1-ж?ргізуші ??рметті о?ушылар!Б?гін сіздерді? назарлары?ыз?а ?о?ам ?айраткері Дінм?хаммед Ахмет?лы ?онаевты? 103 жылды?ына орай «Ізі ?шпетін ізгі адам » атты библиография к?нін ?ткізбекшіміз.
Кітапнама (немесе библиография) (к?не греше: bіblіon– кітап ж?не к?не грекше: drapho–жазу)баспа ?німдері ж?нінде а?паратты? ма?л?мат беріп, оларды ж?йелі насихаттайтын ?ылыми-практикалы? ?ызметті? бір саласы. Ол кітаби м?раларды, библиография тарихын, теориясын, библиография ?ызметті ?йымдастыру жолдарын зерттейтін ?ылыми п?н ретінде де ?олданылады. Баспа ?німдерін іріктеп, оларды ж?йелі т?рде саралау, ?ылыми сипаттама беру ж?не ?ыс?аша мазм?нын ашу ар?ылы библиография ?ылыми мен м?дениет дамуыны? де?гейін ай?ындау?а к?мектеседі, ?ылыми-зерттеу ж?мыстарына ба?ыт сілтейді, белгілі бір ?ылыми ?а?идаларды, саяси, философиясы ж?не экономика к?з?арастарды, техника жетістіктерді тарату?а м?мкіндік ту?ызады.
2-ж?ргізуші: Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шы?ару ісімен ты?ыз байланысты, ?деби ж?не ?ылыми сын мен сала-сала?а дамы?ан. Кейін білімдерді? дараланып, сала-сала?а б?лінуіне байланысты библиография ?ылымны? жеке бір саласына айналды.?аза?станда 1937жылы баспа ?німдеріні? міндетті данасын бір орталы??а жинау белгіленген. Осыны? негізінде баспас?з ?німдерін тіркеу ж?не оларды мазм?нына, ?ылыми ж?не идеялы? м?ніне ?арай топтастыру ж?мыстары ж?рді. Я?ни, олар басылым т?рлеріне(кітап, мерзімді баспас?з, т.б.), сырт?ы белгілеріне (авторы, атауы, жары??а шы?у мерзімі мен орны), мазм?нына (та?ырыпты?, п?ндік, ж?йелік) ?арай топтастырылды.
1-ж?ргізуші: Абай атында?ы Орталы? кітапханада библиографиялы? к?рсеткіштерге жататын- энциклопедиялар,аны?тамалы?тар,к?рсеткіштер,электронды,ж?йелі,алфавитті,
?лкетану каталогтар бар.Абай атында?ы Орталы? кітапханада электронды каталог ж?мыс істейді.Электронды каталогты интернетті пайдаланып таба аласыздар.Электронды каталогты ?азіргі о?ырмандар жиі пайдаланады.,?йткені ?олайлы ж?не ?олжетімді,бір сілтеу ар?ылы тез ?рі ы??айлы а?парат ала аласыз.Іс шара ?о?ам ?айраткері Дінм?хаммед Ахмет?лы ?онаевты? 103 жылды?ына орай ?ткізіліп отыр?анды?тан «Жа?сыны? аты, ?алымны? хаты ?лмейді» демекші, ?зі ба?илы? болып хал?ыны? арасынан кеткенімен, ол кісіні? есімі, Отанны? келешегі ?шін негізін ?ала?ан игілікті істері, ?негелі ?мір жолы ?лт жадынан еш?ашан шы?па? емес.
2-ж?ргізуші: ?онаев Дінм?хамед Ахмет?лы - аса к?рнекті мемлекет ж?не ?о?ам ?айраткері, ?ш м?рте Социалистік Е?бек Ері, ?аза? КСР ?ылым академиясыны? академигі, техника ?ылымыны? докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарыны? иегері.
Алматы ?аласында, ?ызметкерлерді? отбасында ?мірге келген. Орта мектепті бітіргенннен кейін, ?аза?стан ?лкелік комсомол комитеті оны Москваны? Т?сті металл алтын институтына о?у?а жібереді. Институтты ойда?ыдай бітіріп, тау кен инженері маманды?ын ал?ан Д.?онаев Бал?аш мыс ?орыту комбинатыны? ?о?ырат руднигіне ж?мыс?а орналасып, онда б?р?ылау станогыны? машинисі, цех басты?ы, руднигті? бас инженері ж?не оны? директоры болып істейді.
1-ж?ргізуші:.Екінші д?ниеж?зілік со?ысыны? ?иын к?ндерінде ол тылда?ы ж?мысты ?йымдастыруда іскерлігімен к?зге т?седі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженеріні? орынбасары, Риддер руднигіні? ж?не КСРО ?ор?асын мырыш ?нерк?сібіні? е? ірі к?сіпорындарыны? бірі Ленингор кен бас?армасыны? директоры ?ызметтерін ат?арады. 1942-52 жылдары ?аза? КСР Министрлер Ке?есіні? т?ра?асыны? орынбасары болып ?ызмет етеді. Осында ж?ргенде ?аза?стан ?алымдары о?ан зор сенім к?рсетіп, оны ?аза? КСР ?ылым академиясыны? академигі ж?не оны? президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласыны? ірі ?алымы Д.?онаев республика ?ылымыны? дамуы жолында зор е?бек сі?іреді. ?ылыми ?йымды? ж?мыстарды жа?сарту, ?ылыми зерттеулерді? негізгі салаларын білікті кадрлармен ны?айту шаралары оны? басшылы?ымен ж?зеге асырылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қаңтар айының 13 жұлдызындажоғары интеллект иесі, кемеңгер қоғам қайраткері, ұлы тұлға Д.А. Қонаевтың 103 жасқа толуына орай Абай атындағы кітапханада «Ізі өшпейтін ізгі адам » - библиография күні өткізілді.
Қазақ елінің қалыптасуы, қарыштап дамуы мен өркендеп өсуінде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өлшеусіз үлесі бар. Димекеңнің сол бір кезеңдегі қажымас қайраты мен баға жетпес еңбегін Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үнемі еске алып, «Димекең өз заманының перзенті болған ірі тұлға... Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам» деуі ұлт кемеңгеріне деген зор құрметі. Биыл Д.А.Қонаевтың туғанына 103 жыл толады. Бұл - үлкен де айтулы мереке жайлы кітапханашылар Көлбаева А мен Телеубаева Л толық тоқталып өтті. №46 орта мектебінің 6 «А» сынып оқушылары Д. Қонаевқа арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып шықты. Абай кітапханашылары оқушыларды алфавиттік, жүйелік, электрондық каталогтармен және кітап көрмесімен таныстырып шықты.
Кітапханашы: Көлбаева А.Ш.
«Ізі өшпейтін ізгі адам » - библиография күні
(Д.А. Қонаев– 103 жыл)
1-жүргізуші Құрметті оқушылар!Бүгін сіздердің назарларыңызғақоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 103 жылдығына орай «Ізі өшпетін ізгі адам » атты библиография күнін өткізбекшіміз.
Кітапнама (немесе библиография) (көне греше: bіblіon– кітап және көне грекше: drapho–жазу)баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философиясы және экономика көзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады.
2-жүргізуші: Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шығару ісімен тығыз байланысты, әдеби және ғылыми сын мен сала-салаға дамыған. Кейін білімдердің дараланып, сала-салаға бөлінуіне байланысты библиография ғылымның жеке бір саласына айналды.Қазақстанда 1937жылы баспа өнімдерінің міндетті данасын бір орталыққа жинау белгіленген. Осының негізінде баспасөз өнімдерін тіркеу және оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру жұмыстары жүрді. Яғни, олар басылым түрлеріне(кітап, мерзімді баспасөз, т.б.), сыртқы белгілеріне (авторы, атауы, жарыққа шығу мерзімі мен орны), мазмұнына (тақырыптық, пәндік, жүйелік) қарай топтастырылды.
1-жүргізуші: Абай атындағы Орталық кітапханада библиографиялық көрсеткіштерге жататын- энциклопедиялар,анықтамалықтар,көрсеткіштер,электронды,жүйелі,алфавитті,
өлкетану каталогтар бар.Абай атындағы Орталық кітапханада электронды каталог жұмыс істейді.Электронды каталогты интернетті пайдаланып таба аласыздар.Электронды каталогты қазіргі оқырмандар жиі пайдаланады.,өйткені қолайлы және қолжетімді,бір сілтеу арқылы тез әрі ыңғайлы ақпарат ала аласыз.Іс шара қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 103 жылдығына орай өткізіліп отырғандықтан «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші, өзі бақилық болып халқының арасынан кеткенімен, ол кісінің есімі, Отанның келешегі үшін негізін қалаған игілікті істері, өнегелі өмір жолы ұлт жадынан ешқашан шықпақ емес.
Сіздердің назарларынызға Темірше Сарыбаевтың «Сүйеді аға өзінді,сүйеді қазақ» атты өленің ұсынамыз:
Аруақты орын, қашаннан, киелі қазақ,
Бітімі бөлек, сыры ерек, сүйегі ғажап!
Айдай әлемге танылған далдығым деп,
Сүйеді аға өзіңді, сүйеді қазақ.
Табуға бекіп қалайда бір ағат істі,
(Алтынға қоспақ ойлары сыналып мысты).
Эфирден айтты күпілдеп, газеттке жазды,
Ізіңе күні – түн, ағатай, шырақ ап түсті.
2-жүргізуші: Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргенннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Москваның Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, руднигтің бас инженері және оның директоры болып істейді. 1-жүргізуші:.Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942-52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады.
Іздеді ақтер - көктер боп «алтын қойманы»,
Қамыңды іштей қайысып халқың да ойлады.
Жаны жомарттың қашанда мұраты асқақ,
Жүрегі, ісі, Ниеті – жарқын ғой бәрі.
Жарқын ғой бәрі – жүрген жол, өткен іздері,
Халқына шалқып жататын көк теңіз көңлі.
Елінің қамын ойлайды ерте де, кеш те,
Көркейсін дейді,
Жұртына көктем іздеді.
2-жүргізуші: Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ.
1-жүргізуші: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.
Жоғары қойған о баста алтыннан арын,
Өзгенің қайтсін қыңыр ой, салқын қабағын,
Ұждан мен Ардың әлемдік өлшемі ең өзің,
Ұрпақ алдында мәңгілік жарқын жанарың.
Аруақты орын қашаннан киелі қазақ,
Бітімі бөлек, сыры ерек, сүйегі ғажап.
Айдай әлемге танылған Адалдығым деп,
Сүйеді аға өзіңді, сүйеді қазақ!
2-жүргізуші: Димаш ағаның басшылық еткен жылдарында біздің Республикамыз көп ұлтты халықтарының ыңтымағы жарасқан, достығы шымырланып, шыңдала түскен әділетті елге айналды.Республикамыздың өндіргіш күштері жеті жүз пайыздан астам өсті, басқаша сөзбен айтқанда жаңадан жеті Қазақстан жасалды. Осы кездерде өнеркәсіп өндіруі 9 есе, ауыл шаруашылығы- 6- есе, құрылыс 8- есе ұлғайды.Жақсының шарапаты деген осы. Үнді жазушысы Джавхарлал Неру өз сөзінде « Мейрім шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық қазақ халқы. Елінің өткенің ұмытпай келешегі үшін қалтықсыз еңбек еткен перзенті бар халық да бақытты.Сол перзент- Дінмұхаммед рухы мен иманы, қазақтың қанағат мектебі және нағыз адалдықтың өлшемі,- деп баға берген. Димаш аға шың мәніңде сол жоғары бағаға лайық жан еді ».
1-жүргізуші: Сондай-ақ ақын Темірше Сарыбайұлы «Қонаев-ұлттың ары мен намысы, «Өтті дәурен осылай», «Ақиқаттан аттауға болмайды», секілді ғұмырбаяндық кітаптар жазып қалдырды. Мұнда Қазақстанның елу жылдық тарихы, ел экономикасы, әлеуметтік дамуы, сонымен қатар өз өмірінің жекеленген сәттері де жария етіледі.Ең бастысы- кісілік мектебін танып, сабақ болар қаншама өнегелі іс пен өміршең тірлікке куә боламыз.
2- жүргізуші: Салмақты оймен өрнекті сөз қатар өрленген бұл кітаптар даналық пен өмір-күрестің шын мәнін таныта түседі.Ұлт кәдірін, ұлт тарихын сыйлаған адам үшін бұл жай ғана еңбек емес, таусылмас нәр, жан-жақты білім алатын ұлан-асыр мол қазына. Бұл қазынаны бір сүзіп қана шығып, бәрін игеріп кету мүмкін емес.Терең зерделей оқып шыққан адамға оның кітаптарының берері мол.
1-жүргізуші:Абай атындағы Орталық кітапхананың мамандары сіздердің назарларынызға слайд-презентация арқылы кітапханадағы каталогтарды көрсетеміз. Біздің кітапханада жүйелі,алфавиттік және өлкетану каталогы бар.Сол каталогтар арқылы оқушылар,қажетті ақпарат алады.
Ал енді құрметті оқушылар,библиография күнінің міндетті істерімен таңысамыз.
Бізде библиографиялық көрсеткіштер бар,олар әр мерекеге және белгілі тұлғаларға, ақын-жазушыларға дайындалады. Солардың ішінде белгілі қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы библиографиялық көрсеткіш бар. Қонаев туралы мақалалар,және ол кісінің жарылып айтқандары мен нақылға айналған сөздері және көптеген мәлеметтер ала аласыздар.
2-жүргізуші: Өзі жайлы өшпес іс қалдырған өсіп - дамуымыздың өркениетті елдерше көркеюіміздің ең арналы даңғылын бізге мирас еткен Димаш аға 82 жасқа қараған шағында 1993 жылы 22 тамызда дүниеден өтті. Көрген, сөзін естіген адамдар, туған халқы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты ешқашан ұмытпайтыны хақ.
Аяулы жанның есімі қазақ халқымен бірге жасай беретіндігін айта келе, сөзімізді Гульбахрам Тұрашқызының «Біртуар» өлең жолдарымен түйындесек дейміз.
Халқы өсіп,өнгеніне шын құмар,
Біртуар ең, бір ғасырда бір туар!
Тазалығы, адалдығы аңыз жыр,
Сендей ұлды енді қайтып кім туар?
Біртуарым, өзіңсіңғой, біртуар!..
«Ұлттың рухани ұстазы» атты кітап көрмесі
«Дара дана тұлға», «Өтті дәурен осылай» кітапқа шолу- кітапханашы таныстырды.
2001 жылдан бастап қолға алынып, қазір өз жалғасын тауып жатқан Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының "Ұлы тұлғалар" атты арнайы ғылыми-ғұмырнамалық сериясында халқымыздың аяулы перзенті, аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналады. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ғұмырнамасын,таңдамалы шығармаларын,жыр-толғаулар,ұлының ұлағаты туралы ой маржандарын көрсетті..
Халқымыздың біртуар перзенті, есімі дүние жүзінде мәшһүр болған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі ұрпаққа үлгі екенің айтты.
1.Дара. Дана. Тұлға. [Мәтін] : мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналады / [құраст. Б. С. Асанова]. - А. : Орталық ғылыми кітапхана, 2012. - 364с. : ил.
2. Өтті дәурен осылай [Мәтін] : (естелік-эссе) / Дінмұхамед Қонаев. - А. : Алматыкітап, 2011.
3.Елу жыл ел ағасы [Мәтін] / құраст. Әбдірайымұлы С. - А. : Санат, 2002.