Сабақтың білімділік мақсаты: - Оқушыларға 1986 жылғы көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың алдына қойған мақсаты жайлы түсінік беру.
- Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
- Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
- Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздік бастауы - ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру.
Сабақтың көрнекіліктері: нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, буклеттер, желтоқсан құрбандарының портреттері.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз.Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер!
Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи – әдеби ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.
Бүгін сіздердің алдарыңызда осы мектептің 2 «б» сынып оқушылары, болашағынан зор үміт күттіретін қазақ елінің ұландары, менің кішкентай шәкірттерім өз өнерлерін көрсетеді. Көтеріңкі көңіл –күймен отырыңдар:
Еркебұлан
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Бақтыбек:
Мен қазақпын, қаныммен, сүйегімен,
Сән салтанат салтымды сүйемін мен.
Бақорнатамбасынамоланың да,
Мұрагерміноған да, иемін мен.
Бауыржан:
Мен қазақпын, биікпін, байтақелмін,
Қайтатудымөмірге, қайтакелдім.
Мен мың да біртірілдіммәңгіөлмеске
Айтабергімкеледі, айтабергім!
Ахмет:
Қазақстан Республикасы –егеменді, тәуелсіз мемлекет 2016 жылы тәуелсіздігімізге 25 жыл толғалы отыр. Республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретіндегі белгілері: Мемлекеттік Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Дана:
Сәбира, Ләззат ару, Қайраттардың,
Қазақ деп шырылдаған шыбын жаны.
Желтоқсанда алаңды қаңға бояп
Арман болып жеттің ғой, Азат таңым!
Іңкар:
Қазағым, ынтымағың бөлінбесін,
Бөлініп абыройың төгілмесін.
Сан ғасырлар арман болған Тәуелсіздік
Мінекей, төредей боп төрімдесің.
Ән «Жаса Қазақстан!» орындайтын Молдаханов Еркебұлан.
Дана:
Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджанова сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезіңде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Алижан:
Шағылса да тауғатиіпжастауы,
Ерлік еді намысқа шоқ тастауы.
Күллі әлемді шулатқан сол екі күн,
Болған екен бостандықтың бастауы.
Қазыбек:
Жалған емес бұл шындық дастан әнім,
Бодандықтың ол бұзды тас қамалын.
Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззаттың,
Қыршынынан кім қиды жас қанатын?
Санжар:
Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намысболсабойдақазақтық.
Қайтпас қайсар, қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік, азаттық.
Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9- желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі –«Алтын жұлдыз» тапсырылды.
Аяна:
Сәбира, Ләззат, Ерболдарға «Ақтау жөніндегі анықтама» қағаздары берілді. Иә,биыл, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атқалы бері биыл 25 болады:
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет тәуелсіздігі туралы» Жарлығы жарияланысымен-ақ дүниежүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды мойындай бастады.
Бұл күнде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше. Қазақстан Қарулы Күштері құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы бекітілді. Қазақстанбүкіләлемдіксаудаұйымынакірді. Ұлттықтеңгемізөміргекелді.
Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасыр табалдырығынаттады. «Expo -2017» жылыхалықаралықкөрмесіелордамызАстанадаөтетінболды.
Сол бір кездегі тәуелсіз ел болып қуанып жатқан қуанышты сәттерге де кезек берейік. Олай болса,«Тәуелсіздік жарығы»атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар.
Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой, балам.
Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.
Немересі: Онда тынығып алайық.
(Тынығып жатқан немересі түс көреді)
Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін.
Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты!
Бақтыбек:
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
Бауыржан:
1991 жылы желтоқсанның 1 - де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Аяна:
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н. Ә. Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
Алижан:
1992 жылы 4 – маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Ахмет:
Рәмізім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
Яна:
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек -
Елдің ашық қабығы.
Ақниеті – алтын күн,
Асқақ арман - қыраны.
Жалауы бұл - халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Дана:
Тұнығындай көңілдің
Ортада – аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам.
Әнұран
Әнұраным - жанұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым -
Мың қайталап айтам мұны.
Мұғалім:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Ты-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Қорытындылау: Осымен бүгінгі 2 «б» сынып оқушылары дайындаған,тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған, «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім!» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға мың алғыз. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп, самғай берсін.