Сабақ барысы: Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы үшін жан - жақты дамыған жеке тұлғаны калыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек»қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру мекемелерінде, бала бақшаларында эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу - ата - ананың да, қоғамның да, мектептің де ең басты міндеті. Адам бойына кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуға үйрету де «Өзін - өзі тану» пәнінің үлесіне тимек. Ендеше, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналмақ. «Даналық шыңы - махаббат» десек балаға деген ұлы сезім Сара Алпысқызының өмірлік ұстанымы. Олай болса осы абзал жанның өмір дерегіне қысқаша тоқталайық. 1. Сара Алпысқызы қай жылы, қай қалада дүниеге келді? 2. «Бөбек» республикалық қоры және «SOS Қазақстан балалар ауылдары» қоры қашан құрылды? 3. Сара Алпысқызы қандай кітаптардың авторы? 4. Сара Алпысқызы еңбектері үшін қандай марапаттауға ие болды? 1 - ОҚУШЫ Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды обылысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған. Жоғары білімді экономист. Сара Алпысқызының елбасымыз Н. Ә. Назарбаевпен отасқанына 50 жыл толды. 3 - қызы бар, немере, шөбере сүйген ардақты, бақытты ана. 2 - ОҚУШЫ 1992 жылдан бастап Сара Алпысқызы балаларға рухани - адамгершілік білім беру және тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалашы және президент. 1994 жылдан бастап «SOS - Қазақстан балалар аурулары» қорының президенті. 1999 жылғы наурыз айынан «Демография қайырымдылық қоры» кеңесінің төрайымы. 3 - оқушы Сара Алпысқызы - қоғамның, адамның рухани адамгершілік дамуы бойынша бирнеше кітаптардың авторы, бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама құрды 4 - оқушы. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, тәрбиелеуге мән береді. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде Республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып «Үміт» жас өскіндер үйлері ашылуда. 5 - оқушы Сара Алпысқызы көптеген кітаптардың авторы. Атап айтсақ: 1. Порфирий Корнеевич Ивановтың «Детька» жүйесін пайдаланушы қатысушылардың денсаулығын, адамгершілік тәрбиесін нығайту және дамытудың мәселелері 1999 ж 2. «Өзіңе жол» Порфирий Корнеевич Ивановтың ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде 1999ж. 3. «өмір этикасы» 2001 ж. 4. «Сүйіспеншілікпен» 2001 ж. 6 - оқушы Сара Алпысқызы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы еңбектері үшін: «1 - Дәрежелі Достық орденімен 2001 ж.» «Алтын жүрек» Халықаралық сыйақысының лауреаты 2006 ж. «Ш. Айматов атындағы «Алтын медаль» 2003 ж. «БҰҰ – ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалі» 2007 ж. «Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы». «Жетім балалардың мәселелерін шешуде ерекше еңбегі үшін - sos - Киндердорф»халықаралық қорының алтын медалі 1999 ж. |