Ата-бабамыздан келе жат?ан ?лтты? ойынны? бірі - то?ыз??мала?. 4000 жыл тарихы бар то?ыз??мала? ойынын ?мыт ?алдырмай, к?ннен –к?нге жа??ырту, келер ?рпа??а жал?астыру - б?гінгі жастарды? міндеті.
Зерттеу барысында ойынны? шы?у тарихына шолу жасалып, «То?ыз??мала? ойыны жас ?рпа??а не береді, келтіретін пайдасы не?» деген с?ра??а жауап ізделінді.
Б?л ойынны? тиімді ?діс-т?сілдері, я?ни ?тыс?а алып келер жолы ашып айтылды. О?ушы ?зіні? электронды ойын т?рін ?сынады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық ойынның бірі - тоғызқұмалақ. 4000 жыл тарихы бар тоғызқұмалақ ойынын ұмыт қалдырмай, күннен –күнге жаңғырту, келер ұрпаққа жалғастыру - бүгінгі жастардың міндеті.
Зерттеу барысында ойынның шығу тарихына шолу жасалып, «Тоғызқұмалақ ойыны жас ұрпаққа не береді, келтіретін пайдасы не?» деген сұраққа жауап ізделінді.
Бұл ойынның тиімді әдіс-тәсілдері, яғни ұтысқа алып келер жолы ашып айтылды. Оқушы өзінің электронды ойын түрін ұсынады.
Мазмұны
I. Кіріспе 1 бет
II. Негізгі бөлім 2 бет
1 .1. Тоғызқұмалақ ойынының атауы
1 .2. Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихынан деректер
1.3. Ұлы ақын ұнатқан ұлттық ойын
1.4. Тоғызқұмалақ ойынының ережелері
1 .4 Ойынның жас ұрпаққа берері
1.5. Тоғызқұмалақ тақтасының атаулары
1.6. Менің тиімді әдіс- тәсілдерім
Қорытынды 16 бет
Пайдаланған әдебиеттер 17 бет
Қосарбеттер 18 бет
Кіріспе
Елбасымыз «Жаңа технологиялар мен инновацияны енгізу - заманның талабы» деп бекер айтпаған. Болашағымыз - жастардың қолында. Қазіргі егеменді Қазақстанымызда өмір сүріп жатқан ұрпақтарымыз қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін біліп өсуі керек. Ата-бамыздан келе жатқан ұлттық ойын біріншіден елдің тарихына деген қызығушылығымен қатар, жас жеткіншектердің салауатты өмір салтын ұстанудың бірден-бір жолы.
Жұмыстың тақырыбы: «Ұлттық ойынға - жаңа көзқарас»
Мақсаты:
Тоғызқұмалақ ойынына жаңа технологиялық көзқар арқылы ойыншы денсаулығын сақтау.
Міндеттері:
1. Тоғызқұмалақ ойыны жайлы деректер жинау
2. Оның тарихын зерделеу.
3. Бұл ойынның ұрпақ бойына тигізер пайдасын айту.
4.Тоғызқұмалақ ойынының тиімді жақтарын іздестіру.
Өзектілігі: Қазақ жастарының салауатты өмір салтын ұстануы ,ол ұлт мәдениетінің көрінісі екенін ұмытпау.
Болжам: Егер біз ұлттық ойынды ,жаңа технологиялардың көмегімен планшет,ұялы телефонға қондырсақ тоғызқұмалақ ойыны, басқа шетелдік тәрбиесі мен мағынасы жоқ ойындарды ығыстырар еді .
Күтілетін нәтиже: іздену нәтижесінде ойынның мүлдем жаңа, ойыншының денсаулығын сақтайтын ,уақытын үнемдейтін, үнемі өзімен алып жүруге қолайлы ұлттық ойынды ұсынамын.
Электронды тоғыз құмалақ жас ұрпақтың қызығушылығын тудырып , ойыншы санын көбейетініне сенімім зор.
1
1. Негізгі бөлім
Әрбiр халықтың салт-дәстүрi олардың ұлттық ұстанымы болып табылады. Бүгiнде көшпендiлердiң бай этнографиялық мұрасы әлем назарын өзiне аудартуда. Мәселен, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны бiз үшiн баға жетпес рухани құндылық десек қателеспеймiз.
Тоғызқұмалақ – ересектерді былай қойғанда, жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін дамытуға, оқу үлгерімін жақсарта түсуге және сапалы тәрбие беруге өзіндік септігін тигізетін зияткерлiк ойын.
Тоғызқұмалақ ойынының қалыс қалмауын қадағалап, келешекке жалғастырудың өзі бүгіннен басталмай ма. Ола болса тоғызқұмалақ ойынын біздің бүгінгі насихаттап отырғанымыздың себебі, қазақ халқының осындай ұлы мұрасы бар екенін, зияткерлік өнері бар екенін басқа халықтарға да бір жағынан таныту, сонымен қатар адамзаттық деңгейде де өзіміздің үлесімізді қосу болып табылады. Ойынның жас ұрпаққа берері мол екенін де ашып айтқан жөн болар.Мектеп оқушылары үшін де бұл бірден- бір қажетті ойын екенін ұмытпауымыз керек.
2
1.2.Тоғызқұмалақтың тарихына үңілсек...
Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.
Ол жерде кездесетін тақталардағы ережелерді сараптап, талдағанда ғана оның қандай ойын екенін байқаймыз. Ал осындай ережелер қайдан шығады, ол сол жердегі халықтың дәстүріне, салтына, дүниеге көзқарасына, этнографиясына байланысты, сонымен қатар сол жердегі халықтың бір-бірімен аралас-құраластығына негізделген. Яғни тоғызқұмалақ ойыны бұл - көшпенділердің дүниетанымы негізінде жасалған.
Мәселен "тұздық" деген ереже бар, бұл ережені отауға ие болу деп қарастыруа болады, демек екі құмалақ жатқан үйге үшінші құмалақты апарып көшірсеңіз, сонда ғана отауға ие боласыз. Ал отауға ие болуды қалай түсіндіруге болады, яғни жастар бірін-бірі ұнатып, отау құрады, бірақ ол үйде ұрпақ дүниеге келмесе, онда ол үйден отау шықпайды.
Сонымен қатар жұп деген бізде табыс болып есептеледі.
Американың "калах" деген ойынында жалғыздық табыс болып есептеледі, кім бірінші бастаса, сол жеңіске жетеді. Ал керісінше бізде "жалғыздың үні" шықпас дейді.
Сонымен қатар тоғызқұмалақ ойынында маңдай, атөтпес, тектұрмас, бел, белбасар деген отаулардың аттары бар. Ал енді мысалы бізде үнемі маңдайың ашық болсын, артың жабық болсын дейді, ол жабық болсын деген отаудағы құмалақтарды жұптан ұстап отыруымыз керек, ал маңдайымызды үнемі ашық қалдырып отыруымыз керек. Міне осындай көптеген философиялық ұғымдар , танымдық көзқарастар бар .
1.1.Ғасырда бiр келетiн “үш тоғыз”
Осындайда 9 санының қазақ үшiн маңыздылығы мен қасиеттiлiгi еске түседi. Ата-бабадан қалған дәстүр бойынша бiрнеше қасиеттi сандар бар. Мысалы, 3, 7, 30, 40, 41, 50, 63, 90, 99, 100 сандары өмiрдiң әртүрлi қырларымен байланыстырылып, қастерленедi. 9 саны да сондай қасиеттi сандардың қатарында тiлiмiзде жиi қолданылып келедi. Қазақта «тоғыз», «үш тоғыз», «тоғыз жолдың торабы», «тоғызкөз», «тоғыз бiлезiк», «тоғыз қабат торқа», «тоғыз шапан», «тоғыз тақия», «тоғыз өрiм қамшы», «тазшаға тоғыз өнер де аз» деген сөз тiркестерi күнделiктi ауызекi сөз арасында кеңiнен қолданылады. Тiптi, өнерлi адамдарға қатысты «тоғыз қырлы, тоқсан сырлы» деген сөздер де айтылады екен. Оған қоса Алланың 99 есiмi бары да, Пайғамбардың 9 өсиет қалдыруы да тегiн емес. Ал, аяғы ауыр аналардың iштегi нәрестесiн 9 ай, 9 күн көтеретiнi де 9 санына дөп келiп тұр. Тоғызқұмалақ ойыны да бар.
Қазақтың ешбiр елдер мен ұлттарда жоқ өзiнiң төл әрiптерiнiң саны 9 екен. Олар — э, i, ө, ұ, ү, қ, ғ, ң, һ әрiптерi. Қазiргi қазақ алфавитiндегi 42 әрiптiң осы тоғызынан өзгелерi орыстың әрiбi. Қасиеттi 9 санына қатысты айта берсек, Қазақстан жер көлемi жағынан әлемде тоғызыншы орында, түркiлер о баста тоғыз тайпа құрған. Жер бетiндегi қазақтар 9 миллионнан асты. Жылдың төрт тоқсанға бөлiнуiнде де гәп бар. Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi деп те айтады.
Ата-бабаларымыз елдiң қорғаны, халқының қамқоры ер жiгiттiң тоғыз
жауын атап, одан былай деп сақтандырған екен:
Бiрiншiсi: Басты жауы – жалқаулық,
Сорлататын жаныңды.
Екiншiсi: Осалдығың - аңқаулық,
Соқтыратын саныңды.
Үшiншiсi: Жасқаншақ болсаң, ұры алар,
Қоралап қойған малыңды.
Төртiншiсi: Жалатқызбас жасықтық,
Аузыңдағы балыңды.
Бесiншiсi: Өткiр айтсаң өңмеңдеп,
Жоғалтасың арыңды.
Алтыншысы: Өсек терсең телмеңдеп,
Суға кетiрер салыңды.
Жетiншiсi: Көпiрме босқа мақтан қып,
Түкке тұрмас барыңды.
Сегiзiншiсi: Көрiнгенге жалтақтап,
Бола алмайсың жағымды.
Тоғызыншысы: Бiреудi алдап-арбаумен,
Аша алмайсың бағыңды.
Осы орайда, "тоғызқұмалақ" атауының қайдан шыққанын ойланып-толғанудың өзі артық
1.3.Ұлы ақын ұнатқан ұлттық ойын.
Абай тоғызқұмалақ ойынын жақсы көрген және шебер ойыншылардың бірі болған. Және ел ішіндегі тоғызқұмалақшылардың бас қосып, сайысқа түсетін жері де Абай ауылы болған екен. Жаз – жайлауда, қыс – қыстауда тоғызқұмалақшылар Абай ауылына жиналып, өзара жарысқа түскен. Жарысты ұйымдастырушы Абайдың өзі болған.
Деректерге қарағанда, ел ішінде Құду деген өте білгір тоғызқұмалақшы болған екен. Сол Құду мен Абай бір ойында екі күн, екі түн тапжылмай ойнаған екен. Бұл деген үлкен тәжірбиені қажет етеді ғой, – деді этнограф, шежіреші Молдабек Жанболатұлы.
Яғни Абай ақындық өнерге ғана баулушы ғана емес, басқа да өнерпаз өнерлі жастарды төңірегіне жинаған.
Абайдың тоғызқұмалақ, дойбы ойындары мектебінен шыққан Әрхам Ысқақов, Жақсылық деген кісілер бертінгі заманғы елуінші-алпысыншы жылдары Орталық Азия және Қазақстан бойынша тоғызқұмалақтан бірнеше дүркін чемпион болған. Тіпті, осы кезде де Абай ауданының жастары республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді.
Осының бәрі Абайдың қазақтың рухани өнерінің дамуына, жетілуіне қамқоршы болғанын танытады.
Ақын үшін тоғызқұмалақ шығармашылық шабыттан сәл тыныс алудың, көңіл бөлудің бір түрі сияқты болды. Ол тоғызқұмалақты кім болса сонымен ойнамай, шебер ойыншыларды ғана таңдаған. Сол шеберлер ойынын жалпы жұрт қызықтайтын жүйелі жарысқа айналдыра білген.
1.4.Ойынның жас ұрпаққа берер пайдасы не?
Тоғызқұмалақ қазақ халқының ғасырлар бойы бірге жасап келе жатқан ұлттық мұрасы, өнері. Тоғызқұмалақтың үшмың жылдық тарихы бар дейміз. Бұл туралы тиянақты қағаз бетіне түскен деректер жоқ, ауыз екі айтылған сөздер арқылы мәліметтер жинақталып таратылып жүр. Міне осы ғасырдың жетпісінші жылдары тоғызқұмалақ өнерінің қайта жандану сәті боп саналады.
Тоғызқұмалақта қазақтың ұлттық дүниетанымы, болмысы, ұшқыр қиялы бар. Тоғызқұмалақ – қазiргi кезде спорт, өнер, ғылым және мен үшiн сонау түркi халықтарының қайталанбас дүниетанымының ерекше көрiнiсi.
Ойнайтын орыны шағын сыныптарға, бөлмелерде не шахмат ойнайтын орындарды пайдалануға болады.
Тоғызқұмалақ – жасөспiрiмнiң ақыл-ойын шыңдап, ми қызметiн жетiлдiретiн зияткерлiк ойын.
Біздің мектепте 3 -11 сынып аралығында көптеген оқушылар тоғызқұмалақ ойынымен шұғылданады. (Сурет № 4) Зертеу-бақылау жүргізіп осы оқушылардың логикалық есептер мен жағдаяттардан шығу тапсырмаларын еркін орындайтынын аңғардық.(қосымша № 1) Өтілетін пәндерінің қорытынды бағаларына зерттеу жүргіздік.сонда алгебра, физика,тарих,әдебиет сабақтарынан бағалары өзге оқушыларға қарағанда озық екеніні бірден көзге түсті. Денешынықтыру сабағына келсек осы оқушылар үнемі түрлі сайыстарға қатысып отырады екен.
(Сурет № 4)
№1.Тоғызқұмалақ ойынының ережесі
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері:
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен сегізін алып, біреуін орнында қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде, орны бос қалады. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе екі-үш құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
• Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса, ойын бірден тоқтатылып, сол ойыншы жеңімпаз болып танылады.
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қостаушы
• Тұздық
• Атсырау
№ 2. Жүру әдістері
Тоғызқұмалақ ойынын жақсы меңгеру үшін тақ, жұп сандарын үйрету тақ сандар (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21.... ) ашық жұп сандар (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20....) жабық деп жазған жөн. Тоғызқұмалақ ойынын үйретушілерге бір ескерте кететін нәрсе тақ санды құмалағы бар отаулар тоғызқұмалақ тілінде-ашық жұп санды құмалағы бар отаулар – жабық отаулар деп аталады.
Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. № 3. Тұздық алу Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың бір отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді.
№4. Есептеу жолдары
Бірінші есептеу жолы
Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай нөмерлі отауға барып жазу тәртібі бойынша қағаз бетіне жазылған сандардың арасына қосу белгісін қоямыз. Мысалы: 4-отауда 16 құмалақ бар. Яғни 4 қосу 1 қосу 6 қосындысы - 11:
а) Егер сандардың қосындысы 10, немесе 10-ға жетпейтін болса, қосындыдан 1-ді шегереміз.
ә) Егер сандардың қосындысы 10-нан артық болған жағдайда, қосындыдан 10 санын шегереміз.
Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын (4-ші отауда 16 құмалақ бар, яғни – 4 қосу 16 болады 20) қосамыз да:
а) Егер қосынды 10-нан кем болса, қосындыдан 1-ді аламыз.
ә) Егер қосынды 10-нан артық болса қосындыдан 10-ды аламыз.
б) Егер қосынды мөлшері 20 немесе 20-дан артық болса, қосындыдан 19-ды аламыз.
в) Егер қосынды мөлшері 29-дан 37-ге дейін болса, қосындыдан 28-ді аламыз.
г) Егер қосынды 38 немесе одан да көп болса, қосындыдан 37-ні аламыз.
13
Үшінші есептеу жолы
Бұл-жүрісті есептеудің ең жеңіл жол. Жүріс жасалатын отаудағы соңғы құмалақ дәл қай отауға барып түсетінін табудың бұл үшінші жолы ілгері және кері есептеу болып табылады. Мұнда 10, 19, 28, 37, сандарын әрқашанда есте жақсы сақтай білу керек. Оның себебі жүріс кезінде 10 құмалақ жатқан отаудан басталған жүріс қарсыласының аттас нөмерлі отауына дәл барып түсіп жатады. Отауда 19 құмалақ болса, ол отаудан басталған жүріс құмалақтарды барлық отауға бір-бірден салып шыққанда соңғы құмалақ қатадан өз орнына қайтып келіп түседі. Отауда 28 құмалақ болса, екі жақтын барлық отауларын бір айналып шығып, қайтадан қарсыласының аттас нөмерлі отауына дәл барып түсіп жатады.
Отауда 37 құмалақ болса, ол барлық отауды екі айналып шығып, қайтадан өз орнына келіп түсіп жатады.
Мысалы 5-отаудағы 12 құмалақтың соңғысы қай отауға барып түсетінін анықтасақ, ол қарсыласының 7 отауына барып түсетінін табамыз. Себебі, 5-отауда 10 құмалақ болса, ол қарсыласы жағының аттас 5-отауына барып түскен болар еді. Ал бізде 12 құмалақ бар, яғни ол ілгері екі отау жылжып (7) отауға барып түседі. Бұл ілгері есептеу болып саналады. Ал төрт отауындағы 18 құмалағының соңғысы өз жағының 3-отауына келіп түсіп жатады.Себебі, егер отауда 19 құмалақ болса, бар отауды бір айналып, қайта өз орнына келген болар еді. Ал бізде 18-ғана құмалақ. Сондықтан өз отауының бір құмалақ кейінгі түсіп жатыр. Бұл кері есептеу болып саналады.
14
№5 Ойынды жазып жүру тәртібі
Енді, Тоғызқұмалақ ойынының жазу тәртібіне қелейік. Жүрісті жазу үшін, ең алдымен, жүріс жасалатын отаудың рет санын, оның қасына сол отауда жатқан құмалақтың санын көрсететін сан жазылады. Мәселен, 29-екінші отауда 9 құмалақ бар деген сөз.517-бесінші отауда 17 құмалақ бар деген сөз. 2-бірінші отауда 1 құмалақ бар деген сөз. т.с.с.
Бүдан кейін жүріс жасау белгілері-сызықша немесе қос нүкте: қоылады да соңғы құмалақ барып түскен отаудың рет саны мен сол отаудағы құмалақ санының қанша болғанын көрсететін сан жазылады. Ойын кезінде 47-113 деген жазу жазылады дейік. Яғни жеті құмалағы бар төртінші отаудан жүріс жасалып, қарсыласының 12 құмалағы бар бірінші отауына түседі де құмалақ санын 13-ке жеткізеді. Бұл жай жүріс. Ойын кезінде 513:816 деген жазу болады. Яғни 13 құмалағы бар бесінші отаудан жасалған жүріс қарсыласының 15 құмалағы бар сегізінші отауына жетеді де, құмалақ санын 16-ға жеткізіп, ол құмалақтарды ұтып алады. Міне, осындай жүрісте қос нүкте : қойылады.
Ойын кезінде тұздық алынса, х белгісі қойылады. Мысалы: 214:43 х 2- отауда жатқан 14 құмалақты жүріп, қарсыласының 4-отауындағы құмалақтарды үшеу етіп, тұздық алғандықтан жазылады.
Тоғызқұмалақ ойындарын жазғанда мындай негізгі шартты белгілерді пайдалану керек:
-жай жүріс
қосу белгісі: табысты жүріс
Х тұздық белгісі
2. Зерттеу бөлімі
2.1 Электронды тоғыз құмалақ тақтасы
Бұл – Электронды тоғыз құмалақ тақтасы деп аталады. (сурет №1 )
Мен сайысқа барғанда әрбір ойыншының қасында төреші болады. Мынау ақпараттық технология дамыған заманда ұлттық ойынымызды заман талабына сай лайықтап ойнау, жасөспірімдердің логикалық ойлау қабілеттерін арттырып,түйсіктерін ұштастыра білуге ықпалы зор деп ойлаймын.
Оны табиғи ағаштан жасаған дұрыс деп ойлаймын. Мен оны әзірге картоннан қиып жасадым.(сурет № 2 )
Мұндағы басты жаңалықтар:
1. Әр отаудағы құмалақ саны электронды түрде ұяшықтан шығып тұрады;(сурет №3 )
2. Отаудағы құмалақтың қай отауға түсетінін анқтайды ;(сурет № 4)
3. Түскен отаудағы құмалақты жұп немесе тақ екені анықталады (жасыл қызыл түстер жану арқылы) (сурет №5)
4.Қазанда қанша құмалақ бар екенін және жеңіске жету үшін қанша құмалақ керек екенін көрсетіп тұрады;(сурет №6 )
5.Жүру барысында ойын ережесі бұзылған жағдайда қызыл түс дабыл береді. (бір құмалақ артық салынса немесе салынбай кетсе)
6.Ойында жеңіске жеткен ойыншы жағындағы тетіктер жанып-сөніп жағымды әуен ойналу арқылы «ҚҰТТЫҚТАЙМЫН» деген жазу қазандардың ортасында шығады; сурет № 7)
Сурет №1
Сурет №2
Сурет №3
Сурет №4
Сурет №5
Сурет №6
Сурет №7
2.2 Ойын тәртібін электронды нұсқаға келтіру:
№1.Тоғызқұмалақ ойынының ережесінің электронды түрі
Бұл электронды тоғыз құмалақ тақтасында ойын ережесін асыра біліп те қажет емес.Себебі нұсқаушы тетіктер бар ( сары, жасыл, қызыл)
Сары түс – ұрықсат түсі, жасыл түс – растау түсі, қызыл түс – дабыл түсі.
Кез келген отаудағы құмалақты алған кезде қалай қарай жүру керек екені сары тетіктердің жануы арқылы көрсетіледі. Сары тетік жанған отауға бір құмалақ салған сайын сары тетік жасылга тусті тетікке өзгеріп отырады. Егер бір құмалақ салынбай кетсе немесе артық салынып кетсе сары тетік қызыл түс корсетіп жанып сөніп дабыл береді. Бұл ойынның әділ өтуіне де себепші болады.
№ 2. Жүру әдістерінің электронды түрі
Электронды тоғыз құмалақ тақтасы журген құмалақтардың қай отауға барып түсетінін жәнеде сонғы құмалақ түскен отаудағы құмалақ тақ немесе жұп екенін отаудағы тетіктің қызыл немесе жасыл түске жануы арқылы көрсетеді. Егерде қызыл жанса отаудағы құмалақтар тақ болғаны, ол құмалақтар алынбайды. Ал егерде жасыл жанса ол құмалақтар жұп болғаны, ол отаудағы құмалақтар ұтысты болады да өз қазанына түседі.
№ 3. Тұздық алудың электронды түрі
Жүрістің сонғы құмалағы қарсыластың отауларының бірінде 3 құмалақ болып түссе тұздық алынады да сол отаудағы тетіктен «Х» белгісі шығады. Ол отауға түскен құмалақтар ойын соңына дейін ойыншының өз қазанына түсу керек болғандықтан одан құмалақ алынса немесе салынбай кеткен жағдайда ескерту дабылы (қызыл дабыл тетігі) беріледі. Тұздық №9 отаудан және аттас отаулардан алынбайтындықтан ол отауларға құмалақ түскен жағдайда «Х» белгісі шықпайды.
№4. Есептеу жолдарының электронды түрі
Электронды тоғыз құмалақ тақтасы есептеу жолдарын жеңілдетеді. Жүргей тұрған отаудағы қайда баратынын есептеп уақыт құртпай ойынды бөлмей ақ жай ғана жүргей тұрған отаудағы тетікті басу арқылы ол отаудағы құмалақтардың кайда барып түсетінін анықтауға болады.
Бұл жағдайда логикалық ойлауға кедергі келтірмейді.
№5 Ойынды жазып жүру тәртібі
Көптеген ойыншылар ойын барысында жіберген қатесін түсіну үшін әрі тиімді журістерін есте сақтау үшін ойынды жүрістерін жазып журеді.
Әр бір ойыншы қағазға ойын жүрістерін жазып уақыт шығындайды,жазуға
назары ауып ойын жинақтай алмайды .Сол себепті ойын барысын сақтап ойын соңында шығарып беретін принтер орналастыруға болады.(сурет №)
Және де ойлану уақытын белгілеп отыратын сағат орналастыруға болады.( ) Ол сағат жүретін отауындағы тетікті басқан сәттен бастап келесі ойыншыға ауысып отыратын болады. Бұл жағдайда жасөспірімдердің ойнауға деген қызығушылығы артады.
Бұл-ойыншылардың уақыт үнемдеуіне ыңғайлы, әрі адал ойын түрі.
Планшет түрінде жасауға да болады.
Қорытынды
Мақсатым осы атқарып жатқан жұмыстарыңыздың нәтижесіндей өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бір өкілі ретінде насихаттау.
Мәселен әр ұяда жалғыздан тас қалдырмай оны жұптап отыру дегеннің өзінде " жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас" дегенге келетін мағына жатқан сияқты, олай болса, қазіргі таңда компьютерге беріліп кеткен балалардың ойлау жүйесін дамытатын тоғызқұмалақ сияқты ойындарға бетін бұрып, қазақы дәстүрге түп-тамырға оралудың бір жолы деп қарастырылатын мақсат- мүддемен ұласып жатқандай . Электронды тоғыз құмалақ жас ұрпақтың қызығушылығын тудырып , ойыншы санын көбейту.
Мен ойынды ойнап ,зерттеу арқылы денсаулықты сақтау ,есептеуді оңайлату үшін тоғызқұмалақтың электорнды вариантын ойластырдым. Суретте №3 макеті көрсетілген.
Келер ұрпақ тоғызқұмалақ ойынына туралы өз білімдерін жетілдіріп, жаңғыртады деп сенер едім.
16
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ақшораев Ә- «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» Алматы «ҚАЗАҚСТАН»
2. Тлеубаев С.-Тоғызқұмалақтың әліппесі «СПОРТ».
3. . Ә. Ақшораев, Н. Жүнісбаев "Тоғызқұмалақ". Алматы "Мектеп" 1980ж
4. С. Жақапбаева "Тоғызқұмалақ нұсқалары"
5. Е. Ә. Иманбаев "Тоғызқұмалақ-халқаралық сайыс"
6. Ә. Ақшораев "Тоғызқұмалақ".Алматы "Жалын" 1983ж.
7. Ө. Жалымбетов "Айгөлек". Алматы "Қазақстан" 1975ж.
8. М.Балғамбаев "Қазақтың ұлттық спорт түрлері". 2