Просмотр содержимого документа
«"Ертегілер сыр шертерді" сахналы? ?ойылым»
Тақырыбы: «Ертегілер сыр шертеді»
Мақсаты: Оқушыларды әдеби ертегілерді сахналауға үйрету. Жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін жетілдіру .Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы танымдық қабілетін дамыту.
Сыныптан тыс шараның барысы: а) ұйымдастыру; ә) қойылым көрсету;
Түрі: сахналық қойылым
Көрнекілігі: Слайд, үйшік, орман ағаштары, жүйрік ат.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мемелекеттік тіл-ұлт тірегі» айдарымен өткізілетін тіл мерекесінің он күндігі аясында 6-7 класс оқушылары дайындаған «Ертегілер сыр шертеді» атты сахналық қойылымға қош келдіңіздер"
Ән: «Ертегілер»
Жүргізуші:
Сіздердің алғашқы тамашалайтын ертегілеріңіз «Қойшы бала» ертегісі.
Ерте-ерте ,ертеде бір қойшы бала болыпты. Ол өзінің шешендігі, тапқырлығымен елдің көзіне түсіпті.Оның сол шешендігімен тапқырлығы ханның да құлағына жетіпті.
Хан жендеттеріне қойшы баланы әкелуді бұйырыпты:
- Әй, әкеліңдер, анау қойшы баланы.
- Иә, хан ием шақырдыңыз ба?-
- Сен өзің тапқыр екенсің, сен маған сол тапқырлығынды көрсет.Мен саған үш түрлі сұрақ қоямын, сен сұрақтардың үшеуіне дұрыс жауап берсең, мен саған осы сарайдың жартысын беремін және де қасыма бас уәзір етіп сайлаймын.
- Иә, хан ием айта беріңіз.
- Бірінші сұрағым мынадай: Аспанда қанша жұлдыз бар?
- Міне, мына бетте қанша нүкте болса, аспанда да сонша жұлдыз бар.
- ә, жарайды, ендеше сахарада қанша құм бар?
- Әлемге қанша қар жауса сахарада сонша құм бар.
- Жарайды, адамнын қолынан не келмейді?
- Адамның қолынан бәрі келеді.
- Ендеше, сен өзеннің суын тауыса аласын ба?
- Хан ием, бірақ сіз маған өзенге құйылатын барлық көлдерді тоқтатып бересіз бе? Әйтпесе, мен ішкен сайын көбейе береді.
- Жарайды, сен өзің тапқыр екенсің. Мен уәдемді орындаймын.
Сөйтіп, хан қойшы балаға берген уәдесін орындап, оған сарайдың жартысынан бөліп беріп, оны бас уәзір етіп тағайындайды.
Жүргізуші: Біздің келесі сахналайтын ертегіміз «Жылқы мен түлкі» ертегісі.
Ерте, ерте ертеде бір үй иесінің өзі өсірген жылқысы болыпты.Ол қожайынына көп қызмет етіпті. Бір күні ол қартайып, жұмысқа әлі келмейді. Сонда оған үй иесі:
-Сен енді ешқандай жұмысқа жарамайсың, егер де күштілігіңді дәлелдегің келсе, алдыма арыстанды сүйреп әкел.
- Жылқы қожайынның сөзінен кейін қатты күрсініп, қайғырып келе жатқанда алдынан бір түлкі шығады.
- Ей, саған не болған?
- Еее, -деді жылқы ауыр күрсініп, мені сараң қожайыным үйден қуып жіберді.
- Сен енді ешқандай жұмысқа жарамайсың, егерде күштілігінді дәлеледегің келсе, алдыма арыстанды сүйреп әкел,-деді. Сірә, менің оны істей алмайтынымды біліп, әдейі айтты ғой деймін шамасы.
- Сен уайымдама мына жерге сұлап жата қал, ар жағын өзім тындырам.
Түлкі арыстанның үңгіріне барып:
- Ей, асеке, ана жерде бір аң сұлап жатыр барып көрмейміз бе?
Олар жылқы жатқан жерге барып:
- Міне, сұлап жатқан аңымыз.
Арыстан жей бастаған кезде:
- Жоқ, асеке, бұл жерде жеген қолайсыз өзіңіздің үңгірінізге барып жемейсіз бе? Келіңіз мен сіздің аяғыңызды осы аңның құйрығына байлап берейін,-түлкі екеуін байлап тастайды да:
- Шуу, жануарым шуу,-деп жылқы арыстанды сүйрей жөнелді. Арыстан бар даусымен айқайлайды. Ормандағы барлық жануарлар қаша жөнеледі. Жылқы арыстанды қожайынның алдына әкеліп тастайды:
- Жарайсың, енді мен уәдемді орындаймын.
Сөйтіп, қожайын жылқысын өмір бойы күтіп баптайды.
Сіздердің келесі тамашалайтын ертегілеріңіз «Түлкі, тасбақа және кене» ертегісі.
Ерте-ерте, ертеде түлкі, тасбақа және кене дос болыпты. Олар ән айтып келе жатқанда алдарынан бір уыс тары тауып алады. Олар әрі ойланып, бері ойланып, сонда түлкі:
- Достар, біз бұны бөлісе алмаймыз, онан да біз бұны егіп, оны сатып ақшасын теңдей бөліп алайық,-дейді түлкі. Соған бәрі келіседі.
Түлкі тағы да қулыққа басып:
- Достарым, мен мына жарды тіреп жатпасам құлап кетеді,-деп ұйықтай жөнеледі. Тасбақа мен кене күннің аптап ыстығында жер жыртып, оған алыстан су тасиды. Олардың еңбегіне күн разы болады, ал түлкінің біресе көлеңкесін қашырып, біресе табанынан қытықтайды. Тасбақа мен кене егін орар кезде:
- Сен орасың, мен жинаймын.
- Жарайды, кене,-деп екеуі егін орады. Егін біткен кезде:
- Еее, достарым, сіз боп, біз боп егінді де бітірдік.
- Иә достарым, біз бұны бөлмей-ақ қояйық. Біз жарысайық кім жеңсе, сол осы егінді алсын,-дейді. Оған бәрі келіседі. Жарыс басталар кезде кене түлкінің аяғына жабысып алады. Жарыс мәресіне келер сәтте:
- Әй, әй басасың адамды.
- Жоқ-жоқ, бұл мүмкін емес, сен қашан келдің.
- Сен ал кеттік деген сәтте келіп қойғанмың,-дейді кене.
- Ендеше, тасбақаны күтейік, сол айтсың,-дейді екеуі. Тасбақаны күтеді.Тасбақа басын тасқа соғып, әбден қиналады, ол мәреге үшінші жетуге асығады. Ол мәреге келер сәтте түлкі:
- Ойбай, тасбақа саған не болған?
- Сұрама, түлкіжан, жолда аңшы иттер ұстап алып сені сұрады, досымсың ғой айтпадым Түлкі қорыққаның білдірмей:
Сіздердің келесі тамашаайтын ертегілеріңіз «Жақсылық пен Жамандық» ертегісі.
Ерте-ерте, ертеде Жақсылық пен Жамандық атты кісі болыпты. Бір күні Жамандық арып-ашып келе жатса артынан бір аттылы кісі келе жатады. Екеуі жөн сұрасып қайда бара жатқандарын біліседі. Ол келе жатқан Жақсылық екен.
- Мені артыңа міңгестіре кетші,-дейді Жамандық.
- Ендеше, сен мына атқан мін де таяу жерге байлап кет, әрі қарай жаяу кете бер. Мен де дәл солай байлап кетемін. Осылай екеуміз кезек мініп бармасақ мына атқа қиын соғар. Сөйтіп, жамандық сол кеткеннен мол кетіпті. Ал Жақсылық кешке жақын арып-ашып бір күркеге келеді. Күркеде қазан асулы тұр екен:
- Айдалада қайнап тұрған не ет дәмін көрейін,-деп дәмін көріп, шатырдың үстіне жатады. Біраздан соң күркеге түлкі, қасқыр, арыстан келеді. Сонда түлкі:
- Ойбай, мынаны біреу жепті ғой;
- Кім жеуші еді, бұл жерге адам басушы ма еді?
- Жарайды, не көрдіңдер, не білдіндер айта отырыңдар?
-Мен күнде пәлен байдың ала тоқтысын қарауылдап жүрмін. Мені ол әлі күнге ұстай алмай жүр, ұстайтын бір ала тайы бар, тағы да оның жарлығы кімде-кім сол арыстанды ұстап берсе, оған бір үйір жылқымды беремін деген.
-Ал мен күнде пәлен байдың жеріндегі бір құмыра алтынды қарауылдап жүрмін.
Кешке жақын Жақсылық барлық естіп білгенін орындайды. Бірінші түлкі айтқан жерге барып алтынды қазып алады. Екінші байға барып:
- Сен өзің емшісің бе, маған қызымды емдеп берші? - Еее, мына қызды емдемей әбден қинапсыңдар ғой!. Әкел анау ала тоқтыны мұның емі соның өкпесіңде.
- Әй, әкеліңдер анау ала тоқтының өкпесің,-дейді бай. Жақсылық байдың қызын емдеп, оны өзіне жар етіп алады.
Ал кешке жақын Жақсылық арыстанның айтқан жеріне барып байға жолығады:
- Сен маған сол арыстанды ұстап берші, -дейді бай:
- Мен саған сол арыстанды ұстап берем сен маған не бересің?
- Бір үйір жылқымды беремін.
- Жарайды,-деп Жақсылық арыстанды ұстап береді.
Ал кешке жақын үйге Жамандық келеді:
- Сен осының бәріне қалай қолын жетті.
- Жарайды, неде болса адамзатсың ғой айтайын. Осы пәлен жерде бір күрке бар. Онда қазан асулы тұр. Сен оның дәмін көр де күркенің үстіне жат, біраздан соң түлкі, арыстан, қасқыр келеді. Сен олардың айтқанын орындап тыңдасаң, сен осындай боласың!
Жамандық кешке қарай күркеге келеді. Күркеде қазан асулы ет тұр. Ол тойғанынша жеп күркенің үстіне жатады. Біраздан соң түлкі келеді:
- Ойбай, мына тамақтың сорпасы жоқ, омыртқасы жоқ, тоқпақ жілігі жоқ, біреу ішіпті ғой.
- Кім жеуші еді, бұл жер адам басатын жер ме?
- Тоқтандаршы неде болса күркенің үстіне шығып көрейік. Күркенің үстінде Жамандық жатыр екен. Олар Жамандықты талап жеп қойыпты.
Сөйтіп, Жақсылық жақсылығының арқасында мұрат-мақсатына жетіпті. Жамандық жамандығының кесірінен ит құсқа жем болыпты.
Жүргізуші:6-7 класс оқушылары Сәлімова Аружан мен Мусаева Эльвира «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі.
«Ертегілер елі» әні орындалады.
Жүргізуші: Осымен бүгінгі біздің «Ертегілер сыр шертеді» атты сахналық қойылымымыз аяқталды. Көңіл қойып, назар аударғандарыңызға рақмет!