Мотивациялық - оятушылық кезеңі | Мен бүгін Ерекше бір сезіммен ояндым, Сәулелі шуақты ақ таңға боядым, Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған, Өмірімнің мәніне айналған, Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан! Біз әдепті баламыз, Алдыменен қонақпен, Амандасып аламыз. Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Хелоу! Балалар, шаттық шеңберіне тұрайық. Шаттық шеңбері Арайлап атқан таңға сәлем! Жылуын шашқан күнге сәлем! Жайнап өскен бізге сәлем! Білім беріп тәрбиелеген, Апайларым сіздерге сәлем! Балалар, көңіл-күйлерің қандай? Жарайсыңдар, олай болса, бүгінгі тамаша көңіл-күйімізбен қонақтарға өзіміздің алғырлығымызды, тапқырлығымызды, білімімізді, ұшқыр ойлай алатын жүйрік екенімізді көрсетейік. Дайынсыңдар ма? | Балалар әсем әуен ырғағымен залға келіп, жарты шеңбер болып тұрады. Қонақтармен амандасады. Өлең шумақтарын қайталайды. Тамаша! Тәрбиешіні тыңдап, оқу іс-әрекетіне дайындала бастайды. Дайынбыз! |
Ұйымдастырушылық - ізденушілік кезеңі | Балалар, сендер Балапан телеарнасынан қандай бағдарламаларды тамашалайсыңдар? Олай болса, мен сендерді «Айжұлдыз» бағдарламасына шақырамын. Онда сендерге кімдердің қонаққа келгенін қараңдаршы? Зере мен Төре: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Тәрбиеші: Қанеки, олай болса Зере мен Төренің тапсырмаларын орындаймыз ба? І кезең Зере: Ал, балалар, олай болса іске сәт! Ойынымызды бастаймыз. Балалар, айтындаршы, жалдың қай мезгілінде жапырақтар сары, қызыл, қоныр түске енеді? Дұрыс айтасыңдар, ендеше мені мұқият тыңдаңдар. Берік үйіне жапырақтар алып келіп, анасына көрсетті. Алдымен ол үстел үстіне үйеңкінің, оның үстіне қайыңның, ең үстіне емен жапырағын қойды. Жапырақтарды анасы көріп тұрғандай ретпен боя (емен жапырағы – қоңыр, үйеңкі жапырағы – қызыл, қайың жапырағы – сары). Флипшарт тақтасымен орындалады. Жарайсыңдар, сендер Зеренің тапсырмасын дұрыс орындағандарына қуанышын білдіріп мына күлегештерді сыйлады. ІІ кезең Төре: Балалар, сендер пішіндерді білесіңдер ме? Қане қандай пішінді білетіндеріңді атаңдаршы? Балалар, Төре сендерге пішіндердің заңдылықтарын анықтап, жетіспей тұрған фигураның суретін салуды сұрайды. Жарайсыңдар, сендерге Төре тапсырмасын дұрыс орындағандарына қуанышын білдіріп, мына күлегештерді сыйлап отыр. Сергіту сәті: «Айжұлдыз» әні Балалар, Зере мен Төре «Айжұлдыз» әнін тыңдауды ұсынады. Әнді тыңдай отырып, бір сергіп алайық. ІІІ кезең Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, Зере бізге «Ғажайып сурет» ойынын ұсынып отыр. Сендер ғажайып суретті толықтыруларын қажет. Олай болса, мен сендерге заттардың кеңістіктегі орнын айтамын, ал сендер дұрыс орналастыруларын қажет. Баланың оң қолында қармақ, ал сол қолында – шелек. Өзенде 3 балық жүзіп жүр. Бала мен қайыңның арасында – кесілген ағаш. Оның үстінде 1 торғай отыр. Шыршаның астында – 2 саңырауқұлақ. Бала мен шыршаның арасында көбелек ұстайтын тор жатыр. Балаға қарсы беттегі өзеннің жағасында құрақ өсіп тұр. Жарайсыңдар, сендер Зеренің тапсырмасын дұрыс орындағандарына қуанышын білдіріп мына күлегештерді сыйлады. ІҮ кезең Төре: Балалар, менің келесі ойыным сендерге қатты ұнайды деп ойлаймын. «Кім жүйрік?» ойыны Суретке мұқият қара: Спортшылардың қайсысы барлығынан жылдам жүгіреді? Барлығынан жылдам жүгірген спортшы қай қатардағы жолмен жүгірді? Кім ақырын жүгіреді? Кім өте баяу жүгіреді? Ал сен бұрын жарыстарға қатысып көрдің бе? Мәреге нешінші болып жетіп едің? Жарайсыңдар, сендерге Төре тапсырмасын дұрыс орындағандарына қуанышын білдіріп, мына күлегештерді сыйлайды. Ү кезең Зере: Төре, балаларға сонғы ойынымызды ойнатамыз ба? Төре: Иә, Зере, бұл ойын да балаларға ұнайды деп ойлаймын. Ойын алдында бойымызды жазып алайық: Оң қолыңды жоғары көтер; сол қолыңды төмен түсір; сол қолыңды оң құлағыңа тигіз; басыңды оңға қарай қисайт; сол аяғыңмен жерді теп; оң қолыңды сол құлағыңа тигіз. Жарайсыңдар, бұл ойын «Сиқырлы текшелер» деп аталады. 2 1 3 6 5 4 Қоян 1 Қоян неден құрастырылған? Қандай пішіндерді көріп тұрсыңдар? Неше үшбұрыш, неше төртбұрыш, неше доңгелек, неше сопақ пішін бар? Мұрты неден жасалған? 2 Ойлан тап! Әжеміздің үш немере қызы бар. Гүлнәр Сәуледен үлкен, бірақ Айнұрдан кіші. Қыздардың қайсысы Сәуле, қайсысы Айнұр, қайсысы Гүлнәр екенін ажырат. 3 Көңілді тапсырма Екі балапан тұр Екі балапан отыр Шатаспай тез ойлансақ Тура тауып атасақ Тұрғаны бар, отырған – Барлығы қанша балапан? Жан-жаққа кетті зымырап Мысықтан қорыққан тышқандар: Қорапқа кірді біреуі, Соңынан кетті екеуі. Тығылды сонда нешеуі? 4 Сырсандық 5 санының алдына келетін санды ата. 3, 5, 1 сандарының көршілерін тап. 2 мен 6 сандарының арасындағы санды тап. 5 Тиісті таңбаны қой Бұл өрнекке сай келетін тиісті белгіні қой. 6 Соңғы қорап ашылмайды | Балалар жауабы. Балалар тандана қарап, бұл «Балапан» телеарнасынын көрсетілетін «Айжұлдыз» мультфильмі екенін айтады. Сәлем Зере! Сәлем Төре! Қызығушылық танытады. Иә, орындаймыз. Күз мезгілінде. Зерені мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды. Жапырақтарды ретімен бояйды. Балалар өздері білетін пішіндерді атап айтады. Дайын екендерін айтады. Балалар пішіндерге мұқият қарап, ойынды жалғастырады, қай бала бірінші ойынның шартын дұрыс түсінген болса, тақтада жалғастырып сызып, бояйды. Өлеңді тыңдап, сәйкес қимыл-қозғалыстар жасап билейді. Балалар кеңістікте орналасқан суретті толықтырады. Балалар ойларын еркін жеткізуге тырысады. Бойларын жазып алады. Ойынға қызығушылық танытады. Текшелерді бір-бірден ашып тапсырмаларды орындайды. Балалардың жауабы. Оң жақтағы шеттегі Сәуле, ортасындағы Гүлнәр, сол жақ шеттегі Айгүл. Ең ауыры аю, ең жеңілі қоян. 2+2=4 1+2=3 4 3 санның көршісі 2 және 4; 5 санның көршісі 4 және 6; 1 санның көршісі 0 және 2; 3,4,5 - + |
Рефлекциялық -түзетушілік кезеңі | Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі Зере мен Төренің ойындары сендерге ұнады ма? Сендерге ерекше ұнаған қай ойын болды? Олай болса, Зере мен Төренің ойыны кімге ұнаған болса, әдемі жұлдыз сыйласын. Ал, қонақтарымыздың көніл-күйлері қалай екен? Жарайсыңдар, балалар, енді бұл қорапты ашуға бізге Зере мен Төре көмектессін. Зере мен Төре: Балалар, сендер өте ақылды әрі тапқыр екенсіңдер. Біздің телебағдарламаға хабарласқан достарымызға сендер туралы міндетті түрде айтатын боламыз. Ал, енді сендермен қоштасамыз. Мына сыйлық сендерге, жас достар! Тәрбиеші: Рахмет Зере, Төре! Ал, енді Зере мен Төренің сыйлығын ашайық. (Балаларға жүйрік ойлай білсін деп пазлдар сыйлапты) | Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. Зере мен Төреге рахмет айтып қоштасады. Қонақтармен қоштасады. Қуанышпен сыйлықтарын қабыл алады. |