kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Армысы?, ?з-Наурыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

ииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииии

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Армысы?, ?з-Наурыз!»


5 орта мектеп







«Қош келдің, әз-Наурыз!»







Жауаптылар: 3 «Б» кл. Кожамуратова И.Н.

5 «В» кл. Сальменова Г.Т















2015-2016 оқу жылы


Фанфары (Р.Рымбаева «Наурыз думан»)

(Сахнада оркестр отырады)

Оркестрдің орындауында күй «Тойбастар» (ролик жүріп тұрады «Көктем»)

1-жүргізуші: (сахна сыртында)

Сіздердің тыңдағандарыңыз мектеп жанынан құрылған саз оркестрінің орындауындағы Динаның күйі «Тойбастар». Жетекшісі Жолмағанбетова Жанар Әділгерейқызы. Келесі тыңдайтындарыңыз Дәулеткерейдің күйі «Қос алқа» .

(Р.Рымбаеваның «Наурыз думан» әнімен оркестр сахнадан шығып кетеді)

2- жүргізуші:

Кел, наурызым, шық төріме думандат,

Жұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.

Табиғаттың тұмса шағы тамсантып,

Халқым да бір жадырасын сайрандап.

1- жүргізуші:

Кел, наурызым, берекелі жыл басым,

Мәңгілікке замананың құрдасы.

Жылда мені қуанышқа бөлейсің,

Ғасырлардың және менің сырласым

3-жүргізуші:

Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың,

Тәуелсіздік және өзің тынысым.

Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,

Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін. 

2-жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, ата-аналар ! Сіздерді самарқанның көк тасын ерітіп, сарыарқаны самал желге сүйгізіп, елімізге құт-берекені енгізіп, нұр тамшыларын аямай төгетін, ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

3-жүргізуші:

Наурыз –қайырымдылық пен имандылықтың, бірлік пен достықтың ұлы мерекесі. Наурыз ұлылықты ұлықтайтын, жастарымызды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейтін тағылымды мейрам.

1- жүргізуші:

Наурыз тәу етер тәуелсіздігіміз бен елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты нұрлы жолы арқасында жаңғырып, бүгінде ұлттық ұлы мерекеге айналды. Биылғы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа- тұс келіп отырған Наурыз мерекесімен құттықтау үшін сөз №5 орта мектеп директоры Әбдіғапарова Әлия Пауединқызына беріледі.

2-жүргізуші: (сахна сыртында)

Шашу (Видеоролик)

Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,

Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа жамағат, жинап ал несібеңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

Шашу! Шашу! Шашу!

Тойларда шашу шашу салты елімнің.

Көңілім дарқан,

Несібем мол болсын деп,

Дәм тат мынау шашылған көп шашудан.

  1. жүргізуші: (сахна сыртында)

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жараса төгілсін қос бұрымымен.

Бұл күнгі сұлулықтың сыры осы,

Қыздар сұлу көрінер биіменен.

3 В сынып оқушыларынан құрылған «Қарлығаш» би тобының орындауында қазақ биі. Қабыл алыңыздар.

Видеоролик (№1 салт-дәстүр көрсетіліп тұрады)

1-жүргізуші:

Қазақ – көне дәуірден бастау алатын бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік салт – дәстүрі бар, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ
дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – дәстүрі мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ.

  1. жүргізуші:

Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.

3-жүргізуші:

Тамаша екен салтымыз,

Тамаша екен халқымыз.

Наурыздан қалар көңілге,

Өшпестей болып жарқын із.

Видеоролик №2 салт-дәстүр көрсетіледі

(Музыка ойнайды.Сахнаға ауыл жастары шығады)

Жұпаргүлдің сөздері

(Салт дәстүрден көрініс (Сырға салу) ата-аналар)

(Күй ойнап тұрады. Сахнаға қыздың 2 анасы, 2 жеңгесі келіп отырады. Сырға салуға ауылға құдағилар келеді. Амандасып, төрге шығады.)

Қыздың анасы: -Ал қош келдіңіздер, құдайы қонақтар. Келген бұйымтайларыңызды айта отырыңыздар.

Жігіттің анасы: Ал құдағи, құдалар өзара ымыраға келіп, төс қағыстырып, бел байласқаннан кейінгі рәсім, баламызға басқалар құда түсіп, алып кетпесін деп, сырға салып, үкісін тағып кетейік деп келген жайымыз бар.

Қыздың анасы: -Дұрыс айтасың құдағи. Құдалар сөз байласқаннан кейін, қызымыздың қалыңдық атанғаны көпшілікке аян. Ал енді қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі сырға салу рәсімін бастайық. Келіндерім қызымызды алып келсін.

(Музыка ойнап тұрады. Қыздың жеңгелері қыздың екі қолынан демеп, құдағилардың алдына алып барады. Екі жеңгесі қыздың қыз күніндегі сырғасын шешіп дайындайды. Жігіттің екі жеңгесі қыздың екі құлағына бір-бір сырғадан тағып, қыздың бетінен сүйеді. Үлкен анасы қыздың басына үкі тағады.)

Қыздың анасы: Ау, қайырымды Күн – Ана!

Атар таңға, шығар күнге Тәу – тәу!!!

Елімізге амандық,

Жерімізге құт береке дарыта көр! Тәу – тәу!!!

Күн-Ана тәу-тәу, бір өзіңе тапсырдым.

Құдыретті От-Ана!

Елімнің тірегі, берекесі

Қара қазанымды қызыл жалынға бөлеп.

Ағыл тегіл, молшылыққа кенелт!

Асымыз артылып, ернеуінен май төгіліп жатсын!Тәу – тәу!!!

От-Ана тәу-тәу, бір өзіңе тапсырдым.

Ғаламдағы бар ғажапты

Құшағына алып тұрған Қасиетті Жер-Ана!

Тәу – тәу, өзіңе тапсырдым.

Зер белбеу Тәу – тәу!!!

Өзің тапсырдым.

(Қол жайып)

Қызымды бәле-жәледен сақтап, абыройлы ете көр. Әумин!

(Музыка ырғағымен, барлығы сахнадан шығып кетеді)


Монтаж : (видеоролик природный)

1-оқушы

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.
2-оқушы

Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.

3-оқушы
Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан, 
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан. 
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан, 
Бар тіршілік Наурыздан басталған! 
Ел де тыныш! 
Жер де тыныш – бұл күні, 
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні. 
Табысқан жұрт таныс тауып жатады, 
Жамалғандай жүректердің жыртығы! 
4-оқушы
Саф тыйылып Сарыарқаның бораны, 
Күн өрлейді күмбезінен жоғары. 
Наурыздың жиырма екісі толғанда, 
Тоғысады тоғыз жолдың торабы... 

Жылғалардан су аққанда сырғанап, 
Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап. 
Толтырады шаңырақтың шаттығын – 
Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?! 
5-оқушы
Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!» 
Қарлығаштар үй сыртына ұя сап – 
Жүрсе,Бақыт қонатынын хабарлап, 
Бұлт көшеді ақжаңбырын құя сап! 
Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай, 
Жүрген жандар таныс тапса – досындай. 
Ол – осынау Наурыздың арқасы! – 
«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

6-оқушы

Мы сдесь сегодня собрались

Чтоб встретить праздник –Наурыз

Улыбки, шутки, звонкий смех

Пусть радуют сегодня всех!

7-оқушы

Возьмемся за руки, друзья

Ведь мы-единая семья:

Татарин, русский и казах,

Литовец, немец и поляк.

За нашим праздничным столом

Мы вместе песни запоем!

8-оқушы

Открыта дверь для всех гостей

Для пожилых и для детей.

Весна навстречу нам идет,

Весна на праздник всех зовет,

Народы самых разных стран

Шлют поздравленья в Казахстан!

9-оқушы

Играй, баян, звени, домбра:

Желаю счастья и добра,

Здоровья и терпения,

Отличного настроения,

Чтоб мечты у всех сбылись

Здравствуй, праздник Наурыз!

10-оқушы

С Наурызом поздравляем

Мы сегодня всех людей

Счастья, радости желаем

И весенних теплых дней.

1- жүргізуші: (сахна сыртында)

Орындап ата-ана өсиетін,

Қызымын жасы үлкенге бас иетін.

Паш етем ер жеткен соң бар әлемге,

Жаңарған нағыз қазақ қасиетін-деп әсем әнін шырқауға Қалдыбекқызы Жаннұрды «Наурыз думан» әнімен ортаға шақырамыз.

(Ән: «Наурыз думан» Қалдыбекқызы Ж )

1- жүргізуші:

Ұлы күнде халайық,

Қалай қарап қалайық,

Сәйгүліктей ағайық,

Жасын болып жанайық.

Ортамызға шақырып,

Бабамыздың Қыдырдай

Ақ батасын алайық!

3- жүргізуші:

Наурыз болып бізге сын,

Кержалқаулар торықсын.

Талапты мен іскерге

Қыдыр келіп жолықсын!

2-жүргізуші:

Уа, ағайын, ағайын,

Жырламай қалай қалайын

Осынау күнді үмітпен

Зарыға күттің талайың.

Шаттанып бүгін Жаңа жыл

Халқына шашып жаңа нұр

Келеді Қыдыр атамыз

Жүректен төгіп жаңа жыр.

Қыдыр ата, Қыдыр ата келеді,

Қыдыр ата бізге бата береді!

1- жүргізуші:

(Видеоролик запись)

Қыдыр Баба: (Аркен )

Армысыздар жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

Жаңа жыл бақыт жылы болсын!

Малың тоқ, уайым, қайғың жоқ болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Дастарқанымыздан дәм кетпесін,

Көңілімізден сән кетпесін.

Ұрпақ, ұлыс аман болып

Өмірімізден мән кетпесін.

Құдай пейілімізді тарылтпасын,

Қуаныштан арылтпасын.

Халқым ешбір қамықпасын,

Қасиеті шарықтасын!!!

Менің берген бұл батам-

Ұлыс күнге сақтап жүрген сұр батам! Әумин!!!

2- жүргізуші:

Көргенде қуанасың таза әуені

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызың құтты болсын – Қазақ елі!

3- жүргізуші:

Жыр сыйлаған , нұр сыйлаған тірлікке

Қастерледік қадіріңді білдікте

Құтты болсын ұлыс күні жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке

1- жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,-деп Абай атамыз жырлағандай Еңсепова Анель мен Абдолова Күнімнің орындауындағы «Мерекем сен» әнін қабыл алыңыздар.

(Ән: «Мерекем сен» Еңсепова А,Абдолова К)

2-жүргізуші:

Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шартты талаптары баршылық. Ұлыстың ұлы күні дайындалатын Наурыз көже « Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп тоя ішу ғұрпы сақталған. Сондықтан болар наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Наурыз тойдың межесі

3-жүргізуші:

Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Соғымнан арнайы сақталған (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.

1-жүргізуші:

Әжелердің көжесі

Қане, ішіп қойыңдар...

Ау, аталар, даналар!

Айналайын, балалар

Тоя ішсін деп тамсанып

Жеті түрлі дәм салып.

Наурыз көже пісірдік

Оттан көже түсірдік.

Бал көжеден татыңдар.

Арпа, бидай бастаған

Жеті дәмнен аспаған.

Наурыз көже ― көп көже ―

Бұл тойдағы бас тағам.

(Музыка ойналады. Наурыз көже таратылады)

1-жүргізуші:

Жыл сайын Наурыз айы келе берсін,

Жаңа жыл есікті ашып кіре берсін.

Ежелден көктем мейрамы Наурыз,

Еліме жаңа бақыт бере берсін!

Молшылық пен тыныштық боп жерімізде

Бейбітшілік нық болсын елімізде

Достықпенен жайнай берсін отанымыз

Желбіресін қазақ туы көгімізде.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Армысы?, ?з-Наурыз!

Автор: Сальменова Гулия Темирбековна

Дата: 03.04.2016

Номер свидетельства: 314369


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства