kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауышым-Балбулагым!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Такырыбы Бастауышым -Балбулагым!

Максаты  Билим негизи бастауыштан канаттанатын окушылык  омирден бастапкы баспалдагын аяктаган булдиршиндердин аяулы устазымен коштасу расимин жасау,

Оз мектебине,аяулы устазына,ата-анасына, жолдасына деген жауапкершилик сезимин дамытуга жагдай жасау.Отанын,елин,мектебин курметтеуге,суюге тарбиелеу

Корнекиликтер: "Бугинги шакирт когиршин,болашагын когерсин" "Бастауышым-балбулагым"

"Бастауышым бастамам-билим жолын бастаган." шарлармен,гул,ленталармен безендирилген,накыл создер.

Сахнада ан шыркалып турады. Салден сон музыка басендейди.Сахнада хан жане кутуши отырады.

Хан уйыктап отырады. Кутушилери калгып-мулгип оны желпип турады. 

Хан: Ой,бул ози тан атып кетти ме?

Кеш батып кетти ме?

Алги уазир мен Шахизада кайда?

Уазирди шакирады.

Уа хан мен мундамын Уйкыныз жайлы болды ма?

-Жок хан екем тан атты кеш батти Шахизадам али жок.

Хан: бул не кылган сумдык. Бар алып кел.

Уазир: Жарайды ханекем буйрыгыныз орындалады.

( музыка ойналып,Шахизада сахнага билеп киреди.)

Шахизада: Салем бирдик ханекем! Кормегели ай отти ме? жыл отти ме? коп кешиктим,айыпка буйыра кормениз.

Хан:Кормегели коп айдын жузи болды.Сен жана заманга кеткели хан ша?арына елеули озгеристер жок. Озиниз корген,билген болса баян етиниз.

Ша?изада:

Айтсам ханекем айтайын,

кабагынды байкайын.

Тан калатын бир ис бар,

коп соз етип жатпайын.

Тан нурланып атты екен,

мектеп деген бар орын.

Устаз койган талабын,

Бастауыш пен коштасу

болады екен сол жерде.

руксат етсен ханекем

мен де барам сол жерге.

-бізді де сол жерге апаршы.

-Куп,ханекем мен дайынмын.

Журиндер ендеше ен биринши баратын жеріміиз Тегистик жалпы билим беретин орта мектеби.

Онда 4 сынып о?ушыларынын "Бугинги шакитр когершин,болашагын когерсин " атты ертенгилигине барайык.

1 жургузуши: Хош,келдиниздер,курметти конактар.Адасып журсиздер ме? кай елди мекеннен келдиниздер?

Хан: Армысын,балам. Биз ертеги елиндеги хан ша?арынан келемиз.Жана заманнын булдиршиндерининонерин тамашалаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауышым-Балбулагым!»




Тақырыбы: «Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!» атты ертеңгілік.

Мақсаты: Білім негізі бастауыштан қанаттанатын оқушылық өмірден бастапқы

баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау.

Өз мектебіне ,ата-анасына,ұстазына,жолдасына деген жауапкершілік сезіміндамытуға жағдай жасау. Отанын,елін, мектебін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!», «Қош.Бастауыш»,

«Бастауышым-Бастамам,Білім жолын бастаған» шарлармен, гүл-ленталармен безендірілген, нақыл сөздер,

Сахнада ән шырқалып тұрады. Сәлден соң музыка бәсеңдей барып тоқталады. Сахнада хан және күтушы отырады. Хан ұйықтап отырады. Күтушілері қалғып-мүлгіп,оның артында желпіп тұрады.


Хан: Ой, бұл өзі таң атып кетті ме?

Кеш батып кетті ме?

Әлгі Уәзір мен Шаһизада қайда?

Уәзір,Уәзір деп айқайлайды.

Уәзір: ( Қуланып жүгіріп келеді)



Уа,хан мен мұндамын. Ұйқыңыз жайлы болды ма?

Хан: Әлгі Шахизада келді ме?

Уәзір: Жоқ,ханеке таң атты,кеш батты. Шаһизада әлі жоқ.

Хан: Бұл не қылған сұмдық.Бар алып кел.

Уәзір: Жарайды,ханеке бұйрығыңыз орындалады.

( Музыка ойналады. Шаһизада билеп келіп,ханға сәлем береді.)

Шаһизада: Сәлем бердім, ханекем.!!! Көрмегелі ай өтті ме? жыл өтті ме? көп кешіктім айыпқа бұйыра көрмеңіз

Хан: Көрмегелі көп айдың жүзі болды. Сен жаңа заманға кеткелі хан шаһарында елеулі өзгерістер жоқ. Өзіңнің көрген,білгендеріңді баян ет.

Шаһизада:

Айтсам ханекем айтайын

Қабағыңды байқайын.

Таң қалатын бір іс бар,

Көп сөз етіп жатпайын.

Таң нұрланып атты екен,

Мектеп деген бар орын

Ұстаз қойған талабын

Бастауыш пен қоштасу

Болады екен сол жерде.



Рұқсат етсең ханекем

Мен де барам сол жерге.

Хан: Уа,Шаһизада,сонда жаңа заман 2014 жылғы жеткен бе?

Мұғалім деген кім өзі?

Шаһизада: Мұғалім білім береді. Нағыз күш сол жақта.

Хан: Шаһизада бұл жерге бізді де апаршы.

Уәзір: Құп,ханекем мен дайынмын.

Шаһизада: Жүріңдер ендеше,ең бірінші баратын жеріміз, Тегістік жалпы білім беретін орта мектебінің 4 сыныбында өтетін «Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!», атты ертеңгіліне барайық.

1-жргізуші: Қош келдіңіздер, қонақтар! Адасып жүрсіздер ме? Қай елді мекеннен келдіңдер?

Хан: Армысың,балам. Біз ертегі еліндегі хан шаһарынан келеміз. Жаңа заманның бүлдіршіндерінің өнерін тамашалаймыз.

2-жүргізуші: Шәкірттердің өнерін тамашалаңыздар. Жүріңіздер,өздеріңізге қолайлы жерге жайғасыңыздар ( Хан,уәзір,Шаһизада үшеуі бір жерге отырады)

1-жүргізуші:

Армысыздар,жиналған ата-ана,ұстаз

Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас.

Арамыздан талпынып қақты қанат.

4 жыл бойы оң-солын таныған жас

2-жүргізуші:

Жүрегімде ұстаз берген сабағы

Өн бойыма тамырданып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын,ақылын

Мәңгі,мәңгі есімізде қалады.

1-жүргізуші:

-Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да, жаны шуақ та, нұрлы жүрегі Сарыарқаның самалына татитын ізгі жан барын бәріміз жүрегімізбен сеземіз.Ол-ұстаз. Ендеше ортаға ұстазымыз-Үміт апайды шақарамыз

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас біле білсең білім озар,



Ақыры керек болар бір сасқанда-деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп,ақыл ойлары толысып,оң мен соолын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімізді бастауышпен қоштасып,орта буынға шығарып салатын кез де келіп жетті.

(Әсем ән ойналып,ортаға түлектер шығады)

  1. Сыйлап сәлем береді,

Үлкендерді көргенде.

Үкіжанды сыныпта

Ізетті деп біледі.

  1. Білімімен үлгі болған сыныпқа,

Отырмайды ойланбастан тынып та.

Хасен біздің өнегелі,өнерлі

Арасында достарының беделді.

  1. Ертеңгі күнін ойлайтын,


Бес алам деп қалмайтын.

Аршыл біздің Олжас,

Жалқаулыққа бармайтын.

  1. Бойында алаулағын жалын,



Жақсылық толғандырып жанын.

Ислям біздің қайтпай үйге

Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.

Хор: «Сыныптастар құрдастар»


2-жүргізуші:

Кәне,енді халайық

Сол оқу жылы төрлетсін.

Өткенді еске алайық

Қиялды көкке өрлетсін. «Слайд көрсету мектепке келгеннен бастап)

1-жүргізуші:

1 қыркүйек. Ата-ананың қолын сығымдай ұстап,мектеп табалдырығын ең алғашқы рет аттаған балалар.

Хасен:

Мектебің мынау класың

Осында әркез тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Ислям:

Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға-деп Абай атамыз айтқандай Ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатты.

Олжас:



Хат танытты, еңбек етуге үйретті,біліге жетеледі, әдептілікке үйретті.

Үкіжан:

Сондықтан біз алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып,бас иеміз

Хасен:

Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думен болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Енді міне сағымдай өте шықты

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел танымас азамат бір-бір мықты.

Үкіжан:

1 қыркүйек күні мен

Аңқыған жұпар гүліммен.

Келіп ем, қарсы алды мектебім

Сүйкімді қоңырау үнімен.

Олжас:



Бастауышым-балбұлағым

Лаулап жансын шам-шырағың

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшты тау қыраның.


Өтті сенде қызық шағым,

бастауышым-балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ислям:

Әлі есімде мектепке келгеніміз

Келгеніміз,сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап,тосырқап тұрған шақта,

өзің болдың ұстазым сенгеніміз


Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдың мекендеп.

Өзіңе арнап ән салам

Ардақтап сізді өтем мен.

Ән: Мектебім

Олжас:

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай.

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астында сабақ беріп тұрғандай.


Ислям:

Ұстазым өзің едің асқақ әнім

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың,даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Үкіжан:

Жарық күннен жылы жүзің елестеп,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол

Көз жұмсам да көре тұрған белестер.



2-жүргізуші:

Ұстаз деген алтын сөздің,

Білейік біз қадірін.

Құрметтейік,сыйлайық.

әнге қосып айтайық.

1-жүргізуші:

-Әр шәкірттін өз баласынан кем көрмей, оқуға жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

«Мұғалім-мектептің жүрегі»-деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарға арнаймыз.

Ән: Алғашқы ұстазым

2-жүргізуші:

Бірдей біздің ойымыз да,сырымыз

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте

Күліп ойнап біріміз бен біріміз-деп ортаға миниатюра тарландарын шақырайық.



«Ақымақ ханзада»

«Пышақ»

«Әке мен бала»

«Анасы мен қызы» Маржан мен Үкіжан

«Оқушылар мен мұғалім»

2-жүргізуші:

Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


Хасен:

Әлі есімде отырғаным партада

Таңданып кеп үңілгенім тақтаға.

Жайдары,ашық ұстазымның сондағы,

Түзу отыр деп қаққаны арқаға.

Ән: Чунга-чанга

2-жүргізуші:

Әжелеріміз немерелерін өте жақсы көреді. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деген. Ортаға әжелерімізді шақырайық.

Балалардың орындауында «Әже айтысы»



1-жүргізуші:

-Құрметті ұстаздар,біз сіздер оқытып жүрген 5 сыныпта оқитын барлық пәндерді де ардақтаймыз. Сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.

( Барлық жоғары сынып мұғалімдерге арнап өздірі шығарған өлең шумақтарын айтады )

1-жүргізуші: Ән Ұстазыма

1 сынып оқушысы

-О,мынау қандай керемет! Менде сіздер сияқты болғым келеді және сіздер сияқты жетістіктерге қол жеткізіп,мектептің атын шығарғым келеді.

1-жүргізуші:

Қарындастың ұмтылысы жақсы екен. Олай болса, бастауыштың білім кілтін тапсырайық.



Білім кілтін тапсыру рәсімі

2-жүргізуші:

Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,

Ұша білсек болмас-ау қону қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,




Бастауыштың билейміз соңғы биін.

Би: «Қаражорға», «Лезгинка», «Орыс биі», «Қамажай», «Вальс»

1-жргізуші:

Ұстаз деген қасиетті адам бар

Біле білсең сенің екі анаң бар.

Бірі-сенің туған болса егер,

Екінші анаң-ұстаз деген данаң бар-дей келе келесі сөз кезегін 4 сынып жетекшісі:

Үміт апайға береміз. (Ұстаз өзінің жүрек жарды сөздерін айтады)

2-жүргізуші


-Енді қазір 4 жыл бойы көрсеткен білімдерін марапаттау сәтін ұсынамыз.

Барлығы: «Берген білім,ерен күш,ұстаздарға мың алғыс!»

1-жүргізуші:

Құттықтау сөзін мектеп директорына береміз.

2-жүргізуші:

Ана жанын ана болсаң ұғарсың

Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың.

Балаң үшін кеуде керіп қуанып,

Балаң үшін биіктен де құларсың.

Сөз кезегін ата-аналарға береміз ( ата-аналар сөйлейді)

Назарларыңызға рахмет!














Тегістік орта мектебі

























Дайындаған: Кабильдинова У.К


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауышым-Балбулагым!

Автор: Кабильдинова Умыт Кабылжапаровна

Дата: 27.11.2015

Номер свидетельства: 259092


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства