?абит М?сіреповті? "?аза? солдаты" романы бойынша "Ерлігі - ел есінде" конференциясы
?абит М?сіреповті? "?аза? солдаты" романы бойынша "Ерлігі - ел есінде" конференциясы
Данная конференция посвящена 70-летию Победы Великой Отечественной войны. на конференции важное внимание уделено главному герою романа, герою Великой Отечественной войны Каиргали Смагулову, полностью описывается его биография, годы службы в Советской армии, его неповторимые подвиги; также названы наши земляки - герои Великой Отечественной войны
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?абит М?сіреповті? "?аза? солдаты" романы бойынша "Ерлігі - ел есінде" конференциясы»
Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы бойынша «Ерлігі ел есінде...» атты әдеби-конференция жоспары
Мақсаты:
Шығарманың мәтінін талдату арқылы көркемкомпоненттерін ажыраттыру, автордың өзіндік стиль ерекшелігін тапқызу арқылы білімдерін дамыту.
Халықтар достығына ,патриоттық сезімге, ізденімпаздыққа, жауапкешілікке тәрбиелеу.
Оқушылардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, образ жасаудағы жазушының шеберлігін тани біліп, талдай білуге, шығарманың ең түйіндісін айта білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: тақырыптық презентация, көрме, нақыл сөздер, қосымша қажет материалдар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (1902–1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.
Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.
Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.
Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осы кезде өзінің тырнақалды туындысы «Тулаған толқында» повесін жазады. Содан былай қарай баспа орындарында, партия, кеңес мекемелерінде жауапты қызмет атқара жүріп, шығармашылық жұмысын толассыз дамыта береді. Соның нәтижесіндей болып, «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Талпақ танау» әңгімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреді. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді. Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы «Қазақ солдаты» романын жазады. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы «Оянған өлке» романын жариялайды.
Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп әңгіме жанрында зергер суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады. 1968 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі «Ұлпан» повесін жариялайды. Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операсының либреттосын, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасын берген Ғ. Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған «Амангелді», «Ақан сері Ақтоқты» пьесаларын жазады. Оның шығармаларының негізінде кинофильмдер түсіріледі.
Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады. Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.
Ғабит Мүсірепов жайлы лебіздер:
«Мүсірепов болса қашанда таңдауға лайық тұлға»
Әбдіжәміл Нүрпейісов
«Ғабит Мүсірепов – ардақты ат. Мүсіропов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Мүсіреповпен мақтану керек!»
Зейнолла Қабдолов
«Ғабит Мүсірепов өзін де, өзгені де қайталамайды».
Тәкен Әлімқұлов
«Қазақ сөз зергерлерінің ішінде Мүсіреповтің қайталанбас жазушылық қолтаңбасы ерекше. Стилінің әсемдігі, дәлдігі, тілінің нәрлілігі, нәзік юморы мен аса байқампаздығы – бүкіл ұрпаққа үлгі».
Тахауи Ахтанов
«Мүсірепов қандай жаңа құбылысты, қандай жаңа адамды жазсын мейлі, оның түп-төркінін халықтың өз бойынан табады; қандай өрелі проблема көтерсін мейлі, халықтың өз көкірегінен іздейді».
Әбіш Кекілбаев
«Оның көрікті сөзінде отты, серпінді романтика мен ғажап реализм үнемі астарласып отырыпты. Сондықтан да біз оның шығармаларын қашанда үлкен олжадай, қымбат шашудай қабылдап келеміз».
Әбділда Тәжібаев
«Әлі де талай-талай замандар өтеді. Талай-талай толқындар кезекпен ауысып, талай-талай ұрпақтар келеді. Сол кезде халқымыздың осы бір тұстағы бел-белесіне үңілер адам болса, Мүсірепов шығармаларына соқпай кете алмайтыны айдан анық».
Сафуан Шаймерденов
Мұхтар Шахановтың Ғабит Мүсіреповке арнаған “ҚАЛАМДАС ДОСҚА” өлеңін орындау
Ғұмыр бойы тыным көрмей арпалысқан Ар үшін, Шыншыл, адал мінезімен жақын еткен алысын, Күллі қазақ өнерінің арқалаған намысын Сенімен де қоштасар кез келгені ме, арысым?! Саған деген қошеметтің ұлан-ғайыр аумағы, Табытыңа бас иіп тұр қазақтың бар таулары. Саған сәлем кең далаңнан – жанарынан жас тамған, Саған сәлем жас буыннан – жазылмаған дастаннан. Қай кезде де туған елге деген ұлы махаббат Өз ұлтының даналарын қадірлеуден басталған. Ғасырына қуат қосқан даңқыңды ешкім бөгемес, Қазақтың сөз өнерінен бой көтерген Эверест. Қадірлім-ау, ескерткіш қып сенің ұлы тұлғаңа Көк тіреген Алатаудың өзін қойса, көп емес.
«Қазақ солдаты» - мәңгілік асыл мұра
Романның жазылу тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқанда жазылып, соғыс бітетін жылы «Қазақ батыры» (1945 жылы) деген атпен жарыққа шыққан бұл роман ұлттық әдебиет тарихында айтарлықтай орын алды. Арада 3-4 жыл өткен соң автор роман құрылысының тұтастығы жетіспей, кейіпкерлер мінез-құлқының терең ашыла қоймағанын ескеріп, қайтадан өңдеген. Ақыры көп кемшіліктен арылып, жинақтау сипаты өскен роман 1950 жылы «Қазақ солдаты» деген атпен жарияланды. Орысша тұңғыш рет 1949 жылы жарық көрген-ді.
«Қазақ солдаты» романы бойынша жоспар құрып, жоспар бойынша шағын мазмұнын айту:
Қайроштің балалық шағы
Соғыс алдындағы жағдай
Шайқас қаһарманының өшпес ерлігі
Қайырғали Сарталиев бейнесі
ІІІ кезең: Жерлес ардагерлер
Биыл, 2013 жылы, жалпы адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы ұлы Жеңістің 68 жылдық мерекесін тойлағалы отыр.
Ғұмырымыздағы аса қуанышпен қарсы алатын мерекелеріміздің бірі – Жеңіс күні. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді.
9 мамыр, Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. Бұл Жеңіс болмағанда көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасып, Қазақстанымыз да тәуелсіз ел болмас па еді? Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухын бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың ерліктеріне тағзым ететін күн.
«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді Жеңіске жеткізген аталарымыз бен сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күнін жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Майдангерлер Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктерімен, жігер-қайраттарымен ұрпаққа үлгі. Еліміздің тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды.
Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні аз қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың басты парызы.
Жерлес ардагерлермен таныстыру
Асайынов Зәмзән, 13.03.1924 ж.т., орыс, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ақтүйесай ауылы. 1942 жылы Қызылту АӘК әскер қатарына шақырылған. Әскери қызметті 181- ші АП - атқышы, Ленинград қаласындағы 99-шы шекара әскер бөлімшесінде атқарған. Қатардағы жауынгер. Наградалары:
« Германияны жеңгені үшін», «Ленинградты қорғаны үшін», мерейтойлық медальдар. 1995 жылы қайтыс болған. Ақтүйесай ауылында жерленген.
Бублик Иван Варфаламеевич, 1926 ж.т., украин, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ақтүйесай ауылы. 1941 жылы әскер қатарына шақырылған және 1946 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған.Әскери қызметті 141-ші гв.АП атқарған.Сержант. Наградалары: «Германияны жеңгені үшін» медаль.
1975 жылы қайтыс болған.Ақтүйесай ауылында жерленген.
Махамбетов Қадырасыл Әділұлы, 1919 ж.т. қазақ, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ақтүйесай ауылы.1939 жылы әскер қатарына шақырылған және 1946 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған. Әскери қызметті атқыш дивизиясында мотоатқыш корпусының командирі қызметін атқарған. Кіші лейтенант. Жараланған. Наградалары: «Қызыл жұлдыз» ордені, «Кенигсбергті алғаны үшін» медаль.1999 жылы қайтыс болған.Ақтүйесай ауылында жерленген.
Орынбаев Секербай, 1915 ж.т., қазақ,Омбы облысы Шарбақкөл ауданы
Тапал ауылы.07.01.1941 жылы әскер қатарына шақырылған және 1947 жылы Шарбақкөл ҚҰӘК есепке тұрған. Әскери қызметті 07.1941 – 06.1942 жж.
95-ші АП – атқыш қызметін атқарған. 07.1942-05.1945 жж. тұтқында болған. Қатардағы жауынгер. Наградалары: «Жапонияны жеңгені үшін»,
«Ерлігі үшін» медальдар, «П дәрежелі Отан соғысы» ордені. 15.06.2009 жылы қайтыс болған. Ақтүйесай ауылында жерленген.
Попов Иван Дмитриевич, 21.01.1924 ж.т., орыс, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ақтүйесай ауылы. 1943 жылы әскер қатарына шақырылған және 1945 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған.Әскери қызметті 1291-ші АП, 111-ші АД атқарған.Старшина.Наградалары: «Ерлігі үшін» медаль, «Қызыл жұлдыз» ордені.1997 жылы қайтыс болған. Ақтүйесай ауылында жерленген.
Романченко Анатолий Прокопьевич, 17.03.1925 ж.т., украин, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ақтүйесай ауылы. 1943 жылы әскер қатарына шақырылған және 1945 жылы есепке тұрған.Әскери қызметті 98-ші АП. Қатардағы жауынгер. Наградалары: «Германияны жеңгені үшін»,
«Ерлігі үшін» медальдар. 1999 жылы қайтыс болған. Ақтүйесай ауылында жерленген.
Сейсенбаев Баймағанбет, 1907 ж.т., қазақ, Омбы облысы Одесса ауданы Талдыағаш ауылы. 1943 жылы әскер қатарына шақырылған және 1945 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған.Әскери қызметті Будапешт, Кенигсберг, Вена қалаларында атқарған. Қатардағы жауынгер. Наградалары: «Қызыл жұлдыз», «Германияны жеңгені үшін» медальдар. 1966 жылы қайтыс болған. Ақтүйесай ауылында жерленген.
Сихимов Құсниден, 1920 ж.т., қазақ, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ақтүйесай ауылы. 1943 жылы әскери қатарына шақырылған және 1945 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған. Әскери қатарына шақырылған және 1945 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған. Әскери қызметті 6-ші АП атқарған. Қатардағы жауынгер. Наградалары: «П дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Германияны жеңгені үшін» медальдары. 1971 Ресей Федерациясына көшіп кеткен.
Тоғжанов Әди, 1922 ж.т., қазақ, Көкшетау облысы Қызылту ауданы К.Маркс ауылы. 05.01.1942 жылы әскер қатарына шакырылған және 05.1946 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған. Әскери қызметті 01.1942-07.1942 ж.ж. 95-ші АП – атқышы, 07.1942-04.1946 ж.ж. 110-шы АП атқарған. Қатардағы жауынгер. Наградалары: «Германияны жеңгені үшін», «Қенес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медальдары. 2007 жылы қайтыс болған. Актүйесай ауылында жерленген.
Конференцияны қорытындылау
Ұлы Отан соғысы миллиондағандардың қанын төгіп, әрбір шаңырақтың шаттығын ұрлады, бала жетім, жар жесір қалған қайғы мен қасірет жұтқан ауыр кез болды. Ұрыс майдандары мен тылдағы жауынгерлердің ерен еңбектері арқасында ғана фашистік басқыншыларды талқандап, қайғының қара бұлты сейілген бейбіт күнге жеттік.
Сұрапыл соғыстың жалынына оранып, етікпенен су кешкен жауынгерлер қатары бүгін сиреп барады. Жас буын өкілдері бейбіт кезеңде өмір сүріп жатқанына біз қуанып, тәубе дейміз. Десек те олардың Отанға деген сезімдерін асу бермес толқынға айналдыру үшін олардың қиыншылықтарын білуіміз парыз.
Ұлы Отан соғысында, Отан үшін оқты кеудесімен қорғай білген жауынгер ардагерлеріміздің өмір жолдарын тарихымыздың бір парағындай саралап келіп, сіздерге жеткізуге тырысып бақтық.
Оққа ұшыраған жауынгерлермен үйіне оралған ардагерлеріміздің ерен ерліктеріне бір жағынан риза көңілмен сүйенсек, олардың қиылған өмірлеріне тағзым етіп, бас иеміз.