kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерте?гілік «Жау?азын г?лі – Наурыз мерекесіні? белгісі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік «Жау?азын г?лі – Наурыз мерекесіні? белгісі»
Ма?саты: «Наурыз» мерекесі туралы т?сініктерін, білімдерін ке?ейту ма?сатында хал?ымызды? салт-д?ст?рін балаларды? бойына сі?іру.
К?рнекіліктер: газеттер,?лысты? ?лы к?ніне арнаулар,шарлар с?здер,суреттер.

   Кіріспе.        (Той Наурыз?а арнал?ан ?нмен басталады).

Т?рбиеші:     Армысыздар ?адірлі халайы?!

                       А? ?ар кетіп, ?ыс ?тіп,

                       Шырайлы шуа? жаз жетіп,

                       Шаруаны? б?л кенелген

                       К?н мейрамы ежелден

                       ??тты болсын, б?л Наурыз!

??рметті  ?она?тар,  ата-аналар,  кішкентай  б?лдіршіндер  ж?не балаба?ша  ?жымы!

 (?уен залы ?сем безендірілген. Мерекелік к??іл-к?йде сазды ?уенмен топ балалары кіреді).
Ма?жан

1-бала: Армысы?дар а?айын,
Бармысы?дар, а?айын.
?лыс ба?ты болсын,
?р к?німіз жа?сы болсын!


 

Би: «Жау?азын».
(Би ая?тала бере, ортада билеп ж?рген жау?азынды ?ара дауыл ?рлап ?кетеді).
 

Ж?ргізуші :

Балалар  бізді?  жау?азын  г?лдеріміз  ?айда?  

Кім  ?рлап  кетті?

Балалар :    ?ара  дауыл.

Ж?ргізуші :  ?ара  дауыл  бізді? мерекемізге  кедергі жаса?ысы  келіп  т?р ма? Кім енді  бізді?  ?сем  жау?азынымызды  ?ара  дауылдан  ??т?арады  екен?
(Орта?а батырлар шы?ады).
- Мен Ер Т?стікпін – е? батылмын, батырмын!
- Мен Тазша баламын – е? айлакермін!
- Мен Желая?пын – е? шапша?мын!
- Мен Са???ла?пын – жерді? асты-?стіндегіні? б?рін естимін!
- Мен Таусо?армын – тауларды бір орыннан екінші орын?а ?оз?аймын!
 

Батырлар бірге:  - Біз  жігіттер  – е?  тап?ырмыз!
(Орта?а жартылай ше?бер жасап, малдасын ??рып отырып, а?ылдасады).
 

Ер Т?стік: - ?р?айсымызды? ?з басымыз бар. Ал, ?иыншылы?ты же?уге дайынбыз ба?
 

Батырлар бірге: - Ия, дайынбыз!
 

Ер Т?стік:  - Мен ?аратауды? бойымен ж?руді ?сынамын. ?йткені, жолда данаг?й Жамал ?жені кездестіреміз. М?мкін ол бізге к?мектесер.
 

Батырлар бірге: - Аттанайы?!
 

?ыдыр ата:

-Ау аманба жара?дар!

Наурыз келді ?ара?дар.

 Ж?ргізуші: ?ыдыр ата т?рге шы?ы?ыз, бізбен бірге  Наурыз тойын ?ызы?тап, балаларымызды? ?нерін тамашала?ыз.

Диас

4-бала: Ата-бабам тойла?ан,
Наурызым армысы?!
?ызы?ына тойма?ан,
Дархан - дала ?арлы шы?.

Г?лба?иса
 

Би: « ?амажай »
 

(Батырлар Жамал ?жені кездестіреді, амандасады)
 

Ж?ргізуші :

Наурыз  тойыны?   ?зіне т?н ?лкен ырым  асы – Наурыз  к?же. - Ерте?гілігімізді?  со?ында  барша?ызды  дастарханнан  д?м  тату?а ша?ырамыз. Тойлары?ыз  той?а  ?лассын!


?н: «Наурыз-думан»


 


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерте?гілік «Жау?азын г?лі – Наурыз мерекесіні? белгісі»»

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік «Жауқазын гүлі – Наурыз мерекесінің белгісі»
Мақсаты: «Наурыз» мерекесі туралы түсініктерін, білімдерін кеңейту мақсатында халқымыздың салт-дәстүрін балалардың бойына сіңіру.
Көрнекіліктер: газеттер,ұлыстың ұлы күніне арнаулар,шарлар сөздер,суреттер.

Кіріспе. (Той Наурызға арналған әнмен басталады).

Тәрбиеші: Армысыздар қадірлі халайық!

Ақ қар кетіп, қыс өтіп,

Шырайлы шуақ жаз жетіп,

Шаруаның бұл кенелген

Күн мейрамы ежелден

Құтты болсын, бұл Наурыз!

Құрметті қонақтар, ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер және балабақша ұжымы!

Наурыз жыл басы құтты болсын! Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын! Еліміз тыныш болсын! Баршаңызға бақ қонсын!

Жаңа жыл тек қана жақсылығын! Жаңалығын әкелсін -дей отырып балаларыңыздың сіздерге Арналған

« Армысың , әз Наурыз! » атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.


Мерекемізді бастамас бұрын құттықтау сөз мектеп директоры Дүйсенбаев Есболат Есләмбекұлына беріледі.


(Әуен залы әсем безендірілген. Мерекелік көңіл-күйде сазды әуенмен топ балалары кіреді).
Мағжан

1-бала: Армысыңдар ағайын,
Бармысыңдар, ағайын.
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын!


Дияр
2-бала: Наурыз келді, нұр келді
Түгел аймақ түрленді,
Наурызда күлімдеп,
Күн нұры төгілді.


Айша

3-бала: Басталды міне тойымыз
Ұнады әнмен ойымыз
Наурыз бақыт әкелсін
Тойға ұлассын тойымыз

Жүргізуші:

Міне, көктем келді,
Жер құлпырып көгерді.
Дала қысқы ұйқыдан оянып,
Бізге өзінің әсем жауқазындарын сыйлады.

Би: «Жауқазын».
(Би аяқтала бере, ортада билеп жүрген жауқазынды Қара дауыл ұрлап әкетеді).

Жүргізуші :

Балалар біздің жауқазын гүлдеріміз қайда?

Кім ұрлап кетті?


Балалар : Қара дауыл .


Жүргізуші : Қара дауыл біздің мерекемізге кедергі жасағысы келіп тұр ма? Кім енді біздің әсем жауқазынымызды Қара дауылдан құтқарады екен?
(Ортаға батырлар шығады).
- Мен Ер Төстікпін – ең батылмын, батырмын!
- Мен Тазша баламын – ең айлакермін!
- Мен Желаяқпын – ең шапшаңмын!
- Мен Саққұлақпын – жердің асты-үстіндегінің бәрін естимін!
- Мен Таусоғармын – тауларды бір орыннан екінші орынға қозғаймын!

Батырлар бірге: - Біз жігіттер – ең тапқырмыз!
(Ортаға жартылай шеңбер жасап, малдасын құрып отырып, ақылдасады).

Ер Төстік: - Әрқайсымыздың өз басымыз бар. Ал, қиыншылықты жеңуге дайынбыз ба?

Батырлар бірге: - Ия, дайынбыз!!!

Ер Төстік: - Мен Қаратаудың бойымен жүруді ұсынамын. Өйткені, жолда данагөй Жамал әжені кездестіреміз. Мүмкін ол бізге көмектесер.

Батырлар бірге: - Аттанайық!!!

Жүргізуші:

Олар аттарына мініп Қаратау жаққа жол тартты. Біздің батырлар данагөй Жамал әжеге жеткенше, біздер көңілімізді көтерейік.

Балалар бізге қонаққа Қыдыр ата келіп тұр.


Қыдыр ата:

-Ау аманба жараңдар!

Наурыз келді қараңдар.

Жадырады күніміз.

Күнің жаңа нұры бар.

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам – бұл,

Қарсы алайық тұрыңдар!


Жүргізуші: Қыдыр ата төрге шығыңыз, бізбен бірге Наурыз тойын қызықтап, балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Диас

4-бала: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Дархан - дала қарлы шың.

Гүлбағиса
5-бала: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің
Береке - ырыс сыйлашы.

Нұрай
6-бала: Армысың, Наурыз!
Қуаныш боп кір, төрлет!
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр, сый-құрмет.


Би: « Қамажай »

(Батырлар Жамал әжені кездестіреді, амандасады)

Тазша бала: - О, Жамал әже, сіз естіген шығарсыз, біздің мерекеміздің рәмізін Қара дауыл өз патшалығына алып кетті. Наурыз тойымыздың көңіл-күйін түсірді. Бізге қандай ақыл бересіз?

Жамал әже: (құмалақ ашып, бал тартады) – Көмегімді аямай, көрген-білгенімді айтайын. ...Сендердің гүлдерің аман-сау! Бірақ та оны табу оңай емес. Сусыз шөлейттен, суық таулар арасынан өтулерің керек. Сендерді қиыншылық күтіп тұр. Еңселерің түспесін. Мен сендерге көмектесемін, мына ғажайып түйір жіпті беремін. Осы түйір жіп сендерге жол көрсетеді.
Батырлар: - Рахмет, әже! Біз аттанайық!
(Залды бір айналып шығып кетеді).

Жүргізуші:

Батырлар бірнеше күн, бірнеше түн жүріп келеді. Бір кезде алдарынан ошақ басында отырған,Мыстан кемпір кездеседі. Батырлардың алдарында домалап келе жатқан ғажайып түйір жіпке шап беріп, қағып алып, тығып тастайды.

Мыстан: - Әй, сендер мұнда неғып жүрсіңдер?

Саққұлақ: - Біздер Қара дауыл патшалығын іздеп келе жатырмыз, ол біздің гүлімізді алып кеткен. Мыстан әже қайтар біздің ғажайып түйір жіпті!

Мыстан: - Жоқ! Мен сендерге қайтармаймын да, әрі өткізбеймін. Қара дауыл менің досым ғой. Мен неге сендерге болысу керекпін? Ал егерде сендер менің жұмбақтарымның шешуін тапсаңдар, сонда ғана мүмкін ойланып қарармын. Жұмбақтар болса, өте күрделі, оның жауабын ешкім таба алмаған.

Желаяқ: - Саспа Мыстан әже, сенің жұмбақтарыңды шешеміз!

Мыстан: - Олай болса, тыңдаңдар:
1. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй)

2. Құлағын бұрап тартқаны не? (Домбыра)

3. Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар. (Ұршық).

Мыстан: - Сендер расында тапқыр екенсіңдер. Сонда да мен сендерге ғажайып түйір жіпті қайтармаймын. Ол мүмкін өзіме де керек болып қалар. Мен одан да өзіме тамаша жемпір тоқырмын, мүмкін.

Жүргізуші:

Ой, мыстан әже, мүмкін сіздің қатып қалған жүрегіңізді біздің балалардың өлең-жыры жібітер.

(Балалар барлығы бірге)
балалар: Келді Наурыз жар салып,
Кел, билейік, ән салып.
Жылда келсін, ұлы күн,
Тұрайық есен қарсы алып.
Ән: «Наурыз»

Мыстан: - Қалай тамаша әндетесіңдер?! Менің жүрегім жылыды, тұла бойыма қан жүгіріп, сендердің салған әндеріңе би билегім келіп кетті ғой. Рахмет, сендердің тамаша әндеріңе!Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Егер жеңсеңдер ғажайып түйір жіптеріңді қайтарамын.

Ойынымыздың аты «Арқан тартыс(Ойын шарты түсіндіріледі).


Мыстан:

Мә, міне, ұстаңдар, ғажайып түйір жіптеріңді! Мен сендермен уақытымды босқа өткізгенше,енді домбыра сатып алып, ән айтуға үйренбесем. Жолдарың болсын!
(Батырлар бастарын иіп Мыстан кемпірмен қоштасады).


Жүргізуші:

Батырлар әрі қарай жол тартты.

Көп пе, аз ба, батырлар ұзақ жол жүріп шөлдеп,

шалдығып келе жатып. шаршап құлап, ұйқыға батады.Бір кезде батырлар жауқазын гүлінің жұпар иісін сезіп оянып кетеді..

Тазша бала: - Батырлар-ау, жауқазын гүлінің иісін сеземісіңдер? Бірақ, гүліміз әлі Қара дауылдың қолында.
(Осы кезде Қара дауыл ұшып келіп, батырлармен шайқасады. Батырлар жеңіп, Қара дауыл құлайды).

Батырлар: - Қайда, біздің жауқазын?

Қара дауыл: - Айтамын, айтамын, жауқазынның қайда екенін, тек қана мені жіберіңдерші?
Ер Төстік: - Жібереміз, егерде зұлымдықты қойсаң.

Қара дауыл: - Қоямын, зұлымдығымды қоямын. Мені кешіріңдерші. Мен жалғыз болдым, менің қара үңгірімде мұнайлы болды. Сосын жауқазын менің көңілімді көтерер деп ойладым. Мен қатемді түсіндім, мені жіберіңдер, мен сендерге жауқазынды қайтарамын.
(Қара дауыл жауқазынды алып келеді).

Жүргізуші:

Барлық ертегідей, жақсылық зұлымдықты жеңеді. Бүгін де біздің батырлар гүлді құтқарып, мерекеміздің сәнін ашты.

Батырлар: - Біз туған жерімізге мерекені қайтардық!!!

Жауқазын: Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Наурыз тойын жұп болып,

Жылда қарсы алайық.

Өшкен шырақ жағылсын,

Көктемнің әрбір ақ таңы,

Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.

Жүргізуші: Халық аңызы бойынша, бұл күні Қызыр баба барлық босағаны аттап, төрге шығып, бақыт, мерей, қуаныш , жақсылық әкеледі.


Қызыр баба:\ Ау,аман ба, жарандар!

Алтын таңға қараңдар!

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.

Жұрағатым қуанып,

Рақатын тапты жан.

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз,

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халқым сүйген мейрам-бұл!

Уа,халайық,аман болыңдар!


Жүргізуші :

Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. - Наурыз көже – тағамның ең үлкені, Наурыз көже 7 түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда молшылық мәнді де дәмді, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті білдіреді. Ертеңгілігіміздің соңында баршаңызды дастарханнан дәм татуға шақырамыз. Тойларыңыз тойға ұлассын!


Ән: «Наурыз-думан»


Тәрбиеші: Газизова М.Б.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ерте?гілік «Жау?азын г?лі – Наурыз мерекесіні? белгісі»

Автор: Газизова Марал Балтабековна

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294186


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства