kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Http://kopilkaurokov.ru/meropriatia/klassni shas/

Нажмите, чтобы узнать подробности

на семинаре классных руководителей был проведен классный час для учащихся 9класса

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Http://kopilkaurokov.ru/meropriatia/klassni shas/»

Сабақтың тақырыбы: Әке көрген оқ жонар


Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше
екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы 
қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы,ілтипатты болуға тәрбиелеу. 




Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер

жарқырай көрініп, қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,

туған-туысқандарына деген

сүйіспеншіліктен басталады. 

Н.Ә.Назарбаев



Әке – шаңырақ иесі, жанұяның басы дейміз. Бала тәрбиесінде «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген – тон пішер» деп бекер айтылмаған.

Отбасында негізгі ағайындық,туыстық қатынас ерлер жағымен есептелген.
Қазақтың туыстық қатынас атаулары 90-ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - ата - ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі-өнеге жиынтығының жемісі. 
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады.

Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі.  
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол–ата, әке, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый - құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.  
Дәстүрлі қоғамда ата-әженің тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-әжелер жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дєстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тєрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата- әжесін өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.

Ана- шаңырақ жылуы, әке – отбасының тірегі. Әр балаға тәрбиенің ең күштісі – әкенің өнегесі. Әкесі үлгі аларлықтай өнегелі, еңбексүйгіш адам болса, баласы да сондай болуға талпынады.

«Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі» деп халқымыз тегін айтпаған. Қанша айтқанмен ер балаға әке тәрбиесінің орны бөлек. Әкенің жүріс-тұрысына еліктеп, істеген жұмысына араласып,  әкесіндей азамат болуды арамандайды. 

Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындаѓы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.

Сұрақ: Қазақтың нағыз жігіттері қандай болу керек?


Оқушылардың жауаптары:

1.Ата-анасын, бауырларын сүйіп, оларға қамқор бола білетін жігіт 

2.Нағыз жігіт адал және намысты болады Қазіргі бозбала – ертеңгі отағасы, жанұясының тірегі. 

3.Нағыз жігіт екі сөйлемейтін, басына күн туған шақта тез мойымайтын. 

4.Өмірлік ұстанымы бар адам

Қазіргі бозбала – ертеңгі отағасы, жанұясының тірегі.Азаматтың жүгі ауыр. Себебі, «Мен қазақпын» дейтін азамат өзінің шыққан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата жұртын қастерлеп, жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі» -деп атамыз қазақ тегін айтпаған.

Өткенімізді қарап отырсақ, ел бастаған көсем де, ділмар шешен де, ақиық ақын да, ел қорғаны батыр да, осы жігіттерден шыққан.

Иә, алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан, туыстық желіні үзбеген, береке -бірлікті бұзбаған, «қыздың жолы жіңішке» деп, қарындасын хан көтеріп сыйлай білген де қазақтың қара домалақ ұлдары.

Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қабыландай сұсты, нардай төзімді, құландай сүйікті, жылқы мінезді жігіт болу керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Http://kopilkaurokov.ru/meropriatia/klassni shas/

Автор: Габдуллина Лариса Кисметовна

Дата: 06.02.2017

Номер свидетельства: 388475


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства