kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бастауышым-балб?ла?ым" бастауыш сыныппен ?оштасу кеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: білімні? сара жолын мектептен басталатынын, ке? д?ниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген ??штарлы?ын арттыру, о?у?а білімді болу?а ша?ыру. Мектепті, я?ни білім ордасын, ?стаздарды ??рметтеп, е?бекті ба?алай білуге, ??рметтей білуге т?рбиелеу. Ата – анасыны?, Отаныны? адал ?л, ?ызы болу?а жетелеу, т?рбиелеу, ой – ?рісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімні? ал?аш есігін аш?ан ?стаздарымен ?оштаса отырып, жо?ар?ы сынып м??алімдеріне ?р баланы ?з ерекшелігімен таныстыра отырып, с?т сапар тілеп табыстау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бастауышым-балб?ла?ым" бастауыш сыныппен ?оштасу кеші»

Бастауышым – балбұлағым

Мақсаты: білімнің сара жолын мектептен басталатынын, кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге, құрметтей білуге тәрбиелеу. Ата – анасының, Отанының адал ұл, қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу, ой – өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштаса отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныстыра отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Кіріспе сөз:

Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар, келген қонақтар!

Бүгін сіздер қуанышты «Бастауышым – балбұлағым» атты тойына қош келдіңіздер!

Ағаш атқа шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы білім баспалдағын, яғни бастауыш сыныпты аяқтап отыр.

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Бастауышпен қоштаспақ,

Жақсылармен достаспақ.

Өсті міне бойларың,

Құтты болсын тойларың – дей келе сіздердің назарларыңызға «Бастауышым – балбұлағым» атты әдеби – сазды монтажымызды ұсынамыз. (Ортаға бастауыш сынып бітіруші түлектерді шақырамыз)

Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығынан жүрексіне аттаған, кіп – кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа қадам басқалы отыр. «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

(Сөз кезегін оқушыларға береміз)

1 – жүргізуші: Сонымен «Айгөлек» балалар байқауының жүргізушілері: Назым, Еркеш, Алихан. Қарсы алыңыздар.

2 – жүргізуші: Арсен сен не айтып кетті? Біз бастауышпен қоштасқалы жатырмыз ғой.

1 – жүргізуші: Ой, Мадина айып етпеші, армандап кетіппін ғой.

2 – жүргізуші: Армандаған жақс ғой. Бірақ, алдымен кешімізді бастайық.

1 – жүргізуші: Олай болса, ең ұйымшыл, талапты да талантты оқушылардан көпшілікке жалынды

Бәрі: СӘЛЕМ

2 – жүргізуші: Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.


1 – жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.


2 – жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


1 – жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ болып бүгінгі ойымызға

Қош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар

Бастауышпен қоштасу тойымызға.


2 – жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығынан жүрексіне аттаған, кіп – кішкентай балғын бүлдіршіндер қандай болды екен?


1 – жүргізуші: Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата – аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне «Балалық шаққа саяхатқа» шығайық. (Экранға назар аударыңыздар) Слайд


2 – жүргізуші: Содан бері 4 жыл уақыт өтіп, сол бүлдіршіндер қазіргі таңда есейіп, орта буын табалдырығын аттағалы отыр.

Қымбатты сыныптастарым, бастауышта өткізген 4 жыл қоңырау үнін 10 мыңнан аса естідік. Елемеп едік қой. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттағанымыз естеріңде ме?

Бәрі: Иә

1 – жүргізуші: Иә менің әлі есімде

Бірінші қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпар гүлімен

Келіп ем қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен

2 – жүргізуші: Олай болса:

Мектепті ойлап өткен айы, жылы, күні,

Директор апай дана кісі – басшымыз,

Тәртіппенен мәдениеттің символы – дей келе мектебіміздің директоры және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына құттықтау сөз кезегін береміз.


1 – жүргізуші: Біз бүгін сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен, алғаш қолымызға қалам ұстатқан ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз. (Музыка ойнап тұрады) Слайд


1 – оқушы: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүректен хан көреді.


2 – оқушы: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Әріп құрап алғаш өлең жаттадым

Раушан апай естен кетпес мәңгілік,

Марапаттап арқамыздан қаққаның.

3 – оқушы: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,

Өз қолыммен «Әліппені» алғаным

Санай қарап «Әліппенің» парағын,

Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.


4 – оқушы: Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген нәрлі өмірге шомылып,

Жаттап өтам ұстазымның есімін.


5 – оқушы: Құшағында жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім, ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім


6 – оқушы: Арманым көп аңсаған,

Мәңгілік қалдың мекен боп

Өзіңе арнап ән салам,

Ардақтап сізді өтем деп


7 – оқушы: Байсалды мінезіңне бір қалыпты,

Меніңде көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті

Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің – білімменен күш толады

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап


8 – оқушы: Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып басымызды иеміз. (Ата салты бойынша бас ию үлгісін көрсету)


1 – жүргізуші: Жақсы білім көрімдік

Болсын бізге халайық

Не үйреніп, не білдік,

Қане ортаға салайық


2 – жүргізуші: Балалар бізге қонаққа Дымбілмес келе жатыр, қарсы алайық.

(Ортаға Дымбілмес шығады)

Дымбілмес: Балалар сендердің білімдеріңді тексеруге білім министрі мені

арнайы тапсырмамен жіберді. Барлық пәннен емтихан аламын.

білмегендеріңе екіліктер қоямын. Ештеңе білмегендеріңді осы

бастауышта қалдырамын.

Оқушы: Бізді тыңдап, білімімізді сынап көріңіз, біз дайынбыз.


Дымбілмес: Олай болса, өздеріңнің ана тілдерің – қазақ тілінен білімдеріңді

көрейін. Ал, қане кім қандай нақыл сөздер, мақал – мәтелдер біледі екен? (Балалардың жауабы)


Дымбілмес: Жарайды, мақал – мәтелдерді кім білмейді дейсіңдер. Одан да мықты

болсаңдар әлгі «Сөз тақпақтарын» айтып беріңдерші.

Оқушы: Сөз тақпақтары емес, сөз таптары. Олар – зат есім...


Дымбілмес: Жарайды оны да біледі екенсіңдер. Енді қандай тапсырма берсем

екен? Таптым, таптым! Зат есіктер туралы не айтасыңдар?

Оқушы: Өзің дым білмейді екенсің ғой, дұрысы зат есімдер.

Дымбілмес: Енді қайттім? А, етік – етік, етіктер туралы айтыңдаршы


Балалар: Дұрыс емес


Оқушы: Етістіктер – негізгі, туынды болып бөлінеді. Мұның бәрін аяулы

мектебімізден үйрендік. Сондықтан бізді жаңылдыра алмайсың.


Дымбілмес: Шынымен де сендер өте білімді, алғыр, талапты балалар екенсіңдер.

Талаптарыңа нұр жаусын сау болыңдар! (Дымбілмес кетеді)


1 – жүргізуші: Жеміске құты тола ма?

Бір – бірлеп иеріп алмасаң.

Әп сәтте шыға қоя ма?

Еккен дәнің ойласаң

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа

Ұғып ал білім боларын,

Шам – шырағың жолыңда


2 – жүргізуші: «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін ұранға айналдырған біздің сынып Ыбырай, Абай, Ілияс аталарымыздың шығармаларын, өлеңдерін сүйіп оқиды.


Сұлтан: Ана тілі пәнінен ақын – жазушылардың көптеген шығармаларын

Оқыдық. Ертегілер, жұмбақ, мақал – мәтелдер жаттадық. Солар

арқылы ата – бабамыздың өткен тарихын білдік. Олардың

адамгершілік қасиеттерінен үлгі алдық.


Қымбат: Абай, Ыбырай, Шоқан, Мағжан, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар сияқты

Аталарымыз туралы және олардың шығармаларын оқыдық.


Әділжан: Кең байтақ Отанымыз – Қазақстанның байлығымен таныстық.

Табиғатты аялауға, жамандықтан жиренуге, жақсыдан үйренуге тәрбие алдық.

2 – жүргізуші: Хор: Біз Отанымыздың ұланымыз

2 – жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамызған ақын да, мал бағып тер төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі –

бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты

ұстаздар алдында бас иеміз.


1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді

ардақтаймыз. Өздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан – жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғалімдеріне алғысымыз шексіз.


Камшат: Ұстаз деген қасиетті адам бар,

Біле білсең, сенің екі анаң бар

Бірі сенің туған анаң болса егер,

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар

Туған анаң болмаса, ойнамас ең, күлмес ең,

Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең

Ұстаз ана болмаса сен өмірдің,

Мәні менен мағынасын білмес ең


Арай: Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш, не ғалым

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт, мұғалім

Мен өзіңді әрдайым,

Қамқоршы деп ұғамын

Күліп атқан таңдайын,

Жарқынсың сен мұғалім.

Ұстаздарға арнау (Слайд)


2 – жүргізуші: Арманым бар аңсаған,

Мәңгілік қалдың мекен боп

Өзіңе арнап ін салам,

Ардақтап сізді өтем деп


1 – жүргізуші: Күндіз – түні ойладыңыз бала қамын,

Тынымсыз өтіп жатыр әрбір таңың

Басқарып директор боп осы ұжымда,

Баршаны аялаған алақаның.


2 – жүргізуші: Талаптанып білім шыңға самғауға,

Мен мектепке алғаш рет барғанда

Айнұр апай қарсы алып ең біздерді,

Мерейіңіз биік болсын әрқайда.

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Әріп құрап алғаш өлең жаттадым.

Раушан апай естен кетпес мәңгілік,

Марапаттап арқамыздан қаққаның


1 – оқушы: Жақан апай орыс тілін танытқан,

Ойландырып ой – сананы дамытқан

Баршаңызға тілеріміз жақсылық,

Арналады өнер атты шабыттан


2 – оқушы: Орыс тілін құрметтеп,

Сүйеміз шын жүректен

Мұғалім ол – анамыздай,

Көңілдерге гүл еккен

Өсіреді саналы,

Әлпештеген баланы

Марика апайға мың алғыс!


3 – оқушы: Кемшілікті кезінде,

Кесіп айтар өзіңе

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде

Көңілінің хошын – ай

Көп шәкірттің досындай,

Еденай ағай

Бағдат ағай осындай


4 – оқушы: Баулыған әрбір өнерді

Ләззат апай өнерлі

Әсем әннің шебері,

Әрбір сөзі мәнерлі

Қызықтырып ән – күйге,

Бізді үйретіп келеді


5 – оқушы: Бояу сырын үйреткен,

Шын көңілмен, жүректен

Назым апай керемет,

Сабақ берген суреттен


6 – оқушы: Дастан ағай тәрбиелікке оқытқан,

Санамызға қырын – сырын тоқытқан

Ізгілік пен ізеттікке жетелеп,

Ақыл кенін болаттай ғып қорытқан


7 – оқушы: Бизнес тек экономикадан тарайды,

Таусылмайтын кенге өзіңді балайтын

Талай шәкірт мақтан тұтар

Гүлжан апайды

Өмірінің өзегі деп санайды.


8 – оқушы: Сырлары көп ғылымның

Шешілмеген әлі де

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне

Шынар апайды ұғамыз,

Сөйтіп әрбір сабақтан

Сәл есейіп шығамыз.


9 – оқушы: Жұмыста ылғи қайсарды,

Көрмейміз мұндай жайсаңды

Ұжымның мықты ұстаздары:

Айсұлу апай, Ақмарал апай,

Алтын апай, Айман апайды айтсаңшы


2 – жүргізуші: Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін.

Құрметтейік мәпелеп,

Ұстаздардың есімін

Келешекке алтын бақ,

Қосар таудың үлесін

Жасай берсін жарқылдап,

Ұстаз атты ұлы есім


1 – жүргізуші: Көрмедің артық күліп, артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып

Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен,

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып


2 – жүргізуші: Ұстазым әнін қабыл алыңыздар


Минятюра: «Қазақ тілі»


Ата – аналарға арнау (Слайд)


2 – жүргізуші: Құрбылар, менің қолымдағы мына әріптерге қараңдаршы А, Ә

1 – жүргізуші: Иә, алфавиттегі ең алғашқы әріптер

Мадина: Оның сыры неде?


Бекзат: А дегенім – аналар ғой ардақты,

Ә дегенім – әкелер ғой салмақты

Анадан жоқ аяулы жан өмірде,

Әкелер ғой сыйлайтұғын бар бақты


Сая: Дүниеге әкелген ол да сенсің – анашым,

Ақ сүт беріп өсірген ол да сенсің – анашым

Тіл алмасам кешірген ол да сенсің – анашым,

Мәпелеген баласын ол да сенсің – анашым


Ақерке: Әкешім тілеуіңді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен

Шаршамайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген


2 – жүргізуші: Баласының болашағын ойлаған әр ата – ана баланы мектепке бергенде бастауыш сыныптағы ұстазы кім болар екен, қалай оқытады, қалай

үйретеді, арқа сүйер сенімді азамат, ұл – қыз етіп тәрбиелей ала ма деп ойлайды.


1 – жүргізуші: «Анаңды Меккеге жаяу арқалап барсаң да борышыңды өтей

алмайсың» дегендей, бүкіл адамзат бас иіп құрмет көрсетсе де,

алақанға салып, төбесіне көтеріп өтсе де бәрібір де Ана алдындағы қарызы орындалмасы анық.


Мадина: Олай болса, келесі шырқалар әніміз аналарымызға арналады.

Ән: «Анамның тілі»

Білім кілтін табыстау


1 – сынып оқушысы қыз бала: Меруерт: О, мынау қандай керемет!

1 – сынып оқушысы ер бала: Ерасыл: Сіз кімсіз? Ал, сіз кімсіз?

Біз де сіздер сияқты болғымыз келеді. Және сіздер сияқты жетістіктерге қол жеткізіп, білімді, алғыр болғымыз келеді.


1 – жүргізуші: Ұмтылысың жақсы екен інішек. Олай болса «Бастауыштың білім кілтін табыс етейік»


2 – жүргізуші: Бұл кілт арқылы сендер ұмтылған нәрселердің барлығына қол

жеткізесіздер!


1 – сынып оқушысы қыз бала: Меруерт: Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанымызды қорғауға, тілімізбен салт – дәстүрлерімізді сақтауға


1 – сынып оқушысы ер бала: Ерасыл: Мәдениетті болуға, үлгілі болуға, ерінбей еңбек етуге, мектебіміздің даңқын көтеруге ант етеміз!


2 – жүргізуші: Оқуды еркен жан басты ұғым,

Іздеген бақытын табады

Өзіңе тапсырдым жас буын,

Білімнің кілтін бұл бағалы


2 – жүргізуші: Арсен, сен бағана армандап кетіп едің ғой. Айгөлек дедің бе?

1 – жүргізуші: Иә, Мадина ер жеткенде кім болсам екен?

2 – жүргізуші: Олай болса «Болашаққа саяхат» жасап қайтайық





Болашаққа саяхат/Менің арманым (слайд)


Ұстаз арнауы:

Тіс дәрігер болам деп,

Үлкеннің де, баланың

Деп жүр біздің Ақерке

«Өзім емдеп жазамын»


Бастауыштың түлегі,

Ел деп соққан жүрегі

«МАИ» қызметкері болам деп,

Дамир біздің жүреді.


Мен үлкейіп толамын,

Сіздей ұстаз боламын

Деп жүр біздің Айдана,

Үлгісі кіші баланың


Мен инженер боламын,

Жерден алытн табамын

Деп жүр біздің Ақтілек,

«Алтыннан мектеп саламын»


Ән айтуды таңдайды,

Әсем әнін таңдайды

Біздің нәзік Саяны,

Барлық бала тыңдайды


Тентек емемс ақылды,

Сыйлап жүрер жақынды

Мамыр біздің ұлдарды,

Тәртіпке әркез шақырды


Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы көремін

Дәрігермін мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін

Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең деймін.


Бақ құсым биік самғасын,

Қанаттарың да талмасын

Журналист болам деп қояд,

Сымбатты ұлым Жалғасым


Талпынсаң, болмас жетпес шың,

Көп болмас елге өкпең шын

Әділжан деген ұлым да,

Милиция болам шешті


Қиялдап қоймай әр нені,

Шашын да тарап сәндеді

Айымдай айдай сұлуым,

Болмақшы елдің дәрігері


Арайлап таңым атсыншы,

Өмірде орнын тапсыншы

Арайдай сұлу аруым,

Болам деп жүр ғой жас тілші


Жүріңдер әркез аман боп,

Өмірден сабақ алам көп

Арсендей ұлым мақтана,

Айтып жүр ұшқыш болам деп


Өзіңді әркез қимайды ел,

Үлкенді, кіші сыйлай бер

Мадина ару айтып жүр,

Болам деп белді дизайнер


Ертеңін бүгін таңдады,

Мейірімге толы жан – жағы

Ақ халатты дәрігер,

Камшаттың ұлы арманы


Адамдар барды жақсы көп,

Мамандық жатыр тапшы боп

Қазбек елін қуантпақ,

Аспаз немесе такси боп


Сендерді сағынып қаламыз,

Бойыңнан ерлік табамыз

Құрылысшы болып қуантпақ,

Бекзат сынды баламыз


Армандар бұлғап тұр алдан,

Алғашқы түлек шығарған

Альмирадайын ерке қыз,

Биші болмақшы бұралған


Жарқын күн болсын қыс жазы,

Бойында сабыр ұстамы

Сұлтандай ұлым болмақшы,

Дене шынықтыру ұстазы


Арай күн келді атып та,

Сендерсің алтын жақұт та,

Дене шынықтыру ұстазы,

Болмақшы екен Бақытта


Ұстаз сөзі:

Ұстаздың көрсеткен жолы

Ата – ананың ақылы

Болашаққа сенім – демекші жас қырандарымыздың армандары

орындалып, биіктерден көріне берсін.


Ұстаз сөзі:

Өнерліге толы болар ел іші,

Өнердің мол кеніші

Ер ұландар сахнада, қарсы алыңыздар!

Грузин биі жаңалықтың жемісі


2 – жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десе ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын – дей келе ата – аналарымызға құттықтау сөз кезегін береміз.


1 – жүргізуші: Өнерліге әсем ән мен сән керек,

Өнегені қанжығаға өңгеред

Үнді биін билегенде бишілер,

Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп

Сахнаға биші қыздарымызды шақырамыз.


Ұстаз сөзі: Бастауыш сынып бітіруші түлектерді құттықтау және дипломмен

марапаттау құрметі мектеп директорына және оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына беріледі.



2 – жүргізуші: Бастауышым – балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын


1 – жүргізуші: Бастауышым – балқұрағым,

Лаулап жансын шам – шырағың

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшты тау қыраның


2 – жүргізуші: Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын


1 – жүргізуші: Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар

Қиындыққа мойымай,

Аман – есен болыңдар

2 – жүргізуші: Бастауышпен қоштасу кешімізді «Сыныптастар, құрдастар» әнімен аяқтаймыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Бастауышым-балб?ла?ым" бастауыш сыныппен ?оштасу кеші

Автор: Нуршабаева Шынар Бериккановна

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 280831


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства