kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана тілім-айбарым

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ызылорда   облысы  Жа?а?ор?ан ауданы

№  56  ?аза?  орта   мектебі.

?лібекова  Г?лнара.

 

                      Ана тілім – айбыным

Ма?саты: 

               О?ушыларды  ?з  ана  тіліні?  ?адір –?асиетін  біліп, ?з  ана  тіліні?  к?ркемдігін  сезініп, с?з  ??діретін  т?сініп,  оны?  адам  ?міріндегі  ма?ызын  ??у?а  ?йрету. С?здік  ?орларын  молайтып, шешендік  ?нерге  баулу. Мемлекеттік  тіл  м?ртебесін  к?теруге  атсалысу?а  ша?ыру.

К?рініс.  «Е?  ?ымбат   ?азына»

?атысушылар:  ?ария, баласы, дана  ?арт.

Ертеде  бір  тілге  ж?йрік  шешен  ?ария  к?з  ж?марында  ?лына:

         «Балам, ?кем  кедей  болды  деп  ?амы?па.  Мені?  са?ан  таста?ан  к?п  ?азынам  бар, соны  тауып  алып  ?адіріне  жет»  депті. Бала  кейін  оны  ?рі  іздейді, бері  іздейді,  таба  алмайды. Арып –ашып  ж?ріп, ауылда?ы  абыз- а?са?алдар?а  м??ын  ша?ыпты. ?лгі  дана  ?арт  ты?дап  болып:

           «?ке  баласына  ?тірік  айтпас  болар,  а?ты?  демінде  а?и?атын  айт?ан  екен. ?ке?  ?те  шешен  адам  еді, жары?ты?. Оны?  са?ан  ?алдыр?ан  мол  м?расы –?асиетті  тіл. Б?ріміз  с?зді?  д?мін  келтіріп,  ?алай  с?йлеуді  сені?  ?ке?нен  ?йренген  едік. Д?ниеде  тілден  ?ымбат,  м??гілік  м?ра  болма?  па,  сір?!» - деп  аталы  с?зді?  ж?мба?ын  шешіп  беріпті.

1 –ж?ргізуші:       Сен  осы  тіл  е?  ?ымбат  ?азына  деген  с?збен  келісесі?  бе, 

                                м?мкін  бізді?  одан  да  ?ымбат  ?азынамыз  бар  шы?ар ?

2- ж?ргізуші:       Жо?, мен  олай  ойламаймын. Д?ниедегі  е?  ?ымбат  ?азына, ?рине,  тіл.

                           Тіл –е?  алдымен  ?атынас  ??ралы. Егер  тіл  болмаса,  сен  ма?ан  осы 

                           с?ра?ты  ?оя  алар  ма  еді?,  ал  мен  са?ан  ?з  ойымды  айта  алар  ма  едім ?

1 –ж?ргізуші:  Оны?  ?те  д?рыс. Шынында  да  тіл  ?атынас  ??ралы  болумен  ?атар  ойды? 

                          да  к?рінісі. «Тілі  байды? –ойы  бай»  деп  текке  айтылмаса  керек.

2-ж?ргізуші:    И?,  тілі  тазаны?  ойы  да  таза  деген  де  с?з  бар  емес  пе ?!

1 –ж?ргізуші: ?лбетте,  ?р  елді?,  ?р  ?лтты?  ?з  тілі  бар. ?р  тіл  ?зінше  с?лу,  ?зінше  тартымды,  ?зінше  бай. Алайда  д?ниеде  ?з  тілі?нен  ас?ан  с?лу,   бай  т?сінікті  тіл  жо?.

2- ж?ргізуші:  Адам  баласы  ес  білген  кезінен  бастап  айналада?ы  жа?а  ??ымдарды  ана  тілі  ар?ылы  ?абылдап,  оларды?  м?нін  т?сіне  бастайды.

1 –ж?ргізуші: Жастайы?нан  ?иялы?ды –?иял?а  ?рлеткен  ?ажайып  ертегілер,  шыншыл  да  сыршыл  а?ыз-??гімелер,  ерлікті,  елдікті  д?ріптеген  батырлар  жырлары,  береке –бірлікті  ма?сат  еткен  ?ткір  де  ?мірше?  шешендік  с?здер,  халы?  даналы?ы –ма?ал –м?телдер  ана  тілінде  д?ниеге  келіп,  ?рбір  адам?а  сол  ана  тілінде  жетіп  отырады. Ана  тілінде  тара?ан  осындай  халы?  м?раларынан  ?лгі  аласы?,  оларды  ?мірі?е  ?неге  етесі?.

      Абай  даналы?ына,  Махамбетті?  батылды?ына,  Б??арды?  а?ылг?йлігі  мен  хал?ына  деген  жанашырлы?ына,  Абылайды?  данышпанды?ына,  Б?генбай  мен  ?абанбайды?  ерліктеріне  с?йсініп,  рухани  ?мірі?е  азы?  етесі?.

2 –о?ушы

     Тіл –тазалы?ы  дегеніміз –ана  тілді?  с?зінен  бас?а  тілді?  с?зімен  ш?барламау.

3 –о?ушы:

      Тілді?  тілден  ке?дігі  бол?анымен,  кемдігі  болмайды.

      Жа?сыдан  жады?а  ал?ан  бір  ауыз  с?з,

      Асы?па  т?спеді  деп  ?олыма  тез.

      Дамылсыз  ізденуге  ерінбесе?,

      Керегі?  ?мірі?де  болады  кез.

4 –о?ушы:     

       Д?ниеде  не  ащы ?   Тіл  ащы.

       Д?ниеде  не  т?тті ?  Тіл  т?тті.

5 –о?ушы:       К?пке  ?ызмет  ететін  адамны?  мынандай  5 ?асиеті  болады:

  1.  Бір  к?зі?  ж?зден  арты?  к?ріп,  екінші  к?зі?  к?рсо?ырдан  бетер  к?термейтін   болсын.
  2. Бір  ??ла?ы?  са?  болса,  екінші  ??ла?ы?  кере?  болсын.
  3. К??ілі?  керуен  сарайдай  ке?  болсын,  естіген  мен  к?ргені?ні?  б?рін  к??ілі?е  сый?ыза  біл,  ?рі  са?тай  біл.
  4. Естігені?ні?  б?рін  ?айталаушы  болма,  жа?сы  да,  а?ылды  с?зді  ?ана  айт.
  5. ?рі  бал,  ?рі  з?р  т?гетін  тіл  болсын

6 –о?ушы:        К?з –жіті,  ??ла? –са?,  к??ілі? –ке?  болу  керек.

                          Кім  ?зін  ж?рттан  арты?  санаса –сол  а?ыма?.

                    Адамды  екі  н?рсе  ?артайтпайды:  бірі –жа?сы  мінез,  екінші –жа?сы  с?з.

 

7 –о?ушы:      Биіктеп  кетсе? –??лау  бар,

                        ?уанып  кетсе? –жылау  бар.

8 –о?ушы:       Ба?  пен  д?улет  к?шпелі,

9 –о?ушы:       Е?  жа?сы  киім –хал?ыны?  киімі.

10 –о?ушы:     Байлы? – на?ыз   д?шпан.

11 –о?ушы:     А?ыл –Алланы?  сыйлы?ы.

12 –о?ушы:     Білікті  адамны?  с?зі –таза  г?л.

13 –о?ушы:     Хан?а  жекс?рын  атанса?  да,  халы??а  жекс?рын  атанба.

14 –о?ушы:     Ж?з  адам  ма?та?ан  кісі  ж?з  адам?а  татиды.

15 –о?ушы:     Сыпайылы? –данышпанды?  белгісі.

16 –о?ушы:     Ара? –шараптан  а?ы  да,  пайда  да,  абырой  да,  ?айырымды 

                          мінез –??лы?  та,  адамгершілік  те  к?тпе.

17 –о?ушы:      Е?  жа?сы  ?дет –халы?ты?  ?деті.

18 –о?ушы:      Удан  ащы  не  бар ?

                          Удан  ащы  ?депсіз  адамны?  аузынан  шы??ан  с?з.

1 –ж?ргізуші:   Ма?с?тым –тіл  ?стартып,  ?нер  шашпа?,

                           Наданны?   к??ілін  ?ойып,  к?зін  ашпа?.

                           ?лді  деуге  бола  ма  айты?даршы,

                           ?лмейт??ын  артында  с?з  ?алдыр?ан.

2 –ж?ргізуші:    Ж?ртым –ай  шал?а?тамай  с?зге  т?сін,

                           Ойланшы  сыртын  ?ойып,  с?зді?  ішін, -депті  Абай  атамыз.   

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана тілім-айбарым »

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы

№ 56 қазақ орта мектебі.

Әлібекова Гүлнара.

Ана тілім – айбыным

Мақсаты:

Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрініс. «Ең қымбат қазына»

Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.

Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:

«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейін оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып –ашып жүріп, ауылдағы абыз- ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:

«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы –қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.

1 –жүргізуші: Сен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе,

мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар ?

2- жүргізуші: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине, тіл.

Тіл –ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы

сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім ?

1 –жүргізуші: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың

да көрінісі. «Тілі байдың –ойы бай» деп текке айтылмаса керек.

2-жүргізуші: Иә, тілі тазаның ойы да таза деген де сөз бар емес пе ?!

1 –жүргізуші: Әлбетте, әр елдің, әр ұлттың өз тілі бар. Әр тіл өзінше сұлу, өзінше тартымды, өзінше бай. Алайда дүниеде өз тіліңнен асқан сұлу, бай түсінікті тіл жоқ.

2- жүргізуші: Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды.

1 –жүргізуші: Жастайыңнан қиялыңды –қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке –бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы –мақал –мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады. Ана тілінде тараған осындай халық мұраларынан үлгі аласың, оларды өміріңе өнеге етесің.

Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.

2 –оқушы:

Тіл –тазалығы дегеніміз –ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.

3 –оқушы:

Тілдің тілден кеңдігі болғанымен, кемдігі болмайды.

Жақсыдан жадыңа алған бір ауыз сөз,

Асықпа түспеді деп қолыма тез.

Дамылсыз ізденуге ерінбесең,

Керегің өміріңде болады кез.

4 –оқушы:

Дүниеде не ащы ? Тіл ащы.

Дүниеде не тәтті ? Тіл тәтті.

5 –оқушы: Көпке қызмет ететін адамның мынандай 5 қасиеті болады:

  1. Бір көзің жүзден артық көріп, екінші көзің көрсоқырдан бетер көтермейтін болсын.

  2. Бір құлағың сақ болса, екінші құлағың керең болсын.

  3. Көңілің керуен сарайдай кең болсын, естіген мен көргеніңнің бәрін көңіліңе сыйғыза біл, әрі сақтай біл.

  4. Естігеніңнің бәрін қайталаушы болма, жақсы да, ақылды сөзді ғана айт.

  5. Әрі бал, әрі зәр төгетін тіл болсын

6 –оқушы: Көз –жіті, құлақ –сақ, көңілің –кең болу керек.

Кім өзін жұрттан артық санаса –сол ақымақ.

Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі –жақсы мінез, екінші –жақсы сөз.


7 –оқушы: Биіктеп кетсең –құлау бар,

Қуанып кетсең –жылау бар.

8 –оқушы: Бақ пен дәулет көшпелі,

9 –оқушы: Ең жақсы киім –халқының киімі.

10 –оқушы: Байлық – нағыз дұшпан.

11 –оқушы: Ақыл –Алланың сыйлығы.

12 –оқушы: Білікті адамның сөзі –таза гүл.

13 –оқушы: Ханға жексұрын атансаң да, халыққа жексұрын атанба.

14 –оқушы: Жүз адам мақтаған кісі жүз адамға татиды.

15 –оқушы: Сыпайылық –данышпандық белгісі.

16 –оқушы: Арақ –шараптан ақы да, пайда да, абырой да, қайырымды

мінез –құлық та, адамгершілік те күтпе.

17 –оқушы: Ең жақсы әдет –халықтың әдеті.

18 –оқушы: Удан ащы не бар ?

Удан ащы әдепсіз адамның аузынан шыққан сөз.

1 –жүргізуші: Мақсұтым –тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.

2 –жүргізуші: Жұртым –ай шалқақтамай сөзге түсін,

Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін, -депті Абай атамыз.

1-оқушы: Әкемнің құты, шешемнің сүті,

Сіңірген тұла бойыма.

Бар асылын халықтың,

Өткен ұлы тарихтың,

Құйған сана ойына.

Туған тілім, өркенде,

Бола бер күшті көркем де.

2 –оқушы: Ана тіл –біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып –қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

Анасынан безген ұл деп қараңыз!

3-оқушы: Туған тілім –бабам тілі, өз тілім!

Туған тілім –анам тілі, өз тілім!

Туған тілім –далам тілі, өз тілім!

Туған тілім – адам тілі, өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып –ақ алыңдар.

4 –оқушы: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,

Сенсің менің қасіретті шаттығым.

Сенсің менің тазалықты пәктігім,

Сенсіз бақыт дүниеде тапты кім ?

5 –оқушы: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілі егер сені білмесем.

6 –оқушы: Қазақ тілі –

Атаң, Анаң!

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл,

Тең келмейді қатар оған.

Дұшпаның да бас иетін,

Тілің –

Ұлттық қасиетің.

Тартқан талай ұлыстар бар,

Тілсіздіктің қасіретін.

7 -оқушы: Тілі аманның –күні келген,

Қор болмайды мұны білген.

Тіл жоғалса,

Заман туар

Ит мөңіреп,

Сиыр үрген.

8 –оқушы: Тіл сыйлаған,

Ардан азбас.

Тіл сыйламас,

Бордай оңбас.

Мардымсумен, «мамалаумен»,

Ата салтын жалғай алмас.

9 –оқушы: Тіл ұстарту,

Тіл сындыру –

Сөз сиқырын,

Кілтін білу.

Ел мен елді елдестіру,

Естелікке ұмтылдыру.

10- оқушы: Қазақ тілі –

Бас денеге,

Бес қару да,

Қас шебер де

Өз тілінде ымдаса да,

Сөз түйсінтер тас кереңге.

11 –оқушы: Қазақ тілі –

Халық тілі.

Тіл аманда

Халық тірі.

Өз тілінде жылағанның,

Көз жасы да

Халық мұңы…

12 –оқушы: Махмұт Қашқари: «Тәрбие басы -тіл» деген.

13 –оқушы: Ақыл көркі –тіл, тілдің көркі –сөз.

Сөз өнері –киелі өнер.

Өнер алды –қызыл тіл.

Сөз құдіретінен асқан құдірет жоқ.

Адамды жылататын да сөз, қуантатын да сөз.

14 –оқушы: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш –қуат беретін де осы сөз.

1 –жүргізуші: Тек оны тыңдап, мән –мағынасын түсіне білу керек.

2 –жүргізуші: Олай болса, ұлы адамдардың даналық ойларын тыңдап көрелік.

1 –оқушы: Ана тілін ұмытқан адам өз өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

1 –жүргізуші: Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе ?!

Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.

2 –жүргізуші: Тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Бүгінгі тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын! Лайым ойларыңыз да, тілдеріңіз де таза болсын! Тіліміз жасай берсін!

1 –жүргізуші: Туған тілім –тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Осы тілмен мен де бірге өсемін,

Осы тілім мен де бірге өшемін.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ана тілім-айбарым

Автор: ?лібекова Г?лнара

Дата: 27.01.2015

Номер свидетельства: 162229


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства