??тты?таймын мерекелі к?ні?мен- дей келе ??рметті кеш ?она?тары, ?стаздар, о?ушылар Ау?ан жерінен Ке?ес ?скерлеріні? шы?арыл?анына 27 жыл тол?ан екен. Осы?ан орай «Ау?ан ардагерлері арамызда» атты кездесу кешін бастау?а р??сат еті?іздер.
?н?ран «Мені? ?аза?станым»
Б.Ж?ргізуші:1978 жылы 27 с?уірде елде офицерлер мен солдаттарды? бастауымен Ау?анстанда революциялы? т??керіс болды. Б?л т??керіс 24 са?ат ішінде М?хамед Даудты? ж?йесін жойды. Ау?анстанда?ы ендігі билік Революциялы? ке?еске ?тті.Е? жо?ар?ы мемлекеттік органы боп есептелген Революциялы? ке?ес, 30 с?уір к?ні елді Ау?анстан демократиялы? Республикасы деп жариялады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты:Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толған айтулы күнді атап өту.Қажетсіз соғыс жайлы мағлұмат беру.
Оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Барысы: слайд
Түрі: Кездесу кеші
1-жүргізуші:
Тәуелсіз боп атты халқым сенімі,
Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.
Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.
Тауымыз бар таңырқатқан шыңымен,
Ұл-қызым бар, даламыз бар ұлы кең
Алдарыңда басымды иіп, өр халқым
Құттықтаймын мерекелі күніңмен- дей келе құрметті кеш қонақтары, ұстаздар, оқушылар Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл толған екен. Осыған орай «Ауған ардагерлері арамызда» атты кездесу кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
Әнұран «Менің Қазақстаным»
Б.Жүргізуші:1978 жылы 27 сәуірде елде офицерлер мен солдаттардың бастауымен Ауғанстанда революциялық төңкеріс болды. Бұл төңкеріс 24 сағат ішінде Мұхамед Даудтың жүйесін жойды. Ауғанстандағы ендігі билік Революциялық кеңеске өтті.Ең жоғарғы мемлекеттік органы боп есептелген Революциялық кеңес, 30 сәуір күні елді Ауғанстан демократиялық Республикасы деп жариялады.
Г.Жүргізуші:Ауған елінің билігі феодалдардың, тайпа көсемдері мен молдалардың қолында болды.Халықтың көп бөлігі сауатсыз еді.Ауған елінің ауыл шаруашылығы феодалдық және оған дейінгі көптеген ескілік сарқыншақтарына әбден шырмалған еді.
Ер қадірін назардан тасалаудан
Қай ел опа тауыпты.
Иә,ерлкті жасамаудан,
Бағаламау әлде қайда қауіпті! – деп Мұхтар ағамыз жырлағандай қанды қырғын мен боздақтардың қаралы хабарына нүкте қойған 1989 жылғы 15ақпан әр жыл сайын дәл осы күні аталып келеді.
Б. Момышқлы айтқандай, «Отан үшін отқа түс-күймейсің», «Анадан ешкім батыр болып тумайды» деген. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан.Қазақ баласы азаматтық парызын адал өтеуді ұмытпаған. Он жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып,бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шын батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс барша адамдардың жадында мәңгілікке жатталды.. Ауған соғысы ардагерлерін құрметтейік.
1 минуттық үнсіздік еске алу.
Б.Жүргізуші:1979 жылы желтоқсанда Брежнев басшылық еткен Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды.Бұл соғысқа 22 мың қазақстандық қатысқан. Ауған соғысына Беген ауылынан 8 адам қатысқан екен. Олар Байболов Құсбек Қалышұлы, Қабдылқақов Асқар Рашидұлы,Қошкенов Қайратбек Қайроллаұлы, Миллер Петр Александрович, Узханов Қайрат Жүкенұлы,, Қазыбаев Құмар, Құсайынов Бейбіт Кәрімбайұлы, Рүстемов Бағдат.Соғысқа аттанған өрімдей жастардың алдында үлкен мақсат тұрды.Бейкүнә халықтың тыныштығын қорғау және Отан алдындағы интернационалдық борышын қалтқысыз өтеу болатын. Туған жеріне оралған жауынгерлеріміздің бәрі де жанұя бәйтеректері.
Өтер жылдар,уақыт тағы алыстар,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар,- деп ақын жырлағандай өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, заманаларға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ,туған жеріне оралған ардагер ауған-жауынгерлеріміздің өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстағы белсенділіктері,бәрінен бұрын жастарды Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері.Бүгінгі кешіміздің ардақты да аяулы жауынгер ағаларымыздың өмір деректеріне тоқталайық.
Байболов Құсбек Қалышұлы.
24.12.1962ж. туған, СА 1981-1983 ж.ж. қатардағы жауынгер, әскери бөлім п/п 93982.
Құрметті Бағдат орындауында «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыз.
Бұл ән сіздің құрметіңізге.
Ән «Туған жер»
Б.Жүргізуші.Сол жылдардағы кеңестік сарапшылардың бағалауы бойынша,КСРО басшылары қорыта келе қандай революцияны қорғауға жиналғанын білмейтін, оған қоса өздері соңына дейін шеше де алмаған қиын қадамға тап болды. Ауғанстанға апарылған «мұсылмандық»батальондағы барлық офицерлер мен солдаттарға ауғандық әскери киім кигізілді.Жергілікті әскери қызметшілерден олардың айырмашылығы аз болды. Енді атаулы күнге орай тарих беттерін парақтап,сол бір жылдарды көзімен көрген ауылымыздың Ауған соғысының ардагерлеріне сөз берейік.
Слайд көрсету.
Г.Жүргізуші:1978 жылы желтоқсанда КОКПА Бас хатшысы Л:И:Брежнев кабинетінде мәжіліс болып, КОКПА ОК Саяси Бюросының шағын тобы Ю.В.Андропов, А.Громыко,М.Суслов және Д.Устимов қатысты.Ауғанстан территориясына әскердің кейбір құрамаларын жіберу мәселесі қаралды.1979 жылы желтоқсандаКСРО қорғаныс министрі Д.Ф. Устинов Бас штабтың бастығы Н.В Огарковтың шақырып, саяси Бюро Ауғанстанға кеңес әскерлерін уақытша енгізу үшін алдын-ала шешім қабылданғанын айтып, 80 мың адам дайындауға тапсырма берді.Н:В.Огарков бұл тапсырмаға таңдана отырып,75 мың адам ондағы жағдайды тұрақтытандыра алмайтынын, бұл ақылға қонбайтын іс екенін, әскер енгізуге қарсы екенін айтты.Орталық комитеттің әскери мамандары кеңес әскерлерін Ауғанстанға енгізуге қарсы болды.Вьетнамдағы АҚШ интервенциясы мысалға алынды. Бірақ Кремль көсемдері әскери маман кадрлардың уәждерін құлақтарына да ілмеді.резервтен 50 мыңға жуық офицерлер,сержанттар,солдаттар шақырылды. 1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00 деКСРО Қорғаныс Министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін негізу басталды. Командирлер «Бұл қысқа мерзімдік акция», тапсырманы орындаймыз да кетеміз» деді.Ал бірақ «Акция» тоғыз жылдан астам уақытқа созылды.
5.Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге оралмады?
Қорытынды:
Еске алып құрметтейміз құрбандардың рухын,
Қабірлерің нұрға толсын суық көрде жылысын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,
Мәңги бақи тірісіңдер-тірісің.
Кезінде қатерге бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытып өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау, бүгінде өзімізбен бірге ауылымыздың көркендеуіне атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп құрметтеу- біздің борышымыз».