Просмотр содержимого документа
«Біздің басты жетістіктеріміз - 1995 жылы бүкіл халқымыз қабылдаған Конституциямыздың жемісі» (ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев)»
Біздің басты жетістіктеріміз - 1995 жылы бүкіл халқымыз қабылдаған
Конституциямыздың жемісі» (ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев)
Мақсаты: Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді жастардың бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Повышение в общественном сознании роли и значимости Конституции как источника действующего права государства,обладающего высшей юридической силой и обеспечившее построение демократического и правового государства.
Көрнекілігі: «Ата заң – елдігіміздің еңсесі» тақырыбы бойынша бейнеролик, слайд - шоу. ҚР Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба.
1 - Жүргізуші: Ата заңым – ар - намысым, айбарым, Болашағым, тектілігім, қайнарым, Ата заңның аясында көш бастап, Ел көгінде желбірей бер, байрағым! Қазақстан – егеменді, байрақты ел, Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел. Ата заң – елдігімнің еңсесі, Заңы барда қазақ елі айбатты ел. Заңым барда зайырлы елмен теңестір, Қай кезде де заңды біліп кеңес құр.
2 – Жүргізуші Ата Заң Ата Заңым, Алтын Заңым – ардағым, Аялаған адамзаттың арманын. Жол бастайды болашаққа жасампаз, Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың. Алтын Заңда – Парасатым, пайымым. Алтын Заңда - Күш – қуатым, жалыным. Сен қорғайсың Бостандық пен құқықты, Анамдайсың елжіреген жаны күн.
1 – Жүргізуші Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні) 1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні) Конституция туралы не білесіңдер?
2 – Жүргізуші Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995)
1 – Жүргізуші
Конституция-это основной Закон государства,который устанавливает форму правления в государстве.конституция РК была принята 30 августа 1995 года.В основной закон 4 раза вносились изменения в(1937,1978,1993,1995).
1 – Жүргізуші Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. 2 – Жүргізуші
Конституция состоит из 9 разделов и 98 статей.
1 – Жүргізуші Конституцияның бірнеше баптарымен таныстырайық. 1 – бап Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
2 – Жүргізуші
Давайте ознакомимся с некоторыми статьями.
Статья 1. Республика Казахстан утверждает себя демократическим, светским, правовым исоциальным государством, высшими ценностями которого являются человек, его жизнь, права и свободы
Стих:
Қазақстан Республикам ,мақтаным,
Қазақстан –туған жерім, мақтаным, Асқар тауым ,өзен, көлім,бақтарым, Батыр баба өлең –жырын жаттадым.
Мой солнечный.Мой гордый Казахстан! Моя любовь ,моя Отчизна, Мой край ,мой светлый дух земной! Мой Казахстан –свободный чистый, цвети под солнцем и луно
Моя Родина-это красоты природы, Это счастье любви большой океан.
Это символ богатства, символ свободы ,
Моя Родина – мой Казахстан.
3-бап Президент
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. 7 – бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Статья 7. В Республике Казахстан государственным является казахский язык
Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқанымда - ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
27 – бап 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. 3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
Статья 27.
Брак и семья, материнство, отцовство и детство находятся под защитой государства
1. Брак и семья, материнство, отцовство и детство находятся под защитой государства.
2. Забота о детях и их воспитание являются естественным правом и обязанностью родителей.
3. Совершеннолетние трудоспособные дети обязаны заботиться о нетрудоспособных родителях.
Ата - ана болу үлкен сын Бала өсіру ұлы өнер Жақсылардың соңынан Жарқын қыз бен ұл өрер 30-бап 1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
Статья 30. Гражданам гарантируется бесплатное среднее образование в государственных учебных заведениях
Мектеп деген білім күні, жыр күні Мектеп деген ғылымның ең үлкені Мектеп деген тәрбиеші адамға Мектеп деген даналардың мекені
36 – бап Қазақстан Республикасын қорғау –оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
Статья 36. 1. Защита Республики Казахстан является священным долгом и обязанностью каждого ее гражданина.
1 – Жүргізуші ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.