kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Балалар ?дебиетіні? б?йтерегі» - Б.Со?па?баевты? «Мені? атым ?ожа» повесі бойынша о?ырмандар конференциясы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Читательская конференция "Путешествие в детсво" по книге  казахстанского писателя Б.Сокпакбаева «Меня зовут Кожа»,  на казахском языке для учащихся 6 классов. Целью конференции является знакомство учащихся с жизнедеятельностью писателя, с его творчеством через показ слайдов, видеороликов, постановок ученикми отрывков из книги.

 

О

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Соқпақбаев Б. - сценарий»

Балалар әдебиетінің бәйтерегі.


  1. БЕЙНЕКЛИП - «Менің атым Қожа».



1 ж – Жансая - Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақтың талантты жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа » повесі бойынша өтілетін «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты оқырмандар

конференциясына қош келдіңіздер!



2ж- Әли- Бала шақты кестелеген тілі нық,

Бір болса егер-осы болар ірілік:

Ұландары отызыншы жылдардың

Қайта келер көз алдыңа тіріліп.


«Бастан кешкен» шындық шымыр екшеліп,

Кітап болып бізге жетті естелік.

«Чемпионнан» Бекең өзі баптаған

Талай мықты жатты құлап, сескеніп.


1ж – Жансая- Аспантаудан ақ бұлақтар атқылап,

Экранда – туған өлке, бақ, қырат...

Қолын бұлғап Жанар, Жантас, Сұлтанға

Келеді әне Қара Қожа шапқылап!


Кейіпкермен бірге тұрып, жүресің,

Бірге жасап, бірге жылап, күлесің.

«Сөз қадірін білген шебер екен!» деп,

Өз қадірін Бекеңнің де білесің.


Ту етіпті тектілікті бұл ағай,

Пір еткені қара шалың- Ұлы Абай!

Тік қалпында мәңгі жасай береді

Бәйтерегі Берді-ағаның құламай!


2ж Әли- (слайд 1,2) Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 88 жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, (слайд 3) балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады...


II. Көрініс: «ИНТЕРВЬЮ».


1ж – Жансая- (слайд 4) Бердібек Соқпақбаев – қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен психологиялық бейнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты жазушыларымыздың бірі еді. Жасынан өмір талқысын көп көрген адамның өмірбаяндық деректері оның шығармаларына арқау болды. Ол сол көргендері мен сезінген дүниесін 30-жылдардағы ауылдың ауыр тұрмысы, Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі ауыр кезеңнің шындығына сәйкес жаңартып, ой елегінен өткізіп, типтік орта шындығына лайық типтік бейнелер арқылы аша білді. Бүгінде кез келген қазақтың қара баласына Соқпақбаевтың кім екенін түсіндіріп жату артық болар, оның «Менің атым Қожасы» әрбір үйде Абаймен, Мұхтармен бірге ұлттық қазына ретінде сақталуда десек қателпеспіз. Өйткені, Соқпақбаевтың есімі көзі тірісінде-ақ әрбір мектеп баласының жүрегінен мықтап орын алған болатын.


2ж – Әли - ( слайд 5 ) : Жазып та көрдім мен де өлең,

Жазып та көрдім қара сөз.

Ерте ме, кеш пе мен де өлем,

Өлмейді тек дана сөз...- деген жазушының өлең жолдары асыл ағамыздың рухына бас иіп, оның өміршең өлмес мұраларын қадірлеп келешек ұрпаққа жеткізер жолы іспеттес. Оның әсіресе, балалар әдебиетіне байланысты бүкіл шығармашылығының мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол -өте ірі кесек тұлғалы балалар әдебиетінің бәйтерегі. Сонау сұрапыл 1942 жылдары Қарағандыға ФЗО-ның оқуына кетіп бара жатып:

Нарынқол туып өскен ауданым-ай,

Көркем жер болмас сенің аумағыңдай.

Кетерде сенен ұзап көзім қимай,

Қызыл тіл өлеңдетіп зауладым ай,- деп жазушының өзі жырлағандай, /слайд 6,/Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы қазанның 15-інде Алматы облысының Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтынан кейін Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауылдық мектепте ұстаз болып, кейіннен баспасөз саласына ауысты. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөнінде әдеби кеңесші болды.

1ж - Жансая: /слайд 7/ Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастап, «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының белсенді авторы болды. 1950 жылы «Бұлақ» деп аталатын өлең жинағын шығарған. Кейіннен балалар мен жасөспірімдерге арналған прозалық шығармаларын жазды. Оның балаларға арнап жазған туындылары балалардың ғана емес, үлкендердің де сүйіп оқитын шығармаларына айналды.

1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция)/слайд 8/ өткен халықаралық фестивалінде жазушының сценарийі бойынша қойылған «Менің атым Қожа» фильмі арнаулы жүлдеге ие болған. Ол тек балаларға арнап шығармалар жазып қойған жоқ, сонымен қатар жасөспірімдерге арнап «Бозтөбеде бір қыз бар» атты пьеса, «Өлгендер қайтып келмейді» атты роман, «Гауһар» атты повесть және тағы басқа да жиырмаға жуық кітаптарын шығарды.


Слайд 9: 2ж - Әли: Мен жазған дүниелердің ішінде жұртқа көбірек танылғаны «Менің атым Қожа» повесі болса керек. Бұл шығарманың әуелгі аты «Өзім туралы повесть» Алматыда біраз қиналыспен басылды. Қожаның жағымды қылықтарынан жағымсыз қылықтары көп. Балаларға бұл кітап қандай тәрбие бермек деп, алая қарағандар аз болған жоқ... Мектептегі барлық баланы хулиган етіп шығарғыларыңыз келсе, бұл кітапты тезірек басыңыздар депті рецензент... Орыс тіліндегі «Қожаның» тұсауын Москва кесті. ...Қазақтың сүйкімді де қара сотқар баласы осыдан соң бүкіл Совет Одағын аралап кете барды... Біраздан кейін кітап Парижде француз тілінде басылды. Қазақфильм «Менің атым Қожа» повесі бойынша көркемсуретті кинофильм түсіруге кірісті. Режиссері – Абдулла Қарсақбаев. 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды. Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...(слайд 10)


  1. «Менің атым Қожа» қалай түсірілді? + БЕЙНЕРОЛИК


1ж- Жансая: «Жас Бердібек көз көргендердің айтуына қарағанда, жас кезінің өзінде-ақ ешнәрсеге жасымайтын, ешнәрседен жасқанбайтын отты, өжет болған екен. Ол сыйлауға, сыйласуға өте жақсы еді. Бірақ талғампаз болатын. Кейде тым кіділеу, тым кірпияздау көрінетін. Ал шын жаны жақтырған адамға, көңілі сенген кісіге ақжарқын да адал болатын. Екі сөйлемейтін,өтірік айтпайтын. ..» - бұл, жастайынан бір ауданда бірге өсіп, кейіннен дәм-тұздары жарасып, жазушымен сыйлас болған қарт қаламгердің жан тебіренісі.


2ж-Әли: Бердібек Соқпақбаев - Кеңес үкіметінің «қылышынан қаны тамып тұрған» кездің өзінде тек өз жүрек қалауымен оқырмандарына жалғандықтан қашып шынайы шындықты жеткізе білген жазушыларымыздың бірегейі. Балалар өмірін шынайы сүйіспеншілікпен бейнелейтін хикаялары мен әңгімелерін жас та, қарт та, қазақ та, басқа да құмарта, қызыға оқиды десек еш артық айтқандық емес. Бердібек Соқпақбаев кейіпкерлерін қолдан жасамаған. Оның кейіпкерлері - өзі. Жазушы шығармаларын бірінші жақтан жазады. Яғни, шығарманы бас кейіпкер әңгімелеп отырады.

IV. КӨРІНІС


1ж - Жансая: «Өзін жазатын жазушымын» деп жоғарыда өзі айтқандай, автордың көпшілік шығармаларында өмірбаяндық деректер пайдаланылып, олардың бір-бірімен сабақтастығы байқалып отырады. Әсіресе, қазақ балалар әдебиетінде үлкен құбылысқа айналып, өзіндік бір жаңа леп, жаңаша бет ала келген «Менің атым Қожа» повесі де алғаш «Өзім туралы повесть» аталған. «Менің атым Қожа» повесі жарық көргенге дейін қазақ әдебиетінде Қожаға ұқсайтын «тентек, сотқар» кейіпкер болмаған. Ең алғашында жұрт Қожаға әрине, тосырқай қарады. Тіпті, «балаларға бұл кітап қандай тәрбие бермек?», «Балаларды тек жақсы, өнегелі кейіпкерлер үлгісінде тәрбиелеу керек» деген сияқты пікірлер де болған.

2ж-Әли: «Бердібек Соқпақбаевтың – кірпияз мінезі - жазушының жан-дүниесінің тазалығын білдіреді. Өте қарапайымдылығымен өзін биік ұстайтын жазушылардың байқамайтындығын байқап, соның соны желісінен жанына нәр тапқан жазушы. Оның бізден ерекшелігі де сол. Сендердің топырақтарыңда туып, елдің мерейін үстем ететін үлкен классик жазушы болуының сыры да сонда»,- дейді Таһауи Ахтанов.


1ж-Жансая: Сүйікті жазушымыз Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарын бәріміз сүйіп оқимыз. Жазушы сомдаған кез-келген кейіпкер өзіне тән ерекшелігімен оқушы жадында сақталып қалады. Құрметті оқырмандар, енді кезекті «Бердібек Соқпақбаев және оның кейіпкерлері» атты сауалнамаға берсек.



«Менің атым Қожа» повесі бойынша сұрақтар:


  1. Қожаның шын аты / Қожаберген/

  2. Қожаның анасының аты (Милат) cлайд 11

  3. «Менің атым Қожа » повесі аударылған тіл? (Француз тілі)

  4. Қожаға қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімнің аты-жөні? /Сабира Майканова/

  5. Султан мен Қожа жайлауға бара жатқанда Қожа құлап түсіп қалады. Не үшін? / шылымның кесірінен/

  6. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты? («Өзім туралы повесть»)

  7. Қожа республика жұртшылығына қалай «танымал» болды? /суреті газетке басылды/

  8. Қожа оқу жылының басында Жантаспен не үшін келіспей қалады? / Жантас Қожаны партаға отырғызбай қояды/



(Балалардың жауабынан кейін Қожа келеді)

Қожа: Сәлем, сәлем, балалар! Балалар мен жақында жаңа ойын үйрендім. Ол қандай дейсіңдер ме, бұл ойын бір-бірімізге «сұрақ-жауап ойыны» деп аталады. Мен бірінші болып сендерге сұрақ қоямын. Сендер маған қайыра сұрақ қоясыңдар. (екі қолын уқалап) Кәнекей, ойынды бастаймыз ба? Менің сұрақтарым таусылған соң, сендердің кезектерің. Ойын басталды.



Қожаның сұрақтары (Менің атым Қожа повесі желісімен): слайд 12

  • Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шынын айтыңдаршы, мен өскенде қандай маман иесі болуды армандадым?

(Қожаның жазушы болсам деген арманы көкейіне ерте ұялады. Оның ақындық, жазушылық даңқы үшінші-төртінші сыныпта оқып жүргенде-ақ мектептен асып, ауылға жайылып, «ақын бала» атана бастаған. )

  • Сұлтан екеуіміздің қарақшылық өміріміз қанша уақытқа созылды?

(Олар жабайы қаз атып алдық екен деп, біреудің жоғалған қазын атып алып, үйітіп отырғандарында мектеп директоры Ахметовтың әкесі Ахмет шал көріп қалып, олардың «сазайларын» береді. Сосын екеуі қорда етіп, қарақшылық істемек болған «тапқыр» ойларынан табанда бас тартуға тура келеді.Бұл екеуінің қарақшылық өмірілерінің бірінші және ең соңғы күні болды.)

  • Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым?

(Қожа кешкі астан кейін төр үйге кіріп, үлкен айнаның алдына отырып, Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесін ашады. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе – тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін не істеу керек екендігі жайлы мәселе қаралды.)

  • Менімен дойбы ойнап отырған Жанар мені не үшін «Мақтаншақ Қожа» деп мазақтады?

(Бірінші ойында Қожа Жанардың сүйкімді жүзіне, иығына төгілген қолаң шашына қарап, толқып отырып, ойынды ұтқызып алады. Екінші ойында сағырақ ойнаса да, үш-төрт жүрістен кейін Жанар Қожаның үш пешкасын бірден қырып салды. Енді оның намысы келіп, «қазір ұтамын» деді сенімді үнмен. Бірақ, айлакер Жанар бұл жолы да елеусіз тұрған пешкасын Қожаға жегізді де, басқа бір пешкасымен оның әлгі батырын белден басып, биге өтіп кетті... )

  • Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?

(Бұл күні мектепте Қожаның тәртібін талқыға салған педсовет жиналысы болған.)


Қожа: Жарайсыңдар, мен туралы кітапты жақсы білетіндерің көрініп тұр. Баллалар, оллаһи, шыным, менің үйге қайтуым керек. Асығыспын. Қызыл бұзауымды айдап келуім керек. (Қожа кетіп бара жатып) Ұмытып бара жатыр екенмін, сендер сұрақтарыңды сосын қоярсыңдар.Ойынымызды кейін жалғастырамыз. Кездескенше.


2ж-Әли: Балалар, дегенмен, Қожа - қазақ балаларының Том Сойер іспетті сүйікті кейіпкері. «Менің атым Қожа» повесі қарапайымдылыққа, нанымдылыққа туған. «Өтірік ештеңе қоспаймын» - деп уәде берген автор уәдесін орындайды да. Бұл повесінде жазушы балаларға бала болып сырын ашады, өзінің бар болмысын, жамандығын да, жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының


арқасында оқырманның ыстық ықыласын өзіне аударады. Повестің өн бойында мейір қозғайтын, әдеп ұқтыратын және оны әдейілеп оңашаламай, оқиға барысында жымдастырып келтіретін тұстары мол.


1ж-Жансая: Қожаның тентектігі тектен-тек емес, белгілі бір логикадан туындайды. Адам жанын түсіне, ұға бермейтін шолақ белсенділерге, екі жүзділерге қаны қайнайды.

(Қожа кіреді)


1ж-Жансая: Қожа, сен бұзауыңды қораға қамап келіп қойдың ба?

Қожа: Иә, осы жолы бұзауымды Жанардың қорасына қарай айдап әуре болмай бірден өзімнің үйіме қарай айдап жібердім.

1ж-Жансая: Сонда сен бұзауыңды үйіңнің қорасына апармағансың ғой?

Қожа: Жоқ, менің оған уақытым жоқ. Бүгін Сұлтан екеуіміз балық аулауға баруымыз керек.

(Жанар келеді)


Жанар: Сәлеметсіңдерме, балалар! Менің де сендерге қоятын сурақтарым бар.

  1. Слайд 13- Кейіпкер туралы әңгімеле : Дәулетпен таныс / оқушылар жауабы мен фильмді салыстыру./

  2. Слайд 14 – Бұл кім? : «Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, бақандай бір қарасы жүр». / 78бет, Сәйбек қарт/

  3. Слайд 15 – Бұл қай жерде болып еді? Қожа жайлауға келгенде - /оқушылар жауабы мен фильмді. салыстыру./

  4. Слайд 16– Бұл кім? «Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер». /58 бет, Султан./

  5. Слайд 17 – Кейіпкерлер туралы әңгіме: / оқушылар жауабы мен фильмді салыстыру./

  6. Слайд 18 – Бұл қай сәт? «Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?». : 80 бет, педсоветтен кейін.


(Сұлтан келеді)


1ж – Жансая: Балалар, алдарыңда Бердібек атаның шығармаларын жатпай-тұрмай оқитын, шын ықыласты оқырмандарымыздың бірі.

Сұлтан (басын қасып): Сәлем бердік! Енді шын ықыласты деген кішкене артықтау ма деймін. Мен, …Сұлтанмын. Балалар мен де құралақан емеспін. Менің де сендерге алып келген «базарлығым» бар.

1ж- Жансая: «Мынау кімнің сөзі» атты Сұлтанның сауалнамасы: слайд 19,20


.…Ой, қарабасқыр, әлі жатырмысың? Осы сенің-ақ қолыңнан кітап түспейді екен. Тасташы былай. Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба?.. (Сұлтан, «Менің атым Қожа»)

  • ...Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын - әттең жазушы болсам деген арман менің көкейімде ерте ұялады. Үшінші, төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауылға жайылды... (Қожа, «Менің атым Қожа»)

  • ...Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым,-тыныш жүр, балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма... (Қожаның әжесі, «Менің атым Қожа»)


  • ...Бұл менің түзелемін деп, өзіме-өзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша тыныш жүрейін деп, тырыссам да, олай болмай шығады. Не ет қызуыммен, не басқа бір себеппен тәртіпсіздік істеп қойғанымды өзім де байқамай қалам. Жоқ, енді олай болмауға тиіс! (Қожа, Менің атым Қожа)

Сұлтан: Балалар, мен сендерге өте қуаныштымын! Міне, осындай өз әдебиетін сүйіп оқитын отанымыздың нағыз патриот азаматтары бола беріңдер. Міне, көріп тұрсыңдар ғой, менде кітап оқитын болдым. Енді біз ауылға қайтайық. Сау, болыңдар! (Қожа, Жанар, Сұлтан үшеуі балалармен қоштасып шығып кетеді)


Слайд 21 Қожа туралы сурақтар.

  1. Қожаның өз қателіктерін түзетуге мүмкіндігі бар ма ?

  2. Қожаның өз мінез-құлқы жайлы ойлауына не мәжбүр етті?

  3. Қожаның орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?


Слайд 22: 1ж-Жансая: «Оқырмандарым! Менің кейіпкерлерім аспаннан түскен адамдар емес. Осы өздеріңнің араларыңда бірге ойнап –күліп жүргендер. Ендеше Қожа маған қандай қымбат болса, сендер де сондай қымбатсыңдар».

Міне, Бердібек аға сонау алыстағы жылдары біздің Сапарғали Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасында кездесуде болған кештен соң ықыласпен осындай тілек қалдырған еді.


1ж - Жансая: Бердібек Соқпақбаев – шынайы адам, шыншыл жазушы еді. Өтірікке өлердей қас болатын. Өнерді өтірікпен әсемдеуден қорқатын. Қатарлас замандастарының өтірік жазғанын жазып жүргенін білсе, сыйламай қоятын. Ол қоғам шындығын бар ауыртпалық, қиындығымен көрсетем деп өзі де көп қиындық көрген қаламгер. Шыншыл шығарма-өміршең. Бердібек Соқпақбаев шығармалары кеше шындық болып шырылдап сөйлесе, бүгін өмірдің өзі болып баурайды оқырманды. Оның шығармаларының қызық оқылып, бүгін жазылғандай әсер ететіні де сондықтан. Бердібек Соқпақбаев – ұрпаққа деген басты шығармаларын жазған, оқырмандарынан лайықты бағасын алған бақытты жазушы. Кешімізді қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі, ақын Қадыр Мырзалиевтің мына сөздерімен аяқтасақ деймін: «...Бердібек Соқпақбаев кітаптарының соңғы беттерін жапқанда көркем шығарма оқып шыққандай болмайсың, өзіңнің ең тату-тәтті дос, жолдастарыңды ұзақ сапарға шығарып салғандай боласың. Қимайсың. Көңілің бұзылады. Бердібек Соқпақбаев шығармалары, міне осындай. Жазушы үшін бұдан асқан бақыт болуы мүмкін емес.»





































10



Просмотр содержимого документа
«Оқырмандар конференциясының жоспары»

Оқырмандар конференциясының жоспары.



Тақырыбы: «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» - Б.Соқпақбаевтың

«Менің атым Қожа» повесі бойынша оқырмандар конференциясы.



Мақсаты: Оқушыларға жазушы өмірі, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру, толықтыру. Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Шығарманың идеясы арқылы оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Б.Соқпақбаевтың портреті, ұлағатты сөздер, слайдтар, бейнероликтер.



1.Жазушының өмір баянымен таныстыру (слайд, бейнеролик).

2. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін сұрақтар бойынша талқылау, көрініс көрсету.

3. Қорытынды.









Просмотр содержимого презентации
«Слайды»

“ Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.”  Абай.   Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.  Жетінші сөз

Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.” Абай.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.

Жетінші сөз

Бердібек Соқпақбаев

Бердібек Соқпақбаев

Шығармалары:

Шығармалары:

“ ... Алыстан арбалап материал тасымаймын ,  архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді,өзім байқап- түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын .  Бір сөзбен айтсам:  өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”  Бердібек Соқпақбаев

... Алыстан арбалап материал тасымаймын ,

архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді,өзім байқап- түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын .

Бір сөзбен айтсам:

өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”

Бердібек Соқпақбаев

Жазып та көрдім мен де өлең,  Жазып та көрдім қара сөз.  Ерте ме, кеш пе мен де өлем  Өлмейді тек дана сөз..

Жазып та көрдім мен де өлең,

Жазып та көрдім қара сөз.

Ерте ме, кеш пе мен де өлем

Өлмейді тек дана сөз..

Бердібек Соқпақбаев ағасымен. Соғыс алдында .

Бердібек Соқпақбаев ағасымен. Соғыс алдында .

  • 'Бердібек Соқпақбаев' — қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.
  • Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.
  • Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды.

  • Чемпион» повесі (1951)
  • «Алыстағы ауылда» повесі (1953)
  • «Менің атым Қожа» повесі (1957)
  • «Балалық шаққа саяхат» повесі (1960)
  • «Өлгендер қайтып келмейді» романы (1967 — 1 т., 1974 — 2 т.)
  • «Қайдасың, Гауһар?» (1966)
  • Оның сценариі бойынша 1967 жылы қойылған «Менің атым Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында жасөспірімдерге арналған халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды.
Менің атым Қожа  Жанр : комедия, семейный  Мемлекет : Қазақстан  Шыққан жылы : 1963  Режиссер : Абдолла Қарсақбаев  әңгіме авторы : Бердібек Соқпақбаев  Сценарий : Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский  Сазгер : Нұрғиса Тілендиев  Кейіпкерлерді сомдаған  Қожа - Н. Сегізбаев  Сұлтан - М. Көкенов  Жанар - Г. Қурабаева  Жантас - Е. Құрмашев  Миллат (Қожаның шешесі) - Б. Римова  Рахманов - Қ. Қожабеков  Майқанова - Р. Мухамедьярова  Қожаның әжесі - З. Құрманбаева   Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы

Менің атым Қожа

Жанр : комедия, семейный

Мемлекет : Қазақстан

Шыққан жылы : 1963 Режиссер : Абдолла Қарсақбаев

әңгіме авторы : Бердібек Соқпақбаев

Сценарий : Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский

Сазгер : Нұрғиса Тілендиев Кейіпкерлерді сомдаған

Қожа - Н. Сегізбаев

Сұлтан - М. Көкенов

Жанар - Г. Қурабаева

Жантас - Е. Құрмашев

Миллат (Қожаның шешесі) - Б. Римова

Рахманов - Қ. Қожабеков

Майқанова - Р. Мухамедьярова

Қожаның әжесі - З. Құрманбаева

Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы, Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа - ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөніл бала.

Мен жазған дүниелердің ішінде жұртқа көбірек танылғаны «Менің атым Қожа» повесі болса керек. Бұл шығарманың әуелгі аты «Өзім туралы повесть» Алматыда біраз қиналыспен басылды. Қожаның жағымды қылықтарынан жағымсыз қылықтары көп. Балаларға бұл кітап қандай тәрбие бермек деп, алая қарағандар аз болған жоқ... Мектептегі барлық баланы хулиган етіп шығарғыларыңыз келсе, бұл кітапты тезірек басыңыздар депті рецензент... Орыс тіліндегі «Қожаның» тұсауын Москва кесті. ...Қазақтың сүйкімді де қара сотқар баласы осыдан соң бүкіл Совет Одағын аралап кете барды... Біраздан кейін кітап Парижде француз тілінде басылды .

Мен жазған дүниелердің ішінде жұртқа көбірек танылғаны «Менің атым Қожа» повесі болса керек. Бұл шығарманың әуелгі аты «Өзім туралы повесть» Алматыда біраз қиналыспен басылды. Қожаның жағымды қылықтарынан жағымсыз қылықтары көп. Балаларға бұл кітап қандай тәрбие бермек деп, алая қарағандар аз болған жоқ... Мектептегі барлық баланы хулиган етіп шығарғыларыңыз келсе, бұл кітапты тезірек басыңыздар депті рецензент... Орыс тіліндегі «Қожаның» тұсауын Москва кесті. ...Қазақтың сүйкімді де қара сотқар баласы осыдан соң бүкіл Совет Одағын аралап кете барды... Біраздан кейін кітап Парижде француз тілінде басылды .

Бірнеше ұрпақ өкілдерінің сүйікті киносына айналған «Менің атым Қожа» фильмінде басты кейіпкер рөлін сомдаған әйгілі сценарист, жазушы Нұрлан САНЖАР

Бірнеше ұрпақ өкілдерінің сүйікті киносына айналған «Менің атым Қожа» фильмінде басты кейіпкер рөлін сомдаған әйгілі сценарист, жазушы Нұрлан САНЖАР

Қожаның сұрақтары: Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шынын айтыңдаршы, мен өскенде қандай маман иесі болуды армандадым? Сұлтан екеуіміздің қарақшылық өміріміз қанша уақытқа созылды? Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым? .Менімен дойбы ойнап отырған Жанар мені не үшін «Мақтаншақ Қожа» деп мазақтады? Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?

Қожаның сұрақтары:

  • Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шынын айтыңдаршы, мен өскенде қандай маман иесі болуды армандадым?
  • Сұлтан екеуіміздің қарақшылық өміріміз қанша уақытқа созылды?
  • Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым?

.Менімен дойбы ойнап отырған Жанар мені не үшін «Мақтаншақ Қожа» деп мазақтады?

Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?

Кейіпкер туралы әңгімеле?

Кейіпкер туралы әңгімеле?

Бұл кім? “ Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын.Менің мойнымда оның тиыны емес,бақандай бір қарасы жүр.”

Бұл кім?

“ Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын.Менің мойнымда оның тиыны емес,бақандай бір қарасы жүр.”

Бұл қай жерде болып еді?

Бұл қай жерде болып еді?

Бұл кім?   “Сен оқуды тастасаң,маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.”

Бұл кім? “Сен оқуды тастасаң,маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.”

Кейіпкерлер туралы әңгімеле?

Кейіпкерлер туралы әңгімеле?

Бұл қай сәт?  “Маңдайдан буым бұрқырап,есік  алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді.  Омырауымды ағытып,желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”

Бұл қай сәт? “Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып,желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”

«Мынау кімнің сөзі» атты Сұлтанның сауалнамасы: … Ой, қарабасқыр, әлі жатырмысың? Осы сенің-ақ қолыңнан кітап түспейді екен. Тасташы былай. Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба?..

«Мынау кімнің сөзі» атты Сұлтанның сауалнамасы:

… Ой, қарабасқыр, әлі жатырмысың? Осы сенің-ақ қолыңнан кітап түспейді екен. Тасташы былай. Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба?..

  • ...Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын - әттең жазушы болсам деген арман менің көкейімде ерте ұялады. Үшінші, төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауылға жайылды...
...Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым,-тыныш жүр, балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма ... ...Бұл менің түзелемін деп, өзіме-өзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша тыныш жүрейін деп, тырыссам да, олай болмай шығады. Не ет қызуыммен, не басқа бір себеппен тәртіпсіздік істеп қойғанымды өзім де байқамай қалам. Жоқ, енді олай болмауға тиіс!
  • ...Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым,-тыныш жүр, балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма ...
  • ...Бұл менің түзелемін деп, өзіме-өзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша тыныш жүрейін деп, тырыссам да, олай болмай шығады. Не ет қызуыммен, не басқа бір себеппен тәртіпсіздік істеп қойғанымды өзім де байқамай қалам. Жоқ, енді олай болмауға тиіс!
Қожаның өз қателіктерін түзетуге мүмкіндігі бар ма? Қожаның өз мінез – құлқы жайлы ойлауына не мәжбүр етті? Қожаның орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?

Қожаның өз қателіктерін түзетуге мүмкіндігі бар ма?

Қожаның өз мінез – құлқы жайлы ойлауына не мәжбүр етті?

Қожаның орнында сендер

болсаңдар не істер едіңдер?

Оқырмандарым! Менің кейіпкерлерім аспаннан түскен адамдар емес. Осы өздеріңнің араларыңда бірге ойнап –күліп жүргендер. Ендеше Қожа маған қандай қымбат болса, сендер де сондай қымбатсыңдар». Міне, Бердібек аға сонау алыстағы жылдары Сапарғали Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасында кездесуде болған кештен соң ықыласпен осындай тілек қалдырған еді.

Оқырмандарым! Менің кейіпкерлерім аспаннан түскен адамдар емес. Осы өздеріңнің араларыңда бірге ойнап –күліп жүргендер. Ендеше Қожа маған қандай қымбат болса, сендер де сондай қымбатсыңдар».

Міне, Бердібек аға сонау алыстағы жылдары Сапарғали Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасында кездесуде болған кештен соң ықыласпен осындай тілек қалдырған еді.

Бердібек Соқпақбаев туралы айшықты ойлар  ...Бәріміз де бала болдық. Қазір есейдік, ересек тарттық. Дегенмен, сонау кезіміздегідей пәк емеспіз. Ал сол көңіл-күйімізді айна қатесіз бейнелеген «Менің атым Қожаны» барлығымыз оқып шықтық. Біз соны жазған Бердібек ағамызға сол кезде-ақ балалық көңілдің Мемлекеттік сыйлығын сыйлап қойғанбыз...  Марат Қабанбай Қаламгердің анық өсіп, шеберліктің белгілі бір биігіне шыққанын көрсеткен туындысы – «Менің атым Қожа» повесі... ...Қожа бейнесі қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Оның еңсесі барған сайын биіктеп, Марк Твеннің Том Сойерімен, Аркадий Гайдардың Тимурымен, қазақ фольклорының Тазша баласымен тайталаспай-ақ, тіпті соларға жете қабыл жүргеннің өзі әдебиетіміз үшін аз бедел ме?!  Қастек Баянбаев

Бердібек Соқпақбаев туралы айшықты ойлар

...Бәріміз де бала болдық. Қазір есейдік, ересек тарттық. Дегенмен, сонау кезіміздегідей пәк емеспіз. Ал сол көңіл-күйімізді айна қатесіз бейнелеген «Менің атым Қожаны» барлығымыз оқып шықтық. Біз соны жазған Бердібек ағамызға сол кезде-ақ балалық көңілдің Мемлекеттік сыйлығын сыйлап қойғанбыз...

Марат Қабанбай

Қаламгердің анық өсіп, шеберліктің белгілі бір биігіне шыққанын көрсеткен туындысы – «Менің атым Қожа» повесі...

...Қожа бейнесі қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Оның еңсесі барған сайын биіктеп, Марк Твеннің Том Сойерімен, Аркадий Гайдардың Тимурымен, қазақ фольклорының Тазша баласымен тайталаспай-ақ, тіпті соларға жете қабыл жүргеннің өзі әдебиетіміз үшін аз бедел ме?!

Қастек Баянбаев


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Бакиева Модангуль Амановна

Дата: 08.02.2015

Номер свидетельства: 169467


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства