kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бір ел – бір кітап» акциясы ше?берінде «Сайын даланы? Сайыны» атты о?ырмандар конференциясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

2014 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Сайын М?ратбековті? «Жусан иісі», «Басында ?ш?араны?» шы?армалары о?ылды. «Кітап – ?мір ?стазы» демекші, ел к?лемінде та?далып алын?ан, кітап м?ртебесін к?теруге, кітап о?у м?дениетін ?алыптастыру?а, ана тілімізге ??рметпен ?арау?а, м?дени-рухани м?раны са?тау?а ?лесін ?ос?ан «Бір ел – бір кітап» акциясы халы?ты?, жас ?рпа?ты? рухани ??ндылы??а ден ?оюына мол м?мкіндік беруде.

         Мектебімізде осы шара?а байланысты «Сайын даланы? Сайыны» атты о?ырмандар конференциясы ?тті. Конференция?а ?стаздар мен 5-10-сынып о?ушылары ?атысты.

Ж?ргізушілер «Бір ел – бір кітап» акциясыны? шы?у тарихымен таныстыра келе,  жазушыны? ?мірі мен шы?армашылы? жолынан ке?інен ма?л?мат беріп ?тті. К?ркемс?з ?рнегі ерекше с?лу с?з иесі, с?йкімді шы?армалар жаз?ан халы? жазушысы Сайын М?ратбековті? шы?армашылы?ы мен ?ызметіне ?атысты слайдтар ?сынылды. 7-сынып о?ушыларыны? ?атысуымен «Жусан иісі» повесінен ?ойыл?ан к?рініс аса тартымды болды.

Конференцияны? «Кім? ?ашан? ?айда?» б?лімінде «Басында ?ш?араны?» ж?не «Жусан иісі» шы?армаларынан с?ра?тар ?ойылды. О?ырмандар ?ойыл?ан с?ра?тар?а аса ?ызы?ушылы?пен жауап берді.  Аталмыш шара ?ызы?ты ?тіп, о?ырмандар к??ілінен шы?ты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бір ел – бір кітап» акциясы ше?берінде «Сайын даланы? Сайыны» атты о?ырмандар конференциясы »

Бір ел - бір кітап

Диас: Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Аяжан: Армысыздар, аяулы оқырмандар, қадірлі көрермендер!

Диас: «Алыста қалған балалық шағым... Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп,ес қалмай далбақтап жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей боламын.Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызықты ертегі айтамын»,- деген жалынышты үнін естимін»,- деп басталатын шығарма есіңде ме Аяжан!

Аяжан: Әрине, Диас. Бұл–Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі ғой. Оны оқымаған бала жоқ шығар, сірә..

Диас: Аяжан, бұл сұрақтың жауабы бүгінгі оқырмандармен өтетін конференцияда белгілі болмақ.

Аяжан: «Бір ел –бір кітап» акциясы бойынша өтетін «Сайын даланың Сайыны» атты оқырмандар конференциясын бастауға рұқсат етіңіздер!

Диас: «Бір ел-бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та танымал болған. Қазақстанда ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министірлігінің қолдауымен Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақстан Кітапханашылар қауымдастығының бастамасы бойынша 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мазмұны – бүкіл ел бір уақытта кітапты оқып талқылау.

Аяжан: Қазақстанда 2007 жылы Абайдың қарасөздерін, 2008 жылы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман», 2009 жылы Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі», 2010 жылы Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы, 2011 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы, 2012 жылы Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?», 2013 жылы Фариза Оңғарсынованың»Дауа» жинағы таңдалынса, биыл қазақтың көрнекті жазушысы Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» шығармаларын оқыту белгіленді.

Диас: «Бір ел – бір кітап » атты оқырмандар конференциясын Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығынан бастауды жөн көріп отырмыз.

(Слайд көрсетіледі)

Аяжан: С.Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі бойынша оқушылардың дайындаған көрінісіне назар аударайық

Диас: Аяжан, конференциямыздың «Кім? Қашан? Қайда?» бөлімін бастасақ деймін.

Аяжан: Олай болса, Диас, оқырмандардың С. Мұратбековтің «Жусан иісі», «Үшқараның басында» повестерін қаншалықты меңгергендеріне кезек берейік.

Құрметті, ұстаздар, оқушылар, аталған шығармалар бойынша қойылатын сұрақтарға белсенділікпен қатысуларыңызды сұраймыз.

  1. Ауылға көшіп келген Аянды кім бірінші таныды? (Садық)

  2. Аянның мазасын алған тентектің есімі кім? (Есікбай)

  3. Жусан исі шығармасының басты кейіпкері кім?(Аян)

  4. Аяндар ауылға қай жылы көшіп келді? (1942ж жазында)

  5. Күзде оқу басталғанда 1- сыныпты кім оқытты? (Иманжанов)

  6. Тобығын шығарып алған бала кім? (Аян)

  7. Аян тобығын қалай шығарып алды? (Бұзауына секіріп мінемін деп)

  8. Ауыл қай жерде орналасқан?(Ешкіөлмес тауының етегінде)

  9. Аян әжесі қайтыс болғаннан соң кімнің үйіне көшті? (Бапайдың)

  10. Бапай Аянға қалай туысады? (Әжесінің тумаласы)

  11. Аянға кім шанасын бергісі келмеді?(Қасым)

  12. Аянды тепкілеп-ұрған кім? (Тұржан)

  13. Бапайдың үйінде Аян кешкі асқа не жеді? (Бидай)

  14. Аянның тобығын кім салды? (Асылбек шал)

  15. Асылбек шал кім ? (Сынықшы)

  16. Ешкіөлмес шоқысының қасындағы төбе? (Жусантөбе)

  17. Аянды Бапай мен кемпірі қайда жіберді?(балалар үйіне)

  18. Соңғы қаралы қағаз кімге келді? (Аянға)

  19. «Жусан иісі» шығармасының оқиғасы қай кезді бейнелейді? (Соғыс кезіндегі ауыл тіршілігін)

  20. «Екеуі шартпа-шұрт белдескен кезде,ол Аянды белінен қапсыра қысып, қайқайтып, бойымен басты. Бірақ қанша күшенгенімен, жығуға шамасы келмеді...» - Қай кейіпкері жайында сөз етілуде? (Есікбай)

  21. Аянның ертегісі қалай басталады? (Ертеде бір жетім бала болыпты... )

  22. Есікбай мен Аян қай жерде төбелесті? (сайда)

  23. Аян үшін жусан иісі нені білдіреді? (Ағасының иісін)

  24. (Бапайдың кемпірінің сөзі)

  25. Шығарманың «Жусан иісі»деп аталу себебі неде? (Аянның ағасына деген сағынышы)

Басында Үшқараның

  1. Пойыздан түскен соң Әсетті кім күтіп алды? (Әбдібай)

  2. Әсет ауылға келе жатқанда ең алдымен қайда барды? (зират басына әкесі мен шешесінің қабіріне)

  3. Әсет ауылға не үшін келді? (әпкесінің баласының тойына)

  4. Зағипа мен Әсет бір-бірін қайдан таниды? (бірге оқыған сыныптастар)

  5. Әсеттің ауылындағы почта бастығы кім? (Сәуле)

  6. Бағылан мен Айнаштың махаббаты неге баянсыз болды? (Айнаштың ағалары қарсы болды)

  7. Әсет Шынармен қайда танысты? (тойда)

  8. Әсеттің қалін білуге келген 84 жастағы қария есімі? (Есімбек)

  9. Әсеттің әпкесі тұрған ауылда қанша үй бар? (600)

10. Зағипа қандай ән айтты?

Басында Үшқараның қос барабан

Сол таудан дария шалқар су тараған

Сұлу қыз көркем жігіт бәрі сонда

Апырай неге келдім сол арадан.

Диас: «Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын»,- дегендей мектебіміздің өнерлі қызы Алязидің орындауындағы «Қазақ осы» әнін қабыл алыңыздар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Жангабулова Асемгуль Ергалиевна

Дата: 26.11.2014

Номер свидетельства: 135774


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства