kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Армысы? ?з-Наурыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: а) ?лысты? ?лы к?ні Наурыз мерекесіні? ерекшеліктерімен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы т?сінік беру.

                 ?) ?лтымызды? д?ст?рін, мерекесін ??рметтеуге, ?лкендерді ж?не бірін-бірі сыйлау?а т?рбиелеу.

                 б) Балаларды? ой-?рісін, с?здік ?орларын дамыту. ?лтты? ойындар ар?ылы баланы? тілін жетілдіру.

            ?ту барысы:

1-ж?ргізуші: ??рметті ата-аналар, ?она?тар, б?лдіршіндер! Б?гінгі бізді? ?лысты? ?лы к?ніне арнал?ан «Армысы?, Наурыз» атты ерте?гілігімізге ?ош келді?іздер!Мерекелері?із ??тты болсын! ?лыс барша?ыз?а ба?ыт, денсаулы?, ырыс, береке ?келсін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Армысы? ?з-Наурыз" »

« Армысың, Наурыз! »

Мақсаты: а) Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.

ә) Ұлтымыздың дәстүрін, мерекесін құрметтеуге, үлкендерді және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

б) Балалардың ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту. Ұлттық ойындар арқылы баланың тілін жетілдіру.

Өту барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, бүлдіршіндер! Бүгінгі біздің ұлыстың ұлы күніне арналған «Армысың, Наурыз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұлыс баршаңызға бақыт, денсаулық, ырыс, береке әкелсін.

Сөз кезегі балабақшамыздың меңгерушісі Ш. Кәрімқызына беріледі.

2-жүргізуші: Армысыздар халайық!

Бармысыздар халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

Мереке Наурыз жыл басы

Наурыз тойы құтты болсын!

Жауын жауып, жер бетіне көк толсын!

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

(Кимешек киген әже шашу шашады).

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар,ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер және балабақша ұжымы!

Ілесіп Наурызбен көктем жетсін!

Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін,

Еңсесі көтеріліп ер-азамат.

Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін! – дегендей, Наурыз жыл басы құтты болсын! Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін! Ақ мол болсын! Еліміз тыныш болсын!

Қадірменді халайық, кішкентай бүлдіршіндеріміздің де тілегіне құлақ салайық. Қане, бүлдіршіндерімізбен ата-аналарымызды қошеметпен қарсы алайық!

Бақта бұлбұл сайрасын, Бата беріп атамыз,

Сәнді көктем нұрымен. Бата беріп апамыз.

Наурыз тойы жырымен, Тәтті болып жасалған,

Көңіл гүлдей жайнасын Наурыз көже дәмін татамыз.


Қарды ерітіп жылғасы, Наурыз дәстүрім деп,

Наурыз келді жыл басы. Адамдар ән салады.

Шуақ төкті жарық күн, Наурыз тойын еліміз,

Мейрамында халықтың. Қуана қарсы алады.


Қош келдің Наурызым, ардақты, Ата-бабам тойлаған

Халқым саған бар үмітін арнапты. Наурызым армысың!

Жылда осылай келе берсін жаңарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты. Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Ән: «Наурыз тойы».

(Музыка әуенімен Қыдыр ата келеді).

Қыдыр ата: Амансыңдар ма қарақтарым! Наурыз тойы құтты болсын. Ақ мол болсын. Балалар айтыңдаршы, биыл бізде қандай жыл?

Балалар: 2014 жыл Жылқы жылы.

Қыдыр ата: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса ортамызға Жылқы жылын шақырайық.

(Музыка әуенімен жылқы келеді).

Жылқы: Армысыздар халайық!

Бармысыздар халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

Қыдыр ата: Қош келдің, Жылқы жылы!

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, жоғары шығып, балалардың өнерін тамашалап жайғасып отырыңыздар.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәттә күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй! – деп Абай атамыз айтқандай әнге кезек береміз.

Ән: «Балақан»

2-жүргізуші:

Кел Наурызым құлпыртып тауды мына,

Аналардың қона ғой жаулығына.

Ырыс әкел, құт әкел, байлық әкел,

Тұғыр болсын әлемнің саулығына.

Қазақ халқы салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеген ел.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең» дегендей өміріміздің бастамасы тоймен,жырмен басталатыны белгілі. Соның көрінісі ретінде «Ат қою», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» рәсімдеріне кезек берейік. Ортаға осы рәсімдерді жасайтын атамыз бен әжелерімізді шақырайық.

«Ат қою» рәсімін тамашалайық.

«Бесікке салу» рәсімін тамашалайық.

«Тұсау кесу» рәсімін тамашалайық.

(Осы рәсімдерді жасаған адамдарға арнайы сыйлық беріледі.Әжелеріміз ән айтады.)

Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың асыл мұраларының бірі. Бұл ойындар «Тоғызқұмалақ», «Көкпар», «Бәйге», «Алтын сақа», «Арқан тартыс» т.б. ойындар баланы еңбекке баулып, сезімталдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Енді кезекті ұлттық ойындарға берейік.

«Арқан тартыс» ойыны.

1-жүргізушы:

Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет, елім,

Тербетсін шаттық әні қазақ жерін.

Той басатаған қадамың құтты болсын,

Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім.

2-жүргізуші:

Тәуелсіз биік халқымның,

Жеғлбіреп туы шалқысын.

Көктем келіп еліме,

Жер-ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр салтымның,-деп бүгінгі тойға келген Қыдыр атадан бата сұраймыз.

(Қыдыр ата батасын береді).

2-жүргізуші:

Сіздерге бар жақсым да бал тәттім де,

Алаңсыз өсіңдерші бейбіт күнде

Дәстүрім тамыр алып,өркен жайсын,

Жалғасып ғасырларға бізбен бірге, - дей келе, мерекеміздің соңында Наурыз тойының Наурыз көжесінен дәм татыңыздар. Лайым Наурыз көже дәмі бұйырсын сіздерге. Келер Наурызға да төрт көз түгел, уайым-қайғысыз, тоқшылықпен жетейік ағайын.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Армысы? ?з-Наурыз"

Автор: Каресова Нургул Сержановна

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181709


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства