kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаша?тан - болаша??а

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Бала ша?тан-болаша??а» (бастауышпен ?оштасу)

Ма?саты:білімні? негізі бастауышта екенін ??ындыра отырып,білім ордасын,?стаздарын ??рметтеуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі:?анатты с?здер,слайд,ма?ал-м?телдер,суреттер

Барысы: м??алімні? кіріспе с?зі.

Кіріспе с?з:
М??алім: ?айырлы к?н, ??рметті ата - аналар, ?стаздар! Бастауыш ?леміндегі д?ст?рлі мерекені? бірі асы?а к?ткен к?н - бастауышпен ?оштасу салтанатына ?ош келді?іздер!
Б?л о?у тама? болар ?арны аш?анда,
Жол табар ?ара??ыда адас?анда.
Мал озбас біле білсе? білім озар,
А?ыры керек болар бір сас?анда – деп Міржа?ып а?ын айтпа?шы, тарыдай болып кіріп, а?ыл ойлары толысып, о? мен солын танып жа?сы мен жаманды айыра білуді ?йренген ш?кірттерімізді? ?йымдастыруымен ?ткізгелі отыр?ан «Бала ша?тан-болаша??а» атты мерекелік шараны бастау?а р??сат еті?іздер!
Бесіктегі баланы?,
К?лгенін к?рген - бір м?рат.
Алдына т?сіп ананы?,
Ж?ргенін к?рген - бір м?рат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші т?лектерімізді орта?а ша?ырайы?!
Тол?имыз, тол?ып т?рсыз барша?ыз да,
М?ндай к?й бол?ан сір? ?анша?ыз да.
?ол со?ып, ?ошеметтеп ша?ырайы?,
4 – сынып о?ушыларын ортамыз?а!
Музыка ?уенімен бастауыш сынып т?лектері орта?а келеді.
Негізгі б?лім: «?стаздар?а мы? ал?ыс».

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«балаша?тан - болаша??а »

Тақырыбы: «Бала шақтан-болашаққа» (бастауышпен қоштасу)

Мақсаты:білімнің негізі бастауышта екенін ұғындыра отырып,білім ордасын,ұстаздарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:қанатты сөздер,слайд,мақал-мәтелдер,суреттер

Барысы: мұғалімнің кіріспе сөзі.

Кіріспе сөз:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі асыға күткен күн - бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Бала шақтан-болашаққа» атты мерекелік шараны бастауға рұқсат етіңіздер!
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 – сынып оқушыларын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Негізгі бөлім: «Ұстаздарға мың алғыс».

1-Жүргізуші:

-Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар,

Білім іздеп,инемен құдық қазғандар

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан

Өмір деген үлкен жолда тарландар

Бүгін міне,қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әні менен жырыны тарландарым, сал құлақ

Кеше сәби,бүгін,міне,жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ

2-жүргізуші: «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бір бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Олай болса, бізді үлкен жолға салғалы тұрған ұстазға алғыс шексіз.

1 - жүргізуші: Қасым Аманжолов ағамыз«Мектеп - кеме, білім - теңіз» деп тектен - текке айтпаған - ау, сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.
Шакизат: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір - бір мықты.
Камшат: Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді
Әсет: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
Мирас: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным
Өз қолыммен «Әліппені» алғаным.
Санай ашып «Әліппенің» парағын
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
ӘН: Ұстазым ;
Еңлік: Ұстаздар сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден

2 - жүргізуші:
Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті.
1 - жүргізуші:
Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
2 - жүргізуші:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан ұстаздарымызға
Хормен: «Мың алғыс!»
Майра: Мектеп – сенсің адалдықты үйреткен.
Мектеп – сенсің жамандықтан жиренткен.
Мектеп – сенсің жақсылықты ұран ғып,
Мектеп – сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
Шакизат:Мектеп деген – білім кені, жыр кені
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген – тәрбиеші адамға,
Мектеп деген – даналардың мекені.
Ән: «Мектебім»

«Пәндер айтысы» атты көрініс.
Шакизат математика:
Достар, жүріңдер, Ғылымға барып ақыл - кеңес алып, Даудың төрелігін сұрайық.
Еңлік: Бұл не айқай, бұл не шу?
Шакизат математика: Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.
Еңлік Ғылым: Ендеше баяндаңдар.
Шакизат математика: - Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы т. б. ғылымдар есебін қалай есептейді?
Айзат Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесі мәнін білмес еді.

Әсет Қазақ тілі: Қазақ тілі болмас дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қанша әріп барын білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.
Мирас Орыс тілі: Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса қалайша ол үштұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?
Талшын Дүниетану: Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салты құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін.
Камшат дене тәрбиесі: Қымбатты достар! Барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін, ең алдымен, дене қозғалысы, шымыр болу керек.
Еңлік Ғылым: Өзін - өзі тану қайда? Ол неге үндемейді?
Майра Өзін - өзі тану: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір - бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырмен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.
Еңлік Ғылым: Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те, өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар таза ауада тынығады, дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шетелдерде іссапарда болады, есеп арқылы білімдерін шыңдайды. Бәрің де бір - біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп татулықпен тарасайық, достар!

Мұғалім: Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,
Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.
Бастауыштан алған нұрлы білімді,
Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, - дегендей бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер. Бұл пәндердің барлығы да өмірде адам баласына қажет екенін жаңа ғана Ғылым айтып өтті.
- Білім қуған, ізденімпаз жастардың бармайтын жері, баспайтын тауы болмайтын шығар, сірә. Жер бетін дөңгелене аралап, емін - еркін жүзіп олар шарлап жүреді. Ал, ата - анасы әрқашанда қолдаушы, тілекші.
Ортаға 6 ата - ана шығады
Слайдта алтауына алты материк атынан берілген сұрақ - тапсырмалар беріледі.
Еуразия: 1 тапсырма Білім туралы 10 мақалдар айтыңыз
Африка: 2 тапсырма - Тірі табиғат пен өлі табиғат түрлерін атаңыз
Австралия: 3 тапсырма - 9 дың квадратынан - (81) 3 тің кубын (27) азайтамын ---- (54)
Солтүстік Америка: 4 тапсырма - Адам қоныстанбаған материкті атаңыз (Антарктида)
Оңтүстік Америка: 5 тапсырма –
бір өлең оқып беріңіз.
Антарктида: 6 тапсырма – Бала
туралы 10 мақал айтыңыз

Би: «Үнді би» Майра

«Көк тудың желбірегені» Мирас,Камшат,Әсет
Майра
: Өнер десе ішкен асын жерге қояр халықпыз,
Балалықты артқа тастап есейіп те қалыппыз.
Болашақтың кілтін ұстап бір – бір маман боламыз,
Бойымызға жиған – терген білім нәрін алып біз
Көрініс. 4 сынып шәкірттері 2035 жылы
ЕңлікҰлт болашағын ойлаған ұлы ұстаз ертеңгі ұрпақ үшін өз ойын ортаға салмақшы боп аудан әкіміне келеді. Райымбек ауданының әкімі болып бір жас қыз отырады. Сөйтсе, бұл баяғы өзінің шәкірті Сәбитқызы Майра екен.
Шакизат: Айналайын амансың ба? Менің келгендегі шаруам ертеңгі ұрпақ болашағы. Алған білімдерін ортаға салып неге жастар осы шетелде жүр. Небір - небір жақсы оқушыларымыз мектеп бітіріп басқа қалада қалып жатыр. Соларға ұсыныс жасап, түсіндіріп өзіміздің туған жеріміз Жайдақбұлақты көркейтуге өзіміздің ауылға келуге қолқа салсақ қайтеді. Мен бір өзім оқытқан шәкірттерді айтайын. Сен солармен келісіп, кездесіп сөйлессең қайтеді?
Майра:- Мәссаған апай, Саламатсыз ба? Қалайсыз? Мен танымай қалдыңыз ба? Мен Сәбитқызы Майрамын ғой. Мен кеше ғана қалаға келгенмін. Уайымдамаңыз. Бәрі жақсы болады Білесіз бе, сіздің айтқаныңыз болады. Баяғы өзімізбен оқыған Әуелбай Әсетті білесіз ғой. Сол Денсаулық министрі болып тағайындалып жатыр.
Шакизат:- А, солай ма?
Майра:- Ия. Сламхан Еңлік бар ғой, балабақша мен мектепті көркейтпекші. Білім бөлімінің бастығы.
Мирас болса Нар банктың директоры болып жатыр. Камшатты білесіз ғой, өнер мектебінің директоры. Біздің Перизат ғалым атағын жеңіп алған. Ғылыммен айналысып жүр.. Ал Айғаным болса Астанада президенттікке үміткер. Апай саспаңыз, біздің сыныптың бәрі де құр емес. Қалғандары кәсіпкер. Апай сіздің арқаңызда мықты маман болдық. Біз Отанға ғана қызмет етеміз.
Шакизат:- Ой бәрекелді. Тамаша. Қуанып қалдым ғой. Жақсы болды ғой.
- Әкімнің жұмысы көп қой, Уақытыңды алмайын. Ал Рақмет. Сау бол, балам.
Еңлік: Білім теңізінде еркін жүзіп мектеп кемесімен болашақты шарлаған шәкірттері Бүгінгі таңда бір - бір мықты маман болған. Қазақ елінің байрағын Әлемге танытқан ертеңгі жасампаз жастары тек капитан боп алда ғана жүзуде. Сәт сапар. Жас Ұлан!
Хор: Атамекен.

Мұғалім: 4 сыныпта 4 мұхиттай күн кештік.
Әр сыныбы 1 мұхиттай тереңдік.
Терең жүзіп, терең оқып білім ап
Ой - сананың Маржанына кенелдік
Олай болса, шәкірттердің мектепте өткен бес жылына саяхатқа барайық
Слайд:

Үнді биі :Майраның орындауында.

Мирас: Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді, мақсат етіп шыңдаймыз.
Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым етеміз,
Білімді әрі жалғастырып, арманға біз жетеміз.
Камшат: - Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғадым.
Еңлік:- Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алдым, көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,

Рахмет саған бастауыш мектебім!
Хор:

Сөз өнерін сымбаттап,

Жырдан шашу өрейік

Ал,балалар кәнеки

Айтысып бір көрейік

Майра мен Әсет айтысын тамашалайық:

Әсет:

Ассалаумағалейкум,қалың елім

Талапкер өнер қуған серің едім

Бастауышпен қоштасу тойымызда

Ақын қызбен айтысуға келіп едім

Майра:

Майра айтыс десе таймас одан

Менімен айтысуға бар ма шамаң?

Екеуіміз бір жыл туған төл екенбіз

Айтыста мені жеңу қайда саған?

Әсет:

Майра бойың әсем,өнерің бар

Өлеңді сазды әуенмен төгерің бар

Бүгінгі кешімізде бұл құрбыңа

Базынағып айтатын нелерің бар?

Майра:

Әсетжан,сен ақкөңіл жан екенсің

Аққұба емес,жылтыраған қара екенсің

Бойың тапал болғанмен,ойың ұшқыр

Сен өзің қара томпақ бәле екенсің

Әсет:

Ақын келер күндер арайланбақ

Кей кезде бас қатырам көп ойды ойлап,

Қой жылы қыбырлап төртті біттік

Бесіншіде жағдайымыз қалай болмақ?

Майра:

Білімге құлашты кең ашамыз ғой,

Өнерге да мол үлес қосамыз ғой

Негізін бастауыштың жақсы оқысақ

Бестің де белесінен асамыз ғой

Екеуі:

Тілегіміз бейбітшілік заман болсын

Бүгінгі той келешекке қадам болсын

Халқымыз ды Нұрлы жолға жетелеген,

Нұрсұлтандай Елбасы аман болсын!

1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп,бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-дегендей ән мен биге кезек берейік.

Дружат дети всей земли Майра,Шакизат,Еңлік

«Мектебім» Майра

Қорытынды.
1 - жүргізуші: Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы
Ата - ананың ақылы
Болашаққа деген сенім.
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан - жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.
1 - жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын жаңа бағдарламаны жариялады.
2 - жүргізуші:
Еліміз 2050 жылға дейін алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарынан орын алады деген.
1 - жүргізуші:
Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Біздің ендігі міндетіміз, егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.
2 - жүргізуші:
Біздің мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
1 - жүргізуші:

Білімді адам қор болмайды дегендей, болашақ Қазақстанның ел ертеңі ортамызда.
Ән:

Би: спорттық би

«Ұстазға арнау» оқитын Майра мен Шакизат,Еңлік

2 – жүрг: Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш - әлім
Биікке самғап ұшармын. – дей келе алғашқы ұстазымыз
Жанар апайға сөз береміз

Ұстаз сөзі -: Қымбатты шәкірттерім, теңіздей терең білім ап болашаққа бет алған желкенді қайықтарыңыз ешқашан да тоқтамасын. Асау толқынды Өмірдің небір қиындықтарын жеңе біліп, ұстаз берген білім мен тәрбиені қару етіп талмай жүзе берулеріңізге шын жүректен тілектеспін.
1 – жүрг: Қане құрбылар бастауыш сынып мұғалімдеріне ант берейік!
1. Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға
2. Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға
3. Бастауыш патшалығының атына кір келтірмеуге
Хормен: Ант етеміз!
2 - жүргізуші
Салтанатты тойымызға тілекші болып отырған ата - аналарға сөз береміз
1 - жүргізуші: Осымен «Бала шақтан- болашаққа!» атты кеш аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
балаша?тан - болаша??а

Автор: Копбаева Жанар Оразалиевна

Дата: 23.10.2015

Номер свидетельства: 242943


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства