kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Денсаулы? зор байлы? т?рбие са?ат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?аты: 23.11.2013      3 «г» сынып.

Та?ырыбы: «Бірінші байлы? – денсаулы?»

Ма?саты: 1.Жас ?рпа??а адам денсаулы?ыны? ?ымабаттылы?ын, ?мір с?ру                        

                    ?шін ?ажетті ба?алы байлы? екендігін т?сіндіру.

                    2.Сыни т?р?ысынан ойлау, шы?армашылы? ?абілетін дамыту, 

                     с?йлеу шеберліктерін жетілдіру.

                    3.Денесін шы?дау?а,шымыр да шапша?, у?ыпты да жина?ы,  

                        ?демі болу?а  т?рбиелеу.

К?рнекіліктер: суреттер,тірек-сызба.

Саба?ты? барысы:

І.?йымдастыру б?лімі: ??рметті ?стаздар, о?ушылар.

Салауатты ?мір салтын ?алыптастыру ма?сатында «Бірінші байлы? денсаулы?» - деген та?ырыпта т?рбие са?атын ?ткізгелі отырмыз.

ІІ. Негізгі б?лім:

- Денсаулы? дегенді ?алай т?сінесі?дер?

 - денсаулы? ел дамуыны? басты ар?ауы

-денсаулы? жеке адамны? басты байлы?ы

-денсаулы? адам тіршілігіні? е? бірінші шарты

-б?гінгі дені сау ?рпа?-елді? ерте?гі жал?асы

 Ой ашар с?ра?тары:

  1. Ол судан ?ор?ады, одан кір ?ор?ады (сабын)
  2. Тіс тазартатын ??ралдар (тіс щеткасымен паста)
  3. Денені шыны?тыратын,денсаулы??а ?сері мол саба?(дене шыны?тыру)
  4. Жал?ауды? досы (еріншектік пен ?й?ы)

-Балалар жеке басты? гигиенасын са?тау дегенді ?алай т?сінесі?дер?

1-жеке бас гигиенасын са?тау-таза ж?ру,та?ерте?гі жатты?уларды жасау,ж?гіру,жуыну,тырна?ты ?сірмей уа?ытылы алып ж?ру,к?н т?ртібін са?тау.

2-мектепте де,?йде де тазалы?ты са?тауымыз ?ажет. Тісімізді жуу, ?олымызды сабындап жуу, б?где заттарды ?стамау.

3-жеміс-жидектерді жуып жеу, тама?ты асы?пай шайнап жеу, тама? ?стінде с?йлемеу. Спортпен айналысу.

4-?рбір адам ?з денесін шыны?тырса, айналада?ы таби?атты ластамай таза ж?рсе ауру жоламайды. Ал таби?атта?ы е? керекті заттарды атап бері?дерші.

- ауа, су, к?н.

-д?рыс айтасы?, себебі сусыз, ауасыз, кунні? н?рысыз тіршілік жо?.

1 - О?ушы:

Жер шары «д?у» ?лем,

?орша?ан ауамен.

Ауадан тыныс ап,

?сті ?мір, ырыс, ба?.

Денсаулы? – дауа да,

Д?мге к?ш ауада.

2 – О?ушы

Сусын да ?рі дем,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Денсаулы? зор байлы? т?рбие са?ат»

Тәрбие сағаты: 23.11.2013 3 «г» сынып.

Тақырыбы: «Бірінші байлық – денсаулық»

Мақсаты: 1.Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымабаттылығын, өмір сүру

үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.

2.Сыни тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту,

сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

3.Денесін шыңдауға,шымыр да шапшаң, уқыпты да жинақы,

әдемі болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер,тірек-сызба.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі: Құрметті ұстаздар, оқушылар.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Бірінші байлық денсаулық» - деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

ІІ. Негізгі бөлім:

- Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

- денсаулық ел дамуының басты арқауы

-денсаулық жеке адамның басты байлығы

-денсаулық адам тіршілігінің ең бірінші шарты

-бүгінгі дені сау ұрпақ-елдің ертеңгі жалғасы

Ой ашар сұрақтары:

  1. Ол судан қорқады, одан кір қорқады (сабын)

  2. Тіс тазартатын құралдар (тіс щеткасымен паста)

  3. Денені шынықтыратын,денсаулыққа әсері мол сабақ(дене шынықтыру)

  4. Жалқаудың досы (еріншектік пен ұйқы)

-Балалар жеке бастың гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?

1-жеке бас гигиенасын сақтау-таза жүру,таңертеңгі жаттығуларды жасау,жүгіру,жуыну,тырнақты өсірмей уақытылы алып жүру,күн тәртібін сақтау.

2-мектепте де,үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуу, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау.

3-жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. Спортпен айналысу.

4-әрбір адам өз денесін шынықтырса, айналадағы табиғатты ластамай таза жүрсе ауру жоламайды. Ал табиғаттағы ең керекті заттарды атап беріңдерші.

- ауа, су, күн.

-дұрыс айтасың, себебі сусыз, ауасыз, куннің нұрысыз тіршілік жоқ.

1 - Оқушы:

Жер шары «дәу» әлем,

Қоршаған ауамен.

Ауадан тыныс ап,

Өсті өмір, ырыс, бақ.

Денсаулық – дауа да,

Дәмге күш ауада.

2 – Оқушы

Сусын да әрі дем,

Су-емші бәрінен

Сусыннан берді жер,

Жуынсаң сергітер

Денсаулық тірегі.

3 - Оқушы

Нұр сәуле шуақты

Беретін қуатты

Ұлы емші анамыз,

Күннен күш аламыз.

Жылытып қыздырылып

Нұрына жүздіріп

Күн ана шуағы

Сырқатты қуады

4 – Оқушы

Шат көңіл адамдар

Ақ көңіл адамдар!

Денсаулық зор байлық

Жан саулық мол байлық

Амандық үшін де

Адамдық ісінде

Қолданып ел сынар

Табиғат емші бар.

-Деніміз сау болу үшін біз айналадағы табиғатты ластамауымыз керек. Қоршаған табиғатты сүйю жерге түкірме, қоқыс тастама. Бұл сенің – денсаулығың.

-Денсаулыққа байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

-оқушылардың жауаптары.

  • (есікті қағып жалқаубек кіреді) Сәлеметсіздерме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп,балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын,сағыз,чипси әкелдім.

  • Жалқаубек сен асықпа, қазір сенің әкелген тамақтарың туралы дәрігерден сұрайық. Дәрігер, газды сусын, сағыз, чипсиді тамақ ретінде қолдануға бола ма?

  • Дәрігер:Газды сусынның құрамында консерванттар бояғыш пен араматизатор беретін иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді., газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусының құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ. Сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегіңнің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюы өте қауіпті. Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, бұл заттар жүйке жүйесіне ұлы әсер етеді.

  • Рахмет сізге дәрігер. Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдар ма?

  • Ал қандай тамақ пайдалы?

  • Жеміс жидектердің суреті.

  • Өз ойыңды айт: (3 қатарға 3сұрақ )

І. Денсаулықтың достары.

ІІ. Денсаулықтың қастары.

ІІІ. Салауатты өмір салты.

Қорытындылау: Керекті нұсқаулар: «Өмір сүру ережелері»

-Су денеңді шынықтырады, күш-қуат береді. Таза ауада серуендеу, шаңғы теуіп, қарда ойнау. Қоршаған табиғатты сүй аяла! Жерге түкірме, қақырма, қоқыс тастама! Бұл сенің денсаулығың. Үлкен кісілермен амандасып жүру. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле. Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады. Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.

Ал, балалалар деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын меңгердік деп ойлаймын. Болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Денсаулы? зор байлы? т?рбие са?ат

Автор: Базарбаева Гулшат Кобейсиновна

Дата: 01.12.2015

Номер свидетельства: 260699


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства