Просмотр содержимого документа
«"Берекелі алтын күз" ертенгілі»
«Алтын күз» мектепалды даярлық сыныбы
Кейіпкер: Алтын күз
Керекті құралдар: жапырақтар 2 себет, су құйғыш қолшатыр, шеңбер, көкөністер мен жемістер атрибуттары
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру. Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді Мерекелі күз келді. Кел, жемісті алтын күз Кемелденсін халқымыз! - Қайырлы күн! Армысыздар құрметті ата - аналар мен балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Күз барлығымызға молшылық, ырыс, қуаныш әкелетін мезгіл. Күзіміз әрдайым берекелі, ырысты болсын!
Айнала сары ала Данель Қырманға дән тола Жемістер пісіпті Қоймаға түсіпті! 3 - бала:
Ендеше не тұрыс Болмасын жан қалыс Әлижан Тойлайық, күлейік Қуанып билейік!
Әуен ойнап балалар қолдарына жапырақ ұстап топқа кіреді.. Балалардың орындауында «Жапырықтар вальс» биі
- Қараңдаршы, бүгін біздің балалар қандай әдемі болып кеткен. Қолымызға не ұстап келдік? - Жапырақтар. - Осы жапырақтардың түсі қандай? – Сары,қызыл (Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы) Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы:
Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары
Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы:
Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ,
жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: «жау,жау жанбыр »
Балалардың тақпақтары (6 бала тақпақ айтады)
Күз ханшайымы: 1 –тапсырмасы Күз айларын ата.
Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық
1-бала: (Қыркүйек) Ақнұр
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
2-бала: (Қазан) данель
Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
3-бала: (Қараша) Айзере
Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.
Тәрбиеші: Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар
қарашы. Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.
Балалар (хормен):
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
1-бала (Бұршақ) Жанель
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе!
2-бала: (Қызылша) Мади
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
3-бала: (Орамжапырақ) Ислам
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана
4-бала: (Қияр) Ақнұр
Көктеп ерте шырмалып, Сап-сары гүл жарып Атым қияр теріп ал, Жиі-жиі су арып.
5-бала: (Сәбіз) нүрали
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз
6-бала: (Қызанақ) арайлым
Тал шыбығым бұралып, Бақшаларда қызарып Тұрган ол мен қызанақ Күнге қарап ұялып.
7-бала: (Пияз) Азамат
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
8-бала: (Картоп) раис
Картоп біздің атымыз Жер астында жатырмыз Бір тамырдан тараған, Ағайынбыз бәріміз.
Тәрбиеші:
Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік.
Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша балалар екі командаға бөлініп сәбіз бен картоп жинайды
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Сендер барлықтарын жылдам екенсіңдер.
Енді 2-тапсырма: жұмбақ шешу.
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)
2. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін.
Бұл не? (Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Бұл не?(Пияз)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақты да шеше аласыңдар.
Тәрбиеші: ортада «қолшатыр » биін қабыл алыңыздар
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге Күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Тәрбиеші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)
1бала: (Алмұрт) Жалғас
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттын.
2-бала: (Алма)
Мен алмамын, алмамын, әлижан
Таңдай жұлар бар дәмім.
3-бала: (Жүзім)
Мен жүзіммін, жүзіммін Данэль
Моншақ болып тізілдім. 1
4-бала: (Өрік) еркенұр
Өрікпін, мен өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.
5-бала: (Шие) гүлдана
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Басымды төмен иемін.
қарбыз: Али
Күз ханшайымы:
-Өте тамаша,балалар!Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Бұл ойын «көкөністер мен жемісті ажырат ?» деп аталады,балалар әуен ойнағанда машинаға1 бала көкөністер 1 бала жемістер жинайды
Тәрбиеші:Енді к үз ханшайымның үшінші тапсырмасын орындайық.
Енді 3 тапсырмасы: «Мақал- мәтелді жалғастыр»
1.Еңбек түбі-------------------- 2.Еңбек етсең ерінбей-------------------- 3.Адам жерге нәр береді,Жер адамға----------------
Ән: «Бобектер»
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы:
Берекелі бақ дәулет
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айланып. (Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)
Тәрбиеші:
Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер
Құрметті ата-аналар,осымен сіздерге арналған «алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды,назар қойып тамашалағандарыңызға көп трахмет.