kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Дін-т?рбие бастауы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Дін-т?рбие  бастауы

Ма?саты:О?ушылар?а  ислам діні туралы толы??анды т?сінік беріп, имандылы??а т?рбиелеу, экстремистік ?айшылы?тардан жастарды? бойын аула? салу?а ы?пал жасау, ж?ртшылы?ты д?ст?рлі емес дінні? т?рлі а?ымдарынан са?тандыру, ?лтты? діни бірлікті са?тау, дінімізге іріткі салдырмау, инабаттылы??а  баулу.

 ?дісі:  с?ра?-жауап, т?сіндіру, ??гімелесу, баяндау.

 К?рнекілігі:мешітті? суреті, діни кітаптар, ??ран кітабы, на?ыл с?здер, М?хаммед Пай?амбарды? хадистер жина?ы, презентация, видео-ролик.

 Барысы:

Ж?ргізуші:

Армысыздар  ?стаздар  ж?не  о?ушылар! Б?гінгі «Дін – т?рбие  бастауы» атты кешімізге  ?ош  келді?іздер!

         Б?гінгі кездесу  кешімізді?  ма?саты жастар?а ислам діні туралы толы??анды т?сінік беріп, имандылы??а т?рбиелеу, экстремизм-терроризмдік   ?айшылы?тардан  жастарды?  бойын  аула?  салу?а ы?пал  жасау, ж?ртшылы?ты  д?ст?рлі емес дінні? т?рлі  а?ымдарынан  са?тандыру, ?лтты? діни  бірлікті са?тау, дінімізге іріткі салдырмау, инабаттылы??а баулу ба?ытында болып отыр.

І.Ислам  діні туралы ма?л?мат

( 4-16-шы слайдтан о?ып  беру)

ІІ. Имандылы? ?ліпбиі туралы  (17-49-слайдпен  ж?мыс)

ІІІ.Ендігі  кезекті  имандылы?  жайында?ы  ?ле?дерге  берейік.

К?ні  кеше  9 а?панда  д?ниеге  келгеніне  85 жыл  тол?ан, хал?ымызды?  а?иы?  а?ыны  атан?ан  М??а?али  Ма?атаевты?  жырларын  жарыса  жаттап, жан-жа?ты  талдау  жасап  жат?анымызбен  діни  та?ырыпта  жаз?ан  ?ле?дері  барын  енді  сезіне  баста?андаймыз. М. Ма?атаев  «Адамны?  т?п  тегі, маймыл, ??дай жо?»  деген  атеистік  ?о?амда  ?мір  с?рсе де а?и?ат  жолынан  адаспа?ан.

А?ынымызды?  азан  ша?ырылып  ?ой?ан  аты  М??амед?али, я?ни  Пай?амбарымыз  бен  хазіреті  ?лиді?  ?осындысы. Осы  арада   «?улегі  аты  М??амед?али  бола  т?рып, ?алайша  М??а?али  есімімен  танылды?» деген  орынды  с?ра?  туылуы  м?мкін. Б?л  туралы  а?ын  ?з  естеліктерінде:

««Мені?  есімімді  ?ке  М??амед?али  деп  ?ойыпты  деп  ?ойыпты. ?кем  со?ыста  ?аза  болды, ма?ан  б?л  есімні?  ?адір-?асиетін  білемін бе?» деген  ой  келді. ?йткені  б?л  б?кіл  м?сылманны?  арда?тысы  пай?амбарды?  есіміне  ??сап  кетеді. Соны  ?зімше  ?згертіп  М??асы  мен  ?алиын  алып, ?згертіп  алдым»-деген  екен. Міне, б?л  жа?дай   а?ынны?  дінді  ??рметтегеніні?  ку?сі  екені  аны?.

?рине, асыл  дініміз  бен  Алла?ты?  ??діреті  туралы  жаз?ан  а?ын-жазушыларымыз  к?п.

?андай  имандылы?  турасында  ма?ал-м?телдер  білесіздер?

Имандылы? туралы ма?ал – м?телдерге  кезек беру.
Ж?ргізуші: Рахмет, б?рекелді!

Намаз  туралы 50-57 слайдтарды  к?рсету

«Т?убеге  келу»  діни  драмасын  10 класс  о?ушыларыны?  ?оюымен  тамашала?ыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Дін-т?рбие бастауы"»

Тақырыбы: Дін-тәрбие бастауы

Мақсаты: Оқушыларға ислам діні туралы толыққанды түсінік беріп, имандылыққа тәрбиелеу, экстремистік қайшылықтардан жастардың бойын аулақ салуға ықпал жасау, жұртшылықты дәстүрлі емес діннің түрлі ағымдарынан сақтандыру, ұлттық діни бірлікті сақтау, дінімізге іріткі салдырмау, инабаттылыққа баулу.

 

Әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, баяндау.

 

Көрнекілігі: мешіттің суреті, діни кітаптар, құран кітабы, нақыл сөздер, Мұхаммед Пайғамбардың хадистер жинағы, презентация, видео-ролик.

 

Барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Дін – тәрбие бастауы» атты кешімізге қош келдіңіздер!

  Кез келген саналы адамның 

соңғы табан тірер байламы – Ислам.

          Я, Алла!

Адамдарға қас қылма

Сорлы қылма көк аспанның астында

Я, Алла! 

Жауыздықтан сақтай гөр.

Жамандыққа, жауыздыққа бастырма – деп   ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөздерімен  бүгінгі кешімізді бастайық.

Кешіміздің жоспары:

  1. Ислам діні –жайлы түсінік.

  2. Имандылық әліпбиі

  3. Имандылық жайлы ақындар өлеңдер

  4. Мұсылманның 5 парызы жайлы әңгіме қозғаймыз.

  5. Тәубеге келу! 10 класс оқушыларының қатысуымен діни драма.

  6. Имаммен сұқбат

Жоспарымызда өздеріңіз көріп отырғандай, имаммен сұқбат айдары бар. Осы кешімізге Мәдениет ауылының имамы, өзіміздің ауылымыздың тумасы Алмас Қалиханұлы келіп отыр. Өздеріңізді толғандырып жүрген сұрақтарыңыз болса, дайындап отырыңыздар, кезегі келгенде имамға қоясыздар.

Бүгінгі кездесу кешіміздің  мақсаты жастарға ислам діні туралы толыққанды түсінік беріп, имандылыққа тәрбиелеу, экстремизм-терроризмдік қайшылықтардан жастардың бойын аулақ салуға ықпал жасау, жұртшылықты дәстүрлі емес діннің түрлі ағымдарынан сақтандыру, ұлттық діни бірлікті сақтау, дінімізге іріткі салдырмау, инабаттылыққа баулу бағытында болып отыр.

І.Ислам діні – дүние жүзіне кең тараған діннің бірі. Ислам діні алғаш рет  Арабияда дүниеге келді. Дүние жүзінде 5000 миллионнан аса мұсылман бар. Мұсылман дінінің негізін салушы Мұхаммед Пайғамбар. Бұл діннің қасиетті кітабы – Құран. 

«Құран сөзі – Құдай сөзі» деп үйретеді мұсылман баласы. Құран мұсылман баласының қалай өмір сүру керектігі жайлы жазылған заң шарттарынан тұратын кітап.

Құран кітаптарда жазылған аяттар  адамдарды мұсылмандық жолға бастайды. Мұхаммед Пайғамбар айтқан екен: « Қымбатты менің елшілерім, сендер қандай жұмыс бастасандар, қандай іске кіріссенде, «Бисмилла рахман-рахим»  деп баста, сонда сол істің сауабы тиеді. Істеген ісің жақсылыққа бастайды. 

Құран Мұхаммедке 23 жылда Жәбрейіл арқылы сүре-сүре, аят-аят болып, түскен. Құран 114 сүре, 66000 аяттан тұрады.

Хадис – Мұхаммед Пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап. Онда мұсылмандардың имандылық, инабаттылық, адамгершілік ережелері жинақталған. 

Мешіт- Алла үйі, қасиетті инабат, ғибадат орны. Мешітке оң аяқпен сәлем беріп кіреді. Мұнда төрге, орынға таласпайды, әдепсіз сөйлеуге болмайды. Әр мұсылман Алла үйіне құрметпен қарауға міндетті.

Енді, кезекті Мұхаммед Пайғамбарымздың ғибратты даналық сөздеріне берейік. Ол үшін мен ортаға 8 класс оқушысы Төлеубекқызы Айботаны шақырайын. Назар аударып, көңілге түйіп отырыңыздар!

( 4-16-шы слайдтан оқып беру)

Әке-ананы қалай құрметтеу керек екенін өздеріңіз естідіңіздер, енді 4 класс оқушысы Жалелов Ақтілектің орындауындағы «Әке-ана» әніне кезек берейік.

ІІ. Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Өздеріңіз білесіздер қазақ әліпбиі арқылы біз хат танып, білім алып жатырмыз. Осы қазақ әліпбиінің исламдағы орынының қандай екенін сіздерге жеткізу үшін, 8 класс оқушылары Мұхамедиярова Ақмарал мен Тлеутай Аянды ортаға шақырайын. (17-49-слайдпен жұмыс)

ІІІ.Ендігі кезекті имандылық жайындағы өлеңдерге берейік.

Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлының

«Жанымды алсаң, Құдай, иманмен ал!» атты өлеңін оқу үшін

9 класс оқушысы Оразханова Айдананы ортаға шақырайын.

Иман-қой, ақыл-қойшы, нәпсі-бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері.

Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәле, шайтан-пері.

Арам болса, қашады су кісіден,

Естімеген сөз шығар сұм кісіден.

Кітап Құран айтқаны рас болса,

Ұжмақ көрер бір жан жоқ бұл кісіден.

Жарлығы екі болмас хақ Құдайым,

Жанында серігі жоқ, дақ Құдайым.

Жанымды алсаң, Құдай иманмен ал,

Шайтанның қазасынан қақ, Құдайым!


Ш. Құдайбердиевтің «Адамдық борышың» атты өлеңін оқу үшін Айтқожа Еркеназды шақырайын. Қарсы алыңыздар.

Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен.
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба, мансабтың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе, басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің
Барыңды, нәріңді, тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт – осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің!
Кісіге адамшылық неге керек?
Кісіге адамшылық неге керек?
Адамдық өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттен қалай дейсің
Аямай әл келгенді жұлып жемек?
Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,
Артылған жерің қайсы онан бөлек?
Үнемі сен жеріңді қайдан білдің
Бұл дүние кезек берер істі дөңгелеп.
Келесі кезекте ортаға 10 класс оқушысы Мырзасадық Мөлдірді шақырайын. (Ғ. Төлегенқызы) Ақиқат жолы

Өміріме нұр құяр Құран шырақ.
Ойыма салмас ешбір тұман - сызат.
Айнымастан әрқашан сеніп өтем
Төрт шындықтың барына күмәнсіз - ақ
Ең бірінші сенемін – Жаратқанға
Екіншіден сенемін Хақ сөзіне
Үшіншіден сенемін Пайғамбарға
Бас иемін Алланың жарлығына.
Қанатын қырандардың қайырмағай
Сұмдық - қулық қоғамға жайылмағай
Жаратқаным жар болып бәрімізге
Ақиқаттың ақ жолынан айырмағай.

Махамбет Бекмырзаның мына бір өлеңін 9 класс оқушысы Әлімғазина Балнұрдың орындауында тыңдап көрейік.

Яссауи, Арыстан баб, әл- Фараби даналарым, 

Әулие Есет, Бекет, Қарақожа бабаларым. 

Жастарды желеп - жебеп аруағыңызбен, 

Қазақтың қолдандаршы бабаларын. 

Өтпелі қиындықты ауырламай, 

Халықты тура жолға салып тұрған 

Жастардың арта берсін талаптары! 

Жайылып өсе берсін қанаттары.

Ақырет жолы ауыр ғой, қарақтарым, 

Анық қой о дүниеге бір барарың.

Алла деп адал еңбек етсеңіздер, 

Ашылар жұмақтың есіктері алдан әлі. 

Жұмақтан орын алар адал адам, 

Силаса құдай жолын болмай арам.

Иман жүзді адамдар көп болса екен, 

Тілеймін имансыздық болмағанын.

Манат Иманбаев «Құранды оқығанда» өлеңімен 11 класс оқушысы Емелтаева Еркеназды ортаға шақырамын.

Оқыған сайын ашылып жүрек көздерің,

Сезінумен Құранның асыл сөздерін.

Жүрек жылап, көзіңе жас толады,

Өкінумен уақыттың босқа өткен кездерін.

Бір әріпі мұхиттың тамшы суындай,

Түсінбессің пендешілік бойдан қуылмай.

Қолға ұстауға пендеге еш рұқсат жоқ,

Дәрет алып, тазаланып, жуынбай.

Құран күшін өзгеге қалай жеткізем,

Шөліркеген жүрекке гүл еккізген.

Түсіне тұрып мұнафиқ болған пенденің,

Обалы жоқ, өз бақытын тепкізген.

Болар ілім екі дүние қазығың,

Тұрар жерің мақшар майдан жазығың.

Барам десең жұмаққа сен қиналмай,

Құран, хадис ең сенімді азығың.

Мұнан артық бұл дүниеде ілім жоқ,

Құранменен жүрек тыныш, көңіл тоқ.

Сезсе шіркін, құдіретін Құранның,

Бұл пендеге екі дүниеде қайғы жоқ.

Түсінгенде қасиетті Құран сырларын,

Күлгенімнен келеді көп жылағым.

Амал дәптер оң жағымнан беріліп,

Болса екен қабірде жеңіл сұрағым.

Күні кеше 9 ақпанда дүниеге келгеніне 85 жыл толған , халқымыздың ақиық ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың жырларын жарыса жаттап, жан-жақты талдау жасап жатқанымызбен діни тақырыпта жазған өлеңдері барын енді сезіне бастағандаймыз. М. Мақатаев «Адамның түп тегі, маймыл, Құдай жоқ» деген атеистік қоғамда өмір сүрсе де ақиқат жолынан адаспаған. Оны класс оқушысы Исабаева Еркежанның орындауындағы мына өлең жолдарынан байқаймыз.

Мұқағали Мақатаев

Жақындық сеземін-

Жерден де аспаннан.

Жылылық сеземін-

Мұздардан, тастардан.

Өмірім сірә да,

Арыдан басталған.

Арыдан басталып,

Мәңгіге тасталған.

Осы мен өлмейтін,

Өлмейтін шығармын.

Сәл ғана мызғып ап,

Қайтадан тұрармын.

М. Мақатаевтың осы бір өлең жолдары әлимсақ пен қиямет аралығын қамтып жатқандай. М. Мақатаев ислам дінін жырлап қана қоймай, жан тәнімен шынайы түсініп амал жасауға тырысқан. Ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев : «Әкеміз ауырып, немесе денесіне бөрткен шықса, өзі бірдеңелерді күбірлеп оқып, жазып алатын. Сөйтсек, біраз дұғаларды жатқа білген екен»-дейді өз естеліктерінде.

Сонымен қатар, ақиық ақын діни тақырыпта өлең жазуымен қатар Қасиетті Құранды өз қағидасы бойынша оқи білген.

Сондай-ақ, қымбатты көрермендер ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шын атын кім біледі?

Ақынымыздың азан шақырылып қоыған аты Мұқамедқали, яғни Пайғамбарымыз бен хазіреті Әлидің қосындысы. Осы арада «әулегі аты Мұқамедқали бола тұрып, қалайша Мұқағали есімімен танылды?» деген орынды сұрақ туылуы мүмкін. Бұл туралы ақын өз естеліктерінде:

««Менің есімімді әке Мұқамедқали деп қойыпты деп қойыпты. Әкем соғыста қаза болды, маған бұл есімнің қадір-қасиетін білемін бе?» деген ой келді. Өйткені бұл бүкіл мұсылманның ардақтысы пайғамбардың есіміне ұқсап кетеді. Соны өзімше өзгертіп Мұқасы мен Ғалиын алып, өзгертіп алдым» -деген екен. Міне, бұл жағдай ақынның дінді құрметтегенінің куәсі екені анық.

Әрине, асыл дініміз бен Аллаһтың құдіреті туралы жазған ақын-жаузышыларымыз көп.

Қазақ халқының кемеңгері Абай атамыз ақын ғана емес, ол – Ислам дінін терең түсінген теолог ғалым деуге болады.Оны өлеңдері мен 38 қара сөзінен көрумізге болады.Алайда, Дін туралы, оның қыр-сырлары туралы айта берсек, бізге берілген уақыт жетпейді әрине.Қырымен сырын жетік меңгеру үшін, үнемі ізденіс үстінде болыңыздар дей келе, сіздерге қымбатты оқушылар сұрақтар қойғым келіп отыр.

Қандай имандылық турасында мақал-мәтелдер білесіздер?

Имандылық туралы мақал - мәтелдер
1. Ата жолы - адамдық, ана жолы – адалдық.
2. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.
3. Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік
4. Алғыс алған алтынға жолығады.
Қарғыс алғанның аты жоғалады.
5. Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.
6. Мал – бір жерге, иман бір жерге.
7. Ұяты жоқтың иманы жоқ.
8. Қадірлесең, әр тін қадір.
9. Сеннен - әрекет, Алладан – берекет.
10. Молда болғаннан, адам болған қиын.
11. Сұрай – сұрай Қағбаға да жетерсің.
12. Хақтың жолы – бір, жалғанның жолы – мың.
13. Жалғыздың жары – құдай.
14. Жаманмен жүздесу жаһаннам.
15. Әкбар бермейді – Алла береді.
Жүргізуші: Рахмет, бәрекелді!

Енді, тағы да біраз сұрақтар қойсам деп тұрмын.

1.Мұсылмансыз ба? Әлхамдулилах мұсылманмын.

2. Қалай дәлелдейсіз? (Лә-иллаһа-иллалах, Мұхамадур Расулл аллах)

Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі)

3. Мұсылманның 5 парызын атап беріңіздерші.

1. Аллаға сеніп, Мұхаммедтің үмбеті екенін мойындау.
2. Дәрет алу, күніне бес рет намаз оқу.
3. Рамазан айында отыз күн ораза ұстау
4. Қажылыққа Меккеге бару.
5. Жарлыға зекет беру (пітір - садақа беру)

Рахмет,олай болса, қымбатты көрермендер, біз сіздерге мұсылманның 5 парызының бір намаз жайлы тоқтала кеткенді жөн көрдік. Ортаға қасиетті Рамазан айында отыз күн оразасын ұстап, намазды қасиетті деп ұғынатын 8 класс оқушысы Қайратқызы Мөлдірді шақырайын. Мөлдірдің айтқандары жүректеріңіздің түбінен орын алады деген сенімдеміз.
50-57 слайдтарды көрсету

«Тәубеге келу» діни драмасын 10 класс оқушыларының қоюымен тамашалаңыздар.

Енді, Ерқанат рөлін сомдаған 10 класс оқушысы Биғазин Талғардың орындауындағы «Кешір Алла» әніне кезек берейік.

Қымбатты оқушылар:- Мың жылдан астам уақыт ата - бабаларымыз ұстанып келген Ислам дінін құрметтеуіміз керек. Отан иманнан басталады демекші. Өз Отанымызды сүйген адал, иманды азамат болайық-дей отыра енді, кешіміздің ең қызықты айдары имаммен сұқбатқа келді.

Алмас мырза сіздердің қандай да болса сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.

Алмас мырза, бүгінгі таңда намаз оқитын иманды жастарымыз көбейді, бұл әрине қуанарлық жайт. Бірақ сол жастарымыз  қоғамнан бөлектеніп бара жатқан жоқ па?

Қазіргі кезде көптеген діни ағымдар шығып жатыр. Осы ағымдар туралы не айтасыз? Осы ағымдардың ислам дініне қатысы қандай?

Ислам дінінің терроризммен  байланысы бар ма?

Қазіргі таңда дәстүрлі емес  мұсылман  дінін уағыздаушылар да, олардың жетегіне  ерушілер де  артып келеді. Бүгінгі таңда облысымызда да, әсіресе жастар арасында алаңдатушылық туғызып отырған ислам дінінің  «сәләфилік» немесе басқа да радикалды ағымын ұстанушылар жөнінде не айтар едіңіз?

Оқушылар сұрақтарын қойып болған соң, қымбатты Алмас мырза осындай тамаша сәтті пайдаланып, 11 класс жетекшісі өзінің мектеп табалдырығынан түлеп ұшайын деп отырған оқушыларына сізден бата алсам деген тілегі бар екен. Сіз оған қалай қарайсыз?
Алмас мырза өзіңізге осындай үлкен ой бөліскеніңіз үшін алғысымызды білдіре отырып, орамал тон болмайды жол болады деп мына сыйымызды ұсына отырып, 9 класс оқушысы Жалелов Әсеттің орындауындағы «Шүкір Алла» әнін өзіңізге арнаймыз.

Қымбатты көрермендер, өздеріңізге мына аумалы төкпелі заманда дұрыс жолдан таймас үшін мына ережелерді ұсынғымыз келіп отыр. (таратып беру)

Тәуелсіздік тұғырын
Биіктетуге бола ма,
Өзге дінге бет бұрғандар,
Елге тұлға бола ма,
Айтыңдаршы қазағым,
Еліміз осылай оңа ма?
Болашаққа жол бастасақ,
Құстар елге қона ма,
Балалардың тағдырына,
Алаңдамауға бола ма?
Аналық біз жүрекпен,
Берейік тәлім- тәрбие,
Алаңдаймыз болашаққа,
Бәріне де, бәріне
Иман жүзді, ибалы
Болайықшы, әрине-деп қорытынды сөзді мектеп директоры Е.С.Тусупов мырзаға беремін.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Дін-т?рбие бастауы"

Автор: Карибаев Данияр Жалелович

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 295412


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства