kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: “ Отбасы – тәрбие ұясы”.

Нажмите, чтобы узнать подробности

мерроприятие посвещенная к родительксому собранию

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналар жиналысының тақырыбы: “ Отбасы – тәрбие ұясы”.»

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: “ Отбасытәрбие ұясы”.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: Ата-аналар мен ұстаздар арасында қарым-қатынас орнату, бірлесе жұмыстана отырып, балалардың тәртібі мен оқуын қадағалап, олардың өмірде жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Ата-аналар жиналысында қолданылатын құралдар: проектор, слайдтар,үнтаспа.

Жоспар:

  1. Ата-аналармен танысу,оларды колледж ұстаздарымен таныстыру

  2. Баяндама тақырыбы: “ Ата мен ана- бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Топ жетекшісі З.Е.Ахметова.

  3. Ата-аналарға колледж және топ туралы мәлімет беру.

  4. Ағымдағы мәселелер.

Баяндама тақырыбы: Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi болып табылады.. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.
"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,
Өнерiмен қуантады түбiнде.
Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - бiлiм берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда",деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше екендігін меңзейді. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi. Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет.

Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуiнің қажеттiлігi туралы айтады. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйреніп отырған. "Ата көрген оқ жонар" деген осыдан қалса керек.
Қазақ халқының " Ата – балаға сыншы" деген мақалы бар. Әр әке өз балаларының ерекшелiктерiн, қандай iске бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, ерте аңғарып, ән мен күй өнерiнен бейiмi болса, өнер қуған сал-серiлерге, үй шаруасына бейiм болса, үй шаруасының тiзгiнiн берiп, сөз ұғарлық ойы болса, жақсыларға жанастырады екен. Ал қыз абыройы – отбасының, елдiң болашағы, босағаның берiктiгi. Қазақ қыздың жолы жiңiшке" деп бекер айтпаған. Осындай ұл мен қыздың тәрбиесiне қазақ халқының тек жеке отбасы ғана емес, бүкiл ауыл аймағы, әулетi жауапкершiлiкпен қараған. "Қызға қырық үйден тыйым", " Ұлға отыз үйден тыйым" демекшi, ұлға да, қызға да айтар сын аз емес. "Ана мен әке өздерiнiң үлгi-өнегелерi, гуманистiк белгiлерi арқылы әдептiлiгiмен, өнерпаздығымен, бiр-бiрiне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегiмен балаларына үлгi-өнеге көрсете алады. Егер оқушы маманданған ұстаз десек, ата-ана – өздерiнiң өмiрлiк iс-тәжiрибесi арқылы тәрбиелiк iс-әрекеттерiн қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз iсiнiң шеберi, бiлгiр адам болуы қажет". Ата-аналары балаларын өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен тәрбиелейдi. Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар аударып, "Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла" деп, баланың ой-өрiсi даму кезеңiн ерекше бағалаған.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз деген сөзін, басшылыққа алған біздің колледж ұжымы бүгінгі таңда білім мен тәрбие жұмысын дамыту, өркендету барысында жұмыс жасап келеді. «Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат" дегендей,менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ. Ата-аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса ғана жемісті болады деп ойлаймын.

Колледж туралы мәлімет. (Слайд көрсетіледі)

Топ туралы мәлімет: (Топ жетекшісі топ туралы слайдтар көрсетіп, студенттер туралы тоқталып өтеді.)

Студенттер дайындаған концерттік бағдарлама.

Көрініс: “ Әкем Анам және Мен”. (Орындайтындар: Бақтыгереев Райымбек, Габдиев Нұрбол, Марат Бибісара, Макарова Салтанат, Мамбетиярова Айгерім, Сағынова Нұргүл,Қонысбайқызы Айгерім, Жолдасова Ақнұр, Қараева Гүлбану, Аязбаева Дина, Сати Айгүл.)

Испан биі: Орындайтын Сабырова Гүлжайнас.

Ата-аналармен сұхбат. Сұхбатты жүргізуші Бақтыгереев Райымбек.

“Топтастарыма”- Серікова Ақұлман өз туындысын оқиды.

Нұрбол: Анам менің – аялаған ақ гүлім
        Анам менің – бақытым мен шаттығым
         “Анашым” – деп балаң жырын арнаған
         Неге ғана естімеген тәтті үнін
        Анам менің – өмірдегі тірегім
        Анам менің – кеудемдегі жүрегім
        Егер менің қасымда сен болмасаң
        Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Ақнұр: «Ана» Фариза Оңғарсынова
Ана үлкен , биік құдірет,
Анасыз өмір өтер , жөні бөлек.
Өмірдегі балалар дүниеде,
Арқасында сол ананың ғанибет.
«Ана» сөзі үш әріптен құралған,
Үш әріпте жатыр ғой бар арман.
Сол арманым орындалып кетсе егер,
Аналарға өмірім, арналып кетер ойлаған.
Есіңде болсын ұлдар, қыздар,
Өз анаңа боласың сен қарыздар.
«Кешіріңдер,құрметті аналар» -
Деп өтеді түсінетін адамдар.

Гүлжайнас: Ыстық – ау  кім – кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

  Біз бүгін әкелердің арқасында .



Ақұлман: Өмірімнің қап қараңғы түнінде
Еш не білмес, өңім бе, я түсім бе?
Оң менен сол , от пенен су айырмас ,
Күшсіз, әлсіз есім білмес күнімде,--
Құшағыңа алдың сүйдің сен, анам,
Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан анам!»,
Ыстық-суық , желге – күнге тигізбей,
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.


Дина: Түнде тұрып, түн ұйқыңды төрт бөлдің,
Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің.
Ыңырансам, я қарным аш, я тоңған
Екенімді ойламастан тез білдің.


Гүлбану: «Жаным – дедің,-- қарашығым,құлыным,»
Сүйдің, қыстың, дедің: «Тәтті қылығың!»
Қаз-қаз тұрсам,езу тартсам,құласам,
Я жыласам – Бәрі жақты қылығым.


Арайлым: Жаным анам – жібек тілді, ақ көңіл,
Жазу болып, шегер болсам ұзын жол,
Шет жерлерде теріс жолдан сақтарға,
Жан балаңа ақ батаңды бере көр!..



Айгерім: Анаң деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Ұясында кім болса да,

  Тек анаңа жақынсың

Айдана: Ана,
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!


Ақбөбек: Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағын.


Айгерім: Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзің кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.


Айымгүл : Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…



Айгүл: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!


Ән: “Әкем-Анам”. ( хор)

Қорытынды: Ал, енді құрметті ата-аналар сіздердің ұл-қыздарыңыз топта және колледж ішінде белсенділік танытып, үздік оқығаны үшін,Сіздерге алғыс хат ұсынып, мадақтағымыз келеді.

Құрметті ата-аналар және ұстаздар назарларыңызға рахмет. Келесі жүздескенше қош сау болыңыздар!


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: “ Отбасы – тәрбие ұясы”.

Автор: Ахметова Замзагул Ермековна

Дата: 15.01.2019

Номер свидетельства: 495371


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства