kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама. М.Ж?мабаев шы?армашылы?ында?ы педагогика м?селелері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама ?аза? хал?ыны? к?рнекті а?ыны, педагог-а?артушы ма?жан Ж?мабаевты? педагогика ?ылымына ?ос?ан ?лесі жайлы. Оны? "Педагогика" е?бегі сол кездегі ?аза? хал?ыны? о?у-білім саласына ?ос?ан те?дессіз ?лесі еді.

Баяндама орта мектеп м??алімдері мен студенттерге, сондай-а? о?ушылар?а арналады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама. М.Ж?мабаев шы?армашылы?ында?ы педагогика м?селелері. »

Мағжан Жұмабаев шығармашылығындағы педогогика мәселелері



«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Әл-Фараби

Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.
Педагогикалық іс- өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді.
Бүгінгі мектептің басты міндеті- өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.
ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр.
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. «Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».

Осы салада атқарып жатқан жұмыстарымыз жөнінде қысқаша өз мектебімізге тоқтала кетсем.

Бүгінгі біздің бас қосуымыз қазақ халқының көрнекті ақыны, зерттеуші, аудармашы, педагог Мағжан Жұмабайұлының 140 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр.

М.Жұмабаев туралы айтқанда ең алдымен біз оның ақындығына тоқталамыз. Әлі күнге толық зерттелмей, өз бағасын алып, қоғамымыздан ойып орнын ала алмай отырған ақын таланытының бір қыры-педагогика саласындағы еңбектерін бүгін сіздерге ұсынбақшымыз.

«Педагогика» еңбегі 1922 жылы Қызылжар қаласынан басылып шығады. Ол Педагогика және психология деген екі бөлімнен тұрады.

М.Жұмабаев –әдіскер. Мысалы, «Ішкі сезімдердің біреуі-іш пысуяки зерігу» деген бөлімде былай дейді: «Мұғалім бір сөзді ұзыннан-ұзақ соза берсе, шәкірттің іші пысады, мұғалім үсті-үстіне төпеп, түрлі білімді, түрлі сөз айта берсе, бала мезі болып, іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімінің бәрін блаға тез білдіруде емес, басқыштап білдіруде. Сабақ оқытуда мұғалім өзі жинақы, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың назарын өзіне қарата алады. Сабақ үстінде баланың ойнауы, тыныш отырмауы, бір-бірімен сөйлесулері мұғалімнің жинақы, жігерлі бола алмауынан»,-деген пікірі оның үлкен әдіскерлігінің дәлелі болса керек.

«сұлулық сезімдеріә» деген бөлімде педагог адам тек қана сырт сұлулығымен ғана емес, ішкі сұлулығымен ұнамды, сүйкімді болуы керек»,-дейді. Осы орайда ән-музыка, сурет, поэзияның орны ерекше екенін айтады.

«Тәрбиешінің міндеті – бала исскуствоның қай түріне ынтасы бар екенін тауып, сол сезімдерін өркендету»,-дейді де, оған жетудің жолдарын көрсетеді. Мұғалім егерде сұлулықты сүймесе, оның жүрегі сұлу болмаса, сұлулықты жан-тәнімен түсінбесе, педагогика саласындағы сұлулық туралы сыр шертпес еді.

Ол өзінің мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын «Құлық сезімдері деген» бөлімде одан әрі дамыта түседі. Ол қазақ халқына басқа халықтардың жақсысын үйреніп, сөйтіп көтеріл» дейді. «Басқа халықты, жалпы адамзатты сүй « деп өсиет айтады. «Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін» дейді. Бұл сөзді Мағжан өзі үшін айтқан сияқты.

«Педагогика» кітабының соңғы бөлімі «Баланың жалпы жаратылысына» арналады.

Бұл бөлім бүкіл кітаптың қорытынды бөлімі іспетті. Бала тәрбиесінің оңай емес екендігі, оған екінің бірі бара бермейтіні, екінің бірі нағыз ұстаз, нағыз тәрбиеші бола алмайтынын жазады. «тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстық тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай,шаршамай үйрете білу керек»,- дейді азамат, ақын, педагог.

Педагог –зерттеуші Алма Қыраубаева : «Болашақ мұғалімдерді қазақ баласының жан-дүниесі мүлде ескерілмеген орысша оқулықтардың аудармасымен оқытпай, Мағжан «Педагогикасындағы» ойлармен нәрлендіретін кез келді. Мағжан педагогикасы – аса сезімтал, саясаттан тыс, бала жүрегін жараламайтын адамгершілікті педагогика «,-деп жазды.

Халық педагогикасы мәселелерімен өмір бойы айналысып клген М.Әлімбаев бір еңбегінде: «оқулық-тұтас ұлттың игілігі, бүкіл халықтың кітабы. Халық кітабы халықтың өзіндей парасатты, өнегелі, қадірлі болуы тиіс»,-деп жазған еді. Мағжан педагогикасы осы талапқа толығымен жауап береді.

Қазақстан бүгіндері демократиясы дамыған, өркениетті елдер қатарынанбағыт ұстап тұр. Еліміздің Президенті ұсынған Жолдауында «Еліміздің болашағы – жастар, бүгінгі мектеп оқушылары. Бұгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымызға шынайы патриоттарын, мәдениетті, білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті адал азаматтарын тәрбиелеп шығару – қоғамның басты парызы. Мағжан педагогикасы қазіргі заман білім беруінің кілті, негізі. Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен шешілетін мәселе. Тәуелсіз ел мектебін құруда Мағжанның тәрбиелік идеяларын қолданғанымыз жөн».


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама. М.Ж?мабаев шы?армашылы?ында?ы педагогика м?селелері.

Автор: Нурпеисова Еркеш Болатбековна

Дата: 23.02.2015

Номер свидетельства: 177758


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства