kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Арты? ?ылым кітапта, ерінбей о?ып к?руге" атты м?нерлеп о?у сайысы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Арты? ?ылым кітапта, ерінбей о?ып к?руге»

Ма?саты: Егемен ел, ?ркениетті ?лт санатына ?осыламыз десек, ?р ?аза? азаматы Абай с?зін танып-білмек парыз. Оны ана с?тіндей бойымыз?а да, ойымыз?а да сі?іріп ?спек керек.

Жас о?ырмандарды ?лы данышпан Абайды? ?скеле?, ойшыл шы?армашылы? м?расымен сусындата отырып, с?з ?адірін танитын талапты ?л-?ыздар т?рбиелеу.

?ткізілу т?рі: м?нерлеп  о?у сайысы

К?рнекілігі: кітап к?рмесі, на?ыл с?здер,буклеттер, слайдтар

Жарыс барысы:

1.?йымдастыру кезе?і.

2.?діл?азылар сайлау.

3.Турлар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Арты? ?ылым кітапта, ерінбей о?ып к?руге" атты м?нерлеп о?у сайысы. »

5.02.2015 жыл

Тақырыбы: «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»


Мақсаты: Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз десек, әр қазақ азаматы Абай сөзін танып-білмек парыз. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.

Жас оқырмандарды ұлы данышпан Абайдың өскелең, ойшыл шығармашылық мұрасымен сусындата отырып, сөз қадірін танитын талапты ұл-қыздар тәрбиелеу.


Өткізілу түрі: мәнерлеп оқу сайысы


Көрнекілігі: кітап көрмесі, нақыл сөздер,буклеттер, слайдтар


Жарыс барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Әділқазылар сайлау.

3.Турлар.


Кітапханашы: «Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!..»

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.

Өзінің тұстастарының айтуына қарағанда, Абай өлеңді өте ерте, он екі жасынан бастап шығарған. Оның бұл кезеңде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулерінің және бірқатары ұмытылған, болмаса жоғалып кеткен шығармаларының аттары ғана сақталған. Абайдың жаңа достары – негізінен кедей руддан шыққан талантты жастар, ақындар, жыршылар және орыс интелегенциясының таңдаулы өкілдері болады. Абай өз өлеңдерін жас достарының атынан таратып отырған. Мұның бірнеше себептері болған.

Қазақтың феодал отбасында туып, сол ортада өскен Абай көпке шейін өнердің әлеуметтік маңызын терең ұғынып, жоғары бағалай білмеді. Дала шонжарлары ақын атаулының қадірін кетіріп, беделін түсіруге бар айласын жасап бақты, олар ақындықты менсінбей, бойға мін көрсетті. Мұның бәрі жас Абайға азды-көпті ықпал етпей қойған жоқ.

Есейген, мәдениетті өскен Абай орыстың классик, әдебиеті мен Шығыстың халық творчествосын оқи бастайды. Отыз бес жасқа келгенде ғана Абай творчествоға қайта оралады. Тек, 1886 жылы, қырық жастан асқан соң «Жаз» деген атақты өлеңін жазғаннан кейін ғана Абай шығармаларына өз атын қойды.


1.Таныстыру

2.Абайдың өлеңдерін оқу (5-10 ұпай аралығында беріледі)

3.Бәйге(5-10 ұпай аралығында беріледі)

4.Абайдың қарасөздерінен қойылады(5-10 ұпай аралығында беріледі)

5.Жанды сұрақтар, сұрақты көрермендер қояды(5-10 ұпай аралығында беріледі)

6.Оқушының ойы (топ басшылар жарысады, 5-10 ұпай аралығында беріледі)


1-тур. «Таныстыру»

Үш-үш оқушыдан құрылған 3 топ жарысқа түседі. Әр топ өзін-өзі таныстырады.

4а сыныбы- «Болашақ»

4б сыныбы- «Зере»

4в сыныбы- «Жеңіс»

4г сыныбы- «Көзімнің қарасы»


Кітапханашы:

«Абай», «Абай», «Абай!» деп ағылар үн,

Дүр сілкінтіп, жұмыр жер шаңырағын.

Ақын бабам мәңгілік арамызда,

«Ғылым тап!» деп сілкіді санамызда.

Абай сөзі дүбірлеп тұлпардайын,

Оятады кең байтақ даламызды.


Ана тілі – бүгінгі Абай тілі,

Өзіңменен үйренем бүгінгіні.

Қазағымның өрісі кеңи түсер,

Алдыңнан жол сілтесе Абай үні


2- тур. Абайдың өлеңдерін оқу.

4а сыныбы-- «Болашақ»

4б сыныбы- «Зере»

4в сыныбы- «Жеңіс»

4г сыныбы- «Көзімнің қарасы»


3-тур. «Бәйге»

Сұрақтар қойылады, жауапқа-10 ұпай

4а сыныбы «Болашақ» тобына қойылатын сұрақ:

1.Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

2.»Шегіртке мен құмырсқа»кімнің өлеңінен аударған?(И.А.Крылов)

4б сыныбы «Зере» тобына қойылатын сұрақ:

3. Абай қай жылы дүниеге келген? (1845 жыл)

4.Анасы мен кіші шешесі Айғыз Абайды еркелетіп кім деп атаған? (Телғара)

4в сыныбы «Жеңіс» тобына қойылатын сұрақ:

5.Абайдың әкесінің аты кім? (Құнанбай)

6.Абай қай жылдар аралығында қарасөздерін жазды?(1890-1898 жыл)

4г сыныбы «Көзімнің қарасы» тобына қойылатын сұрақ:

7.Абайдың сүйікті әйелінің аты кім? (Әйгерім)

8.Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)


4-тур.»Тапқырлық»

Абайдың қарасөздерінен қойылады, жауап-10ұпай

4а сыныбы «Болашақ» тобына қойылатын сұрақ:

Абайдың жиырма төртінші бірінші қарасөзін айт.

4б сыныбы «Зере» тобына қойылатын сұрақ:

Абайдың қырық бірінші қарасөзін айт.

4в сыныбы «Жеңіс» тобына қойылатын сұрақ:

Абайдың жиырмасыншы бірінші қарасөзін айт.

4г сыныбы «Көзімнің қарасы» тобына қойылатын сұрақ:

Абайдың жиырма бірінші қарасөзін айт.

5-тур.

«Жанды сұрақтар»

Көрермендердің сұрақтарына жауап беру. Көрермендер сұрақ қояды. Әрбір дұрыс жауап-10 ұпай.

1.Абайдың жыл мезгіліне арнап шығарған өлеңдерін атын ата.(Жаз, Күз, Қыс, Жазғытұры)

2.Абайдың неше қара сөзі бар? (45 қара сөзі бар)

3.Абайдың қандай жан-жануарларға мен құстарға арналған аударма өлеңдері бар? (Емен мен шілік, Есек пен бұлбұл, Қарға мен бүркіт, Шегіртке мен құмырсқа, Қарға мен түлкі, Бақа мен өгіз, Есек, Піл мен канден).

4.Абай ол кім? қысқаша өмір тарихын айтып бер.

6-тур. «Оқушының ойы»

Топ басшылары цифр таңдайды, артында қандай тақырып шықса, сол бойынша өз ойын айтады.

Тақырыптар:

1.Табиғатты қорғау

2.Денсаулық –зор байлық.

3.Білім-өмір шырағы.

4.Отбасы туралы.

Ендігі кезекті әділ қазыларға береміз. Мектеп директорының орынбасары Баешова Мадина апайға береміз.

Орын беріп марапаттау.

Кітапханашы: Абайдың өмірі мен өнерпаздық жолы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында жарқын бейнеленеді. Ұлы ақынның шығармалары дүние жүзінің көптеген халықтарының тілдеріне аударылып, кеңінен тараған.Абай жұмыр жердің әлем таныған ғұламаларының қатарынан орын алды. Бұл күнде бүкіл әлем Абай даналығын таниды. Абайдың әдеби мұрасы бой мен санаға тараған шырақ. Абайдай әулиеміздің шырағы мәңгілік өшпек емес.


Қадыр Мырза Әлінің:

Жүз ақынды туғыздың

Ақын Абай

Жүз ақын жүр өзіңді

Туғыза алмай!-деп жырлауымен сөзімізді түйіндеп, ендігі қорытынды сөз кезегін мектеп директорының орынбасары Ниязова Маржан апайға береміз.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Арты? ?ылым кітапта, ерінбей о?ып к?руге" атты м?нерлеп о?у сайысы.

Автор: Ас?арова Аманк?л Камаловна

Дата: 13.04.2015

Номер свидетельства: 200986


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства