"Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай" ертегі қойылымы

Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
Осы арадан бір-екі күндік жерде тамырын кессең қан шықпайтын, кеудесін тессең, жан шықпайтын Шықбермес Шығайбай деген бір сараң бай тұрады деп естиді Алдар көсе. Ол өзі, басқа, көлденең көк атты түгілі, кұдайы қонағының өзіне қара су татырмайды екен. — Татырмай көрсін ол маған! — дейді Алдар көсе әйгілі сараң туралы әңгімеден кейін. — Татырмай көрсін!
Аты жоқ Алдар арып-ашып, азып-тозып, екі күндік жерді бір апта жүріп, Шықбермес Шығайбайдың аулына да жетеді. Кім келіп, кім кетіп жатқанын мүлт жібермей бақылап отыру үшін есігін жолға қаратып, киіз үйін төбенінің басына тіккен. Алдар көсе үйдің сыртымен жағалап, көрінбей келеді. Сараң бай үйінің сыртына қамыс төсеп тастапты. Аяқ бассаң, сықырлап, хабар береді. Аддар оның бәрін бір-бірлеп жинап, былайырақ шығарып тастады да киіз үйдің тесігінен сығалады. Шығайбайдың өзі шұжық жасап, әйелі құстың жүнін жұлып, күңі үйіткен басты тазалап отыр екен.
— Ассалаумағалайкуум! — деп Алдар оқыста кіріп келді Сала құлаш шұжық та, жүні жұлынған жабайы қазда, үйітілген қой басы да қас пен көздің арасында ғайып болды Алдар көсе түк байқамағансып, төрге озды. Хош келдіңіз, Алдар-еке! Жоғарылаңыз! Бір ескертіп айтайын: бұл үйде тіске басар, өзек жалғар түк жоқ! Өзіміз де аш отырмыз! — Оқасы жоқ! Маған сіздің тамағыңыз емес, қабағыңыз қымбат! — Соны түсінсеңіз болғаны!. Ал онда әңгіме айта отыр. Не естіп, не қойдыңыз! — Қайсысы дұрыс: көргенімді айтайын ба, естігенімді айтайын ба?
Естігеннің бәрі рас бола бермейді. Көргеніңізді айтыңыз: — Көргенімді айтсам: келе жатып, жолда бір жыланға жолықтым. Мені көрді де, сіздің астыңыздағы шұжықтай шеңбер жасап, оратыла қалды. Мен оны сіздің ана күңіңіз басып отырған қой басындай үлкен қара таспен былш еткіздім. Ол сонда сіздің қызыңыз етегімен жауып отырған еттің нанындай жалпиып сала берді. Егер өтірік айтсам, құдай мені сіздің бәйбішеңіздің бөксесіндегі жабайы қаздай жүнімді жұлып, жалаңаштап сойсын! Ашуы бетіне шауып, шиқандай боп қызарған Шықбермес Шығайбай жанбасына басып отырған сала құлаш шұжықты қайнап жатқан қазанға лақтырып кеп жібереді. Бәйбішісі жүні жұлынған жабайы қазды, күңі қойдың үйітілген басын әлгі қазанға қоса лақтырады да бәрі бір ауыздан: — Қайна қазан бес ай! — деп дауыстайды. Алдар да етігін шешіп: — Отырайын он ай! — деп жайғаса бастайды. Содан кейін бәрі жатуға кіріседі.Түн ортасы ауа Алдар көсе ақырын тұрып, былқып піскен етті алып жейді де,иесінің көне етігін кесіп-кесіп қазанға салады. Содан соң «Асын қимаған аш жатады. Етін қимаған етігін жейді» дейді де, ас қайырған адамдай бетін сипайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай" ертегі қойылымы»
Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
Осы арадан бір-екі күндік жерде тамырын кессең қан шықпайтын, кеудесін тессең, жан шықпайтын Шықбермес Шығайбай деген бір сараң бай тұрады деп естиді Алдар көсе. Ол өзі, басқа, көлденең көк атты түгілі, кұдайы қонағының өзіне қара су татырмайды екен. — Татырмай көрсін ол маған! — дейді Алдар көсе әйгілі сараң туралы әңгімеден кейін. — Татырмай көрсін!
Аты жоқ Алдар арып-ашып, азып-тозып, екі күндік жерді бір апта жүріп, Шықбермес Шығайбайдың аулына да жетеді. Кім келіп, кім кетіп жатқанын мүлт жібермей бақылап отыру үшін есігін жолға қаратып, киіз үйін төбенінің басына тіккен. Алдар көсе үйдің сыртымен жағалап, көрінбей келеді. Сараң бай үйінің сыртына қамыс төсеп тастапты. Аяқ бассаң, сықырлап, хабар береді. Аддар оның бәрін бір-бірлеп жинап, былайырақ шығарып тастады да киіз үйдің тесігінен сығалады. Шығайбайдың өзі шұжық жасап, әйелі құстың жүнін жұлып, күңі үйіткен басты тазалап отыр екен.
— Ассалаумағалайкуум! — деп Алдар оқыста кіріп келді Сала құлаш шұжық та, жүні жұлынған жабайы қазда, үйітілген қой басы да қас пен көздің арасында ғайып болды Алдар көсе түк байқамағансып, төрге озды. Хош келдіңіз, Алдар-еке! Жоғарылаңыз! Бір ескертіп айтайын: бұл үйде тіске басар, өзек жалғар түк жоқ! Өзіміз де аш отырмыз! — Оқасы жоқ! Маған сіздің тамағыңыз емес, қабағыңыз қымбат! — Соны түсінсеңіз болғаны!.. Ал онда әңгіме айта отыр. Не естіп, не қойдыңыз! — Қайсысы дұрыс: көргенімді айтайын ба, естігенімді айтайын ба?