Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар, слайд.
Түрі: танымдық сайыс, пікір талас
Барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу
Оқушыларды үш топқа орналастыру
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Ата- анаға құрмет- балаға міндет.» тақырыбындағы топтық сайысымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.
І бөлім Таныстыру. «Алтын ұя» тобы , «Шаңырақ» тобы және «Алтын бесік» тобы.
- Алдымен топтың атын таныстырып мағлұмат береді.
ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.
Оқушыларға:
І топ
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)
ІІ топ
Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
18жасқа толмаған адам ( бала)
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)
Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
III топ
1.Отбасылар күні қай күн деп белгіленді? (8 қырқүйек)
2.Әкеден балаға берілет зат (мұра)
3.Үш қуаныш (алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)
4. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, әнұран )
5. ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? ( 2002ж 8-тамыз)
Келесі ІII бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.
Оқушыға:
I топ
Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?
II топ
Сенің сабақ лгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?
Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
III топ
Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?
Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
Оқушыларымыз дайын болғанша Найляның орындауындағы «Жан әке»әніне кезек береміз.
Келесі бөліміміз IV бөлім «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.
Атаға қарап - ..............., (ұл өсер) анаға қарап - ..................(қыз өсер)