Т?рбиеші:Алдымен,сіздерге мен мына стикерлерді таратамын. Б?л стикерлерді? ішінде белгілер бар.Сол белгілер бойынша о?ушылар топ?а б?лінеді. (о?ушылар топ?а б?лінеді)Бізде 3 топ ж?мыс жасайды.Параталарынызда тобы?ызды? аты жазылып т?р ж?не арнайы эмблемалар бар.Осыны ?ор?аулары?ыз керек.Сонымен ?атар,?рандары?ыз да болуы тиіс.Сіздерге 2 минут уа?ыт беріледі.
І топ: «?асыр перзенттері», ІІ топ «Болаша? жастар», ІІІ топ «Дарындылар» (?р топ ?здерін таныстырып,эмблемларын ?ор?айды).
Ба?алауды? шарты: ?рбір д?рыс с?ра??а ж?не к??ілім тол?ан жауаптарына бір смайликтен беріліп отырамын.Саба? со?ында смайликтері?ізді? санына с?йкес ж?не белсенділік таныт?ан топтар?а арнайы дайынла?ан диплом мен сыйлы?тар берілетіндігін айт?ым келеді.
Т?рбиеші:Балалар,адамны? болашы?ына ма?сат ?ою керек екенін білесіздер! Тек болаша? емес тіпті к?нделікті ?мірде де ма?сат ?оямыз ж?не соны? н?тижесіне міндетті т?рде к?реміз! Мысалы, сен б?гін саба??а дайындалу барысында алдына ма?сат ?оясын.Мысалы: мен ерте? осы саба?тан дайынды?ымды к?рсетіп,ба?а алам деп» осындай ма?сат ?ойсан,сол саба?ты айтып,ба?аны аласын. М??алімнен ба?анды алып,ма?сатына жетіп, н?тижесінді к?ресі?.Ал б?гінігі т?рбие са?атына ?андай ма?сатпен келді?дер? (о?ушылар жауабы) ?те жа?сы балалар,демек б?рімізді? ма?сатымыз ай?ындалды.Енді,экран?а назара аударып,ма?сатымызды на?тылайы?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?асыр індетінен са?танайы?!»
Сабақтың тақырыбы: Ғасыр індетінен сақтанайық!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана - сезімдерін дамыта түсу.
Күтілетін нәтиже: балаларға зиянды дерттер туралы мағұлмат бере отырып,олардың бойында осы жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын меңгеруі.
Түрі: топтық және аралас сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап, шығармашылық тапсырма.
Көрнекілігі: бейнеролик, стикер,А3 форматтағы қағаздар,түрлі түсті қағаздар,смайликтер,жадынамалар,магниттер.
І. Ұйымдастыру кезеңі: (сынып оқушыларын сабақққа толық қатысуын қадағалау)
Барысы:
І. Стикер арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
ІІ. Бағалау шарты туралы таныстыру
ІІІ. «Менің мақсатым» тақырыбында ассосоция құру ІҮ. Баланың білім деңгейін анықтау мақсатында «Сіз ЖИТС туралы не біліесіз?» сауалнама алу.
Ү. Медбикемен сұхбат
ҮІ. Бейнеролик: «ЖҚТБ туралы не білеміз?»
ҮІІ. Ізденіс жұмысы
ҮІІІ. І кезең: “Ғасыр індеттері
ІХ. Бейнеролик: «Ғасыр дертінен сақтанайық!»
Х. ІІ кезең: «Стикердегі диалог»
ХІ.ІІІ кезең: Төрт сұрақ
ХІІ. ІҮ кезең: «Тыңдап отырған үштік»
ХІІІ. ТЕСТ
ХІҮ. «Менің сабақтан алған әсерім!» (кері байланыс)
Тәрбиеші: Армысыздар, қазақ деген қайсар елдің білімді оқушылары мен ұлағатты ұстаздары! Бүгін 10 «А» сыныбында «Ғасыр індетінен сақтанайық!» деген тақырыпта топтық жұмысты өткізгелі отырмыз.
Тәрбиеші: Алдымен,сіздерге мен мына стикерлерді таратамын. Бұл стикерлердің ішінде белгілер бар.Сол белгілер бойынша оқушылар топқа бөлінеді. (оқушылар топқа бөлінеді)Бізде 3 топ жұмыс жасайды.Параталарынызда тобыңыздың аты жазылып тұр және арнайы эмблемалар бар.Осыны қорғауларыңыз керек.Сонымен қатар,ұрандарыңыз да болуы тиіс.Сіздерге 2 минут уақыт беріледі.
І топ: «Ғасыр перзенттері», ІІ топ «Болашақ жастар», ІІІ топ «Дарындылар» (әр топ өздерін таныстырып,эмблемларын қорғайды).
Бағалаудың шарты: әрбір дұрыс сұраққа және көңілім толған жауаптарына бір смайликтен беріліп отырамын.Сабақ соңында смайликтеріңіздің санына сәйкес және белсенділік танытқан топтарға арнайы дайынлаған диплом мен сыйлықтар берілетіндігін айтқым келеді.
Тәрбиеші: Балалар,адамның болашығына мақсат қою керек екенін білесіздер! Тек болашақ емес тіпті күнделікті өмірде де мақсат қоямыз және соның нәтижесіне міндетті түрде көреміз! Мысалы, сен бүгін сабаққа дайындалу барысында алдына мақсат қоясын.Мысалы: мен ертең осы сабақтан дайындығымды көрсетіп, баға алам деп» осындай мақсат қойсан,сол сабақты айтып,бағаны аласын. Мұғалімнен бағанды алып,мақсатына жетіп, нәтижесінді көресің.Ал бүгінігі тәрбие сағатына қандай мақсатпен келдіңдер? (оқушылар жауабы) Өте жақсы балалар,демек бәріміздің мақсатымыз айқындалды.Енді,экранға назара аударып,мақсатымызды нақтылайық.
Менің мақсатым
Тәрбиеші: Балалар,біздің мақсатымыз анықталды. Енді сабағымызды бастайық! Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Жалпы денсаулық дегеніміз не?(оқушылар жауабы)
Демек, денсаулық дегеніміз – адам организмінің қалыпты жағдайы. Дені сау адам дегеніміз - ол физикалық, психологиялық және рухани жан дүниесі таза адам деп айтады екенбіз. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын сіздерден
«Сіз ЖҚТБ - ауруы туралы не білесіз?» деп аталатын сауалнаманы аламын.
Сіз ЖИТС- ауруы туралы не білесіз?
(сауалнама)
Оқушы:
Жауаптар: Ия, жоқ, білмеймін.
Сұрақтар 1 ЖИТС ауруы туралы түсінігіңіз бар ма? 2 ЖИТС жұқпалы ауруға жата ма? 3 Жынысына қарай үлкен - кіші демей ЖИТС жұқпалы ма? 4 ЖИТС жұғатын кезеңдер: а. Жыныстық қатынаста. б. Медициналық инені пайдалануда. в. Қан ауыстырғанда. г. Қолмен сәлемдесу. д. Асхана ыдыстарын пайдаланғанда. е. Көпшілік әжетханаға барғанда. ж. Сілекей арқылы, түшкіргенде. з. Көздің жасы арқылы. и. Көпшілік орында шомылғанда. й. Анасынан жаңа туған балаға. 5 ЖИТС – ға қарсы уколмен салатын дәрі бар ма? 6 ЖИТС ауруын емдеуге бола ма? 7 АИТВ– жұқтырылған адам дайындаған тағамды ішуге болады ма? 8 ЖИТС – мен ауырған адамның бетінен сүю қауіпті ма?
Тәрбиеші: Балалар,қандай әсер алдыңыздар?
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді
« Қазақстан – 2030 » стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Ғасыр індеттері туралы және ЖИТС/ А дегеніміз не оның таралу жолдары туралы жалпы мәліметті мектебіміздің медбикесі Ләззат апай айтып береді. Өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызды қоюға болады.
