kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бірлігіміз жарас?ан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: ?аза?стан Республикасында?ы халы?тарды? ынтыма?тасты?пен, бірлікпен, те? ???ы?пен ?мір с?ріп жат?анды?ын ж?не оны ?лгі етіп, ?р халы?ты? салт - д?ст?рлерін са?тап келе жат?ан ?аншама ?лттарды? салт - саналарынан хабардар ету, балаларды? ?з ?нерлерін к?пшілік орта?а салу ар?ылы шы?армашылы? білімдерін к?рсету, балаларды? жа?а ?ырларын ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бірлігіміз жарас?ан»

Тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.
Көрнекілігі: Тақырыбы, слайд - суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.
Барысы:
1-жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар және ұстаздар қауымы!
Бүгінгі біздің «Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз»- деп аталатын, мәдени - мектепішілік «Бірлігіміз жарасқан» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Өздеріңіз білетіндей 1мамыр «Ынтымақ. Бірлік. Татулық» мерекесі, осыған орай

Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен, өзгеде ел – халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.


2-жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.


1-жүргізуші: Бүгінгі біздің 6 «а» - сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған тәрбие сағатымызда, оқушыларымыз шама - шарқына қарай үш топқа бөлініп, үш түрлі ұлттың өнерімен, халқымен, салтымен, ұлттық тағамымен өнер көрсете отырып, сайысқа түспекші.
1 - топ: «Қазақ халқы»
2 - топ: «Орыс халқы»
3 - топ: «Өзбек халқы»
2-Жүргізуші:
Қара қылды қақ жарған,
Әділ сынды дәл айтқан.
Бағаларын береді,
Көрсеткен жақсы өнерге, - дей келе әділ - қазылар алқасымен таныс болайық.

1)

2)

3)


1-жүргізуші: Бүгінгі сайыстың 1 - ші кезеңінде ортадағы халықтар өздерін таныстырып өтсін.
Алғашқы топ: Мінезі бар салмақты,
Алғашқы топ «Қазақты»
Қарсы аламыз бәріміз,
«Қазақ» деген халықты.
Ортада «Қазақтар» тобы өздерінің таныстыруларымен.

2-жүргізуші: Көршімізді сыйлаймыз,
Қонақ келсе қимаймыз,
Қасымызға алып - ап,
100 күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортағы «Орыстар» тобының таныстыруын тыңдайық.


1-жүргізуші: Көшіп - қонып жүретін,
Ала дорба асынып,
Киноларға түсіріп,
Шаршамайтын өмірден
Ортада «Өзбектер» тобы өздерінің таныстыруларымен..

2-жүргізуші: Ендігі кезектегі сайысты бастамай тұрып ән шашуға кезек береміз.

Ән «Мереке» орындайтын ( Кетебаева Жадыра және Төребекова Мерей)


1-жүргізуші: «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалында. Бұл сөздің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр.
Мынадай бір аңыз бар:
Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.
Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке - жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайысыңды біртіндеп құртады» - дейді.
Әрине, мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады.

2-жүргізуші: Ендігі сайысымыз . «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Күлдіргі жұмбақтар. Әр топқа 3жұмбақтан қойлады. Ендеше бастайық.

1 топ

1.Егер түнгі сағат 12 де жаңбыр жауса, онан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түседі ме? (бұл түн мезгілі)

2. 1 т мақта ауырма, әлде 1 т темір ауыр ма? (тең)

3. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны өзінен көрі басқалар көбірек айтады. (сенің есімің)

 


2 топ.

1. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (аспан суреті судан көрінген кезде)

2.Үш түйеқұс ұшып келе жатты, аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)

3. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? (мысық)\


3 топ

1.Жұмыртқа 12 мин піседі, ал он жұмыртқа неше минутта піседі? (12 мин)

2. Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар, жанұяда неше бала бар? (6 бала)

3. Ұшақ Шымкенттен Астанаға дейін 1 сағ 20 минутта ұшады. Ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұны қалай түсіндіресің? (тең)

1-жүргізуші: Келесі сайысымыз тіл өнері «Тапқыр болсаң шешіп көр» деп аталады. Бұл сайыста 3топқа 2-жұмбақтан қойылады. Сол жұмбақтың шешімін 3тілде айту қажет(қазақша,орысша,ағылшынша).Ендеше бастайық 1топқа яғни, қазақтарға қойылатын жұмбақтар:

Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз, арбуз,melon )

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз, учитель, teacher)

2-жүргізуші: Енді Орыс халқына қойылатын жұмбақтар:

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап,книга,book )

Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(қарындаш, карандаш,pencil )

1-жүргізуші: Ал енді Өзбек халқын көрейік :

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор, мел, chalk )

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп, школа, school )

«Тапқыр болсаң шешіп көр» атты сайысымыз аяқталды.
Ортада Сүлейменова Нұржанаттын орындауында ( Ерке сылқым) күйі

2-жүргізуші: Бүкіл дүние жүзі бойынша қазақтардың саны – 12 млн. Бүгінде шет елдерде тұратын қандас бауырларымыздың саны 3, 5 млн адам.
Қазақстанда 130 - ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде ең көп санды орыстар - 30%, украиндар – 3, 7%, өзбектер – 2, 5% құрайды. Адам санының өсімі мен дамуы жағынан Қазақстан БҰҰ - на мүше мемлекеттер қатарында да қомақты орын алады. Даму жағынан қазіргі күні ТМД - ға кіретін мемлекеттердің ішінде алдыңғы орында. Қазақстанда 84 қала, 200 кент, 2036 аудандық округ, 7684 ауылдық мекендер бар. Қазақстан тұрғындарының 56%- ы қалада, 44%- ы ауылдық жерлерде тұрады.
Қанша ұлт болсын,
Қанша салт болсын,
Ынтымағы жарасқан
Мәдениетті ел болсын,- дей келе сайысқа түсуші қонақтарымызға кезекті берсек.

1-жүргізуші: Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт - дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. Әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәріде бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді. Кезекті «Өнерлі біздің халқымыз» атты сайысқа береміз. Олар бізге өздерінің ұлттық тағамдарын таныстырып, өнерлерін көрсететін болады....
Ортада «Қазақ халқы» өздерінің өнерімен.

2-жүргізуші: Келесі: Орыс халқының өнеріне кезек берсек.

1-жүргізуші: Ал, енді ортада Өзбек халқының ерекше өнеріне тәнті болайық.


2-жүргізуші: Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көрсетіп отыр. Әділ-қазылар алқасының шешімі дайын болғанша Украин елінен келген қонақтарымызды керемет биімен ортаға шақырайық!
1-жүргізуші: Сонымен, сайыс өз мәресіне жетті, кезекті әділ - қазылардың шешіміне берсек.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз:


Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,
Қазағымның елін, жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз - дей келе барлықтарыңызға рахметімізді айтамыз.
2-жүргізуші: Оқушылар өз өнерлерін көрсеткені үшін, және қатысқан ұстаздарға алғысым шексіз.

Қазақтың даласындай,

Көздің ақ, қарасындай,

Бірлігіміз жарассын

Бір үйдің баласындай!

Енді барлығымыз ортаға шығып «Бір үйдің баласындай» әнін бірге шырқайық!
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бірлігіміз жарас?ан

Автор: Абдибаева Сара Абдибаевна

Дата: 13.05.2016

Номер свидетельства: 326310


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства