Ма?саты: О?ушылар?а ?аза?стан к?п ?лтты мемлекет бол?анды?тан халы?тар арасында?ы ынтыма?тасты? пен бейбітшілік ?мір с?руді? бірден бір жолы досты? ?арым-?атынасы екнін т?сіндіріп, «досты?» с?зіні? ма?ынасын ашу.
Міндеті: 1.Адам ?арым-?атынасы арасында?ы досты? ??ымы туралы т?сінік беру;
2.О?ушыларды? арасында ?андай ?лт болмасын досты? сезімдерін
1.Салеметсіздерме о?ушылар, ?стаздар біз білетіндей тілдер апталы?ына байланысты б?гін сыныптан тыс іс-шара ?ткелі жатыр. Іс-шараны? атауы «Досты?ты? тере? тамыры» деп аталады, сіздермен бірге б?л та?ырыпты тал?ылайтын мен На?ыпов Абай Сайлаубек?лы боламын.
Ал олай болса та?ырыбымыз?а сай ?ыс?аша шолу жасайы?, осыдан он т?рт жыл б?рын Президент Н?рс?лтан Назарбаевты? Жарлы?ымен 22 ?ырк?йек ?аза?станда т?ратын халы?тарды? Тілдер мерекесі деп жарияланды. Ж?зі бас?а болса да, ж?регі бір, тілі бас?а болса да, тілегі бір, атасы бас?а болса да, Отаны бір ж?з отыздан астам ?лт пен ?лысты? ?кілдері бір ша?ыра?ты? астында тату-т?тті, досты?, ынтыма?тасты? ?арым-?атынаста ?мір с?ріп жатыр. ?аншама ?лттар мен ?лыстарды? басын біріктіріп отыр?ан ?аза?стан - ?лкен досты?ты? ?йі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Досты?ты? тере? тамыры» (д??гелек ?стел) »
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік орта мектебі
«Достықтың терең тамыры»
(дөңгелек үстел)
Өткізген: Нақыпов А.С.
2013-2014оқу жылы
Тақырыбы: «Достықтың терең тамыры»!
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан халықтар арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілік өмір сүрудің бірден бір жолы достық қарым-қатынасы екнін түсіндіріп, «достық» сөзінің мағынасын ашу.
Міндеті: 1.Адам қарым-қатынасы арасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
2.Оқушылардың арасында қандай ұлт болмасын достық сезімдерін
дамытуға ықпал ету;
3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, адалдыққа, өз елінің адал
азаматы болуына тәрбиелеу.
Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (Кіріспе).
2. Дос сөзіне «Топтастыру» стратегиясын айту.
3. «Достық-ынтымақ пен бірліктің туы».
4. Қазақстанның шетелдермен достастық байланыстары.
5. Топтық ойын.
6.Сұрақ-жауап.
1.Салеметсіздерме оқушылар, ұстаздар біз білетіндей тілдер апталығына байланысты бүгін сыныптан тыс іс-шара өткелі жатыр. Іс-шараның атауы «Достықтың терең тамыры» деп аталады, сіздермен бірге бұл тақырыпты талқылайтын мен Нақыпов Абай Сайлаубекұлы боламын.
Ал олай болса тақырыбымызға сай қысқаша шолу жасайық, осыдан он төрт жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстанда тұратын халықтардың Тілдер мерекесі деп жарияланды. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті, достық, ынтымақтастық қарым-қатынаста өмір сүріп жатыр. Қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан - үлкен достықтың үйі.
2.Дос сөзіне «Топтастыру» стратегиясын айту.
Адал
Ешқашан сатпайды Көмекші, бірге жүреді
Шындықты бетке айтады Ақыл-кеңес береді
3. «Достық-ынтымақ пен бірліктің туы»
-Ел бірлігі мен өзге ел арасындағы достықты Қазақстан Республикасы халқы біз білетіндей әрқашан тең ұстаған. Қандай ел болмасын достық пен ынтымақтастықта, экономика, спорт тағыда басқа салаларда қарым-қатынасты нығайту үшін әрине ең біріншіден тіл қажет, қазақтың жақсы мақалында айтылғандай «Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл»-деп бекер айтпаған. Қазіргі Қазақстанның сырт елдермен достық қарым-қатынасын айтар болсақ, басқа шетелдердің барлығына жуық ынтымақтастық-достық қарым-қатынаста десек артық болмас еді.
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады: 1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық достық байланысты өркендету. 2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. 3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
Қазақстан-Ресей байланыстары. 1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы: 1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу. 2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау. 1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері: 1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты. 2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті. 3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.
Қазақстан-Қытай байланыстары. 1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық). 1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен – шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті. Қазақстан-АҚШ байланыстары. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде «Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.
5.Топтық ойын.
Олай болса Қазақстанымыз достық байланыстарды орнатып жатыр шетелдермен, бұның бәрі бұрынғы кездерден бастау алса керек.Достық туралы қаншама ақындарымыз жырлады, жазушыларымыз осы тақырыпқа қалам тербеді, осыған байланысты халық аузында дана сөздер, мақал-мәтелдер,қанатты сөздер ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыр,енді достық жайлы мақал-мәтел білетіндеріңізді байқап көрсек,ол үшін топтық ойын ойнаймыз.
1топқа
Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсың)
Ақылы көпті дау алмайды, (досы көпті жау алмайды)
Жаман аттан аяғым артық, (жаман жолдастан таяғым артық)
2топқа
Дос жылатып айтар, (дұшпан күлдіріп айтар)
Достықтың екі түрі бар, (бірі-адал достық, бірі-амал достық)
Жақсы жолдас жанға серік, (жаман жолдас малға серік)