kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д.Қонаевтың 105 жылдығына арналған "Қазақтың қарапайым бір ұлымын" атты сынып сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы мәлімет беру;

                    Халыққа сіңірген еңбектерін дәріптеу;

                    Отансүйгіштікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа баулу.
                                                                     

Барысы:

Мұғалім сөзі: Балалар, сендер Д.Қонаев деген есімді естігендерің бар ма? Осы азамат туралы не білесіңдер?

             Бүгін біз Д.Қонаевтың өмір жолы мен атқарған қызметтерімен танысамыз.

Д.А.Қонаев 1912 жылы қаңтардың 12-де Алматы қаласында туды. Еңбек жолын 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастады.
    Өзі жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмыскерлігінен бастап цех бастығы, рудниктің техника бөлімінің меңгерушісі, бас инженері, директоры болып қызмет атқарды.
Сол жылдары Қоңырат құрылысы қарыштап дамыған еді. Д.Қонаевтың өзі тұрған үйі, балабақша, аурухана, мәдениет үйі салынды. Осындай қажырлы еңбегі үшін 1938 жылдың шілде айында "Ерекше еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Димаш Ахметұлы Қонаевтың ел басқарған кезеңі 1955-1986 жылдары. Осы жылдарда Қазақстанның экономикасы 7 есе өсіпті. Мыңдаған елді мекендер пайда болған, 68 жұмысшы поселкесі, 43 қала салыныпты. Халықтың саны өсті, ол республика қуатының өркендеуіне қол жеткізді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д.Қонаевтың 105 жылдығына арналған "Қазақтың қарапайым бір ұлымын" атты сынып сағаты»

«И.Шорманов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Сынып сағатының тақырыбы:

«Қазақтың қарапайым бір ұлымын»

2«А» сынып жетекшісі: Актанова Чолпан Ирузаковна







Алмалы ауылы

2016 -2017 оқу жылы





«И.Шорманов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Д.Қонаевтың туылғанына 105 жыл толуына арналған сынып сағаты

Тақырыбы: «Қазақтың қарапайым бір ұлымын»


Мақсаты: Оқушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы мәлімет беру;

Халыққа сіңірген еңбектерін дәріптеу;

Отансүйгіштікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа баулу.

Барысы:

Мұғалім сөзі: Балалар, сендер Д.Қонаев деген есімді естігендерің бар ма? Осы азамат туралы не білесіңдер?

Бүгін біз Д.Қонаевтың өмір жолы мен атқарған қызметтерімен танысамыз.

Д.А.Қонаев 1912 жылы қаңтардың 12-де Алматы қаласында туды. Еңбек жолын 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастады.
Өзі жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмыскерлігінен бастап цех бастығы, рудниктің техника бөлімінің меңгерушісі, бас инженері, директоры болып қызмет атқарды.
Сол жылдары Қоңырат құрылысы қарыштап дамыған еді. Д.Қонаевтың өзі тұрған үйі, балабақша, аурухана, мәдениет үйі салынды. Осындай қажырлы еңбегі үшін 1938 жылдың шілде айында "Ерекше еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Димаш Ахметұлы Қонаевтың ел басқарған кезеңі 1955-1986 жылдары. Осы жылдарда Қазақстанның экономикасы 7 есе өсіпті. Мыңдаған елді мекендер пайда болған, 68 жұмысшы поселкесі, 43 қала салыныпты. Халықтың саны өсті, ол республика қуатының өркендеуіне қол жеткізді.
25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі, М. Әуезов атындағы академиялық драма театры, М.Лермонтов атындағы орыс драма театры, Қазақ циркі, жастардың Неке сарайы, Ұлттық кітапхана, «Арасан» моншасы, жабық Көкбазар кешені, тоғыз қабатты Баспасөз үйі, Алматы темір жол вокзалдары, әуежай ғимараты, республикалық Пионерлер сарайы мен «Медеу» спорт кешені Дінмұхамедтің бастамасы арқасында дүниеге келген.
Заманымыздың заңғар тұлғасы Димаш Ахметұлы Қонаевтың халық үшін, еліміз үшін жасаған еңбегі кезінде жоғары бағаланды. Оған КСРО-дай алып державаның ең жоғары – Социалистік Еңбек Ері атағы үш рет берілді, ең жоғары ордені – Ленин орденімен 8 рет марапатталды.
Отбасы.

Сара ҚОНАЕВА, қарындасының айтуы бойынша:
Біз – Димекең екеуіміз бір әке, бір шешеден тудық. Ол — үйдегі үшінші бала. Үлкеніміз – Әмина деген апамыз. Ол кісі — көтерілісші Айтжан Түркебаевтың жұбайы. Одан кейінгі апамыздың аты – Мәймуна. Камал Қадыржановтың жары. Үшіншісі – Димекең. Димекеңнен кейін Наиза, Набила, Фазила деген апаларымыз болған. Назила мен Фазила оқу оқып жүрген жерінен өздері сұранып, соғысқа аттанған. Одан кейінгі — Гаухар, атақты сәулетші Бәсеновтың әйелі. Гаухардан кейін Едіге деген ұл болған екен. Оны әкеміз кішкентай кезінде далаға алып шыққанында көлденең жұрттың көзі тиген деседі, сол күні-ақ мұрттай ұшыпты. Шетінеп кеткен. Одан кейін – мен. Димекең екеуіміздің арамыз — он бес жас. Менен кейін Асқар деген ұл, Роза атты сіңлім бар. Кейінде әкем екі рет қатты қуандым дейтін көрінеді. Оның біріншісі — «Димашымның оқуын бітіріп, дипломын алып келгені, — дейді екен, — Ал екінші қуанышым – оның қызметке тұрғаннан кейін «үйленемін» дегені.Димаш ағам «үйленемін» деген хабарды жеткізгенде – жиырма жеті жаста. Зухра жеңгеміз бізге шешедей болып кетті. Мінезі көркем, ақылға да, парасатқа да бай, әзиз жан еді
1990 жылы Димекеңе жарты ғасыр жар болған Зухра жеңгеміз дүние салды. Сол жылы мен отбасыммен Димекеңнің шаңырағына көшіп бардым. Сөйтіп үш жыл бойы ол кісімен бірге тұрдым. Бұл үш жыл – Димекеңнің Зухрасынсыз өткен үш жылы еді. Бұл үш жыл – ол кісінің өмірін қорытындылаған, соңғы үш жылы еді


«Көзкөрген замандастарының естеліктері»
ҚОНАЕВ ТУРАЛЫ 300 ӨЛЕҢ ЖАЗҒАН АҚЫН
Өтеш ҚЫРҒЫЗБАЙ «Кемеңгер» атты кiтабы
«Тiрiсiнде биiкке түлеп өрлеген,
Тәнi өлсе де, ұлының жүрегi өлмеген.
Таң нұрына шомылып, күнде азанда,
Таулар бар ма, Димаш боп түрегелмеген.
Димаш десем, жанарым нұрға толған,
Сауыт кеудем патша өлең, жырға толған.
Димаш десем, самғаған көктi айналып,
Қыран құсым саңқылдап қырға қонған.
Ол кiсiдей менi жұрт түсiнгенде,
Ит жүгiртiп, кiм бассын мысымды елде,
Димаш жайлы жыр жазам, Димаш нұры,
Көкiрегiме сәулесiн түсiргенде»

«Қонаевтың зиялы заманында,
Қадау-қадау жайғасқан дала, құмда.
Жұрттың бәрi көгерiп, көктеп өскен,
Дән жинаған бидайдың сабағында», — деп кешегi «қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған» бейбiт заманнан хабар бередi. Ғалымдар жұмыр жердi жайлаған бүкiл елдiң басшыларын компьютерге түсiрiп екшеп, таразылағанда Дiнмұхаммед Ахметұлы Қонаев жетiншi орынды иеленiп, әлемдегi жетi ұлының бiрi атанған.
«Үзiлмеген достығы, сәлемдерi,
Басшылар да әрқилы әр елдегi.
Димашқа арнап жыр жаздым жетi шумақ,
Жетiншi ұлы атанған әлемдегi
«Жалғанда, мынау жалғанда,
Жұрт түгел жұмақ арманда.
Мұхтардай ұлы тұлғаның,
Жұлдызы биiк жанғанда.
Тұр неге, Дүние тойламай,
Лениндiк сыйлық алғанда?».
«Қазақ қалай күн кешсiн шырайланып,
Үкiметтен қол үзген былай қалып.
Бiрақ елiн жасытпай жебеп әлi,
Димаш рухы аспанда жүр айналып»
Қорытынды:
1993 жылдың 22 тамызында ол дүниеден өткенде, онымен қоштасуға келген халықта есеп болмады. Опера театрынан Кеңсай зиратына дейін жолдың екі жағы адамға толып, сүйікті перзентін ақырғы сапарға шығарып салды.
Сірә сияқты адамдарды әсте де өлді деуге болмайды. Ол артында өлмейтұғын іс қалдырған тұлға. Ол әрқашан халықпен бірге жасайды. Олардың жадында өмір сүреді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өмірден өткен соң, 1994 жылы Д. А. Қонаевты есте қалдыру жөнінде Президент Н. Ә. Назарбаев қол қойған Жарлық шықты. Соған орай ол жұмыс істеген мекемеге, институтқа оның аты берілді. Тек Алматыда ғана емес, республиканың жер-жерінде, елді мекендерде де Қонаев атындағы көшелер бар. Тіпті жер-жерлерде оған ескерткіш те қойылып жатыр









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Д.Қонаевтың 105 жылдығына арналған "Қазақтың қарапайым бір ұлымын" атты сынып сағаты

Автор: Актанова Чолпан Ирузаковна

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 386913


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства