kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елі с?йген, елін с?йген Елбасы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

А) Жас ?рпа??а Елбасыны? сан ?ырлы талант иесі,??діретті т?л?а екенін таныту.

?) Елімізге е?се тіктетіп, мемлекетімізді мы?ымдап берген, хал?ымызды ?лемге танытып, алаш баласыны? абыройын а?са?татып Елбасыны? кісілік келбетін ме?геру.

Б)Елін с?йген, елі с?йген Елбасынан ?лгі алу?а т?рбиелеу.

?н ?ран ты?датылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елі с?йген, елін с?йген Елбасы.»

Мақсаты:

А) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.

Ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

Б)Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Ән ұран тыңдатылады.













1-жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді ұстаздар мен студенттер

2-жүргізуші:

1-желтоқсан Тұңғыш Призидент күніне арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер

1-жүргізуші:

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым призиденттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты ең қиын міндет.

2-жүргізуші:

Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат,патриот қана атқара алады.

Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

















1-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім.

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе жатақана тұрғындары Президентке арнаған өз туындыларын оқиды.Осы кезде слайд жүріп жатады.

2-жүргізуші:

Алдарыңызда, 3п КШК тобының студентінің Байболатов Саматтың орындауында «Нұр аға» атты өз туындысын тамашалаңыздар.



Келесі 3 а КШМ тобының студенті Ысқақов Демесін «Ел басына арнау» атты өз туындысымен ортаға шақырамыз.



1-жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

2-жүргізуші:

Алдарыңызда Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқиса» атты күйімен 3 а КШМ тобының студенті Ысқақов Демесінді ортаға шақырамыз.





1-жүргізуші:

Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.

Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде,

Тұңып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?



2-жүргізуші:

Жыр жазам деп талпынады жас балаң,

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам

Жүрегінің түкпірінен шығарып







Әннен шашу болды оған міне бір арман-деп 1 КШМ тобының студенті Ысқақов Самат « Байтағым-қазақ елім» әнімен қарсы алыңыздар.



1-жүргізуші:

Нұрсұлтан Назарбаев- мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, зкономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы.Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратын да,арманына да Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында жетті.

2-жүргізуші:

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек. Алдарыңызда 1 п КШМ тобының студенті Гайсина Саягүл «Қазақ биімен» қарсы алыңыздар.



1-жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-Ата-анасын қатты құрмет тұтқа, ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған,тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін,оның мәртебесін өсіріп,халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры,мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

2-жүргізуші:

Елбасы-халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең,сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.





























1-жүргізуші:

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа,мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» - деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

















1-жүргізуші:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» - деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


Алдарыңызда 3п КШФ тобының студенті Сыраш Мағжан «Ерке сылқым» күйімен:





2-жүргізуші:

«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген.
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

1-жүргізуші:

Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

2-жүргізуші:

Бүгінгі Астананың нұры қандай!
Көгінде желбіреген Туы қандай!
Еуропаның төрінде билік айттық,
Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.

1-жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев басай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып Ысқақов Самат орындауында «Жаса Қазақстан» әнін.



2-жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің,
Жаңбыр жаумаса, жер жеттім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар.
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар.
Атадан қалған сара жолым бар.

1-жүргізуші:

«Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»























2-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

Бірге:Қош сау болыңыздар!












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Елі с?йген, елін с?йген Елбасы.

Автор: Шахаева Гулбану Талгатовна

Дата: 26.03.2016

Номер свидетельства: 310416


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства