kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Іс-шара: "Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану пәні бойынша "Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы"атты онкүндіктің ашылу салтанаты. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Іс-шара: "Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы"»

«Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты 
онкүндіктің ашылу салтанаты 
Слайд арқылы
1- жүргізуші: 
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, 
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. 
Мейірім толған жанымыз, жүрегіміз, 
Үлгі алсын көрген жан мына бізден. 

1- жүргізуші
Адами қарым –қатынастағы ең басты әдептілік-бұл сәлемдесу болып табылады. 
Сәлем беру-имандылық,көргендік,мәдениеттіліктің белгісі.Олай болса,бір-бірімізге деген жылы ниетпен амандасып алайық. 

1-жүргізуші.Бәрі бірге. 
Армысың,Әлем! 
Армысың,алтын Күн! 
Армысың,Ұстаз! 
Армысың,абзал дос! 

1-жүргізуші 
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу салтанатына қош келдіңіздер! 
1- жүргізуші: 
Адамзатты аялаған ақ арман, 
Барлық ғалам Махаббаттан жаралған. 
Өмір-өзен сан тарапқа ақса да, 
Жақсылықтан шуақ алып,нәр алған. 
• Онкүндік мақсаты: балалар мен жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу жүйесін дамыту, оқушыларды адамгершілік құндылықтар әлеміне тарту болып табылады. қоршаған әлемге махаббат және қуаныш сыйлап, сезімталдық, мейірімділік, рақымдылық көрсетіп, мейірімді болуға үйрету, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен жағымды эмоцияны дамыту. 
1-жүргізуші. 
өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат, сүйіспеншілік екендігін түсіндіру; 
- адамды, Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту; 
- сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білуге тәрбиелеу. 
1-жүргізуші. 
Сонымен бірге Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай онкүндік аясында жоспарланған іс-шаралар арқылы «Алтын жүрек анамызға» алғысымызды,ыстық ықыласымызды,жүрекжарды лебізімізді білдіру. 

1-жүргізуші 
Сара Алпысқызы Назарбаева 
“Бөбек” балалар қорының президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И.Дограмачи атындағы халықаралық сыйлығының, “Юнити” халықаралық сыйлығының иегері. 
“Бөбек” балалар қорының тұңғыш Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева ізгілік пен мейірімділік шартын сақтап өмір кешіп жүрген, жанының жылуын қорғансыз, жаутаң жандарға төгуден жалықпайтын, туған елінің арда қасиеттерін бойына сіңірген ғажайып әйел. 
Бүгінгі күні Сара Алпысқызы Назарбаева түркі тілдес мемлекеттер әйелдерінің ел таныған көш басшысы болып саналады

 СараАлпамысқызы Назарбаева туралы видео
1-жүргізуші. 
Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның “Бөбек” балалар қоры – бүгінде Қазақстан көлемінде ғана емес, шет елдерде де мойындалған, белсене 
қайрат көрсетіп жүрген қорлардың бірі. 
Қор қызметінің басты бағыттары – ана мен баланы қорғау, нәрестелер үйі мен балалар үйін қамқорлықта ұстау, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен, қажетті керек жарақпен қамтамасыз ету, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан дарынды балаларды қолдап-қоштау, балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу 

1-жүргізуші 
«Өзіңді – өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» деген Сара Алпысқызы – болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін, ешкімге еліктемей өзіндік тұлғасын қалыптастырып, өз мүмкіндіктерін ашатын, дарындылығын дамытатын, қоршаған ортамен жарасымды өмір сүруге бейімделген тұлға қалыптастыратын «Өзін – өзі тану» білім жобасының авторы. 


Аружан 
Адам – ғалам, ғажайып, жеке дара, 
Жан құмары ізденген мәңгі сана. 
Өзіңді өзің танысаң істің басы, 
Түзеген өз ғаламын болған дана 
Айжан

Жағылды ма жүрегіме жаңа шам. 
Ойлауменен өтеді ылғи оңашам. 
Армандаймын, ұлы еліме сүйікті, 
Жақсылықтар жасасам деп орасан. 
Маржан іздеп терең теңіз түбінен, 
Күн батарда атар таңға үңілем. 
Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп, 
Жақсы адамға айналармын түбі мен 

Айсұлу 
Адам болсаң,бұл ғалам бас иетін, 
Болу керек адами қасиетің. 
Ішінде бәрінен де биік тұрсын 
Отанға,елге деген ақ ниетің.

 1-жүргізуші 
Адамға тән қасиет: 
Сахналық көрініс : «Жалғыз адам не істей алады? »
1-жүргізуші. 
Өзін-өзі тану-жалпы адамзаттық құндылықтарға бастар жол. 
Құндылығыңыз оң болсын,өйткені құндылығыңыз-тағдырыңыз болады. 

Олай болса,адамға өмірден өз орнын таба білуге қажетті,арман-мақсат,талап, талғам ,тілектеріміздің орындалуына жол ашатын рухани-адамгершілік құндылықтар туралы
бейнебаян көрелік.

1-жүргізуші. 
Адам бойындағы жақсы қасиеттер,адамгершілік нормалары,әлемнің татулығы осы құндылықтардан бастау алады.Бәрінің бастауы-Махаббат! 

«Өзін-өзі тану» пәні әрбір оқушыны адал болуға,айналаны жақсы көруге,өзіндік «менін» қалыптастыруға, өмірде өз орнын табуға,өз мүмкіндіктерін анықтауға,өмірді сүюге, алға ұмтылуға,ешкімге еліктемей өзін таба білуге үйретеді. 
Анаға,туған жерге,Отанға,туған-туысқанға, досқа, өмірге, әлемге махаббатпен қарау керек екенін ұғындыратын пән.Олай болса, «Өзін-өзі тану» пәнін -Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» деу әбден орынды. 

Бұл күндері өздеріңізді жан – жақты танытуға, түрлі салаларда өздеріңді сынап көруге мүмкіндік берілуде.Жоспар бойынша іс-шараларға әрқайсыңыз үлес қосыңыздар. Сіздердің қабілеттеріңіз бен ішкі мүмкіндіктеріңіздің ашылуына барынша жағдай жасалуда.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Іс-шара: "Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы"

Автор: Каримова Айгерим Бакытовна

Дата: 22.02.2017

Номер свидетельства: 394606


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства