kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерте?гілікті? та?ырыбы: "Ж?ректі? жылуын сыйлайыншы анама!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: мерекелік к??іл-к?й ??ру; анасын, ?жесін сыйлау?а т?рбиелеу, олар?а с?йіспеншілікпен ?арау?а т?рбиелеу, ?н тарту ж?не ?оз?алыс орындаушылы? да?дыларын ?алыптастыру, балаларды? назарын жалпы ?рекетте, ?атысу тілегін ?алыптастыру?а эмоциялы? ?абылдауын ынталандыру, ?зіне жа?ын адамдарын ?уанта білуге, мейірімділікке т?рбиелеу.

Сынып іші ?сем безендірілген

  1.   «С?лу ?ыздар» ?ніне ?лдар ?ыздарды сынып?а кіргізіп, орындарына отыр?ызу.
  2. «Ана туралы жыр» ?ніне ?лдар ?з аналарымен ортада вальс билеу.
     
  3. Ж?ргізуші:

      ?айырлы к?н! ?ымбатты аналар, а? жаулы?ты  ?желер!
Барлы?ы?ызды к?ктемні? ал?аш?ы мейрамы 8-наурыз Аналар 
мерекесімен ??тты?таймыз! ?р?ашан дендері?із сау,к??ілдері?із 
жайдарлы бола берсін дейміз!
 

  1. Аналарды т?стері бойынша топпен отыр?ызу.
  2. Ж?ргізуші:

     ?ымбатты ?желер, аналар, апалар, ?ыздар! Сіздерді 8наурыз мерекесімен ??тты?таймыз. Сіздерге зор де?саулы?, мол ба?ыт тілейміз.
Мерекелері?із ??тты болсын!
        Б?гінгі «Ж?ректі? жылуын сыйлайыншы анама» - атты ерте?гілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымызды? ?нерін тамашала?ыздар.

Орта?а Диляра, Айза, ?лихан, Алина, Н?расыл, Г?лім – келеді.

  1. Та?па?тар:

Диляра:

Біз ?ана емес, ?адір т?т?ан бабалар

 Аналардан ту?ан не бір даналар.

Ана - тіршілікті? тірегі,

 Армысыздар, ?асиетті аналар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерте?гілікті? та?ырыбы: "Ж?ректі? жылуын сыйлайыншы анама!"»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Опытное поле орта мектебі» КММ















2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»


Мақсаты: мерекелік көңіл-күй құру; анасын, әжесін сыйлауға тәрбиелеу, оларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу, ән тарту және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың назарын жалпы әрекетте, қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзіне жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сынып іші әсем безендірілген

  1. «Сұлу қыздар» әніне ұлдар қыздарды сыныпқа кіргізіп, орындарына отырғызу.

  2. «Ана туралы жыр» әніне ұлдар өз аналарымен ортада вальс билеу.


  3. Жүргізуші:

Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер!
Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар 
мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз 
жайдарлы бола берсін дейміз!


  1. Аналарды түстері бойынша топпен отырғызу.

  2. Жүргізуші:

Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар! Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Ортаға Диляра, Айза, Әлихан, Алина, Нұрасыл, Гүлім – келеді.

  1. Тақпақтар:

Диляра:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған не бір даналар.

Ана - тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Айза:

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Мерекелі осы күн!

Әлихан:

Cәлеметсің бе Алтын күн!

Сәлеметсің бе Жер Ана!

Сәлеметсің бе көк аспан!

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Алина:

Бүгін көктем күнінде,

Барлық адам қуанар,

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар.

Нұрасыл:

Өзі мені өсірген,

Айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе дана әжем.





Гүлім:

Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.



  1. Жүргізуші:

Қолыма домбыраны мен алайын

Қосылып домбырамен ән салайын

Достасып домбырамен би билейін

Сиқырлы домбырамен күй ойнайын– дей келе енді Рустамды ортаға шақырайық. Қол соғып қошеметтеп отырайық.


  1. Жүргізуші: Әр топ өздерін таныстырады.

  2. Ойын «Би салфеткамен»

Ойынның шарты: Әр топтан бір-бір ана шығарып, орындыққа отырғызу, музыкамен билету.

А) Ең бұзылмаған, мыжыраймаған салфетка иесі жеңімпаз.

Б) Басқа аналар әр топтан шығады, сол салфеткаға отырып, тағы да музыкамен билейді, бірақ бұл кезде ең көп мыжырайған, жыртылған салфетка иесі жеңімпаз.

  1. Жүргізуші:

Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, ұлдар мен қыздарды ортаға шақырамыз. Қошемет.
Ән «Аналар» (ұлдар мен қыздар)

  1. Ойын «Кім ұқыпты»

Ойын шарты: әр топтан бір анадан шығып, әр ананың көзін байлау керек, қолына қасық беріп, баласына иогурт жегізу.

  1. Тақпақтар

Ортаға Рустам, Айым, Расул, Аяулым, Бақытбекұлы Ерназар, Анель.

Рустам:

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Айым:

Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты!

Расул:

Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын.

Еміп өскен бөбекпіз,

Анамыздың мамасын.

Аяулым:

Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда анам жүргенде,

Шаттанып ойнап, күлем!

Бақытбекұлы Ерназар:

Мен үшін не керек – бәріңіз деп табасың.

Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

Анель:

Қандай бала болмайық,

Анамызға балдаймыз,

Көтерейікші көңілін

Ән салайық бәріміз.

  1. Жүргізуші:

Біздерде ән кешіміз жалғасады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға келесі Нурисламды скрипкамызшыны ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар.


  1. Ойын «Спорттық жарыс»

Ойын шарты: Әр топтан бір анадан және бір баладан шығады. Аяқ арасына доп қыстырып, берілген межеге дейін, барып қайту; 1-ші Бала, 2-ші Ана, 3-ші Бала, 4-ші Ана.

  1. Жүргізуші:

Екі ішектің бірі қатты,

Бірін сәл-сәл кім бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ-домбыра-дегендей оқушыларды домбыраларымен ортаға шакырамыз.

Ән «Домбырасыз сән қайда»

  1. Ойын «Дауысынан тани біл»

Ойын шарты: Ортаға 4 бала шығады, көздерін байлап, аналарға дауыстату, дауысы бойынша анықтау.

Ортаға 4 ана шығады, көздерін байлап, балаларға дауыстату, дауысы бойынша анықтау.

  1. Ортаға: Әли, Эльнура, Алимжан, Шалқар, Болатов Ерназар, Нурислам шақырылады.


Тақпақтар:

Әли:

Ана деген – асқақ ән,

Орындайтын әрқашан.

Анадай қымбат сыйлықты

Таба алмайсың ешқашан.

Эльнура:

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен

Алимжан:

Көгімде күн болып

Жұлдыздай жанасың

Аман бол әрдайым

Аяулы анашым

Шалқар:

Бал бөбегін баптаған

Анам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп жасасын ақ мамам

Болатов Ерназар:

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Аналарды ардақтап

Әдепппен бас иеміз

Нурислам:

Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар.

  1. Жүргізуші:

Дыбысы оның мың сырлы

Бал бұлақтай күмбірлі

Ынта қойсаң рахат-ақ

Ол аспаптың бір түрі – дей отыра ортаға Әлиханды шақырамыз. Қошемет.



  1. Ойын «Кім епті?»

Ойын шарты: әр топтан бір анадан шығып, берілген шарларды отырып жарғызу, шардың ішіндегі тапсырмаларды орындау.

  1. Шар: Мерекеге тілек.

  2. Шар: Ән салып беру, (топтың көмегі).

  3. Шар: Вибрациядағы ұялы телефон болып, ыммен, мимикамен көрсету.

  4. Шар: Би билеп беру. (Әр ұлттың биін)



  1. Жүргізуші:

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

Диляра ару қыз ортамызға! 

Би «Қамажай»

  1. Ойын: «Кім жылдам?»

Ойын шарты: Ортаға төрт орындыққа қалпақ, куртка, шарф, қолғап, етік, сумка қойылады. Қыз келеді. Қай ана қызын жылдам киіндіреді. Керісінше, қай ана қызын тез шешіндіреді, орындарына киімдерін қояды.

  1. Жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай – дей келе, Ортаға оқушыларды шақырамын.

Ән «Ана туралы жыр» (сыйлықтарымен ән айту)

  1. Хормен:

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!                                

Сыйлықтарын аналарына беру.

  1. Жүргізуші:

Бабалары қыздарын қадірлеген
Қыз баладан басталар өмір терең
Ауыл көркі қыз болып,ән айтылып
Күн болмаған сазды күй төгілмеген – дей келе, ұлдарымызды ортаға шакырамыз.

Ән «Айгөлек» Сыйлықтарын қыздарға беру.

  1. Жүргізуші:

Осымен құрметті аналар, әжелер
                     Біздің балаларымыздың дайындаған
                      Мерекелік шарамыз  аяқталды! 
                      Келесі кездескенше сау-сәлеметте  болайық.

Ө з і н д і к т а л д а у

Ертеңгіліктің тақырыбы: «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама!»

Мақсаты: мерекелік көңіл-күй құру; анасын, әжесін сыйлауға тәрбиелеу, оларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу, ән тарту және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың назарын жалпы әрекетте, қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзіне жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сынып іші әсем безендірілген

  1. «Сұлу қыздар» әніне ұлдар қыздарды сыныпқа кіргізіп, орындарына отырғызу.- барін жақсы орындады.

  2. «Ана туралы жыр» әніне ұлдар өз аналарымен ортада вальс билеу.
    аналарымен жақсы вальс биледі.

  3. Жүргізуші:

Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер!
Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар 
мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз 
жайдарлы бола берсін дейміз!-деп құттықтадым


  1. Аналарды түстері бойынша топпен отырғызу – бәрі сәтті өтті.

  2. Жүргізуші:

Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар! Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. – деп айтылды.

Ортаға Диляра, Айза, Әлихан, Алина, Нұрасыл, Гүлім – келеді. Тақпақтарын айтады.

  1. Жүргізуші:

Қолыма домбыраны мен алайын

Қосылып домбырамен ән салайын

Достасып домбырамен би билейін

Сиқырлы домбырамен күй ойнайын– дей келе енді Рустамды ортаға шақырайық. Қол соғып қошеметтеп отырайық.- деп Рустам домбырамен өз әуенін тартып береді.


  1. Жүргізуші: Әр топ өздерін таныстырады. Ата аналар өз топтарын таныстырады.

  2. Ойын «Би салфеткамен» ата –аналар билеп ойнайды жақсы ойнады.

  3. Жүргізуші:

Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, ұлдар мен қыздарды ортаға шақырамыз. Қошемет.

Ән «Аналар» (ұлдар мен қыздар)

  1. Ойын «Кім ұқыпты»

Ойын шарты: әр топтан бір анадан шығып, әр ананың көзін байлау керек, қолына қасық беріп, баласына иогурт жегізу. Ойын жақсы өтті. Бәрі ұқыпты жасады.

  1. Тақпақтар айтылды.

Ортаға Рустам, Айым, Расул, Аяулым, Бақытбекұлы Ерназар, Анель. Өз тақпақтарын жақсы айтты.

  1. Жүргізуші:

Біздерде ән кешіміз жалғасады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға келесі Нурисламды скрипкамызшыны ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар. –Нурислам өз өнерін жақсы көрсетті.


  1. Ойын «Спорттық жарыс»

Ойын шарты: Әр топтан бір анадан және бір баладан шығады. Аяқ арасына доп қыстырып, берілген межеге дейін, барып қайту; 1-ші Бала, 2-ші Ана, 3-ші Бала, 4-ші Ана.- ойын қызық өтті.

  1. Жүргізуші:

Екі ішектің бірі қатты,

Бірін сәл-сәл кім бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ-домбыра-дегендей оқушыларды домбыраларымен ортаға шакырамыз.

Ән «Домбырасыз сән қайда»

  1. Ойын «Дауысынан тани біл»

Ойын шарты: Ортаға 4 бала шығады, көздерін байлап, аналарға дауыстату, дауысы бойынша анықтау.

Ортаға 4 ана шығады, көздерін байлап, балаларға дауыстату, дауысы бойынша анықтау. Балаалр аналарының дауысын жақсы тапты , ал аналар біраз таба алмай жатқан болды.

Ортаға: Әли, Эльнура, Алимжан, Шалқар, Болатов Ерназар, Нурислам тақпақтарын айтады.



  1. Жүргізуші:

Дыбысы оның мың сырлы

Бал бұлақтай күмбірлі

Ынта қойсаң рахат-ақ

Ол аспаптың бір түрі – дей отыра ортаға Әлиханды шақырамыз. Қошемет.

Әлихан домбырада өз әуенін жақсы ойнап берді.



  1. Ойын «Кім епті?»

Ойын шарты: әр топтан бір анадан шығып, берілген шарларды отырып жарғызу, шардың ішіндегі тапсырмаларды орындау.

  1. Шар: Мерекеге тілек.

  2. Шар: Ән салып беру, (топтың көмегі).

  3. Шар: Вибрациядағы ұялы телефон болып, ыммен, мимикамен көрсету.

  4. Шар: Би билеп беру. (Әр ұлттың биін)

Ойынға Эльнураның мамасы – тілек айтты, Әлиханның мамасы – ән салып берді, Алинаның мамасы – вибрациядағы телефонды көрсетті, Нурисламның мамасы әр ұлттың биін биледі.



  1. Жүргізуші:

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

Диляра ару қыз ортамызға! 

Би «Қамажай» - Диляра әдемі билеп берді.

  1. Ойын: «Кім жылдам?»

Ойын шарты: Ортаға төрт орындыққа қалпақ, куртка, шарф, қолғап, етік, сумка қойылады. Қыз келеді. Қай ана қызын жылдам киіндіреді. Керісінше, қай ана қызын тез шешіндіреді, орындарына киімдерін қояды. – ойын жақсы өтті. Аналармен қыздары ойнады.

Ән «Ана туралы жыр» (сыйлықтарымен ән айту) балалар жақсы орындап берді.

  1. Хормен:

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!                                

Сыйлықтарын аналарына беру. Сәтті өтті.

  1. Жүргізуші:

Бабалары қыздарын қадірлеген
Қыз баладан басталар өмір терең
Ауыл көркі қыз болып,ән айтылып
Күн болмаған сазды күй төгілмеген – дей келе, ұлдарымызды ортаға шакырамыз.

Ән «Айгөлек» Сыйлықтарын қыздарға беру.

  1. Жүргізуші:

Осымен құрметті аналар, әжелер
                     Біздің балаларымыздың дайындаған
                      Мерекелік шарамыз  аяқталды! 
                      Келесі кездескенше сау-сәлеметте  болайық.-деп аяқтадым.

Қорытынды. Мерекелік тапсырмаларыма қойылған мақсатыма жеттім, жоспарланған барлық тапсырмаларды орындадым.


























































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ерте?гілікті? та?ырыбы: "Ж?ректі? жылуын сыйлайыншы анама!"

Автор: Батыр?анова Альбина Жомарт?ызы

Дата: 22.03.2016

Номер свидетельства: 308712


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства