kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Армысы?, ?з Наурыз!» ( ашы? т?рбие са?аты )

Нажмите, чтобы узнать подробности

?атысушылар: Ж?ргізушілер, ?н  орындаушылар, арнау   о?итындар, ?ыдыр  ата, тазша  бала, Жиренше, ?же, ?лтты?   ойынды   к?рсетуші, би  орындайтын о?ушы.

      Орта?а екі ж?ргізуші шы?ады.(?лтты? киімде)

I ж.  Уа, халайы?! Барша?ызды т?ркі хал?ыны? жа?а жылы-наурыз мерекесімен ??тты?таймыз.Жыл басы Наурыз мерекесін бастаймыз.

 II ж.    Жер-ананы? то? кеудесі жібіген,

              Б?ршіктенер бар тіршілік б?гіннен,

              Егеменді еліме ерлік берген,

              Толы??анды тіліме те?дік берген,

              Наурыз тойы ??тты болсын!

  I ж.   Міне,асы?а к?ткен до?ыз жылы да табалдыры?ымызды аттады.К?н мен т?н те?елген уа?ытта тойланатын б?л мейрамны? е? басты ?асиеті те?дік, адамгершілік, молшылы? сия?ты абзал ?асиеттерден т?рады.До?ыз жылында басымыз аман, жанымыз сау болсын, б?л жыл хал?ымыз?а жа?сылы?,ба?ыт ?келсін деп тілейміз.

                              Наурыз?а арнау. (Бір  о?ушы  арнау  о?иды.)

II ж.           Ниетке т?зу баста?ан,

                   К??ілге шуа? таста?ан.

                   Наурыз-??т, ырыс береке,

                   Наурыз-к?й, шабыт, ас?а? ?н.

Бір  о?ушыны?  орындауында  «Жа?а  жыл  мерекелік  ?н  шашуын  ?абыл  алы?ыздар.

I ж.      Наурыз мерекесі-халы?ты? т?рмыс-тіршілігімен тікелей байланысты, ?те ертеден бірте-бірте ?алыптас?ан мейрам.

II ж.    Наурыз мейрамы шы?ыс халы?тарыны? к?не  к?нтізбесінде жа?а жыл басы деп саналады. «Наурыз» с?зіні? т?п ма?ынасы иран тіліні? «нау-жа?а», «руз»-«к?н» деген с?здерінен алынып, жа?а жылды? бірінші к?ні деген ??ымды білдіреді.

 I ж.    ?лысты? ?лы к?ні наурыз мейрамы республикамызда 1926 жылы мерекеленіп, одан кейін еш негізсіз ?зіліп ?алды.?за? жылдар бойы ?мытылып келген наурыз бізбен 1988 жылы ?ана ?айта ?ауышты.

 II ж.    Орта Азия мен ?зербайжанны? к?птеген иран тілді халы?тарында са?тал?ан деректер бойынша Наурыз мейрамы бізді? д?уірімізге дейін ХIХ     ?асырда пайда бол?ан.Наурыз тойы саманидтер мен селджуктер д?уірінде де мейрамдалды.

 I ж.   Наурыз мейрамы туралы ?лемге ?йгілі  а?ындар, тарихшылар, п?лсапашылар-Рудаки, Фирдоуси, Ибн Сина,Омар Хайям, Низами, Саиди,Хафиз,Ж?ми т.б жазды.

  II ж.    Наурыз туралы жазыл?ан бірден-бір тамаша е?бек-Омар Хайямны? «Наурызнама»  трактаты. Онда Наурыз мейрамыны?  шы??ан уа?ыты ислам дінінен ?лде?айда б?рын екендігі аны? д?лелденген. Орта ?асырлы?  Шы?ысты?  ?лы данасы Бируни «Бабалардан мирас» деген е?бегінде Наурызды? дінге ?атысты емес екендігін баса к?рсеткен.:

«?аза?  тілі  ж?не  ?дебиет»  маманды?ыны?  22-топ  о?ушысы  Асылбек  Г?лн?рды?  орындауында  халы?  ?ні «Угай –ай».

I ж.              Наурыз десе-к?гімде ж?зді к?нім.

II ж.            Наурыз десе-к?ркейтер т?зді г?лі?.

I ж.              Наурыз деген- ырысым, ынтыма?ым,

II ж.            Наурыз деген- д?ст?рім, ізгілігім.

                  Бір  о?ушыны?   орындауында  «Сарыжайлау»  ?ні.

I ж.   Наурыз- жер бетінде тіршілік атаулыны? ?й?ысынан оянып, жа?сылы? пен ??т-берекені? к?зі ашыл?ан к?н.

II ж. Наурыз-ел мен елді бірлікке, ынтыма?тасты??а, досты??а ?мтылдыр?ан ?лы к?н.

I ж.  Наурыз- ба?ытты? бастамасы, ?лысты? ?йт?ысы, жа?сылы?ты? жаршысы, жа?аруды? белгісі, тіршілікті? тынысы, те?дікті? терезесі ашылып, ?мірге н?р сыйла?ан, к??ілге жыр сыйла?ан, сезімге г?л сыйла?ан, халы? ?астерлеген, ?асиетті к?н.

II ж. Наурыз - Жер-Ананы?  ?ойнауыны? то?ы еріп, тіршілікке жан біткен, д?ниені т?рлі т?ске боя?ан, ?й?ысынан оян?ан к?н.

I ж.   Наурыз- мал т?лдеп, мал?а мал ?осылып, а?ар?анны?  тасы?ан, ?ыр т?сіндегі малды ауылды? аузы а??а кенелген, ырыс-несібені? арт?ан к?ні.

II ж. То?таусыз тол?ан ?лшемі,

          К?терді? биік е?сені.

          ?ош келді?, Наурыз к?ктемім

          Са?ынып  к?тті ел сені.

Монтаж. Наурыз на?ыштары. 6 о?ушы м?нерлеп ?ле? о?иды.

           «Наурыз-думан» ?ні. (Бір  о?ушыны?  орындауында)   

I ж.  Наурыз- досты?,

II ж. Наурыз- бірлік,

I ж.   Наурыз-е?бек,

II ж. Наурыз- бейбітшілік.

I ж.  Наурыз келді белгісіндей к?ктемні?,

        Н?р шуа?ын  жаудыр?андай к?кте к?н.

        Жиыл?ан ел  ж?здерінде ?уаныш

         Естіледі ?н мен к?йден т?ккен  ?н.

             О?ушыны?  орындауында «Жан  г?лім»  ?ні.

II ж.   Сыйла?ан жандар анасын,

           Ал?ан елді? батасын,

           Ша?ыра? иесі басшымызды?

           Ты?далы? енді лебізін.

I ж.  Мерекелік ??тты?тау с?з.    

             Наурыз?а арнау. (О?ушыны?  орындауында)

II ж. Наурыз мерекесін к?птеген  шы?ыс халы?тары тойлайды. Ендеше, ?р халы?ты? Наурыз мейрамында  ?ыдыр ата халы?пен бірге ж?реді деседі. ?ыдыр ата жолы??ан адамны? басына ба? ?онады. Ендеше, сіздерге де  ?ыдыр ата жолы?ып, ?мірлері?із с?тті бол?ай! 

       Ортамыз?а ?ыдыр ата келсін.

 ?ыдыр ата:   О, а?айын, туыс?ан

                         Наурыз к?н туды шы?ыстан

                         Сол той?а келдім мінеки

                         Ат терлетіп алыстан,- деп жар салады. 

(?ыдыр ата тарантаспен келіп то?тай ?ал?анда атшысы Тазша бала, шыра?ы бар жеті жігіт екі жарылып т?ра ?алып, жерге жеткенше, басын иіп, к?кірегіне ?олын ?ойып ?арсы алады. ?ыдыр ата жо?арыда?ы к?рнекті орнына барып отырады. Осы кезде ?ыдыр атаны? алдынан шы?ып, аман-есен келгеніне ?уаныш білдіріп, бір-екі ауыз лебіз білдіреді.Ол- Жиренше)

Жиренше: «Жа?а жылымыз келді, халайы?, ??тты болсын»,-деп жар салады.

    (Тазша бала ?арсы алады.)

Осы кезде киіз ?йлерден а? жаулы?ты жеті б?йбіше немесе ?лкен ?же ?олдарында ша?ын тоста?ан (ішінде жусан, м?к, ?ына) соны? т?тінін т?тете бастайды, халы??а барып: О, ??дайым, зары?а к?ткен жа?а жылым келді,

(?же с?зі, муз. ойналады)         Жа?а жыл жарыл?а, ескі жыл есірке,

                                              мені? ?рпа?тарымды аман ет, п?ле-жаладан са?тай г?р, жаманды? ары кет, кет!- деп аластайды да, ырым жасайды.

 (Осылай деген со? олар ?ыдыр ата мен бабалар т?р?ан жа??а жа?ын келіп, тізе б?гіп, та?зым етеді де киіз ?йге кіреді

?ыдыр ата: «К?сегелері? к?герсін»,-деп айтады.

Халы??а  ?арап: «Ал ма?ан айтаты?дары? бар ма, к?тіп отыр?ан жалпа? ел бар, асы?ыспын».

Бір о?ушы:  Жа?а жылды ?алай ?арсы алса? жыл бой?ы ?мірі? д?л солай ?теді деген наным ?р ?лтта бар. Сонды?тан хал?ымыз жыл бойы сулы, ж?гері толтырып, айран, с?т, ш?бат, шалап ??йып ?ояды екен. Табалдыры?тан атта?ан до?ыз жылы тек жа?сылы?, бейбітшілік, молшылы? ?келсін деп тілейік».

?ыдыр ата халы??а арнап батасын береді:

       ?уелі Алла ??дірет,

       ?асиетті М?хаммед.

       Т?ркістанда ?ожа Ахмет,

        Не тілесе халайы?,

        Тілектерін ?абыл ет!

        Наурыз ба?ты болсын,

        Т?рт т?лік а?ты болсын,

        Наурыз ??т ?келсін, береке берсін,

        П?ле-жала жерге енсін.

(Халы? батаны ж?релеп отырып, ?олын жайып ?абыл алады.)  

I ж. Мерекелік ??тты?тау с?з кезегі  т?рбие ісіні?  ме?герушісіне  беріледі.

                  О?ушыны?    орындауында  «А?ажан» ?ні.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Армысы?, ?з Наурыз!» ( ашы? т?рбие са?аты )»

«Армысың, әз Наурыз!»

( ашық тәрбие сағаты )

Қатысушылар: Жүргізушілер, ән орындаушылар, арнау оқитындар, Қыдыр ата, тазша бала, Жиренше, әже, ұлттық ойынды көрсетуші , би орындайтын оқушы.



Ортаға екі жүргізуші шығады.(ұлттық киімде)



I ж. Уа, халайық! Баршаңызды түркі халқының жаңа жылы-наурыз мерекесімен құттықтаймыз.Жыл басы Наурыз мерекесін бастаймыз.

II ж. Жер-ананың тоң кеудесі жібіген,

Бүршіктенер бар тіршілік бүгіннен,

Егеменді еліме ерлік берген,

Толыққанды тіліме теңдік берген,

Наурыз тойы құтты болсын!

I ж. Міне,асыға күткен доңыз жылы да табалдырығымызды аттады.Күн мен түн теңелген уақытта тойланатын бұл мейрамның ең басты қасиеті теңдік, адамгершілік, молшылық сияқты абзал қасиеттерден тұрады.Доңыз жылында басымыз аман, жанымыз сау болсын, бұл жыл халқымызға жақсылық,бақыт әкелсін деп тілейміз.

Наурызға арнау. (Бір оқушы арнау оқиды.)

II ж. Ниетке түзу бастаған,

Көңілге шуақ тастаған.

Наурыз-құт, ырыс береке,

Наурыз-күй, шабыт, асқақ ән.

Бір оқушының орындауында «Жаңа жыл мерекелік ән шашуын қабыл алыңыздар.

I ж. Наурыз мерекесі-халықтың тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты, өте ертеден бірте-бірте қалыптасқан мейрам.

II ж. Наурыз мейрамы шығыс халықтарының көне күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. «Наурыз» сөзінің түп мағынасы иран тілінің «нау-жаңа», «руз»-«күн» деген сөздерінен алынып, жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді.

I ж. Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы республикамызда 1926 жылы мерекеленіп, одан кейін еш негізсіз үзіліп қалды.Ұзақ жылдар бойы ұмытылып келген наурыз бізбен 1988 жылы ғана қайта қауышты.

II ж. Орта Азия мен Әзербайжанның көптеген иран тілді халықтарында сақталған деректер бойынша Наурыз мейрамы біздің дәуірімізге дейін ХIХ ғасырда пайда болған.Наурыз тойы саманидтер мен селджуктер дәуірінде де мейрамдалды.

I ж. Наурыз мейрамы туралы әлемге әйгілі ақындар, тарихшылар, пәлсапашылар-Рудаки, Фирдоуси, Ибн Сина,Омар Хайям, Низами, Саиди,Хафиз,Жәми т.б жазды.

II ж. Наурыз туралы жазылған бірден-бір тамаша еңбек-Омар Хайямның «Наурызнама» трактаты. Онда Наурыз мейрамының шыққан уақыты ислам дінінен әлдеқайда бұрын екендігі анық дәлелденген. Орта ғасырлық Шығыстың ұлы данасы Бируни «Бабалардан мирас» деген еңбегінде Наурыздың дінге қатысты емес екендігін баса көрсеткен.:

«Қазақ тілі және әдебиет» мамандығының 22-топ оқушысы Асылбек Гүлнұрдың орындауында халық әні «Угай –ай».

I ж. Наурыз десе-көгімде жүзді күнім .

II ж. Наурыз десе-көркейтер түзді гүлің.

I ж. Наурыз деген- ырысым, ынтымағым,

II ж. Наурыз деген- дәстүрім, ізгілігім.

Бір оқушының орындауында «Сарыжайлау» әні.

I ж. Наурыз- жер бетінде тіршілік атаулының ұйқысынан оянып, жақсылық пен құт-берекенің көзі ашылған күн.

II ж. Наурыз-ел мен елді бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа ұмтылдырған ұлы күн.

I ж. Наурыз- бақыттың бастамасы, ұлыстың ұйтқысы, жақсылықтың жаршысы, жаңарудың белгісі, тіршіліктің тынысы, теңдіктің терезесі ашылып, өмірге нұр сыйлаған, көңілге жыр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлеген, қасиетті күн.

II ж. Наурыз - Жер-Ананың қойнауының тоңы еріп, тіршілікке жан біткен, дүниені түрлі түске бояған, ұйқысынан оянған күн.

I ж. Наурыз- мал төлдеп, малға мал қосылып, ағарғанның тасыған, қыр төсіндегі малды ауылдың аузы аққа кенелген, ырыс-несібенің артқан күні.

II ж. Тоқтаусыз толған өлшемі,

Көтердің биік еңсені.

Қош келдің, Наурыз көктемім

Сағынып күтті ел сені.

Монтаж. Наурыз нақыштары. 6 оқушы мәнерлеп өлең оқиды.

«Наурыз-думан» әні. (Бір оқушының орындауында)

I ж. Наурыз- достық,

II ж. Наурыз- бірлік,

I ж. Наурыз-еңбек,

II ж. Наурыз- бейбітшілік.

I ж. Наурыз келді белгісіндей көктемнің,

Нұр шуағын жаудырғандай көкте күн.

Жиылған ел жүздерінде қуаныш

Естіледі ән мен күйден төккен үн.

Оқушының орындауында «Жан гүлім» әні.

II ж. Сыйлаған жандар анасын,

Алған елдің батасын,

Шаңырақ иесі басшымыздың

Тыңдалық енді лебізін.

I ж. Мерекелік құттықтау сөз.

Наурызға арнау. (Оқушының орындауында)

II ж. Наурыз мерекесін көптеген шығыс халықтары тойлайды. Ендеше, әр халықтың Наурыз мейрамында Қыдыр ата халықпен бірге жүреді деседі. Қыдыр ата жолыққан адамның басына бақ қонады. Ендеше, сіздерге де Қыдыр ата жолығып, өмірлеріңіз сәтті болғай!

Ортамызға Қыдыр ата келсін.

Қыдыр ата: О, ағайын, туысқан

Наурыз күн туды шығыстан

Сол тойға келдім мінеки

Ат терлетіп алыстан,- деп жар салады.

(Қыдыр ата тарантаспен келіп тоқтай қалғанда атшысы Тазша бала, шырағы бар жеті жігіт екі жарылып тұра қалып, жерге жеткенше, басын иіп, көкірегіне қолын қойып қарсы алады. Қыдыр ата жоғарыдағы көрнекті орнына барып отырады. Осы кезде Қыдыр атаның алдынан шығып, аман-есен келгеніне қуаныш білдіріп, бір-екі ауыз лебіз білдіреді.Ол- Жиренше)

Жиренше: «Жаңа жылымыз келді, халайық, құтты болсын»,-деп жар салады.

(Тазша бала қарсы алады.)

Осы кезде киіз үйлерден ақ жаулықты жеті бәйбіше немесе үлкен әже қолдарында шағын тостаған (ішінде жусан, мүк, қына) соның түтінін түтете бастайды, халыққа барып: О, құдайым, зарыға күткен жаңа жылым келді,

(Әже сөзі, муз. ойналады) Жаңа жыл жарылқа, ескі жыл есірке,

менің ұрпақтарымды аман ет, пәле-жаладан сақтай гөр, жамандық ары кет, кет!- деп аластайды да, ырым жасайды.

(Осылай деген соң олар Қыдыр ата мен бабалар тұрған жаққа жақын келіп, тізе бүгіп, тағзым етеді де киіз үйге кіреді

Қыдыр ата: «Көсегелерің көгерсін»,-деп айтады.

Халыққа қарап: «Ал маған айтатыңдарың бар ма, күтіп отырған жалпақ ел бар, асығыспын».

Бір оқушы: Жаңа жылды қалай қарсы алсаң жыл бойғы өмірің дәл солай өтеді деген наным әр ұлтта бар. Сондықтан халқымыз жыл бойы сулы, жүгері толтырып, айран, сүт, шұбат, шалап құйып қояды екен. Табалдырықтан аттаған доңыз жылы тек жақсылық, бейбітшілік, молшылық әкелсін деп тілейік».

Қыдыр ата халыққа арнап батасын береді:

Әуелі Алла құдірет,

Қасиетті Мұхаммед.

Түркістанда Қожа Ахмет,

Не тілесе халайық,

Тілектерін қабыл ет!

Наурыз бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Наурыз құт әкелсін, береке берсін,

Пәле-жала жерге енсін.

(Халық батаны жүрелеп отырып, қолын жайып қабыл алады.)

I ж. Мерекелік құттықтау сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісіне беріледі.

Оқушының орындауында «Ағажан» әні.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Армысы?, ?з Наурыз!» ( ашы? т?рбие са?аты )

Автор: Жумабекова Перизат ?абыкен?ызы

Дата: 29.02.2016

Номер свидетельства: 300659


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства