kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ар-намасым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан» сыныптан тыс жұмысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Желтоқсан көтерілісі жайлы сөз қозғау, мәліметтер беру. Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ар-намасым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан» сыныптан тыс жұмысы»





16 желтоқсан тәуелсіздік күні 



Тақырыбы: «Ар-намасым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан»


Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

1. Студентерге тәуелсіздіктің мәні мен маңызын ұғындыра отырып, оңай жолмен келмегенін түсіндіру. Еліміздің өткені мен болашағы, даму тарихы туралы түсініктер беру.

2. Студенттерді тәуелсіз елін мақтан тұтуға, болашаққа сеніммен қарауға, Отанын, ұлтын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу. Өз ойын еркін жеткізе алуға, шығармашылыққа баулу.

3. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу арқылы олардың ерліктерін үлгі ету және білімдерің дамыту . 

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, қанатты сөздер, желтоқсан қаһармандарының суреттері
Сабақтың барысы:

Әнұран орындалады.
Жүргізуші:

- Құрметті оқытушылар мен студенттер! «Ар-намасым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан» атты сынып сағатымызға қошкелдіңіздер! Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толып отыр.

ХІІ ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық. Адлайда, тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Қаннен-каперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты.

XV ғасыр басында дүрліккен ел үдере көшіп, ақтабан шұбырындыға айналды. Содан шұбырған қалың қазақ Қаратаудың баурайында бас қосты. Оларды бірлікке Төле би шақырады. XVІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді.

ХХ ғасырдың 16-жылғы маусым Жарлығына «жігіт бермейміз» деп қарсылық көрсеткендер соқыға ұшырады, өз жерінде қырғын көрді. Жаяу-жалпы, үй-күйсіз Қытай жеріне, шет елге босып, үрке қашты. Қалған ел аштықтан қырыла бастады.

1917 жылыда бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, құғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап көшуге мәжбүр болды. 1922-33 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 6 миллиондай халықтың 2,2 миллионы қырылды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Әлі жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде Атамекеннің тастап кеткен халқымыздың адамзат тарихында болмаған алапат саны 1 млн 578 мыңға жетті.

1941-1945 жылдар араласындағы Ұлы Отан соғысында бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттықты, азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті.

1986 жылы желтоқсанда елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. «Орында бар оңалар» демекші ел орында, жер орында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан Егеменді болып дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз – Егеменді, Тәуелсіз қазақ мемлекеті. Жүз жиырма дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 1991 жылы 1 желтоқсанда




республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты еліміздің Президенті етіп сайлайды.

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жарияланды.

Амангул:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.


Мен қазақпын, қаныммен, жүрегіммен,
Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам басына моланың да,
Мұрагермін оған да иемін мен.


Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!


Хор: «Желтоқсан желі»

Желтоқсан оқиғасының құрбандарының өмірбаяны туралы баяндайтындар: Гулшана, Дамира, Айбалқын, Інжу.


Айнур:

Намысымның шұырағы да –желтоқсан,

Сұрақай өмір сынағы да – желтоқсан.

Жігіттіктің ұраны да – желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – желтоқсан.


Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәті үміт пен күдік наланың.


Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пенен Сабира

Құрбаны болған жалған қойған жаланың!

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге бұны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.


Шала жансар қар астына көмгені,

Тәуелсіздік – ата-баба арманы.

Қандай елмін бүгін міне, көр мені,

Алаулайды мүмкін емес сөнбегі.



Жарасхан: Қайратың сөзі

Үмітхан: Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Марина:

Тәуелсіздік шежіресі



1991 жыл

16 желтоқсан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсідігі туралы Конституциялық заң қабылданды.

1992 жыл

Қазақстан Республикасы БҰҰ-на қабылданды. Елтаңбасы, Әнұраны, Туы туралы заң қабылданды.

1993 жыл

Еліміздің бірінші Конституциясы қабылданды.

1994 жыл

«Ядролық қаруды таратпау» туралы келісім шартқа қол қойылды.

1995 жыл

Қазақстан халықаралық ассамблеясы құрылды.

1996 жыл

Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.

1997 жыл

«Тіл туралы» Заң қабылданды. Астана Ақмола қаласына көшірілді.

1998 жыл

Президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.

1999 жыл

Қазақ елінде санақ жүргізіледі.

2000 жыл

Мәдениетті қолдау жылы. Түркістанға 1500 жыл.

2001 жыл

Тәуелсіз Қазақстан Республикасына 10 жыл.

Меруерт :

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Хор: «Атамекен»





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Ар-намасым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан» сыныптан тыс жұмысы

Автор: Бухарбекова Ботакоз Тауекеловна

Дата: 11.06.2019

Номер свидетельства: 514402


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства