kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Біз балаларға ұқсаймыз, балалар бізге ұқсайды»

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Біз балаларға ұқсаймыз, балалар бізге ұқсайды" атты сыныпан тыс іс-шара

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Біз балаларға ұқсаймыз, балалар бізге ұқсайды»»


Ж. Жабаев атындағы

№4 мектеп-гимназиясының

Бастауыш сынып мұғалімі:

Акылбекова Гулзира Майлановна

Ата­аналар жиналысы:

«Біз балаларға ұқсаймыз, балалар бізге ұқсайды»

Мақсаты: Ата­аналармен ақылдасып, балалардың білім сапасын талқылау, ата­аналарды оқушының білім сапасының көтерілуі үшін жұмыла жұмыс жасауға шақыру;

Көрнекілік: Нақыл сқздер, карточкалар, стикерлер, слайд.

Жиналыс жоспары:

Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Кіріспе сөз

Әңгімелесу: «Миға шабуыл»

Жағдаят

Тоқсандық сапа мен үлгерім туралы есеп

Қорытынды: Ата­аналарға сөз кезегі

Амандасу: «Сәлем­ сөздің анасы» демекші кез­келген жерде, қандай жағдай юолмасын адамдар бір­бірімен қарым­қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысады. Бұл қашаннан осылай болғпн, болады да, болуы керек жағдаят. Дүниежүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі­түрлі болып келеді.

«Еуропалықтар » қолын қысады.

«Жапондықтар» иіледі.

«Оңт. африкалықтар» арқаларымен үйкелеседі.

«Солт африкалықтар» оң қолдарын алдымен маңдайына, сосын еріндеріне, содан кейін кеуделеріне әкеледі.

«Замбезиде»Африка тізе бүгеді, қол соғады.

«Үндістер» алақандарын бір­біріне тигізіп, жоғары кқтеріп, қастарына тигізеді.

Ал енді өзіміздің қос қолдап қол алысып, хал сұрасып, саулық тілеп амандасқанға не жетсңн, ендеше қол алысып амандасайық.

Кіріспе сөз: Құрметті ата­аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Ұлы Абай бір ғана қуанышым бар ол­менің балаларым­деген екен. Әрбір ата­ана өз баласының ең жақсы болғанын қалайды. Менің ойымша құрметті ата­аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек.

«Біз балаларға ұқсаймыз, балалар бізге ұқсайды» белгілі тәсіл бар. Ал өз перзентіңіздің өзіңізге ұқсауы үшін сіз не істедіңіз? Сол туралы әңгімелесейік. (әр ата­ананың пікірі тыңдалады)

Миға шабуыл: Көздеріңізді жұмып, өздері еркін ұстаңыздар

­ Мен саған қанша рет айтамын;

­ Маған кеңес бере қойшы, айналайын;

­ Бұл не тағы;

­ Мен сенсіз не істер едім?

­ Кімге тартқан бәлесің?

­ Біз бәрін бірге ақылдасатын достармыз ғой;

­Жұрттың сендей балдары,

­ Мен сендей кезімде.....

­ Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың;

­ Ақылдымсың ғой менің; Осы сөздердің арасында біздің тілімізде қолданысқа еніп жүргендері бар, құрметті ата­аналар, қай сөз қалай әсер етеді? Баламен қарым­қатынаста қайсысын көп қолдаған жөн? Әрине сіз шешесіз.......


Жағдаят:Марат жазаланды. Ол екі бірдеі екілік баға алғаны үшін оны әкесі үйден мүлдем шығармай қойды. Бірақ достары келіп, Маратты киноға шақырды. Анасы баласын аяп, оны достарымен жіберуді сұрайды, Ата­ана арасында түсініспеушілік пайда болды. (ата­ананың балаға қоятын талаптары бірдей болуы тиіс).

Бала мен баға!

Бес алмады деп баланы сөкпеңіз!

Оған бола болмасын көп өкпеңіз.

Сары түсті қоссаңызда өзгеремес,

Сол қалпында қалады ғой көк теңіз.


Төрт алсада балаңызды қолдаңыз,

Қатыгездеу ата­ана болмаңыз.

Жасытпаңыз бойындағы жігерін,

Қайта оны ынта беріп қорғаңыз.


Қарап тұрған ештеңе жоқ бағаға,

Ол үшінде ұрыспаңыз балаға.

Білім­теңіз, үйретіңіз жүзуді,

Еңбектеніп шығатындай жағаға.


Қай пәндерді ұнатады балаңыз,

Соны қарап, соны елеп, қараңыз.

Ақылдысың деп айтыңыз күн сайын,

Түбі сенен түк шықпайды демеңіз.


Тым қаталдық кей балаға жақпайды,

Бұл сөзімді кей ата­ана жақтайды.

Қандай баға алса даға жүрсін аман,

Түбі бала өз міндетін ақтайды.


Әр оқушының тоқсандық бағасын баяндаймын, әр оқушының мектепте өзін­өзі ұстауы туралы қышқаша мінездеме айтамын.


Ата ­аналардың айтылымдары тыңдалады.


Қорытынды: Ата­анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой­өлкесі, ­ Абай атамыз айтқандай өсіріп отырған балаларыңыз көздеріңіздің нұры, көңілдеріңізідің қуанышы болсын.


Кері байланыс:

1. Ата –аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?

2. Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды, нені қосу керек?

3. Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?





























АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Тақырыбы:


Балалар бізге ұқсайды, біз

балаларға ұқсаймыз







Мұғалім: Акылбекова Г.М


Астана 2017




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
«Біз балаларға ұқсаймыз, балалар бізге ұқсайды»

Автор: Акылбекова Гулзира Майлановна

Дата: 17.04.2018

Номер свидетельства: 466521


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства