kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Балаба?шада ?лтты? ойындар ойнатуды? ма?ызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Материктер жарысы» атты сайыс саба?

Саба?ты? ма?саты:

  • Д?ст?рлі емес т?сілмен ?ткізілген ?айталау саба?тары ?ткен та?ырыптарды пысы?тау;
  • О?ушыларды? ?ткен та?ырып бойынша ал?ан білімдерін жина?тай білуге есте са?тау?а, т?жырымдай білуге, номенклатураны жат?а білуді да?дыландыру;
  • Жер-Ана перзенттері сия?ты материктерге тіл бітіріп, с?йлету ар?ылы таби?атты аялау?а, с?йе білуге баулу.

Саба?ты? к?рнекіліктері: Д?ниеж?зіні? физикалы? картасы, ?р топ?а атлас карта, ?лестірмелер, б?ктемелер, ?орап.

Саба? барысы: О?ушылар?а саба?ты? шартын т?сіндіру.

Саба? жоспары.

  1. Таныстыру
  2. «Б?йге»
  3. ?й тапсырмасы
  4. «Адас?ан обьектілер»
  5. С?з ??растыр
  6. Тест тапсырмасы

Сынып о?ушылары ?зара б?лініп, «Африка», «Аустралия» деп топтар?а б?лінді. О?ушылар?а ?зін-?зі ба?алау пара?ы таратылды.

Таныстыру.

?р топ дайындап ?келген т?сбелгісін, топты? атын ж?не ?ранын ?ор?айды. ?зіні? метеригіне ?ызы?ты м?лімет жинастырып ?келеді.

«Б?йге»

О?ушылар?а жалпы с?ра?тар ?ойылады. ?ай топ бірінші болып ?ол к?тереді, сол топ жауап бареді. Егерде топ д?рыс жауап бермесе,екінші топ жауап беруге м?мкіндік алады. ?р с?ра??а ?пай беріледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Балаба?шада ?лтты? ойындар ойнатуды? ма?ызы" »


28 орта мектеп әдіскері, география пәні мұғалімі

Раушан Қашығұлова Елубайқызы

1971жылы 27 қыркүйекте дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін 1994жылы бітірген. 2008жылы қалалық «Жыл мұғалімі-2008» байқауынан ІІ орын,

2009жылы қалалық «Жаратылыстану-математка» пәндері

олимпиадасынан І орын, 2009жылы облыстық

«Жаратылыстану-математка» пәндері олимпиадасынан І орын иеленді.



Шығармашылық жұмыс


«География пәнінен оқушыларды ҰБТ-леуге дайындау жолдары»


.


Білім негізі - мектепте. Ірге тасы берік үйдің азып тозбайтыны, мықты болатыны сияқты толыққанды орта білім алған түлек қана жоғары оқу орындарынан халықаралық стандарттарға сай терең білім алып, қалаған мамандығын игереді.Оқушыларды ҰБТ-леуге дайындаудағы міндеттерім:


1. Оқушылардың білімін жинақтау.

2. Оқушылардың білімін жүйелеп, қайталау.

3. Алған білімдерін жүйелеу, білуге дағдыландыру.

4. Шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

5. Оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйрету.

6. Оқушылар бойында жинақылық туғызу

7. Дүниетанымын кеңейту

8. Оқушылардың алған білімдерінің деңгейін бағалау.

9. Оқушыларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.


ҰБТ-леудің қажеттілігі.

1. Білім беру ұйымдарын объективті бағалау.

2. Оқушылар мен мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын ынталандыру.

3. Білім берудің тәуелсіз бағалау жүйесін құру.


География пәнін таңдау қандай мамандықтар үшін қажет.

1. Білім беру ісі

2. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

3. Жаратылыстану ғылымы

4. техникалық ғылымдар

5. Ауыл шаруашылық ғылымдары – су ресурстары.

6. Қызмет көрсету мамандықтары үшін қажет.


ҰБТ дайындауда ең бірінші төмендегідей жұмыстар жүргізген тиімді деп ойлаймын.

1. Пән бойынша бағдарлама құрастыру.

2. Тест жинағын жинақтау.

3. ҰБТ-леудегі сұрақтарға талдау жүргізу.


Бағдарламаның негізгі міндеті:

11-сынып оқушыларын «География» пәнінен өз білімдерін тиянақтап, жинақтап, ҰБТ-леуге дайындау. 5-11 сыныптардағы алған білімдерін жүйелі түрде қайталау.

Бағдарлама мектептегі стандартты білім жүйесіне сай құрастырылады

Оқушыларға бағдарламаға сәйкес теориялық білім беріледі.


Пән бойынша тарауларға арналған тестлер жинағын дайындаған жөн.

Тестілеуге дайындауда оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды 4 топқа жіктедім.

1. Географиялық білім негіздерін қалыптастыру.

2. Тест тапсырмалары арқылы білім деңгейлерін тексеру

3. Алынған тестілерді талқылау.

4. Топпен жұмыс істеу.


Әрбір алынған тестілерін талқылау оқушылар қатемен жұмыс жүргізеді.

1. Қателескен сұрақтарын жазып, жауаптарын, оқулық пен лекция дәптерлерінен іздейді.

2. Жауаптарын тауып, жазады.

3. Өзара сұрақтар қойып, талқылайды, бағалайды.



Топпен жұмыс істеу





1 топ 2 топ 3 топ

(18 ұпайдан жоғары) (18-14 - дейін) (1-14 дейін)




Топпен жұмыс істеу қандай нәтижеге жеткізеді.

1. Оқушылардың жоғары нәтижеге талпынысын ынталандырады

2. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады.


ҰБТ-леудегі оқушыларды дайындау нәтижесі.


2006 жылы 37 оқушының сапа көрсеткіші 46%. Орта ұпай 16 ұпай. 2007 жылы 28 оқушының сапа көрсеткіші-64,2% орта ұпай 19,3 ұпай.2009 жылы 100


Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский-«Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге терең үңілуге мүмкіндік алуымен де өзін-өзі үйретеді» деген. Ал, асқан дарынды геохим Форций «Не істеп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін» деген екен.

Сондықтан зор табысқа жету үшін, шәкірттерге өздері шәкірт тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес етемін.

Тестлеуге даярлық кезінде ұстанымдармен танысыңыз,мүмкін олар өз іс-әрекетіңізді шын мәнінде оңтайлы ұйымдастыруға жәрдемдесер.Тестлеуге дайындық:

-Сабаққа арналған орынды дайындаңыз,үстел үстіндегі артық заттарды жинап, қажет болатын оқулықтарды,оқу құралдарын ыңғайлы етіп қойыңыз;

-Бөлме интерьеріне сары немесе күлгін түстерді енгізіңіз,олар зияткерлік белсенділікті арттырады.

-Сабақтың жоспарын жасаңыз,ең алдымен өзіңіздің «үкі» немесе «бозторғай» екендігіңізді анықтап алыңыз.

-Ең қиын бөлімнен ,ең нашар білетін материалдан бастаңыз;

-Сабақ оқу мен демалуды кезектестіріп отырыңыз;

-Қолыңызға секундамер алып,жаттығыңыз,тестіні орындау уақытын есептеп көріңіз;




Сабақтың тақырыбы: Латын Америкасының шаруашылығы.Сыртқы экономикалық байланыстары.



Мақсаты: 1.Оқушыларға Латын Америкасы елдерінің шаруашылығы туралы түсінік беру.Оқушылардың алған білімдерін дамыту

2.Оқушыларды ұжымдық, жеке , топпен жұмыс жасай білуге үйрету

Түсіндіру әдісі: Баяндау,жалпылама түсіндіру, көрнекілік

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Карта,Интертақта.

1.Үй тапсырмасын пысықтау;

2.Жаңа материалды оқып үйрену;

3.Бекіту және материалды қорытындылау;

4.Бағалау.

  • Латын АмерЛатын Америкасында қандай минералды шикізат түрлері бар?

  • Су ресурстарының аймақтағы шаруашылық үшін маңызы қандай?

Шаруашылық кезеңі

Сипаты

Даму ерекшеліктері

1.Отарлау кезеңі

Бағалы металдар өндірісі. Плантациялық шаруашылық.

Европа нарығына бағытталды

2.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы кезең

Шетел қаржысына негізделген шаруашылық

Дамыған елдер аймақтағы жас елдерге экономикалық үстемдік етті

3.Бірінші дүни жүзілік соғыстан соңғы кезеңі

Жергілікті қаржыға негізделген кішігірім кәсіпорындар

Дамыған елдер аймақтағы жас елдерге экономикалық үстемдік етті

4.1960-1990 “Импортты алмастыру”

Ішкі нарықта импорттық тауарларды жергілікті өндіріс тауарлары ығыстыра бастады

Шетелдік бірлескен кәсіпорындар өз үлестерін қосты


5.1980 жылдардағы “Экспортқа бағдарлану”

Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру

Елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастық орнату

Экспортқа бағдарлану


Дамыған жетекші өнеркәсіптері

  • Тау-кен өнеркәсібі

  • Энергетика

  • Қара және түсті металлургия

  • Мұнай өндіру , өңдеу

Қара және түсті металлургия дамуына әсер ететін факторлар


  • Болат балқытатын елдер Бразилия,Мексика, Аргентина;

  • Мыс өндіруден дүние жүзінде 2 орын алатын ел-Чили;

  • Алюминий өндіретін елдер-Бразилия,Ямайка;


  • Электр энергиясын өндіруде СЭС-тер маңызды роль атқарады.Мексика , Аргентина, Бразилия елдерінде СЭС жүйелері іске қосылған.

  • Гаити,Гондурас,Боливияда электр энергиясымен нашар қамтамасыз етілген.


Жергілікті шикізат көзіне негізделген өнеркәсіптер:

  • Ауылшаруашылығының дамуына қандай жағдайлар әсер етеді деп ойлайсыңдар?

Өсімдік шаруашылығының түрлері





Халықаралық маманданған негізгі дақылдар

Дақыл түрлері

Жетекші өсіретін елдер

Қант құрағы

Куба, Бразилия, Ямайка, Доминикан Республикасы

Какао

Бразилия, Эквадор, Доминикан Республикасы

Кофе

Бразилия, Эквадор, Колумбия

Мақта

Парагвай, Уругвай, Аргентина

Банан

Эквадор, Коста-Рика, Бразилия


Сыртқы экономикалық байланыстары

  • Әлемдік нарықтық экономикада аграрлық-шикізаттық бағытқа маманданған.

  • Экспортында минералды шикізат пен ауыл шаруашылық өнімдері басым.

  • Импортында құрал-жабдықтар мен машиналар басым.


Есіңе сақта

  • 1994 жылы құрылған НАФТА ұйымының мүшесі.

  • 1991 жылы МЕРКОСУР экономикалық одағына мүше болды.



№1 тапсырма.
Ірі су және жылу электр станцияларын атаңдар.




№2 тапсырма.
Ірі қара және түсті металлургия орталықтарын атаңдар.



Еуропа елдері бойынша өтілген материалдарды қайталауға арналған тапсырмалар

1.тапсыарма

Атласты пайдаланыптеңіз жағалауындағы, өзен сағасындағы,теңізден қашық орналасқан елдерді анықтап кестені толтырыңдар.

Теңіз жағалауындағы елдер

Өзен сағасындағы елдер

Теңізден қашық орналасқан елдер


2- тапсырма

Төмендегі елдер қандай елдермен шектесетіндігін анықтаңыз

Германия.Франңия,Австрия, Швейцария


3- тапсырма

Еуропа елдерін мемлекеттік құрылымына қарай топтастырыңдар


4- тапсырма

Еуропаның минералды ресурстар картасына қарай отырып,пайдалы қазбалардың кен орындарын жіктеңдер


5- тапсырма

Картаны пайдаланып, бір ұлтты, екі ұлтты, көп ұлтты мемлекеттерді анықтаңыз.


6- тапсырма

Еуропадағы тіл семьялары мен тіл топтарын сипаттайтын кесте құрастырыңдар


7- тапсырмаОқулықтағы мәтінді пайдаланып, ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіп салаларын анықтаңыздар.


8- тапсырма.

Еуропа неліктен халықаралық туризмнің басты ауданы болып саналады? Жауапты нақты мысалмен дәлелдеңіздер.

9- тапсырма

ЕО құрамына кіретін елдерді ,олардың астаналарын жазыңдар.


10-тапсырма.

Германия, Франция, Ұлыбританиядағы ірі қалаларды анықтап, кесте толтырыңдар.

11- тапсырма.

Германиядағы ірі автомобиль зауыттары қай қалаларда орналасқандығын анықтап, жазыңыздар.

12- тапсырма.

Франция мен Германияның шаруашылық құрылымын салыстырыңыздар.

13- тапсырма

Еуропадағы микромемлекеттерге сипаттама беріңіздер.


14- тапсырма

Испанияның табиғатына сипаттама беріңіздер.


15- тапсырма.

Кескін картаға ірі Еуропадағы теміржол мен автомобиль жолдарын түсіріңдер.


«Еуропа елдерінің көлігі» тақырыбына арналған тапсырмалар

1.Еуропа елдерінің көлік жүйесі өзіндік ерекшеліктерге ие.Төменде көрсетілген ерекшеліктердің қайсысы дұрысқа жататынын табьыңыздар.

А) дүние жүзінде теміржол торы жиілігі жөнінен бірінші орын алады;

Ә) байланысқан барлық түрімен қамтылған;

Б) қысқа қащықтық;

В) ендік және бойлық бағыттағы магистральдық жолдардың болуы;

Г)күшті дамыған теңіз паромы жүйелері;

Д) Аймақтық және халықаралық маңызы бар көлік тораптанының болуы;

Е) Халықаралық және транзиттік жүктердің тасылу қарқынының жоғарылауы;


2.Ендік бағытындағы теміржол магистральдары ішінен мыналарды ерекше бөлуге болады:

А) лиссабон – Мадрид-...Берлин-...-Москва.

Меридиан бағытындағылар:

Ә)Лондон-...-Марсель;

Б) Гамбург-..-Рим;

В)Берлин-...-Стамбул;


3.Дунай өзен мына елдердің үстімен ағып өтеді:

1)... 2)... 3)... 4)... 5).... 6)... 7)... 8) ... 9) және мына елдердің табиғи шекарасы;

А) Венгрия мен ..... Ә)Румыния мен .....Б)Украина мен ...

4. Дунай өзені бойында мынадай ірі порттар орналасқан :

Линц, ...Братлислава....,..., Русе, Измайл.

5. Еуропадағы жүк айналымындағы жылына 50 млн т-дан асатын ірі порттар арасынан мыналарды бөлуге болды:

1)...2)...3)...4)...5)...6)....7)...

Дұрыс жауаптары


1.В және Д жауабынан басқасы.

2.а)Париж, Варшава
ә) Париж

б)Мюнхен

в)Белград, София

3.Германия.Австрия,Чехия,Словакия,Венгрия,Югаславия,Румыния,Болгария,Украина

А)Чехия мен Словакия;

Ә)Румыния мен Болгария;

Б)Украина мен Румыния;


4.Вена, Будапешт, Белград;

5. 1-Роттердам;

2-Антперпен

3-Лондон;

4-Гамбург;

5-Гавр;

6-Марсель;

7-Генуя;


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Балаба?шада ?лтты? ойындар ойнатуды? ма?ызы"

Автор: Жусипбекова Арда? Еркеновна

Дата: 14.01.2015

Номер свидетельства: 154841


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства