Просмотр содержимого документа
«бауырласпыз,доспыз, біргеміз»
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Тайынша қаласы
№5 орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Исбулатова Лайла Кайраткызы
Ассамблеяның 20 жылдығына жылдығына арналған
«Бауырласпыз, дос-туыспыз, біргеміз» Ассмблеяның 20 жж арналған
Мақсаты: Ассамблеяның 20 жж арналған «Бауырласпыз, дос-туыспыз, біргеміз» атты тәрбие сағатын өткізу.
Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер, слайд Барысы:
Би «Әгугай» Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар» «Ынтымақ-достық кепілі» Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз. Біздің Отанымыз- Қазақстан.
— 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.
Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды. Наргиз
Оқушы: Тәуелсіздік кіндігін Кескен халық бірлігі. Ынтымағы барша ұлттың Нұрын шашқан күн бүгін. Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды.Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады. Елтаңбам қандай тамаша!
Мадияр Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей. Мерей(қыз)
Оқушы: Елтаңбасы елімнің Неткен әйбат әдемі. Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі. Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым- жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр. Ән: «Көк тудың желбірегені»
Рахат Жарасқан байрақтың мәні бар, Көк аспан,күн- қыран сәні бар. Көк байрақ ашық күн кеңісім, Алтын күн белгісі жеңістің.
Әнел Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы. Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды.Келбетіне көрік қосты,келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп,шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды.Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы- Орынбор қаласы, екінші астанасы- Қызылорда қаласы, үшінші астанасы- Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.
Гүлназ Заман жаңа,ел жаңа, Күлімдейді кең дала, Өз Астанам- өз Ордам, Сүйенерім сен ғана !
Гүлнұр Далам! Кең –байтақ.Сондықтан ғой,күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда- «Ұшса құстың қанаты талады,шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған.» Көрікті өлкеме қарашы, Тізілген орман- тау, қаласы. Алтай мен Атырау арасы, Қазақтың кең- байтақ даласы. Республика халқының саны 15 миллиондай. Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе еңбек етіп келеді Темірлан Ақ қара деп алдымен, Елім бөлмес адамды, Дәстүр, өнер, салтымен Таңқалдырған ғаламды. Әсет
Жырласа қазақ, түркімен, Молдаван,тәжік үн қосқан. Дос жүректер біріккен, Мейірлері жарасқан. Рустем:
Тыңда, тыңда, тыңда мені, Ұлы жұртым орыс халқым. Сен тербетіп өсіргенсің, Сенің даңқын, менің даңқым. Мерей:
Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын, Украина туысымның бірісің. Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын. Ән: «Достық» Айнура:
Қадірменді бір досымыз- өзбегім, Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім. Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің, Өз көзімдей күлімдейді көздерің. Дәм тұзымыз араласпыз әріден, Дастарқандар жайылады сәнімен. Палауыңмен бесбармағым сыбайлас, Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен. Үнді биі (Каримова Линара) Алмас:
Жолым түсіп, тағдыр талап, Грузин дос болдым қонақ , Қазағымдай кең пейілің, Дастарханды жайдың мол- ақ. Линара:
Қазақ, қырғыз бір сананың егізі, Екі жұрттың бірге екен негізі. Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі, Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі. Қазақ- қырғыз туыссыңдар , доссыңдар, Бір тамырдан сендер өскен қос шынар. Дос туыстар көп болса да дүниеде, Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Әділет: Онша үлкен болмаса көлемі Әжірбайжан, Әзірбайжан ағайын, Тағы сені құшып сүйгім келеді. Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы». Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан: - Сенің ұлтың кім? - Қырғыз. - Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың? - Менің өз елім – Қазақстан. - Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек! - О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанды өз отаным деп білемің. - Сен өз еліңе қалайда кетуің керек? - Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің? - Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді) - Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді. - (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз. - О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды! - Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады). - (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз. Бахтияр:
Белоруссия – жайқалған жасыл орман. Жасыл орман – мәңгі жасыл арман. Шетінен ойшыл келер армандары – Қойнында сан ұрпақтың жасы қалған. Мадияр
Кім білмес қазағымның қою шайын, Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын. Ақ тілекпен әрбір келген қонағына, Құрметпен шығаратын төрі дайын. Келіңіз ұсынамын төрден орын, «Досым» деген адамға міне қолым. Әр қазақтың жүрегінде осы тілек, Адамзат, оң сапарда болсын жолың. Ойын: «Хан талапай». - Қазақтың жаңа жыл мейрамы? - Ұлттық тағамдарды ата? - Қазақтың ұлттық киімдері қандай? - Ұлттық аспаптарын ата. Диас:
Бірлігі мен ынтымағы халықтың, Көзімізде жарқырайды жарық күн, Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың, Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн. Мерей Тірлігімен адам байлық жасады, Бірлігімен асулардан асады. Адал жандар жер – ананы қорғаңдар, Абайлаңдар бейбітшілік жасағы. Әділет:
Достық бізге тым ыстық, Бірлік – байлық, ырыс – құт. Жарқырасын күніміз, Жаса, жаса тыныштық Хор: «Достық»
Гүлназ Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан – байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлемі- 2 млн.700 мың шаршы километр. Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман. Хормен: Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын асар тау, Жеміс толы бақша- бау. Болсын жер мен су ортақ, Болсын бізге ну ортақ. Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз!