Просмотр содержимого документа
«"Диснейдегі Жаңа жыл"»
Сыныптар:8г және 8в
Жүргізушілер:Ұзақбай Жамила және Медет Айымторы
Тақырыбы:/Диснейдегі Жаңа жыл /
1-жүргізуші: -Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, және ата-аналар! Бүгінгі мереке «Жаңа Жыл» мерекесі! Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
Hello, Dear teachers, pupils and parents! Welcome to our New Year party! We congratulate you with this great day! Wish you all the best things in this life! A happy New Year for me, A happy New Year for you, A happy New Year for everyone! That’s what I wish – I do!
2-жүргізуші: -Мінекей балалар, табалдырығымызға тышқан жылы атталғалы отыр.Жаңа жылды... Осы жерде Микки Маус және оның достары шығады
Би: Микки маус клубы /тип-топ/ 6 оқушы
Би аяқталады.
Микки(Айкөркем): -Салем достар. Тышқан жылы дегенді естіп, шаққа деп келдім. Әйтеуір менің жылым да келді ғой. Таныс болыңыздар бұл менің достарым. Минни, Гуфи(Дәурен), Плуто(Данияр), Дэйзи, Дональд!
2-жүргізуші: - Микки! Бүгінгі кешімізге сенде қош келдің. Көптен күткен сенің де мерекең келіп жетті.
1-жүргізуші: - Иәә...Бірақ біз осы жылы Доңыз мырзамен қоштасамыз ғой
2-жүргізуші: -Иә, айтпақшы. Сол доңыз мырзаның өзі қане? /Музыка/ Доңыз (Нұрсұлтан) кіріп келеді
Доңыз: - Менде бәрі жақсы, әрине! Айтпақшы! Микки! Жылың құтты болсын! Сен ертең осы 2020 жылы барлық әлемге бақытты, сәтті, қуанышты жыл сыйлайсың деп сенемін. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан бақыт күтеміз.
Микки: Әрине! Әрине!
Доңыз: Ал ендеше, мен барайын. Бәрі доңызды шығарып салады
/Тарсыл-дүрсіл/ - Құтқарыңдар! Құтқарыңдар!
2-жүргізуші:- Хэй,естідіңбе? Бұл кім болды екен?
1-жүргізуші:- Естідім, естідім
-ААААА! Өтініш, көмектесіңдер! Мені тығыңдар!
/Офицерлер кіріп келеді/ Мереке, Ернұр, Дулат, Ислам
-Сәлеметсіздер ме! Сіздер мұнда кішкентай кызда көрген жоқсыздар ма? Каз,мінекей суреті
Ваниллопа: - Не?Сіздеерр...Мені танымайсыздар ма?Мені бәрі таниды ғой!
2-жүргізуші: - Кешір, біз сені 1-ші рет көріп тұрмыз.
Ваниллопа: - Жақсы. Ендеше, мен Дисней елінен келдім.
2-жүргізуші: - Не? Дисней? Шынымен бе? Сен...
Ваниллопа: - Хей, хей.. Сөзімді соңына дейін тыңдасаңшы. Сонымен мен мұнда байқаусызда тап болдым. Ана офицерлер мен бөтен болған соң қуып жүрген болатын. Менің артымнан тағы кейіпкерлер ерген болатын. Бірақ біз бір-бірімізден адасып қалдық.
1-жүргізуші: - Сенің атың кім болды?
Ваниллопа: - Ааа..айтпақшы, иә. Мен Ваниллопа боламын. Ральф мультфильміндегі басты кейіпкер болып табыламын. /сағатқа қарап/ О, жоқ менің кетуім керек, сау болыңыздар!
2-жүргізуші: - Жо-жоқ,өтініш кетпеші. Бізбен бірге жаңа-жылды тойлашы.
-Ваниллопа! Шақ дегенде таптым-ау. /Шыршаны көріп/
Мәссаған!Мынау не деген әдемі ағаш!!
/Ваниллопа күліп/
- Қарша қыз, бұл әшейін ағаш емес. .Бұл жаңа жылдық шырша ғой!
-Аааа, бұл жақта жаңа жыл болып жатыр ма? Мен де сендермен бірге тойласам бола ма?
-Иә,әрине!
-Ендеше біз сіздерге би билеп берсек дейміз!
/Гномдар биі/ 7 қыз
-Мәссаған! Керемет биледі иә? - Иәәә, білесің бе? Біздің ән айтпағанымызға қанша болды ? -Мәә. Мен бұл туралы ойламаппын да. Ендеше балалармен қосылып ән айтайық? - Кеттік, ендеше. /Хоровод №2/: Jingle bells
Мысықтар келеді. (Ақжүніс, Даяна, Жанар)
Мурр-мяяяу,мяяяу.ммррр.мрр,мяяяу/
-Мысықтың даусы шығып жатыр ма? -Солай секілді
-Мяяяяу. Сәлеметсіздерме, қалайсыздар..мрр
-Осында жаңа жыл болады дегенді естіп, келе жатқан түріміз
-Келдік, құр қол келген жоқпыз. Ән дайындап келдік
-Сәлеметсіздерме. Әрине, осы жаңа жылды бізбен бірге тойлауларыңызға болады.
-Ендеше сіздерге ән орындасақ /KeshYou-Жаңа Жыл/ /Шапалақ/
/Осы жерде Дисней еліндегі барлық ханшайымдар кіріп келеді/
-Салем балалар! Салем №5 мектеп-лицейі! Назерке
-Біз сонау Дисней елінен осы жерге Жаңа Жыл мерекесі үшін келдік. Ж.Асем
-Иә,әрине. Айтпақшы біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз бар емес пе?
-Балалар да Аяз атаны көруге асығып тұрған шығар.
-Ендеше Аяз атаны шақырайық.
-Кәнекей балалар. Аяз атаны шақыру үшін бәріміз бірге: «Аяз ата келші, Билейік, ән салайық Аяз ата келші Қуантайық балаларды» -Аяз Ата: НО!НО!НО! Мынау не деген сүйкімді балалар. Сәлеметсіңдерме!
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
/Балалар қосылып/: -Сәлеметсізбе!
Аяз Ата: Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын! 2020 жыл тышқан жылы. Өткен өмірді ұмытып, жаңа өмірге қадам басатын мереке! Осы жылды бақыт, шаттық сыйлайтын жыл деп үміттенемін. Мен де қазір балалардың өнерін тамашаласам ба деймін. Бірақ, шыршамыз неге жарқырамайды?
Ақшақар: Керемет, олай болса не күтіп тұрмыз, шыршаны жарқыратыңдар. -Қанекей балалар, Қуант, бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат. 3 рет
-Мәссаған, міне керемет! Мұндай сұлу шыршаны 1-ші рет көріп тұрмын.
Қанеқей балалар өнерлеріңді көрсетіңдерші.
Хоровод №3/Слышишь кто то идет /
/монтаж/
Ернұр:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Дулат:
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Мереке:
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Нұрдаулет:
Этот праздник любит каждый,
Этот праздник каждый ждет,
Для детей он самый важный,
А зовется — Новый год!
Будет елка наша яркой,
В разноцветной мишуре,
Принесет Мороз подарки
И подарит детворе!
Жанель:
В двери Новый год стучится,
Дед Мороз к нам в гости мчится,
В небе праздничный салют,
И часы двенадцать бьют.
Огоньки сверкают ярко.
Свечи, шарики, подарки.
Скоро сказка в дом войдет,
Скоро будет Новый год!
Әділжан:
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Айкоркем:
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.
Үстіме жалп-жалп жауады,
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы,
Ақ жібектің түріндей.
Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Қайрат:
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Назерке:
It is December the thirty-first. Something is about to burst. The thirty-first of December is the day When we have a great holiday. The New Year usually comes at midnight And brings us presents So sweet and bright.
Санжар:
New Year’s Day, a happy day! We are glad and want to play. We all dance and sing and say: “Welcome! Welcome! New Year’s Day!”
Ақшақар: Жарайсыңдар, балалар! Мен бос келмедім, өз өнерімді ала келдім.
Ақшақар биі, ата - аналармен
/Хоровод № 4«В лесу родилась ёлочка»/
Ақшақар: Аяз ата, айтыңызшы, балалар неткен сүйкімді, талантты
Аяз Ата: Иәә, ал ендеше осы өнер көрсеткендерің үшін сіздерге тосын сыйым бар /шоколад таратады/
Аяз Ата: Ал балалар, мені басқа бүлдіршіндер күтіп қалды. Сау болыңдар
-Сау болыңыз!
Флешмоб
Келесі құттықтау сөз кезегі № 5 мектеп- лицей директорының бейіндік жөніндегі орынбасары Боқаева Гүлжан Мұханбетқызына беріледі.
1- жүргізуші: Мінекей біздің кешіміз де соңына жетті !