Медбике Ережепқызы Ләззат апайпен сұхбат: «Ғасыр дерті дегеніміз не?»
Ғасыр дерті дегеніміз - бүкіл дүние жүзіне жұққан ауруды айтады. Олар: есірткі,темекі,арақ,ВИЧ жұқпалы ауруы және ЖҚТБ\АҚТҚ. Осы дерттердің ішіндегі АҚТҚ – адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы. ЖҚТБ – жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі туралы тоқталып өтсем деймін. Бұл дерт, яғни жұқтырылағн иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естіді. 1983 -1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы бұл ауруға «Адам иммун-тапшылығының вирусы» деген ат берді.
Бұл вирустың атауы 2009 жылы қырқүйек айында ЖИТС болып өзгертілді.АҚТҚ деген АИТВ болып өзгертілді.
Дүние жүзінде ЖИТС уақыт өткен сайын үдеп, бұл дертке шалдыққандар саны көбейе түсуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтерінде осы дертке душар болғандардың саны 65 млн, ал одан көз жұмғандар 25 млн. ЖИТС ағзаның қорғаныш жүйесі жасушаларын бұзатын адамның қорғаныш талшығы қоздырғышынан туындайды. АҚШ ғалымдары ЖИТС туралы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып «Бұл ауру – адамзаттың белгілі бір бағытта жүргізілген ісінің жемісі» деген тоқтамға келді. Әдетте ЖИТС вирусы үшін адам ағзасының ішкі ортасы қажет. Ол жануарлардың ағзасында өмір сүре алмайды. Сондықтан оны тек адам ғана тарата алады. Ол ауру адамнан сау адамға жұғады.
Вирус ауырған адамнан сыртқа шығып, сау адамның ағзасына түседі. Бұны медицинада «Жұқпалы аурулардың таралу механизмі» деп айтады. Зақымданған адам ағзасында вирус қанның лимфоциті мен қан түйіршіктері пайда болатын ағзаларда өсіп өнеді. ЖИТС жыныстық қатынасу кезінде жұғады. Ауру нашақорларда лас, ортақ пісек қолдану арқылы және сақтық шараларын қолданбай қан құйғанда да тарайды ЖИТС 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті.Содан жылжып 1970 жылдары Америкаға да жеткен. «Құлақ естігенді, көз көреді»-деген. Көп күттірген жоқ, Қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды. Елімізде бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 200-ға жуық адам СПИД вирусын жұқтырған. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан,Алматы және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш екі еселенген.
Тәрбиеші: Балалар, Лаззат апайымыз көп мәліметтер мен таныстырды.Енді осы мәліметтерді көзбен көрген үлкен әсер қалдыратыны белгілі.Сол мақсатпен сендерге бейнероликтер көрсетемін. Экранға назар аударамыз!
Бейнеролик: «ЖҚТБ туралы не білеміз?»
Тәрбиеші: Құрметті оқушылар, осы тақырыптың аясында өзінің ізденген ақпараттарымен және жалпы ғасыр дерттері туралы жадынамаларымен бізбен бөлісуге Сүлеймен Аружанды шақырамыз. (уақыт 2 минут)
Тәрбиеші: Балалар, Лаззат апайымыз көп мәліметтермен таныстырды бейнероликтерде көрдіңдер!Аружанның ізденіс жұмысының барысында да түрлі жұмыстармен таныстыңдар. Енді осыдан нәтиже шығару керекпіз гой солай ма ? ендеше алғашқы кезең І кезең: “Ғасыр індеттері” ассоциация құру. Әр топқа АЗ форматтағы қағаз бен маркер беріледі. Ассоциация құрап,соны топ басшысы қорғайды. Уақыт 1 минут беріледі.
Тәрбиеші: ал енді балалар осы ойларыңды әлі де көзбен көріп,білгеннің үстіне білгендеріңізді толықтырып,осы кезеңді қортындылау үшін бейнеролик ұсынамын.
Бейнеролик: «Ғасыр дерттерінің зардаптары»
Тәрбиеші: Ғасыр дертіне ұшырап,қанашама адамның өмірінің қандай болатыны көрдіңіздер.Осы бейнероликтен қандай ой түйдіңіздер?
Балалар,сендердің жас ерекшеліктеріне сәйкес ғасыр індеттерінің бірі ЖҚТБ\АҚТҚ тақырыбын талқылып,тереңірек танысып,білгенді жөн көрдім.Себебі, сәл уақыттан кейін сендерде студент болып,мамандық бойынша білім игеретін,үлкен өмірге қадам басатын болашақ жастарсыздар!Сондықтан бұл сабақтың маңызы мен мәні өте қажет екенін ескеріп,мұхият тыңдап,әрбір сұрақтар мен тапсырмаларға белсене араласуларыңызды сұраймын.
Тәрбиеші: ІІ кезең: «Стикердегі диалог» деп аталады.
Мақсаты: Көпшілік алдында «сөз сөйлеу» қажеттілігі жоқ ашық пікірталас жүргізу арқылы визуалды, кинестетикалық және тыңдау аспектілерін дамыту.
Шарты: І топ өзінің осы тақырыптың аясында 3 сұрақтарын түрлі түсті қағазға жазып, тақтаға іледі. ІІ топтағылар осы сұрақтарға жауап береді.Осылай жалғаса береді.
Нәтижесінде: топ бойынша ЖКТБ бойынша алған білім деңгейі анықталады
ІІІ кезең: Төрт сұрақ
Мақсаты: Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі
Шарты: Бірінші сұрақты І топтың оқушысы бастайды. Қасындағы оқушы жауабын айтады.Одан кейінгі оқушы жылдам сұрақ қояды,келесі оқушы жауап береді.Осылай жалғаса береді.Тоқтап қалған оқушы топтың бағасын төмендетеді.
Жастарды ЖИТС – нен сақтану үшін не істеу керек?
- Жастарды ЖИТС - нен қалай сақтануға болатынын қарастыру керек.
Жастардың осы дерттен сақтануын қалай алға жылжыта аламыз?
- Жастарға жадынамалар тарату арқылы.
Жастарға жадынамаларды қалай таратамыз?
- Кез – келген қала тұрғындарына тарату арқылы
Жадынама таратуды қалай іске асыра аламыз?
- Әр баланың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру арқылы
ІІ топ жалғастырады:
Патриоттық сезімді қалай қалыптастырамыз?
- Еліне және жеріне сүйіспеншілікті арттыру арқылы
Сүйіспеншілікті қалай арттырамыз?
Өмірге деген құштарлықты арттыру арқылы
Өмірге құштарлықты қалай аттырамыз?
Мақсат қойып,сол мақсатқа жету арқылы
Мақсатқа қалай жетеміз?
ІІІ топ жалғасытарды:
Еңбектену арқылы
Қалай еңбектенеміз?
Білім алу арқылы
Білімді қалай қалыптастырасын?
Сабақ оқып,ата – анамды сыйлау арқылы
Ата – ананы сыйлау үшін не істеу керек?
Тәртіпті және білімді азамат болу керек
Тәртіпті және білімді болу үшін не істеу керек?
Алға қойған мақсатыма жетіп, жақындарыма ЖИТС – нан және басқа да ғасыр дерттері туралы айтып,өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болу.
Нәтижесінде: балалар тақырыпты тереңірек түсініп,өзінің міндетін айқындап алады.
Тәрбиеші: Тізбекті сұрақ – жауаптан не ұқтыңдар? (оқушылар жауабы)
Тәрбиеші: Жастарымыздың болашаққа деген сенімін одан әрі арттыру бағытында сергіту сәтін жасап серпілейік. «Жас ағаш» сауықтыру сәті.
Орындыққа отырып, аяқты бірге қойып, қолды төмен, арқаны тік ұстайық. Бір қалыппен дем шығарыңдар. Қолдарыңды қалықтатып жоғары көтеріңдер. Алақандарыңды,саусақтарыңды біріктіріңдер де барлық денелеріңмен жоғары тартылыңдар да «Мен мықтымын, сымбаттымын, мен биік ағашпын» деп дауыстап айтыңдар.
Адам ағзасы жас ағаш тәрізді сергек, мықты, күшті бойына жинақтайды. Зиянды әдеттерден аулақ болсаңдар сендер де мықты, сымбатты, білімді болып болашаққа нық қадам жасай аласыңдар. Енді бәріміз бір-біріміздің қолымызды қысайық. Осы кезде қандай күйді бастан кештіңіздер. (жылулық, сенімділік, бірлік, достық). Міне, сол бірліктің, достықтың, жылулықтың,сенімділіктің арқасында сіздер де мықты, білімді, сымбатты болып өсерлеріңізге сөз жоқ.
ІҮ кезең: «Тыңдап отырған үштік» деп аталады.
Бұл кезеңнің мақсаты: терминдерді түсінуді дамыту, алынған ақпаратты өңдеу және талдау дағдыларын, бақылаушы рөлі арқылы өзінің іс-әрекеттеріне талдау жасау дағдыларын дамытуға бағытталған тәсіл
Шарты: Оқушылар үш адамнан тұратын топта жұмыс істейді. Топтағы бір оқушы – шешен, біреуі – тілші және үшіншісі – хатшы рөлін атқарады. Шешен бүгінгі сабақтан алған өз ойын түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Тілші көмектесіп, айтылмай қалған жерін айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Нәтижесінде: ЖИТС\АИТВ терминдердің мағынасын ашып,әр топ өздерінің сабақтан не түсінгендерін қортындылайды. Өзіндік сөйлеу қабілеті дамиды.
Тәрбиеші: Сонымен, біздің сабағымыз аяқталды. Жаңа сабақ басталмай тұрып өздеріңізден сауалнама алған болатынмын. Енді қорытындылау үшін тест беремін.Бұл тестке жауап бере отырып,өздеріннің білімдеріңізді сауалнама мен салыстара отырып, осы сабақ барысында қойған мақсатыңыздың нәтижесін көресіздер.
Қорытынды:
ТЕСТ
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
Қай кезде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады?
а) 1987 жылы сәуірде
ә) 1985 жылы сәуірде
б) 1983 жылы сәуірде
в) 1982 жылы сәуірде
2. ЖҚТБ вирусы үшін қандай ағза қажет
а) адам ағзасы
ә) жануарлар ағзасы
б) талғамайды
в) жәндіктер
3. Қай жылы СПИД алғаш рет анықталды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
ә) сөйлесу арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар СПИД - пен ауырғанын білмеген?
а) Африка
ә) Азия
б) Америка
г) Австралия
7. Қазақстанда СПИД - пен ауыратын адамдар кімдер?
а) жастар
ә) балалар
в) үлкен адамдар
8. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
Тәрбиеші: Мен сендерге дұрыс жауабын оқимын сендер өздеріннің жауаптарыңмен салыстырыңдар! Салыстырып болсақ,әр оқушы осы өзінің жауаптарын салыстыру арқылы сандық жауабын айтып шығады.
Нәтижесінде: әлі де білмейтін сұрақтардың жауабын білуге ізденеді,өз білімінің деңгейін анықтайды. Әр оқушы осы өзінің жауаптарын салыстыру арқылы сандық жауабын айтып шығады.
Тәрбиеші: Топтарымызға шарт қойған болатынбыз.Әр топ өзінің жинаған смайликтерін санып,қортындылайық. (смайликтерді санайды)
Тәрбиеші: «Менің сабақтан алған әсерім!» балалар сіздерге стикерлер беремін.Осы стикер арқылы экранда тұрған сұрақтарға жауап жазып, мынау тұрған корзинаға салыңыздар.
Бүгін Сіз не білдіңіз?
Бүгін Сіз үшін не ең керемет/таң қаларлық/қызықты/пайдалы болды?
Сізге қандай тақырыпта өткен сабақтар ұнайды?
Қорытынды: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған.
Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі.Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беріңіздер!