kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бізді? ата-аналарымызды? маманды?тары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Докина Гулжамига Отегалиевна А?т?бе мемлекеттік педагогикалы? институтын 2005 жылы бітірдім. Е?бек жолын 1994 жылдан бастадым. Бастауыш класс м??алімі ?ызметін ат?арамын. 9 жыл Т?рбие ісі ж?ніндегі ?ызметін ат?ардым. 2015 жылдан бастап Хлебодаровка орта мектебінде Бастауыш класс м??алімі болып ж?мыс жасаймын. О?ушыларды ?з бетінше ж?мыс жасау ар?ылы шы?армашылы? ?абілетін арттыру проблемасынбасшылы??а аламын. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бізді? ата-аналарымызды? маманды?тары»

Тақырыбы: Біздің ата – аналарымыздың мамандықтары.

Мақсаты: Ата- аналарымыздың мамандықтарын дәріптеу, құрметеу.

Баларының көкірегіне мақтаныш сезімін ұялату .

Көрнекілігі: «Мамандығым – мақтанышым » суретті стенд, сурет көрмесі.

Жоспар: 1. Менің мамандығым

2. Сауал – бізден, жауап – сізден

3. Сурет салдым сүйсіне....

4. Кімге ұқсағым келеді

5 . Көңілді сәттер

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәңдік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата-ана» . «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». « Әкеден ақыл, анадан

мейір» алады. Ата- анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан да баласының әдепті, тәртіпті, білімді болып өсуін армандайды.

А.С.Макаренко «Ата- анаға арналған кітабында» «....Бала тәрбиесінде сіздің іс- қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз.Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмаған кезде де іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, өзгелермен қалай сөйлесетініңіз, олар туралы не ойлайтыныңыз, қалай газет оқығаныңыз, осы іс-әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Тіпті дауыс екпінінің өзгеруін де бала сезінеді, сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да. Ал отбасында сіз дөрекелік көрсетсеңіз, осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз »,- дейді.

ІІ.Негізгі бөлім

Бүгін біздер ата-аналарымыздың мамандықтарын дәріптеу, құрметтеу, балаларымыздың көкірегіне мақтаныш сезімін ұялату мақсатында «Біздің ата-аналарымыздың мамандықтары» атты дөңгелек үстел өткізгелі отырмыз.

Дөңгелек үстел басына ауылдағы мамандық иелері және олардың мектепте оқитын балалары жиналды.

1.Менің мамандығым

1-2-сынып оқушыларынан ата-анасының мамандығы туралы сұрап білейік. Балалар ойларын айтып болса, ата-аналар өз мамандықтарына тоқталып өтеді.

2. Сауал - бізден, жауап – сізден

Балалар ата-аналарға сұрақтар қояды.

1.Мамандығыңызды бала күннен армандадыңыз ба?

2.Мектепте қалай оқыдыңыз? Қандай пәндерді сүйіп, қызығып оқыдыңыз?

3.Осы күнгі балалар тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

4.Өзіңіздің жолыңызды балаларыңыздың қуғанын қалар ма едіңіз?

5.Бала кезіңіздегі арманыңыз қандай?

6.Балаңыздың кім болғанын қалар едіңіз?

7.Жастарға айтар тілегіңіз.

8.Балаларыңыздың атын қандай мақсат-тілекпен қойдыңыз?

9.Немерелеріңізбен бірігіп қазақ халқының ертегілерін оқып, талдайсыз ба?

10.Бала кезіңізде қандай ұлттық ойындарды өзіңіз ойнадыңыз, балаңызға үйретіңіз бе?

3.Сурет салдым сүйсіне

Оқушылардың өз отбасылары туралы салған суреттерінен көрме ұйымдастыру. Қысқаша әңгімелеп беру.

4.Кімге ұқсағым келеді?

Мына үзінділерге назар аударайық. « Шоқанның зеректігі әуелгі күннен-ақ біліне бастаған. Бір ауыз орысша білмейтін бала оқуға тез жаттығады».

«- Мынау не, қарағым?

- Бұл ма, аға, домбыра жасап алмақпын,ел кегін егіз ішектен еңіретіп төгетін, - деді бала».

«Қолына кішкене ғана домбыра ұстаған жасөспірім қыз бала қарияның жанына отыра кетті. Қария күйін доғарды да, жас гүлге көз тікті. Тек осыны күтіп отырғандай, жас қызғалдақ қарияның әлгі күйін ала жөнелді. Оның перне басқан сәби саусақтары көз ілеспес шапшаңдықпен ойнады да отырды».

Бұл үзінділерде Шоқанның, Құрманғазының, Динаның балалық шақтары болатын. Жас кезіндегі іс-қимылына қарап, олардан атақты адамдар шығатынын білген, болжаған. Осы әңгімелерде айтылғандай балаларымыздың болашағын қазіргі «іс-қимылына, ойнаған ойынына қарап болжай аласыздар ма? Балаңыз болашақта кім болады? Ата-ана ойын тыңдайық. Енді оқушыларға сөз кезегін берейік. «Кімге ұқсағым келеді?»

5.Көңілді сәттер «Сәйкесін тап» ойыны (ата-анаға)

1.Балаңыз қандай газет-журнал оқиды?

2.Балаңыздың ұнатататын тағамы

3.Сүйікті пәні

4.Жақсы көретін телебағдарламасы

5.Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

6.Балаңыз сабаққа қай кезде, кіммен даярланады?

7.Баланың тәртібіне, сабағына кім қарайды?

Балаларға сұрақ .

1.Қандай газет- журнал оқисың ?

2.Ұнатып жейтін тамағың

3.Сүйікті пәнің қандай?

4.Жақсы көретін телебағдарламаң

5.Бос уақытыңда немен айналысасың?

6.Сабаққа қай кезде, кіммен даярланасың?

7. Сенің тәртібіңе, сабағыңа кім қарайды?

Бір ауыз сөз: Ата-ана қайтсек білімді, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелейміз? Ата-ана пікірін тыңдау.

ІІІ.Қорытынды. Түйіндей келе, отбасындағы тәрбиеде ата-ананың ролі ерекше екенін айтқым келеді. Бала ата-анасының мамандық иесі екеніне мақтанады. Сіздерге қарап үлгі алады. Баланың дамуына салғырт қарамаңыздар.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Бізді? ата-аналарымызды? маманды?тары

Автор: Докина Гулжамига Отегалиевна

Дата: 21.01.2016

Номер свидетельства: 280250


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства