры» деген хал?ымыз, аналарымызды жа?сы ба?амен, ?лгілі мінезімізбен, жеткен жетістіктерімізбен ?уанта берейік, ананы? ?уанышына айналып сендер де аман сау болы?дар! Осымен аналар?а арнал?ан т?рбие са?атымызды ая?таймыз!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін ақтай білуге үйрету. Ананы сүюге, ақ сүтін ақтай білуге ынтасын арттыру. Жас қыз балалардың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін, білімін, ептіліктерін жұрт алдына көрсете білуі керек. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.
Құрметті ақ жаулықты асыл аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар! Көктемгі гүлдей жайнап, гүл мерекелеріңіз құтты болсын!
Сіздерге тек қана дүниенің жақсылығын, атқан таңның арайын, күн сәулесінің шапағын тілейміз. Енді сіздерге арналған
« Ана – өмір шуағы» салтанатты мерекемізді қабыл алыңыздар!
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі- аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Ана- өмірдің қуанышы, тірегі,
Бала – оның жұбанышы, жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тіледі.
2-оқушы:
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым,
Ана десем, әділдікті ұғамын.
3-оқушы:
Адам бар ма ана сүтін ақтаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар- намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам.
4-оқушы:
Аяулы да, алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен- асқарсың, сен- аспансың, биіксің,
Сен- дарқансың, сен жомартсың, данасың.
5-оқушы:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
6-оқушы:
Құлпырған көктем келді,
Жылу тарап бойымда.
Ұстаз, ана кемеңгерді,
Құттықтау тұр ойымда.
7-оқушы:
Бүгін- наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз-
Адамның Анаға айтар лебізі.
8-оқушы
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
9-оқушы:
Мәпелейсің мені, анам,
Қолындағы құсындай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
Мұғалім: Өте жақсы балалар:
Жұмбақ жасыру:
1.Даладай кімнің кең пейілі,
Данадай кімнің мол мейірімі.
( Ана )
Екі жағым «Н» болса,
Қасиетті тағаммын.
Екі жағым «А» болса,
Ел қадірлер адаммын.
( Нан, ана )
Отынсыз, сусыз піскен ас,
Адамның бәрі ішкен ас.
( Ана сүті )
Екі жыртқыш жарысады,
Жақиары қарысады.
( Қайшы )
Түйістіреді көзіңе көзіңді,
Жолықтырады өзіңді өзіңе.
( Айна )
Қалтамда жатыр тісі бар,
Тістемей-ақ істер ісі бар.
(Тарақ )
Киім деуге болмайды,
Киімді кірден қорғайды.
( Алжапқыш )
Дәмі де, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
( Су )
Жуынып болғаныңда,
Жүреді қолдарыңда.
( Орамал )
Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады.
( Сабын )
Мұғалім сөзі: Ал, енді аналарымыздың тапқырлығын сынап көрейік! Салт – дәстүрлерге байланысты біраз сұрақ-жауапқа кезек берейік!
Қыздардың тұрмысқа шығарда киетін ұлттық бас киімі. (Сәукеле)
Қазақтың ұлттық тағамдары. ( Ет, қазы, қарта, қуырдақ, айран, көже, құрт т.б. )
Жаңа түскен келінді барған елімен таныстыру әні. (Беташар)
Кесеге арналған дорба. (Кесеқап)
Қымызға арналып ағаштан жасалған, ауыз жағы тарлау келетін піспегі бар ыдыс. (Күбі)
Қысқы аяздарда киюге арналып малдың немесе аңның терісінен тігілетін бас киім. (Тымақ)
Малдың және басқа жан-жануарлардың сирағы мен сан жіліктерін жалғастыратын , бір жағы ойық бір жағы дөңес төрткіл ойнайтын сүйек. (Асық)
Киім – кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы. (Сандық)
Жас нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек. (Бесік)
Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар түрі. (Сырға, жүзік, моншақ, білезік т.б.)
Мұғалім сөзі:
Ананың қоғам өмірінде алатын орны үлкен. Ана – перзент тәрбиелеуші, Ана – қызметкер, Ана – ғалым, Ана – ғарышкер, Ана – зейнеткер. Сондықтан да әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады. Ал, енді балалар өз аналары туралы жылы сөздерін шығарма түрінде жазып, аналарына оқысын. Би: «Аққулар биі»
Мақал-мәтелдер айтқызу:
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Ананың сүті - бал,
Баланың тілі – бал.
Ағайын – алтау, ана – біреу.
Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
3. Қорытынды бөлім
1-оқушы:
Анам мені «Айым» дейді,
Мен мұңайсам уайым жейді.
Анам мені «Күнім» дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
2-оқушы:
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсындай.
Құлпыра өсіп, дем алам,
Құшағында қажымай!
3-оқушы:
Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған.
Ол жанымда жүрсе, мен де,
Батырларша батылданам!
4-оқушы:
Мейірі анам – күн нұры,
Шапағы мол шашылған.
Сен - өмірдің бұлбұлы
Гүлің менмін ашылған!
5-оқушы:
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы!
Ән: « Анашым »
Мұғалім сөзі:
Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан-теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Тек тілеп қана қоймай,өзіміздің еңбегімізбен қуантуға тырысамыз. «Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адамсың!» деген жылы сөздермен оқушылар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын береді. Балалар, «Бала – ананың бауыр еті, көз нұры» деген халқымыз, аналарымызды жақсы бағамен, үлгілі мінезімізбен, жеткен жетістіктерімізбен қуанта берейік, ананың қуанышына айналып сендер де аман сау болыңдар! Осымен аналарға арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!