kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баянын іздеген ?озы К?рпеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л іс шара жарыс т?рінде ?тіледі. Ма?саты ?аза? еліні? ?дет ??рыптарын д?ріптеу. Елімізді? а?ыз болып ?ал?ан ?ос ?ашы?тарымызды? махаббатына еліктеу.«?озы К?рпеш-Баян С?лу» жыры-хал?ымызды? к?не тарихынан жеткен  асыл м?ра, ?лемдік м?дени-тарихи ??былыс. Жыр та?ырыбы- хал?ыны? ?дебиеті, м?дениеті, т?тастай ал?анда, руханияты т??ірегінде тынымсыз ізденістерге бастайтын аса ма?ызды, м??гі ескірмейтін та?ырып.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баянын іздеген ?озы К?рпеш»

Баянын іздеген Қозы Көрпеш!

1 Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ардақты қонақтар, құрметті қатысушылар.

2 Жүргізуші: Бүгінгі «Баянын іздеген Қозы Көрпеш» - атты кешімізге қош келдіңіздер.

Махаббат теңеу емес өлеңдегі,
Емес ол аңыз болған ел ермегі,
Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек,
Қозы үшін сұлу Баян өлер ме еді.

1 Жүргізуші: «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жыры-халқымыздың көне тарихынан жеткен асыл мұра, әлемдік мәдени-тарихи құбылыс. Жыр тақырыбы- халқының әдебиеті, мәдениеті, тұтастай алғанда, руханияты төңірегінде тынымсыз ізденістерге бастайтын аса маңызды, мәңгі ескірмейтін тақырып.

2 Жүргізуші: Поэманың тақырыбы - екі жастың бір - біріне деген адал сүйіспеншілігі. Сезімнің жоғарғы шыңы - махаббаттың жолындағы бөгет көбіне дәрменсіз екендігі өмір шындығы. Шығарманың негізгі кейіпкерлері Қозы мен Баян заманның қаталдығын, озбырлығын, мейірімсіздігін жеңіп, кездесті, азғантай уақыт болса да ойнап - күліп бақытты өмір сүрді.


1 Жүргізуші: Біз қазақпыз ғашық болған Баянға,
Ей жастарым, елін үшін аянба!
Ғашық болсан Валентин күнін емес,
Қалқаман мен Мамыр жайды баянда!
Біз қазақпыз ғашык болған Жібекке
Енлікті айт ынтық болган Кебекке
Қазағымнын арулары тұрғанда
Өзге ұлттын валентині керек пе???!


ӘН: Астанаева Жансая. «Әгугәй әні».

(«Махаббат станциясы» мелодиясы жүріп тұрады)

1 Жүргізуші: - Махаббат бар ма? – дейсің. 
2 Жүргізуші: - Бар, білемін.
Әйтеуір тыныш емес жан–жүрегім.
Бүгінде есейсем де, сол сезімнің
Бойымда ұшқындары қалды менің.

1 Жүргізуші: Өмір жоқ махаббатсыз деп білемін,
Оған да талай есем де кетті менің.
Махаббат – сезімдердің серкесі ғой
Әркімнің елжіреткен ет–жүрегін.

2 Жүргізуші: Жарқыным, махаббатты жоқ дегенің,
Жастықтың тозағынан өтпегенің.
Сұлтаны сезімдердің – махаббатты
Тұрады теңегім кеп өртке менің.

1 Жүргізуші: Екі оттың бірде қалып ортасында,
Азабын кейде аямай тартасың да.
Дүние боп дүниенің тұрғандығы –
Махаббат пен мейірім арқасында.

-деген терең ойлы өледерден махаббатты қандай ұшқыр сезім екені бәріміздерге белгілі. Сондықтан махаббаттарымыз әрдайым сезімдерірге толы болсын!

Көрініс: «О, махаббат осыншама оңай ма едін?!»


2 Жүргізуші: Бүгінгі біздің кешіміз 15- сәуір Қозы мен Баяндай ғашық болған жастардың күніне арналады.Кеште жастар Қозы мен Баянның, Төлеген мен Жібектің, Еңілік пен Кебектің, Ләйлі мен Мәжнүннің, Қалқаман мен Мамырдың махаббатын дәріптеп, ғашықтар күнінде өздерінің өнерлерін көрсетіп, махаббат жолындағы бөгеттерден сүрінбей өтіп, нағыз жұп жарасымдылығын көрсетпек. Сондықтан ортаға сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен бүгінгі жұптарымызды шақырайық.

1 Жүргізуші: Кей кездері ортайғаным түк етпес,
Жап-жас болып қартайғаным түк етпес.
Менің жайнап жүруіме ішінен,
Бұл әлемде біреу болса тілектес. 1жұп: Қалқаман мен Мамыр

2 Жүргізуші: Кей біреудің елемеуі түк етпес,
Мейірімге бөлемеуі түк етпес.
Аман болсын екі жұлдыз көктегі
Менің қиын бақытыма шын тілектес. 2жұп: Екі жұлдыз


1 Жүргізуші: Қызғанбаймын тұстастарым шықса озып,
Түк етпес-ау көтерсем де қанша жүк.
Абайсызда жұрт ішінде сүрінсем
Жүгіретін біреу болса қол созып. 3жұп: Еңілік Кебек


2 Жүргізуші: Сенбе, дос, өз сертінде тұрмағанға,
Махаббат жалған десе, бұл ғаламда,
Махаббат болмаса егер, дала кезіп
Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма. 4жұп: Ләйлі мен Мәжнүн


1 Жүргізуші: Кеште жұптар белдерін бекем буып, алдарына мақсат қойып, сайыста жеңу үшін қатысып отыр, Ендеше оларға сәттілік тілейік!

2 Жүргізуші: Ал, сайысымызда жастар 7 кезеңнен өтеді


1 кезең:.Таныстыру

2 кезең: Ән айту

3 кезең: Би билеу

4 кезең: Шығармашылық дуэт

5 кезең: Неге сені жаным мен, таныдым?

6 кезең: Гүл сыйлау.

7 кезең: Сурет салу.


2 Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің өнерлері асып түсті

Жас дарынды жұптарың сайысуда

Жеңіске жетер деймін нағыз мықты.

Келесі кезек кезеңдерден өтуде әділ баға беретін әділ қазы алқасы. Ендеше әділ қазы алқсының мүшелерімен танысып қояйық.... ..

(әділ қазыларды таныстыру)


1 Жүргізуші: Махаббат деген ұлы сезім өшпейтұғын
Пенде жоқ мұны бастан кешпейтұғын,
Ұялатқан жүреке нұрлы арман
Қандай рахат махаббатын дамін татқан
Жырламаған ақын жоқ махаббаты,
Жанға берер жылулық шапағатты
Кейбір жандар ісі жоқ махаббатпен
Ашидығой сол жандарға жаным қатты!
Махаббатты тәтті дамін сезбейсін
Махаббатты озін барып іздейсін
Ал егерде махаббаттан айрылсан
Махаббаттын не екенін білмейсін.

2 Жүргізуші: Сайысымыздың 1-ші кезеңі – Таныстыруды бастайық.(Әр жұп ортаға шығып өздерімен таныстырады)

1жұп: Қалқаман мен Мамыр

2жұп: Екі жұлдыз

3жұп: Еңілік Кебек

4жұп: Ләйлі мен Мәжнүн


1 Жүргізуші: Әсем әуен дала кезіп барады

Ән күй шалқып, аспандатып тарады.

Селт етерлік сезім кетті сел болып

Домбыраның күй төккенде шанағы


2 Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсен менше сүй.

1 Жүргізуші: Сайысымызды жалғастырайық 2-ші кезең –Ән айту.(Әр жұп ортаға шығып өздерінің әндерін орындайды)

1жұп: Қалқаман мен Мамыр

2жұп: Екі жұлдыз

3жұп: Еңілік Кебек

4жұп: Ләйлі мен Мәжнүн


2 Жүргізуші: Мұң бұралып билейтін

Жұптар шығар ортаға

Қарсы алайық көрейік

Жақсы баға берейік

1 Жүргізуші: Сайысымыздың 3-ші кезеңі – Би билеу. Әділ қаз алқасы бүгінгі біздің жұптар бұл жерде жұптардың қандай би билегеніне қарамай, оны қалай билегеніне назар бөліп, әділ бағаларыңызды берерсіздер деген үмітте.

(Әр жұп ортаға шығып өздері дайндаған биді билейді)


Сулейменов Жамалдиннің орындауында ән «Бағалайық бақытты»


2 Жүргізуші: Келесі сайсымыз - Шығармашылық дуэт. Ортаға барлық жұптарды шақырайық. Ду қол шапалақ. (Әр жұпты алдына ватман қойылады және фломастер беріледі. Қатысушының біреуінің көзін байлайды, ал екіншісі сурет салып жатқан кезде қолынан ұстап бағдар беріп отырады. Сурет өтіп жатқан кешке байланысты салынады.) Енді өздеріңіз салған суреттің астына жұптарыңызды жазып, әділ қазыларға тапсырыңыздар.


1 Жүргізуші: Әділ қазы алқасы өз бағаларын бергенше келген қонақтармен бір «Достық айырбас» атты сайыс өткіздірейік. Бұл конкурске жігіт пен қыз қатысады. Сондықтан ортаға 5жұп шақырайық (Әр жұпқа шорты мен фуражка беріледі. Музыка қосылған кезде кім қалай билегісі келсе солай билейді. Музыка тоқтаған кезде, жұптар киімдерімен алмасу керек. Яғни, жігіт фуражканы кисе, қыз шорты киюі керек. Бұндай айырбас 3 рет өтеді. Тез әрі қызықты болған жұп жұғады.)


2 Жүргізуші: Ғашықтық жайын қозғама,
Қозғауды мақұл көрмес ем,
Ол жайлы саған боз бала,
Білгенмен ақыл бермес ем!

1 Жүргізуші: Сүюге ешкім оқытпас,
Оқытам десе, шақыртқыз.
Ғашықтар үшін жоқ ұстаз,
Бәріміз түгел шәкіртпіз.


2 Жүргізуші: «Неге сені жаным мен, таныдым?» Сайсына да келіп жеттік. Ендеше жұптардын бір – бір мүшелерін залдан шығуын сұраймыз, ал екіншілері ортаға шығып, біздің сұрақтарымызға жауап беріңіздер.

(Жүргізуші жұпты біреуін залдан шығарып, екіншісіне оның жұбына байланысты сұрақтар қойылады. Кейін екіншісін шақырып, оғанды сондай сұрақтар қойып, екеуінің жауаптарын тенестіреді.)

Сұрақтар:

Сіздің жұбыңыз қашан дүниеге келді.

Балалық шағындағы ең сүйікті ойыншығы.

Ең жақын мектептік досы.

Сүйікті тағамы.

Сүйікті ісі.

Сүйікті әншісі.

Сүйікті әні.


Астанаева Жансаяның орындауында «Бір тілек» әнін қабыл алыңыздар.


1 Жүргізуші: Келесі кезекте «Гул сыйлау» сайысы. Ортаға барлық жұптарды шақырайық.

Гүл сыйлау.

Ұлдарға екі картон беріледі. Тапсырма – бұл кртонмен - дөңгешектер, әрбіреуі арқылы «батпақтан» өтіп, өзінің жұбына гүл сыйлау.


2 Жүргізуші: Ақ қағазға ақ қаламмен

Салдым сенің бейненді

- дегендей, сайысымыздың келесі кезеңі «сурет салуды» жалғастырайық.

Сурет салу.

Әр жұп бір бірінің артына тұрады. Жігіттерге алдын ала дайындалған сурет көрсетіліп, оны қыздың арқасына салғыздырады., қыз оны қағаз бетіне түсіру керек. Кімдікі ұқсас болғаннын қазылар алқасы шешіп, әділ бағасын қояды.


1 Жүргізуші: Көрермендермен ойын «Оратылған жіп.»

Сахынаға 3 жігіт шақырылады. Әр жігітке оратылған жіптің басын залда отырған бір қызға беріп қояды. Ал, жігіт жіпті орай отыра қызды тауып алады. Жігітті ұтысы – қыз бетінен сүйгені.

Ән «Екі жұлдыз» Арайлым мен Тойбазар

1 Жүргізуші: Шын сүйгендер қосылмайды – қосылғанмен бір болмайды демекші, неге ҚАЛҚАМАН-МАМЫР, ЕҢЛІК-КЕБЕК, ЛӘЙЛІ МӘЖНУН қосылмады?
2 Жүргізуші: Өйткені, бір адам басқа адамға қаншалықты ғашық болса да ол сол адамды әуелі Алладан сосын пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.а. -нан, сосын әке-шешесінен артық сүймеуі керек. Өйткені Махаббат ол барлық нәрсе секілді бір хақ аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың қолында екенін естен шығармауымыз керек.

Бір хадисте былай жазылған:
Билікті аңсаған құлыма түбінде билік беремін,
Байлықты аңсаған құлыма түбінде байлық беремін,
Бір адамға ғашық болған адамға түбінде сол адамды беремін.
Бірақ олардың естерінде болсын ҚИЯМЕТ КҮНІ мен оларды бөлек тұрғызып, Билікті аңсаған адамнан - Әділ болдыңба?
Байлықты аңсаған адамнан - Жомарт болдыңба?
Ғашық болған адамнан - берген адамға Адал болдыңба? - деп сұраймын.
Сонда кімде кім Әділ болмаса-оны оз әділетсіздігі қатты қинайды, сабайды.
Сонда кімде кім Жомарт болмаса-оны оз Сараңдығы қатты қинайды, сабайды.
Сонда кімде кім Адал болмаса-оны оз Адалсыздығы қатты қинайды, сабайды.!!


Марапаттау кезеңі. (Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.)


1 Жүргізуші: Өмiр қысқа,тәртiп сақта!

Тез кешiрiп, ұзак сүй!

Шын ұнатып, еркiн күл!

Адал болда, аяла!

Сыйлы болда, жылама!

Көп ренжітпей, аз ренжi!

Сене бiл де, алдама!

Қате кетсе, уақыт созба, кешiрiм сура,жаскан ба!

Ал ренжiсен, кешiре бiл, ойлан ба!

Айырылсанда, өзiн сүйдiн, қайғырма!

Есiнде ұста: құдай куә, уакыт алып қиналма!


Ән «Достар» орындайтын Қатысушылар


2 Жүргізуші: Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баянын іздеген ?озы К?рпеш

Автор: Найманбаева Жузим Абуовна

Дата: 28.01.2016

Номер свидетельства: 284381


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства