kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Армысың, әз-Наурыз!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

                      «Армысың, әз-Наурыз!»

Мақсаты: Мерекедегі айтылған ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! т.б.

      Музыка ойнап тұрады. «Наурыз- думан»әні

/Ортада асық ойналады 2-3 ер бала-р, 2-3қыз біздің үйдің үлкендері жол жүріп кетті, кешке біздікінде отырайық бастаңғы жасайық. кешке келіңдер. /     /аналар стол жасап жүреді ортада/

Райхан: - мында не боп жатыр, а-ау ағайын? Не абыр-сабыр?

Жәнгелді келеді: -Бұл абыр-сабыр не дейсің бе? Бұл-той. Бұл Наурыз мейрамы. Барша жұртты осы тойға шақырайық,Райхан.  келіңіздер,жиналыңыздар деймін.  тойды бастайық! 

Райхан:Бастасақ, бастайық онда.            

1-жүргізуші:  Жәнгелді

     Қайырлы күн, аяулы ұстаздар,     ақсақалды аталар мен ақжаулықты аналар,           құрметті оқушылар!         Жалпы қадірменді көрермен қауым!

2- жүргізуші: Райхан

      Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
                           Наурыз – жыл басы.
                           Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
                          Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
                          Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
1-жүргізуші :

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Армысың, әз-Наурыз!»»

«Армысың, әз-Наурыз!»

Мақсаты: Мерекедегі айтылған ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! т.б.

Музыка ойнап тұрады. «Наурыз- думан»әні

/Ортада асық ойналады 2-3 ер бала-р, 2-3қыз біздің үйдің үлкендері жол жүріп кетті, кешке біздікінде отырайық бастаңғы жасайық. кешке келіңдер. / /аналар стол жасап жүреді ортада/

Райхан: - мында не боп жатыр, а-ау ағайын? Не абыр-сабыр?

Жәнгелді келеді: -Бұл абыр-сабыр не дейсің бе? Бұл-той. Бұл Наурыз мейрамы. Барша жұртты осы тойға шақырайық,Райхан. келіңіздер,жиналыңыздар деймін. тойды бастайық!

Райхан:Бастасақ, бастайық онда.

1-жүргізуші: Жәнгелді

Қайырлы күн, аяулы ұстаздар, ақсақалды аталар мен ақжаулықты аналар, құрметті оқушылар! Жалпы қадірменді көрермен қауым!

2- жүргізуші: Райхан

Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
1-жүргізуші :

Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың, Шашуларын шашайық!

(Шашу шашылады). (2 ана-қазақша киімде)

1-жүргізуші

Наурыз келді нұрландырып дүниені,

Жерге басын алтын тәжді күн иді.

Бүкіл әлем жаңарады, түрленеді.

Кәрі дала жасарып, гүлденеді.-дей келе сөз кезегін мектеп директоры Құралай Нығметқызына береміз.

Райхан, Жәнгелді :(«Қош келдің, Жаңа жылым!» әні орындалады)

2- жүргізуші:

Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын осы залда отырған көрермендердің аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны жайлы сұрайық:

-Жалпы сіз наурыз мерекесі туралы не айта аласыз?

- Сіз не айтар едіңіз, наурызға әлде тілек айтасыз ба? Жақсы, рахмет.

Енді өзімнің сыныптас құрбыларым бар, олар не айтар екен.

1-оқушы: (Әділет). Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: (Айтмұхаммед) Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3- оқушы: (Әділ) Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4- оқушы: (Әйгерім) Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- оқушы: (Мәден) Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

2-жүргізуші: Жарайды, рахмет сендерге. Наурызға қатысты көптеген мәліметтер біледі екенсіңдер. Енді Жәнгелді екеуміз де өз білетінімді айтайық! Оған қалай қарайсың, Жәнгелді?

1-ж: А айтайық, сен бастайсың ба, мен бастайын ба? Жоқ, қыздың жолы жіңішке деген бар, өзің баста.

2-жүрг: -А, солай ма, қазақта ендеше ер азаматтың басын сыйлаған. Өзің бастасаңшы.

1-жүрг: болмадың ғой, Райхан , жарайды .

Наурыз күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін тоң жібіп, Жер-Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын ерекше күн деп санаған.

2-жүргізуші: Жаңа жылды наурыздың 22-сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, нұр жауды, туар жыл нұрлы болады, наурыздың ақша қарындай деп әсем теңеулер айтып, ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе, бір тал көк шөп артық шығады деп ырымдаған. Нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап, Наурызбай, Ұлысбек деп есімдерін ерекше қойған.

1-жүрг: - Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнде аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. «Береке басынан басталады» демекші, халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа, таза суға толтырып, бетін ашық қалдырған. Бұның мәні – дала аралаған Қыдыр ата келіп, «Қыдыр құт дарытып кетеді» дейді екен. Олай болса, бүгінгі біздің Наурыз мерекесіне Қыдыр ата келе жатыр.

Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен. Ендеше бізде солай ырым етейік.(Қыдыр ата келеді)
Хормен: Қош келдің Қыдыр ата!
2-жүрг:
Қыдыр ата (Жәнібек) баршамызға өзінің батасын береді.
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын,
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын,
Елдің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге құрмет болсын.
Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Аумин.

1-жүрг: Ортаға Арай мен Адель құрбыларымызды шақырамыз.

(Арай мен Адель екеуі де ортаға шығады)

















Арай: «Ұлыс күннің шапағаты осындай»

Автор: Махсұт Металиев

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан

Бар тіршілік Наурызымнан басталған

Ел де тыныш!

Жер де тыныш – бұл күні!

Көреміз тек қуаныш пен күлкіні

Табысқан жұрт таныс тауып жатады

Жамалғандай жүректердің жыртығы.

Саф тыйылып сарыарқаның бораны,

Күн өрлейді күмбезінен жоғары.

Наурыздың 22-сі толғанда,

Тоғысады тоғыз жолдың торабы.

Жылғалардан су аққанда сырғанап,

Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.

Толтырады шаңырақтың шаттығын

Наурызбай ұлыс жандар іңгәләп.

Жалғасады жақсылықтар, иә сәт.

Қарлығаштар үй сыртына ұя сап.

Жүрсе бақыт қонатынын хабарлап,

Бұлт көшеді ақ жаңбырдан құя сап.

Ол осынау әз-Наурыздың арқасы!

Ұлыс күннің шапағаты осындай!



Аделя:

Бойындағы нәрін берген аямай,

Табиғаттың адамға жоқ қарызы!

Асыл жандар, қысқы сүрден ас қамдар,

Бел алады мерекелі бастаулар.

Жақсылықтар жиынтығы әз- Наурыз,

Жамандықты өткен жылға тастаңдар!

Күн- ернімен аспан жерді сүйеді,

Кемсеңдейді бұлт- сақалды иегі...

Жанды-жансыз құбылысты қамтыған,

Мерекелік ұғым- түгел киелі!

2-жүрг:

Орындадық нақыштарын Наурыздың,

Салт-дәстүрге бай ұлтпыз ғой негізі,

Аққа тиіп ағайынның ауызы,

Апты бір күн Наурыз көже маңызы. (Наурыз көже таратылады

1-жүрг: Келесі қыздардың орындауында « Қамажай» биін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші: Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында да бағзы замандардан бері орын алған деседі.

1-жүрг: - Иә, иә, менің естуімше, ежелгі түркілер осы ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған. Алты күн садақ тартып, машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде-кім бірінші болып, жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі. Ендеше, өзге ұлттардың ішінде ұйғыр халқының Наурыз тойын қалай тойлатып жатқанына бір сәт біз де назар аударайық.

2-жүрг:

-Келесі сахна төрінде татар халқы. Олар да осы дәстүрлі тойдан құр алақан емес.





2-жүрг:

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы,- деп

Кезекті сахна төрінен өзбек халқының Наурызынан үзінді тамашалайық.

1-жүрг:

Ризығың болсын көл – көсір!Қашанда құт – береке орнасын деп, келесі теледидар бетінен азербайжан халқының Наурыз мерекесін қалай тойлатып жатқанына біраз көңіл аударайық.

2-жүрг: Жәнгелді, бізден де басқа ұлттардың осы мерекені жақсылап атап өтетіне көзің жетті ме?

1-жүрг: -Иә, олардың да өнерлеріне тәнті болдық.Әрі қарай өзіміздің мерекемізді жалғастырайық.

Ендігі кезекте қазақтың халық әні «16 қызды» тамашалаңыздар.

Осы топтың орындауында келесі тыңдайтын әндеріңіз: «Қазақ осы» әні. Қабыл алыңыздар.

Мереке соңында «Қаражорға» биін барша қауым боп билейік. Ортаға шақырамыз. Барлығымыз бірге.

Мерекелік іс-шарамыздың соңында сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары: Гульмира Советовнаға береміз.





















Бірлік жалпы орта білім беру мектебі









Тақырыбы:

«Армысың, әз-Наурыз!»

(мектепішілік іс-шараның әзірлемесі)











Сынып: 8

Жетекшісі: С.Х.Байсеитова













2014-2015оқу жылы

























2-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.









1-жүргізуші:

Ұлы күнде тауып мезгіл бір ретін,

Атқарғандай қасиетті міндетін.

Жаратылыс нұрын бөліп, Жаратқан,

Жылына бір теңелген сәт Күн мен Түн.

Жан байытып Жұрттың жылы лебізі,

Ізгі жолда сайрап жатты ел ізі.

Орындадық нақыштарын Наурыздың,

Салт-дәстүрге бай ұлтпыз ғой негізі,

Аққа тиіп ағайынның ауызы,

Апты бір күн Наурыз көже маңызы.



Бойындағы нәрін берген аямай,

Табиғаттың адамға жоқ қарызы!

Асыл жандар, қысқы сүрден ас қамдар,

Бел алады мерекелі бастаулар.

Жақсылықтар жиынтығы әз- Наурыз,

Жамандықты өткен жылға тастаңдар!

Күн- ернімен аспан жерді сүйеді,

Кемсеңдейді бұлт- сақалды иегі...

Жанды-жансыз құбылысты қамтыған,

Мерекелік ұғым- түгел киелі!







Наурыз күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін тоң жібіп, Жер-Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын ерекше күн деп санаған.

Жаңа жылды наурыздың 22-сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, нұр жауды, туар жыл нұрлы болады, наурыздың ақша қарындай деп әсем теңеулер айтып, ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе, бір тал көк шөп артық шығады деп ырымдаған. Нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап, Наурызбай, Ұлысбек деп есімдерін ерекше қойған.

Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшіліінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі. Иә, иә, менің естуімше ежелгі түркілер осы ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған. Алты күн садақ тартып, машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде-кім бірінші болып, жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.

Береке басынан басталады демекші, халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа, таза суға толтырып, бетін ашық қалдырған. Бұл 21 наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні – дала аралаған Қыдыр ата келіп, «Қыдыр құт дарытып кетеді» дейді екен. Олай болса, бүгінгі біздің Наурыз мерекесіне Қыдыр ата келе жатыр дейді.









































2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі):

«Қамажай» биі биленеді.

1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).

1. Асық ойынынан жарыс

2. Арқан тартыстан жарыс

3. Қол күрестен жарыс

4. Наурыз көже ішуден жарыс.

Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. "Алға, қазақ жігіттері" әні орындалады.

2-жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!

Кезекті қазақша күйге берейік.

Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады.

Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.





1-жүргізуші: Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Армысың, әз-Наурыз!»

Автор: Байсеитова Сандуғаш Хазизатқызы

Дата: 06.12.2016

Номер свидетельства: 366620


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства