kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-ана қадірі іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтан тыс іс-шара. Ата-ана қадірі тақыры аясында ата-анамызды қадірлей білейік

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-ана қадірі іс-шара»

№39 «Асықата» жалпы орта мектебі



БЕКІТЕМІН

Мектеп директоры:

________________

Е.Е.Бектұрсынов










АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«АТА-АНА ҚАДІРІ»

10 «ә» сыныбы









Ағылшын тілі мұғалімі: Сапарова Г.А.















2019 оқу жылы

Ата-ана қадірі

1 - жүргізуші: - Армысыңдар, аяулы ұстаздар, ардақты ата - аналар!
2 - жүргізуші:- Қош келдіңіздер, жиналған қауым!
1 - жүргізуші: «Ата-ана қадірі» атты 10 «ә» сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
- Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

2- жүргізуші: - О, ата - анам,
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Бізді жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
- Ата - ана алдындағы әдептілік - баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата - ананы сыйлау - елді сыйлау, ата - әжесін құрметтеу - өмірді құрметтеу.


1 - жүргізуші: Ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. «Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.

2 - жүргізуші: Жаһандану қазақ қоғамын құрдымға батырып бара жатқандай. Бүгінде көптеген жастар ата-аналарын қарттар үйіне тапсыруды үрдіске айналдырған. Бұл –өте үлкен қасірет. Күнделікті өмірде ата-анасын ренжітіп, оларға қатты сөйлеп, қол көтеріп жататындар да кездеседі. Бұл неліктен? Оған таңданып қарағанша келешекте осынау ақжаулықты аналарымыз бен ардақты әкелеріміздің, аталарымыздың осы жалған дүниенің тозағына түспеуінің қамына кірісуіміз қажет. Шариғат бойынша ата-ананың разылығы – Алланың разылығы. Ал ата-ананың ашуы мен ызасы, яғни қарғысы Жаратқан Алланың қаһарына тең. Ата-ананың сені қарғадым деп айтуы міндет емес. Олардың көңілін қалдырудың өзі – перзенттің қарғысқа ұшырауы деген сөз.



Көрініс: «Ата-ана қадірі»

Анасы көрпе тігіп отырады.

Анасы: Балам-ау не іздеп жатсың, неге дүрлігіп кеттің?

Баласы: Апа, апа маған ақша тауып бер, қиналып барам... Берші жаным шығып барады. О-о-о міне мын қолыңдағы білезікті бер. Сатам да, өзіме керегімді аламын...

Анасы: Балам, бұл әкеңнен қалған жалғыз көз ғой. Қайтар, бер, алма – деп жылап жібереді.

Баласы: Айқайлап, күліп кетеді.

Анасы: - Қу дүние-ай, жазығым не, жазығым не құдайым ау. Не жаздым саған, қайсы бір күнәм үшін жазалап жатсың мені. Маңдайға біткен жалғыз ұлым, арманым, тілегім осы ме еді... Аллам-ай, сенен сұрағаным осы ме еді. Әкесіз өскеннің барлығы осындай болармеді. Әкесінің жоқтығы ай...

Балаң жақсы болса,

Жердің үсті жақсы.

Балаң жаман болса,

Жердің асты жақсы – деген екен.

Бұрынғының сөзінде қате жоқ, әкеге қарап бой түзейтін ұлымның түрі мынау. Не жазығым бар...

1. Тыңда, қане, жарқыным!

Бір әңгіме шертейін.

Сені терең ойға тартар

Жетер ме екен батылың

2. Ізгілікті зұлымдыққа талаттың,

Денсаулықтың барлық алтын-асылын.

Пенделіктің орманында тонаттың,

Жастайыңнан құлы болдың, қайтейін,

Наша менен арақтың.

3. Өмір қатал,

Көңіліңе қарай ма?

Душар болдым қайғыға,

Енді арылу оңай ма?

4. Уа, халайық,

Барлық адам өмірін,

Көк түтінге улатып,

Қайда барады, бұл заман

Жер-әлемді шулатып.

5. Көрдей қара тұман жапқан көңілін,

Наша үшін қиған жастай өмірін.

Ең сорлы жан мен боламын,

Ең соңғы жан мен болайын, тәңірім.

6. Ұлым аман болсыншы,

Нашасында, арағында қойсыншы.

Алладан да, басқадан да бар тілерім

Нашақорлық, зомбылық пен зорлықты

Жер бетінен жойсыншы...



Бала қашып келеді және миллиция қуып келеді. Ұстап алып, бас бостандығынан айырылғандығы туралы жариялайды. Түрмеде отырып, анасына өкініш хатын жазады.

Баласы: «Анаға хат»

Қымбатты анам! Өзегімді өртеген өкінішке қарамастан сізге осы хатты жазуыма тура келді. Ата-ана жайлы ойымды айтып жеткізу, тауысу мүмкін емес. Менде анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айтқым келеді, бірақ өте кеш. Енді ойымды ешқашан айта алмай кетембе деп қорқамын. Өмірде ана алақанының жылуы мен әкенің мейіріміне тоя алмай жүргендер қаншама. Қолда бар алтындарымның қадірін білмедім.

Әкем ше... әкем. Мен өткен күндерге көз жүгіртсем, балалық шағымның әр бір бөлігі мен үшін ерекше естелікке толы. Қайта оралмас сағымға айналған сәттер-ай. Баяны да, байлауы жоқ өмірдің қас-қағым сәтте өте шығатынын білмей қалыппын. Ес білген есерсоқ ұлыңның кесірінен... біз көрмеген алыс сапарға аттанып кете бардың. Иә, иә білем, біздің отбасымызда не болса да, бәрі менің кесірімнен. Өкінем, өкінгеннен не пайда. Ешкімді тыңдамай өз қолыммен жасадым ғой.

Ана, анашым тентек ұлыңды кешіргейсің. Сенің жылы сөзіңді, құшағыңды сағындым.



Құрметті достарым, Алладан да, басқадан да сұрарым ата-анамызды құрметтейік, қадірін білейік.


Хор: «Ана туралы жыр»

Әлемнің жарығын, 
Сыйладың сен маған. 
Даланың әр гүлін, 
Жинадың сен маған. 
Сен берген құстардың, 
Қанатын самғаған. 
Балалық құштарым, 
Өзіңе арнаған 

[Қайырмасы:] 
Әлдилеп аялап, 
Өсірген жемісің. 
Самал жел, сая бақ, 
Құшағың мен үшін. 
Есейіп кетсем де 
Мен саған сәбимін 
Көңіліңді көктемдей, 
Көзіңнен танимын 

Өтеуге борышым, 
Анашым, жан сырым 
Іздедім сен үшін, 
Әлемнің асылын. 
Әлемнің байлығын, 
Сыйлар ем кеш мені. 
Сыйлар ем ай, күнін 
Қолыма түспеді. 

[Қайырмасы:] 
Әлдилеп аялап, 
Өсірген жемісің. 
Самал жел, сая бақ, 
Құшағың мен үшін. 
Есейіп кетсем де 
Мен саған сәбимін 
Көңіліңді көктемдей, 
Көзіңнен танимын 



1-жүргізуші: - Анам маған:
Үлкенді сыйла,- деген.
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем, - дей отырып Оразалы Адинаның «Ана қадірі» шығармасын тыңдаңыздар.



2-жүргізуші: Алдымен сүй, ардақта ата - анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын ол сағынған,
Ата - анаға сәлем айтқан ән - жырдан.
Екеуінің қуанышты тілегі,
Әрқашан да бір арнадан табылған, - дей келе ана туралы жыр-шумақтарымызға назар аударыңыздар.

Төлеген Айбергенов – «Ана»

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.


1-жүргізуші: Кұлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй дей келе Абджаппар Мерей орындауында Мұқағали Мақатаевтың – «Шеше, сен бақыттысың» атты өлеңін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші: Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.



Көрініс: Әкешім



1-жүргізуші: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан – дей келе сыныбымыздың мың бұралған бишілердің биін тамашалаңыздар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ата-ана қадірі іс-шара

Автор: Сапарова Гулжаухар Алишерикызы

Дата: 05.02.2019

Номер свидетельства: 498589


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства