Просмотр содержимого документа
«Ашы? сынып са?аты "Ана бізді? к?німіз, біз ананы? г?ліміз!" »
Ана біздің күніміз, біз ананың гүліміз
Бекжан: Құрметті аналар, сүйкімді қыздар және аяулы ұстазымыз
Құралай Аллабергенқызы! Сіздерді келе жатқан 8-ші
Наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Ернұр: Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, шат көңіл, бақыт тілей
отырып, «Ана біздің күніміз, біз ананың гүліміз» атты
концерттік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Бекжан:1913 жылы 8 наурызда Санкт-Петербургте тұңғыш рет
халықаралық әйелдер күні атап өтілді. Содан бері жыл сайын
біздің елімізде осы күні атап өтіледі.
Ернұр: Міне аналар мерекесі біздің сыныпта да аталып өтілгелі отыр.
Адам баласы қуанса да, қысылса да ауызға алар сөзі «ана».
Ақын ананы ән жырына қосады, суретші оның бейнесін
салып қалдырады. Сәулетші оны тастан қашап жасайды. Ана
барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі.
Бекжан: Олай болса аналарымызды құттықтайық.
(Оқушылар тақпақтарын айтады)
Ернұр: Бекжан не болды?
Бекжан: Не болғаны не, мақтанып тұрмын.
Ернұр: Не үшін?
Бекжан: Қалай не үшін біз мектепте болып жатқан іс-шараларда
бірінші орындарға ие болып жүрміз ғой.
Ернұр: Дұрыс айтасың. Олай болса сол өнерлерімізді тамашалауға
шақырамыз.
Бекжан: Бізде мектебімізде дүйсенбі сайын сап түзеулер өткізіледі.
Біздің сап түзеуіміз жоғары деңгейде өтті.
(Сап түзеу көрсетіледі)
Ернұр: Одан кейін «Алтын күз мерекесі» өтті. Біз І орынды жеңіп алдық.
(«Күз» әні орындалады)
Бекжан: Сүйкімді біздің қыздар сендерге ұлдар бір ауыз сөзбен
құттықтауға дайындалып келді соған назар аударайық.
( Ұлдар құттықтау сөз айтады). Ал, енді Бегімбаев
Дінмұхамедтің орындауында «Ерке қыз»
әні қыздардың құрметіне!
Ернұр: «Ертегілер елінде» атты 2-ші сыныптардың аралығында
өткізілген сайысында І орынды жеңіп алдық. Ертегіні
тамашалауға шақырамыз.
(«Қаңбақ шал» ертегісі қойылады)
Бекжан: Ортаға брейкерлерді шақырамыз.
Ернұр: Ортаға болашақ КВН командасын шақырамыз. Қарсы
алыңыздар!
Бекжан: Ана балаға өмір береді, өз өмірін де соған арнайды.
Шырылдап жерге түскеннен- ақ әр нәрестенің ең жақыны-
анасы.
Ернұр: Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күнінен –
ақ басталады.
Бекжан: Адамда не қасиет болса да, күннің көзі мен ананың сүтімен
дарыған. Олай болса біз сүйікті аналарымызбен ойын
өткіземіз Ортаға 10 ана шақырамыз.
Ернұр: Ойынның қорытындысын айтуға сөз кезегін Құралай
Аллабергенқызына береміз.
Бекжан:Ал енді концертімізді «Мама» әнімен аяқтаймыз
1. Терезені қалай тазалауға болады?
2. Жұмыртқадан қандай тағамдар жасалады?
3. Киімге дақ түскенде оны қалай тазалайды?
4. Сіздің сүйікті әншіңіз және әніңіз?
5. Сіздің үйде шайды кім құяды?
6. Шалбарды қалай өтектейді?
7. Балаңыздың ең сүікті асы?
8. Бөлменің шаңын қалай сүртткен дұрыс?
9. Сүттен қандай тағамдар жасалады?
10. Баланың денсаулығына қандай тағамдар зиян келтіреді деп ойлайсыз?
Астана қаласы
Білім Басқармасы
№52мектеп – гимназиясы
Сынып сағаты
Тақырыбы: Ана біздің күніміз, біз ананың гүліміз
Өткізген: 2 «Ә» сыныбы
2009жыл
Астана қаласы
№52 мектеп-гимназиясының
2 «Ә» сынып оқушысы
Шалғынбай Мөлдірге
Мінездеме
Мөлдір 25.04.2001 жылы Қарағанды облысында туған. 2006-2007 оқу жылдары №52 мектепте мектеп алды даярлық тобына қатысты. Мөлдірдің есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен. Зейіні тұрақсыз. Сыныптастарымен жас ерекшеліктері сәйкес болғанымен оларға қарағанда қабылдауы төмен. 2 сыныптың бағдарламасын мүлдем игере алмай отыр.