kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ер есімі - ел есінде". ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биыл?ы 9 мамыр к?ні ?лы Же?іске 70 жыл толды.Сендер де, сендерді? ?келері?  де,  тіпті  кейбіреулері?ні?   аталары?  да  со?ысты  к?рген  жо?. Сонды?тан  да,  біз  ба?ытты  ?рпа?пыз!  Ал  бізге  бейбіт  те,  ба?ытты  ?мірді сыйла?ан кім? Олар 1941 жылы маусым айыны? 21-де басталып,1945 жылды?  9 мамырында   же?іспен  ая?тал?ан  ?лы  Отан  со?ысына  ?атыс?ан  бізді?  бабаларымыз  бен  ?желеріміз. Оларды?  к?пшілігі  б?гінде  бізді?  арамызда  жо?, біра? есімдері мен ерліктерін біз еш?ашан ?мытпауымыз керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ер есімі - ел есінде". ашы? т?рбие са?аты »

«Ешкім де , ешқашан да ұмытылмайды».

Мақсаты:

Ұлы Отан соғысы ,оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру.Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу;Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.

Көрнекіліктер:

Кітап көрмесі, нақыл сөздер, батырлардың суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер,белгілі даталар, слайдтар.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім:

-Биылғы 9 мамыр күні Ұлы Жеңіске 70 жыл толды.Сендер де, сендердің әкелерің де, тіпті кейбіреулеріңнің аталарың да соғысты көрген жоқ. Сондықтан да, біз бақытты ұрпақпыз! Ал бізге бейбіт те, бақытты өмірді сыйлаған кім? Олар 1941 жылы маусым айының 21-де басталып,1945 жылдың 9 мамырында жеңіспен аяқталған Ұлы Отан соғысына қатысқан біздің бабаларымыз бен әжелеріміз. Олардың көпшілігі бүгінде біздің арамызда жоқ, бірақ есімдері мен ерліктерін біз ешқашан ұмытпауымыз керек.Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам қатысты. Олардың 400 мыңы әйелдер еді. Соғыс кезінде Отан үшін, ел үшін талай боздақтар жанын пида етті. Олардың көпшілігі 17-18 жастағы өрімдей жастар еді. Басым көпшілігі Ұлы Жеңісті көре алмай, кейінгі ұрпақтың бақыты үшін жат жерде көз жұмды. Соғыс жылдарында елде қалған қариялар мен аналар, бота тірсек балалар күн демей, түн демей аш құрсақ күйлерінде арып-ашып еңбек етті.Соғыс кезінде Қазақстаннан барған 500 жауынгерлер мен офицерлер, оның ішінде 100 қазақ ұлтының азаматы Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғарғы атаққа ие болды. Олар біздің мәңгілік мақтанышымыз, айбарымыз.

Ән: « Соғыс ешқашан да, болмасын» (хор)

Оқушылардың Ұлы Жеңісіне арналған өлең жолдары:



1.Оқушы:

-Олар өлді тек аспан сау болсын деп,

Олар өлді туған жер бар болсын деп.

Олар өлді ақ арман сөнбесін деп,

Олар өлді өзгелер өлмесін деп.

Олар жұтқан ауаны құлатпадық

Олар жыртқан даланы жылатпадық

Олар өліп кеткенмен өлмейтұғын

Даңқыменен Берлинде бір аттадық.

2.Оқушы:

Соғыс келді батар күн жарқынымен,

Өздерінің көк темір толқынымен

Қаратастың қатігез қабағымен,

Сары Құмның сары жез салқынымен

Қара жерді қапсырып бауыр басқан,

Өртенеді ерте кеш жанып аспан

Қара ағаштар бірге қарауыл боп,

Қара түнді қопарып жалын шашқан.

3.Оқушы:

Отаным еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер бұлды төнген күнде.

Бәрі:Барлығы майдан үшін,

Барлығы жеңіс үшін.

4.Оқушы:

Көп қой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп қой батыр ағалар.

Жаттап алғын балалар.

Болашақты бізге мирас етем деп,

Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.

5.Оқушы:

Қамықпаған қиындықтың түбіне

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!

6.Оқушы:

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді алақай

Тоя жейтін нан болып.

7.Оқушы:

Жеңіс, жеңіс!

Бабамыздың –

Қызыл қаны төгілген.

Кеше туған және біздің

Бағымыз боп көрінген.

8.Оқушы:

Қия шыңға өрмелелеңдер,

Болашаққа батыл бар.

Жеңіс деген өрен ерлер

Мәңгі өлмейтін батырлар.

9.Оқушы:

Әсем әндей, қоныр күйдей,

Жылдан - жылға жаңғырып.

Жаса, Жеңіс – ел ерлігі

Сен жасай бер мәңгілік!

10.Оқушы:

«70 жыл» - Бейбіт көктем таң атқаны,

«70 жыл» - Шуақты күн таратты әнін

Есімде содан бері жетпіс рет,

Ашылды жеңіс күннің парақтары.

11. Оқушы:

Көк түтінге көмемін деп көгімді

Ес жидырмай еземін деп елімді

Келді фашист, жеңе алмады бірақ та

Бақыт үшін қаншама қан төгілді

Көрші үйіне қара қағаз келіпті

Қайран аға қан майданда өліпті.

Ерлігіне ескерткішті орнатып

Жолдастары басына гүл қойыпты.



12.Оқушы:

Қазақтың атын,

Халықтың атын самғаттың!

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

Хормен:

Болмасын соғыс! Болмасын соғыс!

Болмасын!

13.Оқушы:

Келді Жеңіс, қаралы қағаздармен

Келді жеңіс ,жаралы сарбаздармен

КелдіЖеңіс, соқаға сиыр жегіп

Тастақтарға тартылған бораздамен

Келді Жеңіс апатты жарып өтіп

Қап-қараңғы түнекті жарық етіп

Шықты жұлдыздар аспанына

Әрі тайған түрінен әлі кетіп.

14.Оқушы:

Тыныштық! Жаса тыныштық

Осы сөз бізге тым ыстық

Көркейе берсін еліміз

Көркейе берсін ырыс-құт.

15.Оқушы:

Бақытты болсын балалар

Соғысты сүймес адамдар

Өркендей берсін қалалар

Гүлдей берсін далалар.

16.Оқушы:

Соғыстың өрті жанбасын,

Сәбилер жетім қалмасын!

Есігінде әр үйдің,

Бесігінде сәбидің

Мәңгілік бақыт орнасын,

Болмасын, соғыс болмасын!

17. Оқушы:

Қорған болған елінің елдігііне,

Батырлардың бас идік ерлігіне,

Ұрпақтары қаһарман бабалардың

Тәуелсіздік қамалын көрді міне!

Ән: « Ақ қанат кептерлер» ...

1-жүргізуші: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасыреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

2- жүргізуші: Әлемді дүр сілкіндірген оқиға1941 жылы маусымның 22-де таңғы 4-те болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне содан бері 70 жыл уақыт өтті: Отанымызға қатерлі күн туды . Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.

1- жүргізуші: Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отряды құрылды. «Бәрі де майдан үшін» деген ұран тасталды.

2- жүргізуші: Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, Жері, Отаны үшін арпалысты.Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы да күндер қалды.Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күніәрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.

1 – жүргізуші:Өкінішке орай уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр.Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

2 – жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.

Мұғалім: Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

1 – жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.

2 – жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңіске 70жылдығын атап өтеміз.

1-жүргізуші:«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерінеде қашалып жазылған.

2 – жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

1-жүргізуші Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.

2 – жүргізуші: Жауынгер біздің саңлақтар,

Жауды жеңген солдаттарАрдақты Отан – ел үшін,Бақытты туған жер үшін.

- Құрметті ұзтаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухана бас иіп 1 минут еске алайық.

1-жүргізуші 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

Оқ борады күні-түн

Жатты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ оқты алып.

2-жүргізуші: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны,5 мыңдай

ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды.Жерімізге басып

кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.

1-жүргізуші:Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге

қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты.Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін күресті.

Слайдтар арқылы мәлімет айту:

3-слайд:

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тауып, соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болды деген дерек бар

4-слайд:

Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

5-слайд:

1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.

Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болған.

6-слайд:

Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры

7-слайд:

1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.

8-слайд:

Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қырқұйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.

9-слайд:

Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді

10-слайд:

Сұлтан Баймағамбетов 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан ұрыс даласына аттанады. Өзінің табандылығы, өжеттігімен көзге түскен Сұлтан 147-атқыштар полкінде батальон комсоргі болады. 23-тегі қыршын жас 1943 жылы Ленинград майданындағы шайқаста амбразураны өз кеудесімен жауып, Отан үшін қаза тапты. Осы ерлігі үшін оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

11-12-слайд:

Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.

13 -слайд:

1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.

14- слайд:

Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ болып, Сталинград бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” – деген ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.

15- слайд:

Ұлы Отан соғысының екі мәрте батыры

Талғат Бигелдинов - Ұлы Отан соғысында қазақ халқы ерлігінің ең жоғарғы нүктесі! Талғат 320 рет әуе жорығына шығып, бес жүз сағаттай аспанда болған. Сол сапарлар кезінде жаудың орасан көп танк, автомашиналарын бомбалап құртып, жүздеген жаяу әскерінің күлін көкке ұшырған.

38,110,118,176-слайдтар:

Халық Қаһарманы ҚасымҚайсенов - кешегі ел басына күн туған ауыр шақта етігімен су кешкен ерлердің бірі. Ол украин партизандарының ортасында от ішінде отряд бастап жүрді. Отанның азаттығы үшін өз басын өлімге байлап, өжеттігімен, ерлігімен талай ауыр тапсырмаларды абыроймен орындады.

16-слайд:

Рақымжан Қошқарбаев– Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы. 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. 1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды

176-слайд:

Сағадат Нұрмағанбетұлы Нұрмағанбетов - 1924 жылы Ақмола облысының Қосым ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты. ҚР соғыс , еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі. Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы. 1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі.

17-слайд

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

18-слайд:

Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.

Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.

21-слайд:

1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.

Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.

Ән: « Әлия» ( Мақпал- 11сынып, Баян- 8сынып оқушылары)

Қорытынды бөлім:

1 тапсырма:Тірек сөздер жазу: бақыт, қуаныш, бейбітшілік,Отанды қорғау,1945жыл 9мамыр.

2 тапсырма: Бауыржан Момышұлы ол кім?

3 тапсырма: Мақал –мәтелдер айту

Ән: « Әрқашан күн сөнбесін»

Би: « Яблочко» (3-4 сынып ұлдары)

Би: « Морячка»( 3-4 сынып қыздары)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Ер есімі - ел есінде". ашы? т?рбие са?аты

Автор: Ковнашарова Кульжамал Калибаевна

Дата: 06.05.2015

Номер свидетельства: 208805


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства